Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы


Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі



жүктеу 0,64 Mb.
бет2/2
Дата20.05.2018
өлшемі0,64 Mb.
#14481
1   2

6. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі

және олардың орындалуын бақылау
66. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына, сондай-ақ осы мәселені реттеуші өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастырады.

67. Аппаратқа келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштері бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде тіркеледі. Өтініштің бірінші бетіне мөртабан қойылады, онда тіркеу нөмірі мен тіркеу күні көрсетіледі.

Жеке тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі «ЖТ» әріп индексінен, автордың тегінің бастапқы әрпінен және өтініштің реттік нөмірінен тұрады.

Заңда тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі «ЗТ-Юр» әріп индексінен және реттік нөмірінен тұрады.

Аноним өтініштің тіркеу нөмірі «ЖТ-Б/п)» әріп индексінен және реттік нөмірінен тұрады.

Күнді белгілеу мынадай кезектілікпен жүргізіледі: күні, айы, жылы (мысалы, 01.01.2014).

Тіркеу индексі бір мезгілде кіріс және шығыс болып табылады және өтініштер бойынша барлық жауаптар осы нөмірмен тіркеледі.

Тіркеу БҚАЭЖ-нің электрондық ақпараттық есеп формасы – жеке (заңды) тұлғаның өтінішін есепке алу карточкасындағы тиісті жиектерді толтыру жолымен жүзеге асырылады.

Бастапқы өтінішті тіркеу кезінде оған кезекті реттік нөмір болып табылатын тіркеу нөмірі беріледі.

Реттік нөмірлеу жеке тұлғалардың өтініштері үшін бірыңғай (ретімен) және сондай-ақ, заңды тұлғалардың өтініштері үшін бөлек жүргізіледі. Жеке тұлғалардың ұжымдық өтініштерін реттік нөмірлеу жеке тұлғалардың өтініштерімен бірге жүргізіледі, сондай-ақ, заңды тұлғалардың ұжымдық өтініштерін реттік нөмірлеу жүргізіледі.

Жазбаша түрде тікелей аппаратқа жүгінген жеке тұлғаға (не оның өкіліне) немесе заңды тұлғаның өкіліне тіркеу күні және уақыты, бірегей нөмірі, өтінішті қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

68. Жеке және заңды тұлғалардың облыс әкімінің виртуалды қабылдауы, Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметінің» www.egov.kz веб-порталы арқылы келіп түскен өтініштерін қабылдау және қарау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Бір мезгілде БҚАЭЖ-нің «Азаматтардың өтініштері» бөлімінде «Азаматтар өтініштерінің тіркеу бақылау карточкасы» кіру түрі бойынша электрондық нұсқада тіркеу жүргізіледі, бұл ретте құжатқа тіркеу нөмірі автоматты түрде беріледі.

69. Егер бірінші өтінішті тіркеген уақыттан бастап заңнамада белгіленген қарау мерзімі аяқталса немесе өтініш беруші өзінің өтініші бойынша қабылданған шешіммен келіспесе, сол бір адамнан сол бір мәселе бойынша келіп түскен жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері қайталама болып саналады. Сол бір автордың әр түрлі мәселелер бойынша өтініштері бастапқы болып саналады.

70. Өтініш берушінің авторлығын белгілеу мүмкін емес, қолы (оның ішінде электрондық сандық қолы қойылмаған), пошталық мекенжайы көрсетілмеген өтініштер «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жасырын өтініштер деп саналады және қаралуға жатпайды. Сондай-ақ мәселенің мән-жайы баяндалмаған өтініштер қаралуға жатпайды.

71. Сол бір адамнан сол бір мәселе бойынша бірнеше өтініш түскен кезде бірінші өтініш негізгі өтініш ретінде тіркеледі, ал кейінгілері негізгі өтінішке толықтырылады және өтініш берушіні бірінші өтініш келіп түскен күннен бастап есептелетін белгіленген мерзім шегінде оларды шешу нәтижелері туралы хабардар ете отырып, бір өтініш ретінде қаралады.

Автор күнтізбелік бір жылдың ішінде сол бір мәселені қоятын жеке тұлғалардың қайталама өтініштеріне «екінші», «үшінші» деп және одан әрі көрсетіле отырып, бастапқы өтініштің тіркеу нөмірі қойылады, ал «қайталама» деген белгісі бар есеп карточкасы бастапқысымен бірге ағымдағы жылдың картотекасына орналастырылады. Қайталама өтініштерге оның алдындағы өтініштерді қарау материалдары қосып қойылады.

Жеке немесе заңды тұлғалардың бұрын қаралған, олар бойынша толық жауаптар бар қайталама өтініштері қосымша қарауға жатпайды, бұл туралы өтініш берушіге бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі үш күн мерзімде хабарлайды.

72. Басқармаларға, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің аппараттарына қарауға қатысу үшін жолданған өтініштердің орындалуын бақылау тиісті басшыларға жүктеледі. Егер хаттарды қарау облыс әкімдігінің бірнеше құрылымдық бөлімшелеріне тапсырылған жағдайда, орындалуына бұрыштамада бірінші болып көрсетілген немесе атауының жанында «(шақыру)» белгісі бар бөлімше жауапты болып табылады.

73. Өтініш берушіге басқармалар басшыларының немесе аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің қолы қойылған жауап жолданған жағдайда соның тапсырмасы бойынша қаралған жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін облыс әкімдігінің сол лауазымды тұлғасы бақылаудан алады. Бұл ретте, оның тиісті қарары өтінішті бақылаудан алуға негіз болып табылады.

