«С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК
ШҚМУ ЖН 017-19 «Өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұскаулық»
Екінші басылым. 22 беттен 17 б.
12.1. Өрт кезінде мынадай әрекеттер жүзеге асырылуы тиіс, оның ішінде:
1) жүйелі түрде өртке қарсы қызметке хабарлау;
2) технология қондығыларды төтенше жағдайда тоқтату тәртібі;
3) электр жабдықтарының және желдеткіштердің өшіру тәртібі;
4) өрт сөндіру автоматикасы қондығылары мен өртке қарсы құралдарды
колдану ережесі;
5) материалдық құндылықтар мен жанғыш заттарды, адамдарды көшіру
жолдары тәртібі;
6) кәсіпорынның (бөлімшелердің) барлық бөлмелердің өрт болған кезде
жарылғыш қауіпсіздігін тексеру және қорғау тәртібі.
13 Басқа да өртке қарсы қауіпсіздік талаптары
13.1. ПОҚ, қызметкерлер, студенттер и жұмысшылар өрт қауіпсіздігі
талаптарын сақтауға міндетті:
- өрт анықталған жағдайда 101-ге телефон арқылы мемлекеттік өртке қарсы
қызметіне тез арада хабарлауға;
- МӨҚ бөлімшелерінен келген кездеріне дейін өртті сөндіру бойынша
жалпы басшылық етуге;
- қажет болған жағдайда электр жүйелерін сөндіріп, желдету жүйе
жұмыстарын тоқтату, басқада өрттің өршуін тоқтатуға және ғимарат ішінің
түтіндену себептерін болғызбауға қарсы шаралар қолдануға;
- өрт сөндіруге қатысқан жұмысшылардың қауіпсіздік талаптарды
сақтауларын қамтамасыз етуге.
13.2. Осы Нұсқаулықта көрсетілмеген басқа да университеттің өрт
қауіпсіздігі сұрақтарына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілерімен ұйымдастырлады.
13.3. Осы Нұсқаулықты университеттің барлық ПОҚ, қызметкерлері,
студенттері және жұмысшылары міндетті түрде орындауы тиіс.
13.4. Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауға және жағдайына ректордың
«Өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» бұйрығына сәйкес жауапты тұлғаларға
жауаптылық жүктеледі.
13.5. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған тұлға әкімшілік жазаға
тартылады.
14 Өзгерістер
14.1. Нұсқаулыққа өзгерістер мен қосымшалар СБӨ рұқсатымен енгізіледі
және оның қолы қойылып, өзгеріс туралы хабарлама түрінде құжатталады.
Өзгеріс туралы хабарлау парағы белгіленген үлгіге сәйкес хатталады және осы
ереже орналасқан барлық құрылымдық бөлімшелерге беріледі. Түпнұсқаға және
есепке алынған жұмыс даналарына өзгерістер мен қосымшалар ҚР ШҚМУ 001-
«С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК
ШҚМУ ЖН 017-19 «Өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұскаулық»
Екінші басылым. 22 беттен 18 б.
13 талаптарына сәйкес енгізіледі. Сақтауға берілген нұсқаулыққа өзгерістер
енгізу туралы хабарламаны әзірлеуші бөлімше шығарады. Нұсқаулыққа
өзгерістерді ҚБЖ өзгерістерді және қосымшаларды тіркеу парағына белгілей
отырып енгізеді.
14.2. Түпнұсқаға және есепке алынған жұмыс даналарына өзгерістер мен
қосымшаларды енгізу үшін СМЖжББ және ҚБЖ жауапты.
14.3. Нұсқаулық тексерулердің мерзімділігін есепке алу парағына міндетте
түрде белгілей отырып, ҚБЖ үш жылда кем дегенде бір рет қайта қарайды.
14.4. Нұсқаулыққа өзгерістер мен қосымшаларды енгізу үшін мыналар
негіз бола алады:
- заң күші бар нормативтік-құқықтық актілерге жаңадан енгізілген
өзгерістер мен қосымшалар;
- ректордың бұйрықтары;
- құрылымдық бөлімшелер арасында міндеттерді қайта бөлу;
- құрылымдық бөлімшелерді қайта құру;
- СБӨ рұқсатымен енгізілген өзгерістердің себебі көрсетілген ҚБЖ
қызметтік жазбасы.
14.5. Ұйымның немесе құрылымдық бөлімшенің атауы өзгертілген кезде
нұсқаулық ауыстырылуы керек.
14.6.
Ауыстырылған
жағдайда
нұсқаулықтың
күшін
жоғалтқан
университеттегі барлық даналар алынып, жаңасымен ауыстырылуы тиіс.
14.7. Ескірген нұсқаулықты алу және ауыстыру үшін ҚБЖ және
СМЖжМББ жауапты.
14.8. Ескірген нұсқаулықта «Жойылды» деген белгі, жою негіздемесі, күні
және «Жойылды» деген белгіні қойған тұлғаның қолы қойылып, мұрағатқа
жіберіледі. Мұрағаттық құжаттар жұмысқа пайдаланылмайды.
15 Келісу, сақтау және тарату
15.1. Нұсқаулықты Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық
актілерінің талаптарына сәйкес келісуді ҚБЖ жүзеге асырады.
15.2. Нұсқаулықты ҚБЖ әзірлейді.
Нұсқаулықта мыналар келіседі:
- сапа бойынша басқарма өкілі;
- шаруашылық департаментінің директоры;
- сапа менеджменті, мониторинг және болжау бөлімі бастығы;
- құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бастығы;
- заңгер-кеңесші.
15.3. Нұсқаулықты ректор бекітеді және жойылғанға дейін әрекет етеді.
15.4. Нұсқаулықтың түпнұсқасы құжаттамалық қамтамасыз ету және
бақылау бөлімінде сақталады және оның сақталуы үшін құжаттамалық
қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бастығы жауапты болады.
«С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК
ШҚМУ ЖН 017-19 «Өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұскаулық»
Екінші басылым. 22 беттен 19 б.
15.5. Құрылымдық бөлімшенің барлық жұмысшыларының нұсқаулықтың
мазмұнымен жеке танысуы үшін ҚБЖ, кадрлар бөлімінің бастығы және
құқықтық қолдау бөлімі жауапты.
15.6. Нұсқаулықты есепке алынған жұмыс даналарын құжаттамалық
қамтамасыз ету және бақылау бөлімі таратады.
15.7. Нұсқаулықтың есепке алынған жұмыс данасының бөлімшеде
сақталуы үшін ҚБЖ жауапты.