«С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК
ШҚМУ ЖН 017-19 «Өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұскаулық»
Екінші басылым. 22 беттен 5 б.
ҚҚжББ
Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі;
ҚБЖ
Құрылымдық бөлімшелер жетекшісі;
ҚР ШҚМУ
Университеттің құжаттамалық рәсімдеуі;
ЖН
Жұмыс нұсқаулығы;
ПОҚ
Профессорлық оқытушылық құрам;
МӨҚ
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет;
ТТС
Тез тұтанатын сұйықтықтар;
ЖС
Жанатын сұйықтықтар;
ЭҚЕ
Электр қондырғыларын орнату ережесі;
АҚ
Азаматтық қорғаныс;
ТЖ
Төтенше жағдайлар.
4 Терминдер мен анықтамалар
4.1 Осы нұсқаулықта нормативті құжаттамаларға сәйкес келесі терминдер
мен анықтамалар пайдаланылды:
Қауіпсіз аймақ - адамдар өрттің қауіпті факторлары әсерінен қорғалатын
немесе өрттің қауіпті факторлары жоқ аймақ;
Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжат - нормалар, ережелер және
өрт қауіпсіздігі саласындағы басқа да талаптарды белгілейтін құжат;
Объекті - өрт қауіпсіздігі белгіленген немесе белгіленуге тиіс заңды немесе
жеке тұлғаның мүлік кешені (немесе оның бөлігі) (аумақ, ғимарат, имарат, көлік
құралдары, технологиялық қондырғылар, жабдықтар, агрегаттар, бұйымдар
және өзге мүлікті қоса алғанда);
Адамдар көп келетін объект – бір мезгілде жүз және одан астам адамның
келуіне есептелген сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету
кәсіпорындарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт, мәдени-ағарту және
ойын-сауық ұйымдарының, діни мекемелердің, көңіл көтеру орындарының,
барлық көлік түрлері вокзалдарының ғимараттары, құрылыстары мен үй-
жайлары, сондай-ақ бір мезгілде жиырма бес және одан астам адамның келуіне
есептелген денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, қонақ үйлердің
ғимараттары мен құрылыстары;
Өрт сөндірудің бірінші құралдары - өрттің бастапқы дамуы кезінде өртпен
күресу үшін пайдаланылатын адамдар алып жүретін немесе тасымалданатын
өрт сөндіру құралдары;
Өрт - адам өмірі мен денсаулығына зиян, қоғам және мемлекет мүддесіне
материалдық шығын келтіретін бақыланбайтын жану;
Объектінің өрт қауіпсіздігі - өрттің пайда болуы және дамуының, сондай-ақ
өрттің қауіпті факторларының адам және материалдық құндылықтарға әсерін
алдын алу мүмкіндігін сипаттайтын объекті күйі;
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі - өрттің алдын алу және объектіге
одан келетін шығынды азайтуға бағытталған ұйымдастыру шаралары мен
«С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК
ШҚМУ ЖН 017-19 «Өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұскаулық»
Екінші басылым. 22 беттен 6 б.
техникалық құралдар жиынтығы;
Өртке қарсы тосқауыл - оттөзімділіктің нормаланған шегі және
құрастырылымдық өрт қауіптілігінің нормаланған класы бар құрылыс
құрастырылымы, ғимараттың көлемді элементі немесе ғимараттың (имараттың)
бір бөлігінен екіншісіне немесе ғимараттар (имарат, екпелер) арасында өрттің
таралуын болдырмауға арналған басқа тәсіл;
Эвакуация - адамдардың үй-жайдан сыртқа немесе өрттің қауіпті
факторларының әсер ету мүмкіндігі бар қауіпсіз аймаққа ұйымдастырылған
өздігінен қозғалу, сондай-ақ қозғалу мүмкіндігі шектеулі тұрғындар тобына
жататын адамдардың өздігінен емес, қызмет көрсетуші мамандар жүзеге
асыратын процесі;
Эвакуациялық шығу - тікелей сыртқа немесе қауіпсіз аймаққа эвакуация
жолына алып баратын шығу;
Эвакуациялық жол (эвакуация жолы) - адамдардың өрт кезінде қауіпсіз
көшіру талаптарын қанағаттандыратын қауіпсіз аймаққа немесе тікелей сыртқа
алып келетін қозғалыс және (немесе) орын ауыстыру жолы;
Электр жабдығы - электрэнергиясын пайдаланып жұмыстың сәйкес түрін
орындау үшін арналған электротехникалық бұйымдар және (немесе)
электротехникалық құрылғылар жиынтығы.
5 Бөлмелерге (ғимараттарға) қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары
5.1. Университеттің бөлмелері уақытында жанғыш қалдықтардан,
қоқыстан, ыдыстан тазартылуға тиіс. Барлық қалдықтарды арнайы жәшіктерге
немесе контейнерлерге жинап, сосын шығару керек.
5.2. Университеттің аймақтарында ғимараттар, құрылымдар, ашық
қоймалар арасы уақытында жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, ыдыстан, ағаш
жапырақтарынан, құрғақ шөптен және басқа жанғыш материалдардан
тазартылуға тиіс.
5.3. Ғимараттарға, құрылымдарға, ашық қоймаларға, сыртқы өрт сөндіру
сатыларына және өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне апаратын жолдар,
өтетін жерлер және кіре берістер өрт сөндіру техникасының өтуі үшін қашан да
бос болуға және дұрыс күйінде күтіп ұсталуға, ал қыста қардан және мұздан
тазартылуға тиіс.
5.4. От жағу, қалдықтар мен ыдыстарды өртеу ғимараттар мен
құрылымдардан 50 м кем болмайтын арақашықтықта іске асырылуға тиіс.
5.5. Барлық нысандарда
келісілген нормаға сәйкес
дұрысталған бастапқы
өрт сөндіру құралдарымен, өртке қарсы қызметті шақыру үшін байланыс
құралдарымен қамтамасыз етілген болуға тиіс.
5.6. Эвакуациялық жолдар саны, олардың мөлшері, жарықтандыру жағдайы
құрылыс нормаларының талаптарына
сәйкес болуы тиіс.
5.7. Есіктердің өздігінен жабылуына арналған құрылғы дұрыс күйінде күтіп
ұсталуға тиіс.