74. Күнтізбелік жыл аяқталған соң жеке және заңды тұлғалардың қаралған өтініштері мен оларға барлық материалдар номенклатуралық іске түзіледі және аппараттың мұрағатына тапсырылады.

Жасырын өтініштер бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде бір жыл сақталады, одан кейін актімен жойылады.

75. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін облыс әкімінің аппаратының азаматтарды қабылдау бөлмесінде жеке қабылдауды облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы жүргізеді. Жеке қабылдау кестесі аппарат ғимаратының холында ақпараттық тақтада ілініп қойылады.

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды облыс әкімдігінің басшылығы сағат 15-00-ден бастап аппарат ғимаратының бірінші қабатындағы № 118 бөлмеде жүргізеді.

76. Егер өтініш жеке қабылдау кезінде шешілмейтін болса, онда қабылдауға келуші өз өтінішін немесе басқа мәселені жазбаша түрде жаза алады. Одан әрі қарай сол материалдармен жұмыс істеу жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен («жеке қабылдаудан» белгісімен) жұмыс істеу сияқты жүргізіледі.

77. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақтылы қаралуын және басшылық тапсырмаларының дер кезінде орындалуын бақылауды бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.

78. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша күн сайын қабылдауды бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері жұмыс күндері сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін жүзеге асырады.

79. Жеке тұлғалардан және заңды тұлғалар өкілдерінен ақпараттар қабылдау (8 7232) 26-39-72 «сенім телефоны» бойынша жүзеге асырылады.

80. Азаматтардың электрондық бейне-өтініштерін «Диалог» бөлімінде аппараттың бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі қарайды.

Аппараттың бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі өтінішті тіркеу сәтінен бастап бір жұмыс күні ішінде мәселенің сипатына байланысты оны облыс әкімінің, әкімнің орынбасарларының, аппарат басшысының қызметін қамтамасыз ететін бас инспекторға не болмаса ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманына береді.

Облыс әкімінің, әкімнің орынбасарларының, аппарат басшысының қызметін қамтамасыз ететін ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы не болмаса бас маманы жауап дайындайды (электрондық/ қағаз жөнелткіштерде), бейне-жауап түсіру үшін техника өкілімен уақытты келіседі. Облыс әкімі орынбасарының себепті жағдайлармен болмаған жағдайда бейне-жауапты тиісті басқарманың басшысы дайындайды.

7. Облыс әкімдігі және облыс әкімінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілері жобаларын әзірлеу, ресімдеу және келісу, сондай-ақ өту тәртібі
81. Облыс әкімдігі мен облыс әкімінің енгізілетін құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің жобалары Қазақсан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңдары, «Нормативтiк құқықтық актілерді ресiмдеу және келiсу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысы, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің регламенті, өзге нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы регламенттің талаптарына сәйкес мемлекеттік органдар- әзірлеушілер дайындайды, ресімдейді және келіседі.

82. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 1, 3-тармақтарына сәйкес облыс әкімдігі қаулылар шығарады, ал облыс әкімі нормативтік құқықтық сипаттағы шешімдер мен әкімшілік-өкімдік, жедел және жекедара сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады.

83. Мемлекеттік органдар - әзірлеушілер осы мәселе бойынша сол немесе өзге актіні Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен олар үшін тікелей белгіленген құзыретіне сәйкес облыс әкімдігі немесе әкімінің қабылдау қажеттілігін анықтайды. Енгізілетін облыс әкімдігі мен облыс әкімінің актілер жобалары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Президентінің актілеріне, жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге қайшы келе алмайды.

84. Құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобалары облыс басшылығының тапсырмаларын орындау үшін, сондай-ақ әзірлеушілер –мемлекеттік органдардың бастамасы бойынша да әзірленуі мүмкін. Егер жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерде облыс әкімдігі немесе облыс әкімінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілер қабылдауы туралы тапсырма болған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік органдар мұндай акті жобасын аппаратқа дер кезінде және сапалы әзірлеп ұсыну бойынша шаралар қабылдайды.

85. Құқықтық және нормативтік құқықтық актілер жобалары аппаратқа мөлшерi № 14 «Times New Roman» қаріпімен (қосымшаларда кiшi мөлшерлі, бірақ №10-нан кіші емес қаріп қолданылуы мүмкін) теріліп, мемлекеттік және орыс тілдерінде, электрондық және қағаз жөнелткіштерде, мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, әзірлеуші мемлекеттік органдар басшыларының немесе аталған мемлекеттік органдардың заң қызметі басшыларының әрбір бетте қол қойылуымен ұсынылады. Ұсынылатын жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдардың заң қызметімен келісу оны аппаратқа енгізудің міндетті шарты болып табылады.

86. Жобалардың сапалы әзірленуіне, олардың дер кезінде ұсынылуына (тиісті тапсырмаларда жобаларды ұсыну мерзімдері көрсетілген жағдайларда), осы мәселелер бойынша бұдан бұрын қабылданған актілердің қайталануына жол бермеуге, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігіне әзірлеуші мемлекеттік органдардың басшылары дербес жауапты болады.

87. Барлық мүдделі мемлекеттік органдармен алдын ала келісілген соң акті жобасы аппаратқа келісілуге ұсынылады.

Акт жобасы аппарат бөлімдерінде сараптамадан өтеді:



  1. бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде:

мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жоба мәтіндерінің дәлме-дәлдігіне;

жобаның нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу және келісу талаптарына сәйкестігіне;

ұсынылатын актінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру қажеттілігіне, тапсырмалардың қайталануына жол бермеуге;

2) заң бөлімінде – акт жобасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне.

Жобаны сараптамадан өткізу мерзімі 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс.

88. Аппарат жобаны сараптамадан өткізу барысында немесе оның нәтижесі бойынша оны әзірлеушіге мынадай негіздер бойынша пысықтау үшін қайтарып жіберуге құқылы:



  1. жоба мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде дәлме- дәлдігінің келмеуі, ресімдеу талаптарына сай келмеуі, тапсырмалардың қайталануына жол берілуі;

  2. жобаның Қазақстан Республикасы заңнамасына сай келмеуі;

  3. облыс әкімдігі Регламентінің, сондай-ақ осы регламенттің талаптарын бұзып ұсынуы.

Өзге себептер бойынша сараптамалық теріс қорытынды жобаны кері қайтаруға негіз бола алмайды.

89. Жобаға осы регламенке 2 қосымшаға сәйкес келісу парағы қоса беріледі. Келісу парағында мәтіннің мемлекеттік және орыс тілдерінде дәлме-дәлдігіне, ресімдеу мен келісуге талаптарына сәйкестігіне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сай келуіне сараптама жүргізілгені, ұсынылған актінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру мен оны бақылауға алу қажеттілігі көрсетіледі. Жүргізілген әрбір сараптама үшін бөлім мамандары да (бекітілген лауазымдық міндеттерге сәйкес), сондай-ақ бөлім басшылары да қойған қолымен жауапкершілік алады. Сондай-ақ, келісу парағында жобаны енгізуші мемлекеттік органдардың басшыларының (мемлекеттік органның елтаңбалық мөрімен куәландырылған), бөлінген міндеттеріне сәйкес жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыс әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының қолдары көрсетіледі. Енгізілетін жобаға Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі регламентіне қосымшаға сәйкес түсіндірме жазба қоса беріледі.

90. Облыс әкімдігінің қаулылары әкімдік отырыстарында әкімдік мүшелерінің ашық дауыс беру жолымен қабылданады. Жекедара жағдайларда әкімдік қаулылары әкімдік отырыстарының аралығында осы регламентке 3 қосымшаға сәйкес келісу парағында әкімдік мүшелерінің қолдарын жинау жолымен қабылдана алады.

91. Келісу мен өтудің барлық қажетті рәсімдерінен өткеннен кейін актілердің жобалары облыс әкіміне қол қоюға беріледі. Облыс әкімдігінің қаулыларына, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне облыс әкімі (немесе қол қою құқығы бар оның міндетін атқарушы) қол қояды. Қол қойылғаннан кейін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің түпнұсқаларына түзетулер енгізуге болмайды.

92. Облыс әкімдігі мен облыс әкімінің қол қойылған құқықтық және нормативтік құқықтық актілері бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне тіркеу үшін тапсырылады. Актінің түпнұсқасына мыналар қоса беріледі:


  1. анықтама-негіздеме (қажет болса);

  2. мүдделі мемлекеттік органдармен алдын ала келісулерден, сараптамалардан өткенін растаушы құжаттар;

  3. барлық қосымшаларымен актінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіні электрондық жөнелткіш (қажет болса);

  4. әрбір адресатқа дана санын көрсетіп, орындаушы толтырған тарату парағы;

  5. түсіндірме жазба;

  6. актіні қабылдау қажеттілігін негіздеуші құжаттар.

Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде ұсынылған актілерді арнайы журналдарда күні мен нөмір беріліп тіркеу жүргізіледі.

93. Облыс әкімдігі мен облыс әкімі актілерінің көшірмелерін 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары немесе бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы бекіткен тарату парағына сәйкес таратады.

94. Облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілері, облыс әкімінің шешімдері әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады.

Актілерді мемлекеттік тіркеуге жіберу «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778, «Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы» 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулыларына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы регламентке сәйкес жүргізіледі.

95. Облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілері оларды қолданысқа енгізу нормаларын қамтуы тиіс. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қамтитын нормативтiқ құқықтық актiлерден басқа нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау оларды қолданысқа енгізудің міндетті шарты болып табылады. Облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, жолдау, толық және уақытында жариялануын бақылауды аппараттың бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.

96. Облыс әкімі мен әкімдігі актілерінің түпнұсқалары бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде сақталады.

97. Актілердің бұрын жіберілген даналарын техникалық қателер болған жағдайда ауыстыру аппарат басшысының рұқсатымен бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүргізе алады. Бұл жағдайда бастапқыда жіберілген құжаттар кері қайтарылуы тиіс.

98. Аппарат актілері аппарат басшысының бұйрығымен ресімделеді. Аппарат актілеріне аппарат басшысы не болмаса оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.

Кадр мәселелері жөніндегі аппарат басшысының бұйрықтары жеке нөмір беріліп өзге бұйрықтардан бөлек тіркеледі.

99. Бұйрықтар арнайы бланкілерде ресімделеді. Бұйрықтар жобалары заң бөлімінде-Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай келуіне, ресімдеу, мәтіндердің мемлекеттік және орыс тілдерінде дәлме-дәлдігі мәселелері бойынша бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде алдын ала сараптамадан өтеді. Аппарат басшысының бұйрығы жобасына сараптама жүргізу осы регламентке 4 қосымшаға сәйкес келісу парағында қол қою арқылы ресімделеді.



8. Құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру тәртібі
100. Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі, Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, Президенті Әкімшілігі мен Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының актілері, сондай-ақ Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Президент Әкімшілігі мен Кеңсе Басшыларының тапсырмалары бар құжаттарды бақылауды ұйымдастыру және тексеру «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, «Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

101. Бақылау:

1) басқармалардан, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінен БЭҚАЖ, «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмаларын есепке алу», «Қаулыларды есепке алу» ақпараттық жүйелері арқылы қажетті ақпаратты талап ету;

2) қажетті қосымша ақпаратты талап ету;

3) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;

4) тексеру және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;

5) жергілікті жерге шығып тексеру жолымен;

6) Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады.

102. Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі, Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Президент Әкімшілігі мен Кеңсе басшыларының тапсырмалары бар құжаттардың, облыс әкімі мен әкімдігі актілерінің, облыс әкімінің хаттамалық шешімдерінің уақтылы және сапалы орындалуын бақылауға жауапты лауазымды тұлға аппарат басшысы болып табылады.

103. Аппарат басшысы мен бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі атқарушылық тәртіпті бақылауды және сақтауды ұйымдастырады, басқармалар және аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің, ОМО АБ, аппарат бөлімдерінің, өзге мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың тиімді өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді.

Облыс әкімінің орынбасарлары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдері, басқармалар басшылары:

1) жұмысының жетекшілік ететін бағыттары бойынша актілер мен тапсырмалардың сапалы әрі уақтылы орындалуын;

2) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Премьер-Министрі Кеңсесіне облыс әкімінің қолы қойылып жіберілетін ақпараттарды аппарат бөлімдерімен келісуді қамтамасыз етеді.

104. Мынадай, оның ішінде «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құпия құжаттар бақылауға алынады:

1) облыс әкіміне, жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің актілері не актілердің тармақтары;

2) халықаралық іс-шаралар мен өңірлік сапарлар қорытындылары бойынша облыс әкіміне тапсырмалар берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары немесе тапсырмаларының тармақтары;

3) облыс әкіміне тапсырмалар берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін кеңестердің, отырыстардың және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың хаттамаларында қамтылған тапсырмалар не тапсырмалардың тармақтары;

4) Мемлекет басшысының жеке тапсырмалары;

5) «Бақылауға алынды» деген мөртабан болған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің қызметтік және өзге де құжаттар бойынша берген тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;

6) облыс әкіміне немесе жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар бар Үкіметтің қаулылары, Премьер-Министрдің өкімдері, Үкімет отырыстарының, Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы өткізген кеңестер хаттамалары;

7) орындау мерзімі көрсетілген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулары, «шұғыл», «өте шұғыл», «жеделдетілсін» деген белгілер бар Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі Басшысының, оның орынбасарларының, Премьер-Министрдің Кеңсесі, Кеңсе Басшысы (оның міндетін атқарушы тұлғаның) атына тапсырмалары, сондай-ақ олардың мазмұнынан бақылауға қою қажеттігі туындайтын тапсырмалар;

8) Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сұраулары,

9) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

10) жергілікті атқарушы органдардың атына келіп түсетін прокурорлық ден қою актілері, соттардың жеке ұйғарымдары;

11) мемлекеттік органдардың, олардың мазмұнынан ана немесе мына мәселелер бойынша жауап, ақпарат, түсініктеме беру, ұсыныстар енгізу қажеттігі туындайтын хаттары;

12) облыс әкімдігі мен әкімінің басқармалар, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдеріне, ОМО АБ басшыларына (келісім бойынша) тапсырмалар берілген актілері;

13) облыс әкімінің кеңестерде, облыс бойынша есеп беру кездесулері және сапарлары барысында берген тапсырмалары.

Бақылауға облыс әкімдігі басшылығының тапсырмасы бойынша өзге құжаттар мен мәселелер алынуы мүмкін.

105. Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмалары, облыс әкімінің хаттамалық тапсырмалары белгіленген орындалу мерзімдері ескеріле отырып, мынадай бақылау түрлеріне қойылады:

1) шұғыл – «өте шұғыл» деген белгісі бар – 3 жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жеделдетілсін» деген белгілері бар – 10 жұмыс күніне дейін;

2) қысқа мерзімді бақылауға – 10 жұмыс күнінен 1 айға дейін;

3) орта мерзімді – 1 айдан 6 айға дейін;

4) ұзақ мерзімді – 6 айдан артық.

106. Қазақстан Республикасы Президенті, Президент Әкімшілігі Басшысы, оның орынбасарлары, Үкіметі, Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысы, оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларында белгіленген тапсырмалардың орындалу мерзімі облыстың жергілікті атқарушы органына түскен күнінен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.

Олардың аттарына тапсырма берілген, өкілдері отырысқа (кеңеске) қатысқан тиісті жергілікті атқарушы органдар отырыс (кеңес) өткеннен кейін бірден, оларға отырыс (кеңес) хаттамасының немесе Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының тапсырмаларының түсуін күтпей-ақ тапсырмаларды орындауға кірісуге міндетті.

107. Актілер мен тапсырмаларды орындау оларда белгіленген мерзімде қамтамасыз етіледі.

«Бақылауға алынды» деген мөртабаны бар тапсырмаларда мерзімдері белгіленбеген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесі атына ақпарат енгізіліп, олар бір айлық мерзімде орындалады, өзге жағдайларда ақпарат Президент Әкімшілігі немесе Премьер-Министр Кеңсесінің қосымша сұрауына сәйкес беріледі.

108. Тапсырмалар мен актілерді уақытында орындау мүмкін болмаған жағдайда орындаушы мемлекеттік органның басшысы алдын-ала, белгіленген мерзімге дейін бір күннен кешіктірмей, тапсырма берген лауазымды тұлғаның атына орындаудың ағымдағы жағдайын, орындау мерзімін ұзарту немесе нақты орындалу мерзімін, нақты жауапты саяси мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ, мемлекеттік органдар-бірлесіп орындаушылар мен жауапты лауазымды тұлғаларды міндетті түрде көрсете отырып, оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттігіне дәлелді негіз келтірілген хат жолдайды.

Орындалу мерзімін ұзартуға, оның ішінде оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министрі Кеңсесі Басшыларының, облыс әкімінің шешімі бойынша бір рет қана жол беріледі.

Актілер мен тапсырмалардың орындалу мерзімін қайта ұзартуға лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапқа тарту туралы мәселе қарала отырып, Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, облыс әкімінің шешімі бойынша жол беріледі.

109. Құжаттарды бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің мамандары БЭҚАЖ –дың тиісті бөлімдерінде тіркейді және олар бойынша шешімдер қабылдау және қарар жазу үшін облыс әкіміне (не болмаса облыс әкімінің міндеттерін атқарушы тұлғаға) береді. Қағаз жөнелткіштерде келіп түскен құжаттар облыс әкімінің көмекшісі арқылы қолма қол беріледі, БЭҚАЖ арқылы түскендер электрондық түрде жолданады.

Бақылауға жататын құжаттарға «Бақылауға алынды» немесе «Бақылау» мөртабандары қойылады.

110. Облыс әкімі шешім қабылдағаннан кейін бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері қағаз жөнелткіштерде түскен құжаттарды облыс әкімінің орынбасарларына, аппарат басшысына алу күні мен уақытын көрсетіп, қолдарын қойдырып, облыс әкімінің орынбасарларының, аппарат басшысының жұмысын қамтамасыз ететін бас инспекторлар мен мамандар арқылы береді.

Шұғыл хат-хабар (құжаттар) түскен кезде бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері тез арада телефон арқылы аппарат басшысын, облыс әкімі орынбасарларының қызметін қамтамасыз ететін бас инспекторларды, басқармалар басшыларының қабылдау бөлмелерін хабардар етеді.

111. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері бақылаудағы тапсырманың белгіленген орындалу мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік органдардың атына құжатты орындау жөнінде тиісті ескерту жібереді.

112. Облыс әкімінің бас инспекторлары – аудандар және облыстық маңызы бар қалалар кураторлары, облыс әкімі орынбасарларының қызметін қамтамасыз ететін ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторлары мен бас мамандары өз бағыттары бойынша бақылау актілері мен тапсырмалардың орындалуын есепке алу, бақылау және талдау жүргізеді. Бұл ретте ақпарат бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне апта сайын ұсынылып тұрады. Ай сайын аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің, басқармалар материалдарының талдауы негізінде тапсырманың орындалуын бақылаудан алу/мерзімін ұзарту туралы ұсыныстар мен негіздер келтірілген тапсырманың орындалуы туралы ақпарат енгізіледі.

113. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бақылау секторы бақылаудағы құжаттардың орындалуы туралы облыс әкіміне облыс әкімінің аппарат басшысының қолы қойылған ақпарат дайындайды:

апта сайын және ай сайын – облыс әкімінің тапсырмалары бойынша;

ай сайын – облыс әкімдігінің қаулыларын орындау бойынша;

114. Құжаттар бақылаудан оларда қойылған мәселелер толық шешіліп, тиісті мемлекеттік орган хабардар болғаннан кейін алынады.

Бақылаудан алу үшін орындаушы басшының (облыс әкімі орынбасарының, аппарат басшысының, оның орынбасарларының) атына бақылаудан алу туралы ұсыныс енгізе отырып, нормативтік құқықтық актінің, хаттамалық шешімнің, өзге де бақылаудағы құжаттың әрбір тармағының орындалуы жөнінде ақпарат әзірлейді.

Бақылаудан алынған жағдайда құжат орындалуы жөнінде тиісті жазба енгізу, сондай-ақ құжатты орындау бойынша электрондық мұрағатқа деректер енгізу үшін бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне беріледі.

115. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі құжаттардың орындалу барысына жүйелі талдау жүргізіп отырады - ай сайын бақылаудағы құжаттардың орындалу барысы туралы облыс әкімінің аппарат басшысына, жарты жылда бір рет Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторына ақпарат дайындайды.

116. «Тапсырмаларды есепке алу», «Қаулыларды есепке алу» ақпараттық жүйелерінде жұмыс істеу Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмаларын/ қаулыларын қарау, іздеу, бақылауды қамтиды.

«Тапсырмаларды есепке алу», «Қаулыларды есепке алу» ақпараттық жүйелерінде жұмыс істеуді мұндай функцияларды атқаруға басқармалар басшылары, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдері уәкілеттік берген басқармалар, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарының жауапты мамандары жүзеге асырады. Бұл орайда тапсырмалардың дер кезінде, сапалы және толығымен орындалуына басқармалар басшылары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдері жауапкершілік алады.

«Тапсырмаларды есепке алу», «Қаулыларды есепке алу» ақпараттық жүйелерінде жұмысты бақылауды бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бақылау секторы, облыс әкімі орынбасарларының қызметін қамтамасыз ететін ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторлары мен бас мамандары жүзеге асырады.



9. Аппараттың қалалар мен аудандар әкімдіктерімен, басқармалармен өзара іс-қимылы
117. Аппараттың аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерімен, басқармалармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі жүзеге асырады.

118. Өзара іс-қимыл облыс басшылығының тапсырмаларының орындалуына, ағымдағы мәселелердің шешілуіне, тексерулер жүргізуге, көшпелі іс-шаралар өткізуге, ақпарат жинауға, облыс басшылығына ақпарат әзірлеуді бақылау жасау үшін ұйымдастырылады.

Отырыстарды өткізу, облыс әкімінің жұмыс кестесінің орындалуы, мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен болатын өзге де іс-шараларды реттеу мақсатында аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдері, облыстық басқармалар басшылары әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерлерге баруын облыс әкімі аппаратының басшысымен келіседі.
119. Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі қызметкерлерінің басшылықтың тапсырмаларын орындау жөніндегі талаптары орындаушылар үшін міндетті болып табылады.

10. Кадр мәселелерін шешу
120. Аппаратта кадр мәселелерін шешуді Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасының кадр мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, персоналды басқару (кадр қызметі) қызметі жүзеге асырады.

121. Саяси мемлекеттік қызметшілерге, «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне жататын лауазымды тұлғаларды, басқармалар басшыларын, аппарат басшысының орынбасарларын, аппарат бөлімдерінің басшыларын, облыс әкімінің көмекшісін (режим бойынша) облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Д-3 (аппарат бөлімдері басшыларынан, облыс әкімі көмекшісінен (режим бойынша) басқасы), Д-4 санатындағы «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін, аппараттың басқа да қызметкерлерін аппарат басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

122. «Б» корпусының, Д-2, Д-3 санатындағы (аппарат бөлімдерінің басшылары, облыс әкімінің көмекшісі (режим бойынша) әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің бос орнына орналасуға конкурсты облыс әкімі жариялайды.

Аппараттың «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің Д-3 (аппарат бөлімдерінің басшыларынан, облыс әкімінің көмекшісінен (режим бойынша) басқасы), Д-4, Д-5 санатындағы әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бос орнына орналасуға конкурсты облыс әкімі аппаратының басшысы жариялайды.

123. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруімен байланысты шешімдерді ресімдеуді, кадр мәселелері бойынша әкімнің актілері жобалары мен өзге де құжаттарды әзірлеуді, оларды заңнамамен белгіленген тәртіппен ресімдеуді персоналды басқару (кадр қызметі) қызметі жүзеге асырады.

124. Қалалар мен аудандар әкімдеріне, басқармалар басшыларына, аппарат қызметкерлеріне қызметтік куәлік ресімдеуді, есепке алуды және беруді персоналды басқару (кадр қызметі) қызметі жүзеге асырады.

125. Персоналды басқару (кадр қызметі) аудандар және облыстық маңызы бар қалалар, басқармалар басшыларын, аппарат қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.

126. Қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына, «Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығына, осы мәселе бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қызметшіні лауазымға тағайындауға және тәртіптік жауапкершілікке тартылатын қызметшіні лауазымынан босатуға құқығы бар лауазымды адам енгізеді.

11. Облыс әкімдігінің, әкімінің, облыс әкімінің, аппараттың жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі
127. Облыс әкімдігінің, облыс әкімі мен аппарат қызметінің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында аппараттың баспасөз қызметі олардың қызметін БАҚ-та жариялауды ұйымдастыруды жүзеге асырады.

128. БАҚ өкілдерін аппарат ұйымдастыратын облыс әкімдігі отырыстары мен басқа да кеңестерге облыс әкімінің баспасөз қызметі шақырады. Отырыстар мен кеңестер кезінде БАҚ өкілдері арнайы баспасөзге белгіленген орындарға орналасады.

129. Аппараттың баспасөз қызметі баспасөзде жарық көрген, радио және теле эфирге шыққан сын, резонанстық жарияланымдар мен материалдарға тұрақты түрде шолу жасап отырады. Қажет болған жағдайда аппараттың баспасөз қызметі БАҚ-қа негізсіз сын материалдарын теріске шығару дайындайды.

12. Облыс әкімінің аппаратында ішкі тәртіпті ұйымдастыру
130. Облыс әкімі аппаратының ғимаратына арнайы және (немесе) қызметтік куәліктерін көрсеткен:

1) барлық деңгейдегі мемлекеттік саяси қызметшілер;

2) барлық деңгейлердегі әкімдер;

3) аппарат ғимаратында орналасқан аппарат және мемлекеттік органдар қызметкерлері;

4) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері;

5) Қазақстан Республикасы Парламентінің, облыстық, аудандық және облыстық маңызы бар қалалық мәслихаттардың депутаттары;

6) облыстың құқық қорғау органдарының басшылары;

7) әкімдік отырыстары, кеңестер мен іс-шаралар өткізілетін күндері облыс әкімі аппараты бөлімдері басшылары ұсынған және аппарат басшысымен келісілген тізім бойынша кіреді.

Қабылдау күндері және сағаттары кезінде аппарат ғимаратына жеке мәселелері болйынша жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін кіргізу жүзеге асырылады.

131. Лауазымды тұлғаларды қызмет бабындағы мәселелері бойынша әкімнің қабылдауы жөніндегі мәселені оның көмекшісі немесе аппарат басшысы шешеді.

132. Келушілерді аппарат ғимаратына өткізуді арнайы күзет қызметі басқармасының қызметкерлері жүзеге асырады.

133. Халықаралық байланыстарды ұйымдастыру, аппарат ғимаратына шет елдік азаматтарды өткізу Қазақстан Республикасында құпиялық режимді қамтамасыз ету жөніндегі заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.



13. Қызметтік құжаттарды, бланкілер мен есеп үлгілерін сақтау және пайдалану ережесін сақтау
134. Аппарат қызметкерлері құжаттармен жұмыс істегенде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялармен жұмыс туралы белгіленген талаптарды қатаң сақтауы, мемлекеттік және қызметтік құпияларды жария етпеулері, құжаттардың сақталуын қамтамасыз етулері, жұмыс орнында қызмет бөлмесіне бөтен адамдардың рұқсатсыз кіріп, олардың қызметтік құжаттармен танысуына, компьютерді, жазу және көшірме қағаздарын, телефонды және басқа

да ұйымдастыру техникасын пайдалануына мүмкіндік тудырмайтындай тәртіпті сақтаулары тиіс. Қызметтік бөлменің кілтін есіктің сыртқы құлпында қалдыруға тыйым салынады.

Аппарат құжаттарының көшірмесін аппарат басшысының, оның орынбасарларының немесе бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі басшысының рұқсатынсыз кімге де болса беруге тыйым салынады.

135. Облыс әкімдігінің, әкімінің, облыс әкімінің орынбасарларының, аппарат басшысының, оның орынбасарларының, облыс әкімі аппаратының бланкілері баспа тәсілімен дайындалады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген құжаттар бланкілерін мемлекеттік ұйымдардың тапсырысы бойынша тиісті қызмет түріне лицензиясы бар полиграфиялық кәсіпорындар дайындайды және есепке алуға жатады.

Құжаттардың бланкілері А4 (210х297 мм), А5 (148х210 мм) форматтағы стандартты парақтарда дайындалады. Бланкте, бланкісіз дайындалған құжаттардың әр парағында мынадан кем болмайтын жиек болу керек: сол жағынан – 20 мм; оң жағынан – 10 мм;  жоғарғы жағынан – 10 мм; төменгі жағынан – 10 мм.

Облыс әкімі аппараты құрылымдық бөлімшелерінің бланкілерін есепке алу және беру бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне жүктеледі, ал бақылауды мемлекеттік құпияларды сақтау жөніндегі сектор жүзеге асырады.

136. Құжаттарды жоғалтқаны, қызметтік ақпаратты жария еткені, құжаттармен жұмыс істеу ережесін бұзғаны үшін аппарат қызметкерлері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.



14. Аппарат қызметкері жұмыстан шыққанда немесе басқа жұмысқа ауысқанда істер мен құжаттарды қабылдап алу, тапсыру, құжаттарды аппараттың бір бөлімінен екінші бөліміне тапсыру, өзге де мәселелер
137. Аппарат қызметкері жұмыстан шыққанда немесе басқа жұмысқа ауысқанда аппараттың тиісті бөлімі басшысының нұсқауы бойынша осы бөлімнің басқа қызметкеріне оның атқаруында болған барлық істер мен құжаттарды, жинақталған өзге анықтама материалдарын тапсырады.

Бұл жағдайда құжаттарды тапсыратын қызметкер берілетін құжаттар көрсетіліп, тапсырылған күнге шешілмеген мәселелердің орындалу жағдайы сипатталатын, қызметтік істерді қабылдап алу-тапсыру туралы екі данада акті жасайды. Актінің екі данасына да құжаттарды тапсырған және қабылдап алған қызметкерлер қол қояды және бөлім басшысы бекітеді. Бір данасы бөлімде қалады, екіншісін жұмыстан шыққан қызметкер алады.

Аппараттың осы бөлімінің қызметкері акт негізінде тіркеу-бақылау карточкасына құжаттарды басқа қызметкерге бергені туралы белгі қояды.

138. Қызметкер демалысқа немесе ұзақ мерзімді іссапарға кеткенде онда орындауда болған қызметтік құжаттар бөлім басшысының нұсқауымен басқа қызметкерге тапсырылады. Аппараттың осы бөлімінің қызметкері тіркеу-бақылау карточкасына құжаттардың тапсырылғаны туралы белгі қояды. Егер қызметкер қайтып оралғаннан кейін құжаттар орындалмаған болса, онда олар карточкада тиісті белгі қойылып, қайтадан өзіне тапсырылады.

139. Құжаттарды аппараттың бір бөлімінен екінші бөліміне тапсыру облыс әкімінің қарарына сәйкес, аппарат басшысының немесе оның орынбасарларының нұсқауы негізінде бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі арқылы жүзеге асырылады.

140. Аппаратта істер номенклатурасын қалыптастыру және істерді аппараттың мұрағатына тапсыруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі қамтамасыз етеді.

141. Облыстық әкімдік пен аппарат басшылығының құжаттарын теріп, басуды әкімшілік бөлімінің машинамен жазу бюросы жүзеге асырады. Машинамен жазу бюросы құжаттарды аппарат басшысының, оның орынбасарларының, сондай-ақ әкімшілік бөлімі басшысының тапсырмасы бойынша теріп, басады.

Басқа барлық машинамен жазу жұмыстары аппараттың бөлімдерінің өзінде жүзеге асырылады.

Машинамен жазу бюросына теріп басуға берілетін қолжазбалар анық, орфографиялық ережелер сақтала отырып жазылуы тиіс. Ұқыпсыз және түсініксіз жазылған нобайқағаздар немесе қарындашпен түзетілген құжаттар теріп басуға қабылданбайды.

142. Құжаттарды теріп басу кезінде пайдаланылған бланкілер бланкінің нөмірі, орындаушының тегі, басып шығарған күні көрсетіліп, арнайы журналда жазылады.

143. Осы регламенттің орындалуын бақылау аппарат басшысы мен оның орынбасарларына жүктеледі.





«Шығыс Қазақстан облысы

әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің регламентіне

1 қосымша




«_____________________________________________________________»

құжатына есептік ақпарат беру жобасына

КЕЛІСУ ПАРАҒЫ
ЛИСТ СОГЛАСОВАНИЯ

к проекту отчетной информации на документ «____________________________________________________________»


Басқарма басшысы

(ақпараттың сапалығына/толықтығына)



Руководитель управления

(на наличие качественной/полной информации)



_____ жылғы «__»_________



Облыс әкімінің орынбасары

(ҚР ПӘ және ПМК ақпараттарына)

(нақты, толық/сапалы ақпараттың ұсынылғанына)



Заместитель акима области

(информации в АП и КПМ РК)

(на наличие достоверной, полной/качественной информации)


_____ жылғы «__»_________



Облыс әкімі аппаратының бақылау жасайтын бөлімшесі (бақылау секторы, бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі, МҚҚ)

(орындау мерзіміне, сілтемеге, адресаттың сәйкестігіне)



Контролирующее подразделение

аппарата акима области (сектор контроля,

отдел контроля и документационного обеспечения, ЗГС)

(на соответствие срокам исполнения, ссылке, адресату)



_____ жылғы «__»_________



Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

(мәтіндердің дәлме-дәлдігіне)



Отдел контроля и документационного обеспечения

(на соответствие аутентичности текстов)



_____ жылғы «__»_________



Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

(регламенттің параметрларына сәйкестігіне)



Отдел контроля и документационного обеспечения

(на соответствие параметрам регламента)


_____ жылғы «__»_________



Заң бөлімі (ҚР ПӘ және ПМК ақпараттарына)

(заңгерлік аспектілерінің сәйкестігіне)



Юридический отдел (информации в АП и КПМ РК) (на соответствие юридическим аспектам)



_____ жылғы «__»_________



Аппарат басшысының орынбасары

(құжаттың орындалуына бақылау жасау)



Заместитель руководителя аппарата

(контроль за исполнением документа)



_____ жылғы «__»_________



Аппарат басшысы

(құжаттың орындалуына жалпы бақылау) Руководитель аппарата

(общее руководство по исполнению документа)


_____ жылғы «__»_________


Орындаған

тел.:

_____ жылғы «__»_________



Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚР ПӘ және ПМК – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі және

Премьер- Министрдің Кеңсесі

АП и КПМ РК - Администрация Президента и Канцелярия Премьер- Министра Республики Казахстан

МҚҚ – мемлекеттік құпияларды қорғау

ЗГС- защита государственных секретов






«Шығыс Қазақстан облысы

әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің регламентіне

2 қосымша




«__________________________________________________________________»

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының, Шығыс Қазақстан облысы әкімі шешімінің, өкімінің жобасына

КЕЛІСУ ПАРАҒЫ
ЛИСТ СОГЛАСОВАНИЯ

к проекту решения, распоряжения акима Восточно-Казахстанской области, постановления Восточно-Казахстанского областного акимата «__________________________________________________________________»


Орындаушы:

Исполнитель:

Басшы


Руководитель


_____ жылғы «__»_________



Қаулының жобасын енгізеді:

Проект постановления вносит:




Облыс әкімінің орынбасары

Заместитель акима области




_____ жылғы «__»_________



Міндетті келісім минимумы:

Обязательный минимум согласования:




Облыс әкімі аппаратының басшысы

Руководитель аппарата акима области



_____ жылғы «__»_________



Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

Руководитель отдела контроля и документационного обеспечения



_____ жылғы «__»_________



Заң бөлімінің басшысы

Руководитель юридического отдела



_____ жылғы «__»_________



Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас инспекторы

Главный инспектор отдела контроля и документационного обеспечения




_____ жылғы «__»_________



Ресімдеу және келісу сараптамасын жүргізді:

Экспертизу оформления и согласования провел:




_____ жылғы «__»_________



Мәтіннің дәлме-дәлдігіне сараптама жүргізді:

Экспертизу на аутентичность провел:



_____ жылғы «__»_________



Құқықтық сараптама жүргізді:

Правовую экспертизу провел:



_____ жылғы «__»_________


Орындаған

тел.:




«Шығыс Қазақстан облысы

әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің регламентіне

3 қосымша




«______________________________________»

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасына

келісу парағы
Лист согласования

к проекту постановления Восточно-Казахстанского областного акимата

«______________________________________»





Әкімдік мүшелерінің тегі, аты

Фамилия, инициалы членов акимата



Көзқарасы немесе ұсынысы

Мнение и предложение



Қол қойылған күні

Дата подписания






























































































































































Келісу парағын толтырды ___________________

(қолы)


«Шығыс Қазақстан облысы

әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің регламентіне

4 қосымша






«______________________________________________________»

облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығына

КЕЛІСУ ПАРАҒЫ
ЛИСТ СОГЛАСОВАНИЯ

к приказу руководителя аппарата акима области

«______________________________________________________»


Орындаушы:

Исполнитель:

Бөлім басшысы (бұйрықтың жобасын енгізген)

Руководитель отдела (вносящий проект приказа)


______ жылғы «____» ________


Міндетті келісім минимумы:

Обязательный минимум согласования:



Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары

Заместитель руководителя аппарата акима области


______жылғы «____» _________




Заң бөлімінің басшысы

Руководитель юридического отдела



_____жылғы «____» _________




Әкімшілік бөлімінің бас инспекторы – бас бухгалтер

Главный инспектор - главный бухгалтер административного отдела


_____жылғы «____» _________



Руководитель отдела контроля и документационного обеспечения


Мәтіннің дәлме-дәлдігіне

сараптама жүргізді

Экспертизу на аутентичность провел

______жылғы «____» _________

______жылғы «____» _________


Ресімдеу және келісу сараптамасын жүргізді

Экспертизу оформления и согласования провел




______жылғы «____» _________




Құқықтық сараптама жүргізді

Правовую экспертизу провел


______жылғы «____» ________



жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау