Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақтоғай кенттік округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму бағдарламасы



жүктеу 0,5 Mb.
бет2/2
Дата14.11.2018
өлшемі0,5 Mb.
#19624
түріБағдарламасы
1   2

1. КІРІСПЕ

Ақтоғай кенттік округі 1941 жылы құрылған. Кенттік округтің жалпы ауданы 5017 га, оның ішінде елді-мекені-2979 га. Округ құрамына 2 елді мекендер кіреді: Жақсыбұлақ, Шолқызыл .Кенттік округ бойынша жалпы халық саны – 6490 адам, оның ішінде Ақтоғай кентінде – 6435, Жақсыбұлақта – 35, Шолқызылда – 20 адам. Жұмысқа қабілетті экономикалық белсенді азаматтар саны 3077. Ақтоғай кенті аудан орталығына теміржолмен 150 шақырым қашықтықта, Республикалық Алматы-Өскемен автокөлік трассасы бойынан 85 шақырым қашықтықта орналасқан.Ауыл шарушылығына арналған жерлердің болмауына байланысты, кенттің шаруашылық деңгейінің өсуі төмен, алайда орташа және шағын бизнес пен қоса Қазақстандағы ірі компанияның бірі «Казминералс» ЖШС -нің кен байыту комбинаты кенттің өсуіне жағдай жасайды.Осыған байланысты көптеген адамдар жұмыспен қамтылады.



Ақтоғай кенттік округінің аумағында 2 жалпы білім беру мектеп , 1 шағын орталық, 1 селолық аурухана, мәдениет үйі және оның ішінде орналасқан кітапхана, 1 бала-бақша-бөбекжай,кенттік полиция бөлімшесі, «Қазпошта» АҚ-ның байланыс бөлімшесі , ХҚКО бөлімшесі, «Халық банк» АҚ бөлімшесі және 16 темір жол мекемелері кент экономикасының дамуына, тұрғындардың мемлекеттік қызметті алуына қолайлы жағдай тудырып отыр.





Ақтоғай кенттік округінің дамуының ағымдағы жағдайын талдау

2.Талдау

2.1. Ақтоғай кенттік округінің экономикасы және ауыл шаруашылығы
Ақтоғай кенттік округінде негізгі басымды бағыттарының бірі шағын және орта бизнес болып келеді. Бүгінгі таңда кентте , 55 - дүкен, 4- дәріхана, 3- мейрамхана, 3- кафе, 4- жанар-жағар май стансасы, 3 –наубайхана, 2- асхана өз жұмысын атқаруда.

«Kazminerals» ЖШС кен байыту комбинаты кенттік округіне үлкен үлес қосуда.



МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Кенттік округтің экономикалық саласының бірі – ауыл шаруашылығы. Округ аумағында қосалқы шаруашылығында барлығы 1065 бас ірі қара, 85 бас жылқы және 1450 ұсақ мал, 500 үй құстары тіркелген.

Кенттік округте ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген жер болмағандықтан шаруа қожалықтары жоқ.

.


Мал шаруашылығының негізгі көрсеткіштерінің

2015- 2017 жылдардағы өзгеру динамикасы


Көрсеткіштер атауы

2015 г

2016 г

2017 г

Өсу қарқыны 2015/ 2017 ж


Мал басы (бас):













ІҚМ

1060

1060

1060

100

Қой-ешкі

1400

1450

1450

104

Жылқы

35

50

50

143

Құс

465

465

500

108

Өнім өндіру, тонна













Ет

3310

3310

3310

100

Сүт

9000

9000

9000

100

Жұмыртқа, мың дана

105 мың

105 мың

105 мың

100

Жүн

50

50

50

100



ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС


  • Кенттік округте 76 жеке кәсіпкер тіркелген. Тойхана, наубайхана, азық түлік дүкендері, жанар-жағар май стансасы бойынша шағын бизнес нысандары бар. Теміржол бойында орналасуы , Казминерас» ЖШС кен комбинатының салуы және жылдан- жылға халық саны көбеюіне байланысты шағын және орта бизнестін дамуына негізгі себепші болып тұр.



Шағын және орта бизнестің негізгі көрсеткіштерінің

2015- 2017 жылдардағы өзгеру динамикасы


Көрсеткіштер атауы

2015 г

2016 г

2017 г

Өсу қарқыны

2015/ 2017 ж

Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны

52

58

66

127



КЕНТТІК ОКРУГТІҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ



  • Шағын және орта бизнесті дамуы арқылы кент бизнесінің экономикаға қатысу тетіктерін әзірлеу болып табылады

  • Мал шаруашылығының дамуы

  • «Казминералс» ЖШС-сімен меморандумдар арқылы әлеуметтік нысандарды жөндеуден өткізу және салу.

  • Теміржол мекемелердің тиімді жұмысы арқасында кентінің экономикасына өз үлестерін қосу.


SWOT – Талдау


Күшті тұстары


Әлсіз тұстары

  • Жеке тұрғын үй құрылысының өсуі

  • Аудан орталығына жақын орналасуы

  • Республикалық маңызы бар автотрассаның бойында орналасуы

  • мал басының көбеюі

  • бөлшек сауда

  • тұрмыстық қызмет көрсету

  • Кәсіпкерлік мақсатқа бөлінген жерлер

  • Кент округтың тиімді географиялық орналасуын және өткізудің негізгі нарығына жақындығын пайдалану

  • Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердін жоқтығы

  • Шағын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің төмендігі

  • Кәсіпкерлік салаға қажет мамандар тапшылығы, білімі мен тәжірибесі жеткіліксіз

  • Шағын бизнесті дамыту мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктерін пайдаланбауы




Мүмкіндіктері

Қауіптері

  • Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы

  • «2017-2021 жылдары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы

  • «Ақтоғай кенттік округтін 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары»

  • «Агробизнес- 2020» бағдарламасы

  • Ауыл шаруашылығы қолдауға бағытталған мемлекеттік қолдау көлемінің төмендеуі

  • Бағаның қымбаттауы

  • Инфляция





2.2. ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

БІЛІМ БЕРУ:

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ОРТА БІЛІМ БЕРУ.
Ақтоғай кенттік округінде 2 жалпы білім беру мекемелері бар. Олар: «Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп » және «№8 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ - мен ұсынылған. Екі мектепте -133 мұғалімдер мен 1059 оқушылар бар. «Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-де оқу екі маусымда ұйымдастырылған. Материалдық-техникалық базалары толықтай талапқа сай қамтылған, интернет жүйесіне қосылған.


ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Ақтоғай кенттік округінде ауылдық аурухана кент тұрғындарына қызмет етуде. 2 терапевт дәрігер, 3 жалпы тәжірибелік дәрігер, 1 хирург, 1 стоматолог, 1 акушер-гинеколог дәрігері, 41 медбике қабылдау жүргізеді. Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ауылдық ауруханада жоқ мамандарға пациенттер Аягөз қаласының аудандық емханасына жолданады. 1 жедел жәрдем пунктінде 4 фельдшер кент тұрғындарына қызмет көрсетеді, 2 жедел жәрдем көлігі бар.


МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

Ақтоғай кентінде материалдық-техникалық базасы музыкалық аппаратурасымен жабдықталған ауылдық клуб және кент кітапханасы бар.

Кент жастарына салауатты өмір салтын насихаттау және бос уақытты тиімді пайдалану үшін спорт сауықтыру орталығын салуы жоспарланып тұр.

Ақтоғай кентінде «Мансұл мешіті» орналасқан.


ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Ақтоғай кенттік округі бойынша барлығы 530-дан астам адам әртүрлі деңгейдегі зейнетақы мен жәрдемақыларын алып отыр. Әлеуметтік қорғау бағдарламаларына қатысуға және қолдау алуға жағдай толық бар.

Ақтоғай кентінде тұрғындар саны – 6490 адам, оның ішінде тұрақты жұмыс істейтіндер саны- 2977, өзін-өзі қамтамасыз ететіндер- 880, жеке кәсіпкерлер саны-76, мемлекеттік және әлеуметтік мекемелерде қызмет ететіндер-225, зейнеткерлер мен мүгедектер саны-530 адам, оқушылар саны -1059.

Ақтоғай кентінде -2 әлеуметтік қызметкерлер бар.

Ақтоғай кенттік округінде жұмыссыздар саны-120, оның ішінде аудандық жұмыспен қамту орталығында тіркеуге отырып,ақылы қоғамдық жүмысқа тартылғандар-5 адам.

1.2.5. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП

Ақтоғай кенттік округінде қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртібіне жауапты кенттік полиция бөлімшесі өз жұмысын атқаруда. Штат бойынша – 29 қызметкерлер бар және арнаулы көліктерімен қамтамасыз етілген.


Ақтоғай кенттік округінде әлеуметтік инфрақұрылым және қызмет ұсыну саласын дамыту перспективалары:


  • Қабанбай батыр , Абай Құнанбайұлы көшелерін жарықтандыру

  • С.Сейфуллин көшесіне «Street Workoиt» орнату

  • Т.Мұсабай көшесіне балаларға арналған ойын алаңын салу.

  • «Өңірлерді дамыту» бағдарлама арқылы жұмыстар атқару.


Әлеуметтік инфрақұрылым және қызмет ұсыну бойынша

SWOT – Талдау


Күшті тұстары

Әлсіз тұстары

  • Ауылдық емхана, зертхана, күндізгі стационар кабинеттермен қамтамасыз етілген

  • Кітапхана мен ауылдық клуб болуы

  • Спорт кешенің салуы

  • Ауылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандардың келуі

  • Полиция қызметінің болуы

  • «Казминерас» ЖШС кен комбинатының салуы

  • Кентінің теміржол бойында орналасуы




  • Мектептің жапсаржай құрылысын аяқталмауы

  • Мектептерде кабинеттер тапшылығы

  • Кент аумағында және білім мекемелерінде спорт алаңдарының заманауи спорт құралдарымен қамтамасыз етілмегені

  • өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың жоғары деңгейі

  • ауылдық клубта музыкалық жабдықтауының ескіріу.

  • Ауылдық емхананы күрделі жөндеуден өтуінің қажеттілігі

Мүмкіндіктері

Қауіптері

  • ҚР 2016-2019 жылдары білімді дамыту бағдарламасы

  • «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы

  • «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

  • Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы

  • 2017-2021 жылдары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

  • «Өрлеу», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары

  • Ақтоғай кенттік округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары

  • Әлеуметтік инфрақұрылымдар саласына мемлекеттік бағдарламалардан бөлінетін қаржының төмендеуі

  • Әлеуметтік салаға қажет мамандарға баспананың болмауы

  • Инфляция

  • Жұмыссыздық

  • Маман тапшылығы



2.3 Инженерлік инфрақұрылым және оны қолдау

Сумен жабдықтау

Ақтоғай кентін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «Теміржолсу- Аягөз» ЖШС-і қызмет етеді. 2012-2017 жылдары Ақтоғай кентінің 13 шақырым су құбырының жүйесі жаңартылды. Ақтоғай кенттік округінде орталық су жинау құбырынан тұтынушылар 70 пайыз қамтылған.Су құбырлары жүйесінің жалпы ұзындығы 25 шақырым құрайды, 6 скважина бар, оның 3-і жұмыс істеп тұр, 3-і резервта тұр. Екі скважина күрделі жөндеуден өтті. 17 шақырым кәріз бар,оның ішінде 6 шақырымы ауыстырылды. 3 кәріз стансаларына күрделі жөндеу жүргізілді. 2012-2017 жылдары 4 су құбырының мұңаралары жаңадан қойылды.Кенттік округтегі аула саны - 1394, Ақтоғай кентінде -1381 үй, Жақсыбұлақта – 9 үй, Шолқызылда – 4 үй.


Электрэнергиясымен жабдықтау

Кенттік округ тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз ету «Шығысэнергия» ЖШС-і мен «ЭЧ-20 Үштобе электрожабдықтау» мекемесінің электр желілері арқылы жүзеге асырылып отыр. Ақтоғай кенті, Жақсыбұлақ, Шолқызыл елді мекендерінің тұрғындары 100 % электроқуатымен қамтылған.


Байланыс және коммуникациялар

Ақтоғай кенттік округіндегі байланыс және коммуникациялармен «Алматы-Транстелеком» АҚ қамтамасыз етеді. «Актив», «Белайн», «Киселл» ұялы байланыс операторларының да қызметі 100 % қамтылған. Интернет байланысымен қамту 80%-ды құрайды. Ақтоғай кентінде «Қазпошта» АҚ-ның байланыс бөлімшесі жұмыс істейді. Тұрғындарға жергілікті және республикалық басылымдарға жазылу және жеткізуге жағдай жасалған.

Интернет жылдамдығы жақсы, жұмыс жасауға кедергі туғызбайды. Теле - 2 ұялы байланыс базалық станциясы бар. Ақтоғай кентінде орналасқан пошта бөлімшесі жеке ғимаратта орналасқан, күрделі жөндеуден өткен, «оптико-волоконный» интернетке қосылған.
Көліктік қолжетімділік және кентішілік жол

Ақтоғай кенті аудан орталығынан автомобиль жолдары бойынша 280 км, ал облыс орталығынан 880 км қашықты құрайды. Кент жолдарының жалпы ұзындығы 30 шақырым. Жолдардың жағдайы – қанағаттанарлықсыз.

Орталық асфальтталған Т.Кузембаев атты көше күрделі жөндеуден өткен.2018 жылы С.Сейфуллина Ж.Жабаева, С.Мансулұлы, Қабанбай атты көшелері күрделі жөндеуден өтеді.

Кентіміздің Достық – М.Маметова көшелерінің жолдарына асфальттау жұмыстары жүргізілген.

Т.Мусабауұлы, А.Молдагулова, Тәуелсіздік, Панфилов, Желтоқсан көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Т.Кузембаев, Желтоқсан, Панфилов, А.Молдагулова, М.Маметова, Достық, Тәуелсіздік көшелері жарықтандырылды.

Кентіміздегі жол жиектеріне ескерту, шектеу белгілері орнатылған, бірақ ескірген. Жаңа жол белгілерін қоюуінің жобалық- құжаттамалық сметасы дайындалды.

Қысқы уақытта жолдарды Ақтоғай кентіндегі «Аягөз Су » КМК-ны қардан тазартып отырады.

Кенттік округ тұрғындары аудан орталығына қатынау үшін теміржол поездарының қызметтерін пайдаланады, Ақтоғай кентінен аудан орталығы Аягөз қаласына қоғамдық тасымал қызметі – автобус жоқ.
Абаттандыру және экология

Ақтоғай кентінде мәдени-демалыс орындары орталық саябақ, балалардың ойын алаңдары, тротуарлар бар.Ақтоғай кенттік округінде абаттандыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Жергілікті бюджеттен кентімізді абаттандыруға және көгалдандыруға қаржы бөлінеді, жасалған жұмыстың сапасы тұрғындардың көңілінен шығып отыр. Кент тұрғындары сәуір айынан бастап желтоқсан айына дейін қолда бар жеке меншік малдардың жайылуы үшін жайлауға қосады, иесіз қаңғыған иттер уақытымен аудандық «Ветеринария қызметі»КМК-ны арқылы жойылып отырады . Көше аттары берілген, үйлер нөмірленген.

Кентті көгалдандыруға тұрғындарды тарту үшін «Өз талын отырғыз!» деген сияқты акциялар ұйымдастырылады.
Кенттік инфрақұрылымын дамытудың негізгі басым бағыттары мыналар болып табылады:


  • Кентті абаттандыру бойынша одан әрі жұмыстар жүргізу – орталық парк, балалар алаңдарын, «street workout» орнату, көшелерді жарықтандыру, көгалдандыру, арық құрылғыларын көшелерде орнату.

  • Ресурстарды үнемдеу, кенті абаттандыру, кенттегі инфрақұрылымдық жобалардың жобалануын және іске асырылуын қоғамдық бақылау мәселелеріндегі ауыл тұрғындарының қоғамдық белсенділігін арттыру


SWOT-талдау


Мықты тұстары

Әлсіз тұстары

  • Теміржол бойында орналасуы

  • «Kazminerals» ЖШС-нің кен байыту комбинатының салуы

  • Электр энергиясымен 100 % қамтамасыз етілуі

  • телекоммуникация (ТД, телефон) қолжетімділік – 100%

  • Тұрғын үй салуға жер бөлінуі

  • Аудан орталығымен теміржол арқылы және автокөлік көлік байланысының қамтамасыз етілуі

  • 85 % көше жарықтандырылған

  • Жеке тұрғын үй құрылысының өсуі




  • Кент кіре берістегі автомобиль жолының қанағаттарлықсыздығы

  • Электр энергиясын қамтамасыз ететін желілердің тозуы

  • Кентті абаттандыру саласындағы проблемалар (жарықтандыру, көгалдандыру)

  • Кент шетіндегі үйлері орталық ауызсу жүйесіне қосылмағандығы




Мүмкіндіктері


Қауіптері

  • «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға» дейінгі бағдарламасы

  • Ақтоғай кенттік округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары

  • «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы




  • инженерлік инфрақұрылымның даму деңгейлерінің төмендігі




3. СТРАТЕГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

3.1 Көрініс

Бәсекеге қабілеттілігі жоғары шағын және орта бизнесті жолға қойылған, жоғары жұмыс бастылық орын алған кенттік округ.

Елді мекеннің тұрғындары әлеуметтік инфрақұрылымның барлық қызметтерімен қамтылған. Балаларды мектепке дейінгі мекемелер қызметтерімен және ауылдық клубтағы үйірмелермен, спорт кешені болмағандықтан, мектепішілік секция қызметтерімен қамтамасыз етілген. Кент балаларының жабдықталған жайлы мектептерде оқуға мүмкіндігі бар.

Кент халқы заманауи жабдықпен қамтылған медициналық мекемелерге бару қол жетімділігіне ие, мәдени-тынығу қызметтері дамыған, орталық саябақ, балалар алаңқайлары сияқты бұқаралық демалыс орындары бар. Ақтоғай – сумен, кент ішілік жолдарымен, жарықтандырылған және абаттандырылған көшелері, тынығу орындары бар өмір сүруге қолайлы жағдайлар жасалған кенттік округ.



3.2. Мақсаттар және басым бағыттар

3.2.1. Шағын және орта бизнес
1-ші стратегиялық бағыт: шағын және орта бизнес саласын дамыту арқылы Ақтоғай кенттік округінің экономикасын әрі қарай жақсарту.
1-ші стратегиялық бағытқа жету кентте қолда бар экономикалық базасына, сонымен қатар пайдаланылмаған экономикалық әлеуетке негізделетін болады.

Шағын бизнес бірінші кезекте қызметтер нарығы. Бұл тұрмыстық және сервистік қызметтер, сонымен қатар бөлшек сауда саласы. Әкімдіктің шағын бизнесті қолдаудың мәні мемлекеттік қолдау шараларына ие болуға жәрдемдесу, кент халқын шағын бизнес негіздеріне оқытуға жәрдемдесу болып табылады.



1-ші басым бағыт. Кенттегі шағын және орта бизнестің одан әрі дамуын кентінің шағын және орта бизнестің өндіріс көлемдерін, ШОБ жұмыспен қамтылғандар санын арттыру арқылы қолдау.
Міндет:

Келесі бағыттар бойынша ШОБ одан әрі дамуы:



  • Қызмет көрсету саласы (тұрмыстық)

  • Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігінің дамуы


1-ші басым бағытқа жету индикаторлары:

  • қолдау алған стартап жобалардың саны

  • мемлекеттік бағдарламаға қатысып, қолдау алған кәсіпкерлер саны

  • жаңа кәсіпкерлер санының артуы, соның ішінде жастар

  • әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлер мен кәсіпорындар саны


3.2.2 Экономика және ауыл шаруашылығы
2-ші стратегиялық бағыт: Кенттегі ауыл шаруашылығы саласындағы бизнесті дамыту арқылы Ақтоғай кенттік округінің экономикасын әрі қарай жақсарту.
2-ші стратегиялық бағытқа жету кенттегі қолда бар экономика базасына, сонымен қатар пайдаланылмаған экономикалық әлеуетке негізделетін болады.
2-ші басым бағыт:

Мал ұстайтын шаруа қожалықтары болғандықтан, барлық күштерін ауыл шаруашылығының дамуына бағыттап, ет және сүт өнімдерін шығаруды ұйымдастыруға жұмылдырылғаны жөн.



2-ші басым бағыт. Көкөніс шаруашылығы өндірісін, ет-сүт өндірісін арттыра отырып, кенттік округте агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын қолдау.

Міндет:


Қолда бар экономикалық әлеует негізінде нарық қажеттіліктерін ескере отырып, жұмыстарды жалғастыру:

  • Жылыжайлық өндірісті ашу

  • көкөніс өнімдерін өндіруді ұйымдастыру

  • ет өнімдерін өндіруді дамыту

  • сүт және сүт өнімдерін өндіруді дамыту

  • ауыл шаруашылығы саласы бойынша өзге өңірлердегі озық тәжірибелермен алмасу

  • мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау және қатысуға қолдау көрсету

  • Мал шаруашылығы саласының ветеринарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша.

1-ші басым бағытқа жету индикаторлары:



  • Кентте өндірілетін көкөніс өнімдерінің көлемдерін ұлғайту

  • өндірілетін сүт өнімдерінің көлемін 50% ға ұлғайту

  • өндірілген ет өнімдерінің көлемдерін 50%-ға ұлғайту

  • ауыл шаруашылығында пайдалануға бөлінген жерлер көлемін ұлғайту

  • шаруа қожалықтар кооперативтерін ашу


3.2.3. Инженерлік-көліктік инфрақұрылым
Стратегиялық мақсат: Ақтоғай кенттік округінің тұрғындарын сумен, электроэнергиясымен жабдықтауды жақсарту үшін барлық теміржол мекемелері,коммуналдық мекемелер, әкімдік және халық арасындағы тығыз ынтымақтастық, көліктік қолжетімділікті арттыру, өмір сүрудің жайлы жағдайларын ұйымдастыру болып табылады.

Стратегиялық мақсатқа Ақтоғай кенттік округінің әкімдігі,теміржол мекемелері, комммуналдық мекемелер және кент тұрғындары арасындағы бірлескен және үйлестірілген қызмет есебінен қол жеткізілетін болады. Бұл ретте, аталған барлық мүдделі тараптар айқындаған жобалардың іске асыру басымдығы болады. Осындай әріптестіктердің арқасында жергілікті халық кенттік округті инженерлік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етудегі ең маңызды және басым проблемаларды айқындауға және олардың шешімін іздестіруге қатысатын болады. Әкімдік белсенді тұрғындармен бірлесіп, қолда бар ресурстарды оңтайлы пайдалану, инфрақұрылым саласындағы жобалардың іске асырылуын қоғамдық бақылаудың тиімділігін көтеру, халықтың өз елді мекенін абаттандыруға деген қызығушылығын арттыру мәселелері бойынша кенттік округ тұрғындарының арасында үгіттеу іс-шараларын өткізетін болады.

Жоспарланған кезеңде кент тұрғындарының алдында кент ішілік жолдарды жөндеу және жаңа жолдар салу , абаттандыру, кәріз жүйесі, көшелерді жарықтандыру, экология бойынша проблемалар өзекті күйінде қала бермек.

Жоспарланған кезеңде стратегиялық мақсатқа жету үшін, жұмыс мына басым бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:


1-басым бағыт. Кентішілік жолдарды дамыту

Міндет: 1-басым бағытты іске асыру бойынша жұмыс:


• жолды жөндеу және жаңаларын салу есебінен кентішілік жол желісін одан әрі дамыту арқылы жүргізіледі
1-басым бағытқа қол жеткізу индикаторы:

• Кент ішіндегі қанағаттанарлық жай-күйдегі жолдарына асфальт төселген.



2-басым бағыт. Халықты орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтуды 90%-ға дейін жеткізіп, сумен жабдықтау жүйесін дамыту.

Міндет: 2-басым бағытты іске асыру бойынша жұмыс:

• Жүргізілген су құбырлары желісі арқылы ауыз сумен толық қамтамасыз ету арқылы


  • Су кәріздері желілерін салу арқылы кенттің жайлылығы мен экологиясын жақсарту арқылы


2-басым бағытқа қол жеткізу индикаторлары:

  • Халықты орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтудың 90%-ға дейін артуы

  • Округ халқын орталықтандырылған кәріз жүйесіне қамтудың 50%-ға дейін артуы

  • Кент тұрғындарының жергілікті коммуналдық қызметіне қанағаттанушылық деңгейінің өсуі

  • Апаттық жайлардың орын алмауы


3-басым бағыт. Электроэнергиясымен жабдықтау

Кент тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз етудің жоғары сапасына қол жеткізу

Міндет: 3-басым бағытты іске асыру бойынша жұмыс:


  • Электр энергия трансформаторларын жаңғырту

  • электр беру желілерін жөндеу

  • энергия үнемдейтін технологияларды енгізу жөнінде іс-шаралар өткізу

  • энергия үнемдейтін шамдарды жинайтын жәшіктер қондыру

4-басым бағытқа қол жеткізу индикаторлары:



  • Трансформатор қуатын 100%-ға дейін көтеру

  • электр энергиясымен қамтамасыз ету, желілер мен трансформаторларға қызмет көрсетудің сапасын 100 % ға арттыру


4-басым бағыт. Ақтоғай кенттік округін абаттандыру және экологиялық ахуалды жақсарту
Міндет: 4-басым бағытты іске асыру бойынша жұмыс:

  • кент тұрғындарының мәдени-демалыс орындарын (парктер, балалар алаңдарын және басқаларын) жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іс шаралар ұйымдастыру арқылы

  • дренаждық арықтар салу

  • көгалдандыру, көшелерге жаяу жүргінші жолын салу жөніндегі іс-шараларды жүргізу арқылы ауыл көшелерін абаттандыру

  • жобаланып және іске асырылып жатқан жобаларды қоғамдық бақылауды арттыру арқылу

  • қоғамдық қауіпсіздікті қамтасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу үшін бейне бақылау және жолдағы кедергілермен қамтамасыз ету арқылы

  • істен шыққан энергия үнемдегіш шамдарды жинайтын контейнерлермен қамтамасыз ету арқылы

  • тұрғындарды абаттандыруға тартуға бағытталған түрлі конкурстарды өткізу арқылы халықты ауылды абаттандыру үдерісіне тарту арқылы

4-басым бағытқа қол жеткізу индикаторлары:



  • көгалдандырылған көшелердің үлесі 60% құрайды

  • кенттік округ тұрғындарының жаңа саябақ мен қоғамдық орындарды пайдалануға қанағаттанушылық деңгейі 60%-ға дейін өседі

  • Тротуарлармен қамтамасыз етілген көшелердің үлесі 50% құрайды

  • Жаңадан салынған балалар алаңдарының саны және қанағаттанушылық деңгейінің өсуі

  • Конкурсқа қатысқан көше, аул санының өсуі

5 - басымды бағыт. Байланыс және коммуникациялар қызметінің сапасын жақсарту

Міндет: 5-басым бағытты іске асыру бойынша жұмыс:



  • Байланыс операторларының қызметін жақсарту іс шараларын ұйымдастыру арқылы

5-басым бағытқа қол жеткізу индикаторлары:

  • Байланыс операторлары желілердің жұмысын күшейту үшін қосымша қондырғыларын орнату


Әлеуметтік сала
2-ші стратегиялық мақсат: Ақтоғай кенттік округінің барлық тұрғындары үшін қол жетімді, сапалы әлеуметтік қызметтер және жағдайларды қамтамасыз ету
Ақтоғай кентінің әкімшілік қызметкерлері және серіктестері әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға үлес қосқысы келеді. Бұл үшін кенттік халқы үшін әлеуметтік инфрақұрылымды және әлеуметтік қызметтерді жақсартуда барлық мүдделі жақтардың күштері талап етіледі. Бұл мәселеде жергілікті қауымдастық мүшелерінің күш салуымен анықталған бірқатар проблемалар бар, кентінің әлеуметтік инфрақұрылымы жергілікті тұрғындарға тиісті өмір сапасын қамтамасыз ету үшін әрі қарай жақсартуды талап етеді.

Өткізілген талдауға сәйкес аумақтың білім беру (мектептік), спорт, мәдениет және денсаулық салаларын жақсарту басым бағыты болып табылады. Аталмыш салалардағы жақсартулар кентінің әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет.

Әрине, Ақтоғай кенті барлық осы мәселелерді шешу үшін жеткілікті қорлары жоқ. Өңірлерді дамытуға және әлеуметтік қызметтер сапасын жақсартуға (мысалы, денсаулық сақтау және білім беру саласында) арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысу, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар және бірлестіктердің қорларын тарту қажет.

Осы себептермен атталмыш саланың дамуы келесі бағыттарда шоғырланатын болады:


1-ші басым бағыт: Кенттік орта мектептегі білім берудің қолжетімділігі мен сапасын көтеру болып табылады.

Міндет: 1-басым бағытты іске асыру бойынша жұмыс:



  • «Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп» КММ –ні ағымдағы жөндеуден өткізу

  • «Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп» КММ –не қажетті кабинеттерімен қамтамасыз ету

  • «№8 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-не қажетті кабинеттерімен қамтамасыз ету

  • «№8 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-ні ағымдағы жөндеуден өткізу

  • «№8 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің шағын орталығына қажетті құрал-жабдықтар алу

  • Білім саласы мекемелерін мамандармен қамтамасыз ету


1-ші басым бағытқа жету индикаторлары:

  • Кенттік округтегі оқушы орнының тапшылығын 0% ға дейін қысқарту

  • 2-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі қызметтермен қамту

  • білім саласының мамандар тапшылығын 0% ға дейін қысқарту


2-ші басым бағыт: Кенттегі мәдениетті және спортты дамыту

Міндет: 2-басым бағытты іске асыру бойынша жұмыс:

Спорт, мәдениет салаларын дамыту арқылы кенттік округ тұрғындары айналысуы үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету

ауылдық клубты материалдық – техникалық базасын дамыту

тұрғындар спортпен шұғылданатын сауықтыру орталығын ашу

мәдениет және спорт саласы мекемелерін мамандармен қамтамасыз ету
2-ші басым бағытқа жету индикаторлары:


  • Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың саны 30% өсті

  • Кенттік округтің білім мекемелерінің, спорт алаңдарының заманауи спорт құралдарымен 100 % қамтамасыз етілген

  • Балалар мен жастардың шығармашылығы мен қабілетін дамытатын мәдениет үйінің, мектептегі спорт секцияларда қамтылған кент балалардын саны 30% өсті

  • Спорт түрлері бойынша қолжетімді спорт секциялары мен кешендерінің желісін кеңейту

  • Бала ойнайтын қауіпсіз алаңқайларды пайдаланатын ата-аналар мен бала саны артты


3-ші басым бағыт: Ақтоғай кенттік округі халқының денсаулығын нығайту

Міндет: медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін көтеру

  • медициналық қызмет алу мүмкіндігін кеңейту

  • Қазіргі кезде жұмыс жасап жатқан мамандардың біліктілігін арттыру

  • Денсаулық сақтау саласының материалдық техникалық базасын жетілдіру

3-ші басым бағытқа жету индикаторлары:

  • Кент тұрғындары заманауи талабына сай медициналық қызметпен қамтылған

  • медициналық қызмет көрсету орталықтары білікті мамандармен қамтамасыз етілген

  • Жедел жәрдем қызметі кент тұрғындарына қол жетімді


4-ші басым бағыт: Әлеуметтік қорғау

Міндет: 4-басым бағыты іске асыру бойынша жұмыс

  • Жұмыспен қамтуды, әлеуметтік көмектің және әлеуметтік қызметтер көрсетудің тиімділігін арттыру


4-ші басым бағытқа жету индикаторлары:

  • Жұмыссыздық деңгейі 50 % төмендеді

  • Әлеуметтік қызметтер көрсетіледі


5-ші басым бағыт: Қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Міндет: 5-басым бағыты іске асыру бойынша жұмыс

  • Қоғамдық тәртіпті арттырып, жаяу жүргінші өтетін белгілерді орнату арқылы тұрғындардың қауіпсіздігін көтеру




  • Жаяу жүргінші жолақтарын, жасанды кедергілер орнату


5-ші басым бағытқа жету индикаторлары:

• Кент ішінің жолдарының қауіпсіздік деңгейі 100 % артты

• Кенттік округта жол көлік оқиғасынан зардап шеккендер 0 % төмендеді


  • Тәртіп бұзышылық 100 % төмендеді

Іс -шаралар жоспары

1-ші стратегиялық мақсат




Іс шара

Іске асыру мерзімі

Мүмкін болатын қаржыландыру көзі

Іске асыруға жауаптылар

Өнім индикаторы

Нәтиже индикаторы

Құрылатын жұмыс орындарының саны

1-ші басым бағыт. Ақтоғай кентінде шағын және орта бизнестің өндіріс көлемдерін арттыру арқылы кентте шағын және орта бизнестің одан әрі дамуын қолдау, ШОБ жұмыспен қамтылғандар санын арттыру

1

Мәселелерді шешу және ШОБ дамыту перспективаларын талқылау үшін кент бизнесі мен әкімнің тұрақты кездесулерін ұйымдастыру

2018– 2020

Ақтоғай кенттік округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары

Ақтоғай кенттік округінің әкімшілігі


Өткізілген кездесулер саны



Кенттегі жаңа кәсіпкерлер және кездесулер саны
Кездесулерге қатысқан кәсіпкерлер санының артуы
Ұсынымдар және шешілген мәселелер




2

Жаңа бастап отырған кәсіпкерлер үшін оқыту іс шараларын ұйымдастыру,

2018 – 2020

«2017-2021 жылдары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы

«Бастау бизнесі» бағдарламасы



Ақтоғай кенттік округінің әкімшілігі

Жұмыс істеп тұрған және жаңа бастап отырған кәсіпкерлерді оқыту бойынша өткізілген іс шаралар саны

Жаңа кәсіпкерлер, соның ішінде кәсіпкер жастар саны




3

Ауданда өтетін «Жыл кәсіпкері» байқауларына қатысу.

Жыл сайын

Ақтоғай кенттік округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары

Ақтоғай кенттік округінің әкімдігі
Аягөз ауданының әкімдігі


Байқауға қатысушылар саны

Байқауға қатысушылар санының өсуі

Марапат алған кәсіпкерлер саны көбеюі





2-ші басым бағыт. Ауылда ет -сүт өнімдерін өндіру көлемін арттыра отырып, агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын қолдау

1.

Қосалқы шаруашылықтарға ветеринарлық қызметтің қол жетімділігін қамтамасыз ету

2018 – 2020

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң

2017 – 2021 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

1.2.2-міндет. Ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту



Ақтоғай кенттік округінің әкімдігі


Аягөз ауданының әкімдігі

«ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі




Қосалқы шаруашылықтарға көрсетілген ветеринарлық қызметтің саны







2.


Мал басының санын арттыру

2018 – 2020

Ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламалары

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы



Ақтоғай кенттік округінің әкімдігі

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі


Жеке инвестиция




Өндірілген 3942 тонна ет өнімі





2-ші стратегиялық мақсат




Іс шара

Іске асыру мерзімі

Мүмкін болатын қаржыландыру көзі

Іске асыруға жауаптылар

Өнім индикаторы

Нәтиже индикаторы

Құрылатын жұмыс орындары саны




1-ші басым бағыт. Ақтоғай кенттік округтегі орта мектептерде білім берудің қолжетімділігі мен сапасын көтеру




1.

•«Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп» КММ –ні ағымдағы жөндеуден өткізу

2018-2020

Жергілікті бюджет

Ақтоғай кенттік округінің әкімдігі
Аягөз аудандық білім бөлімі





2

2.

•«Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп» КММ –не қажетті кабинеттерімен қамтамасыз ету

2018-2020

«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы
Жергілікті бюджет

Ақтоғай кенттік округінің әкімдігі
Аягөз аудандық білім бөлімі







1

3.

•«№8 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-не қажетті кабинеттерімен қамтамасыз ету

2018-2020

«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы
Жергілікті бюджет

Ақтоғай кенттік округінің әкімдігі
Аягөз аудандық білім бөлімі







1

4.

•«№8 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-ні ағымдағы жөндеуден өткізу

2018-2020

Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы
Жергілікті бюджет

Ақтоғай кенттік округінің әкімдігі
Аягөз аудандық білім бөлімі







2

5.

•«№8 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің шағын орталығына қажетті құрал-жабдықтар алу

2018-2020

Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы
Жергілікті бюджет

Ақтоғай кенттік округінің әкімдігі
Аягөз аудандық білім бөлімі







1

6.

•Білім саласы мекемелерін мамандармен қамтамасыз ету


2018-2020

«Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» бағдарламалары

Жұмыспен қамту орталығы

Аягөз аудандық білім бөлімі

Ақтоғай кенттік округінің әкімдігі








3

7.

Кент аумағында және білім мекемелерінде спорт алаңдарының замануи спорт құралдарымен жабдықтау

2018-2020

Жергілікті 4- деңгейлі бюджет

Кәсіпкерлер

Ақтоғай кенттік округінің 2018-2020 жылдары дамыту


Кенттік округ інің әкімдігі

спорт алаңдар жабдықталады




1

8.

Мәдениет мекемені мамандармен қамтамасыз ету

2018-2020

«Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» бағдарламалары

Жұмыспен қамту орталығы

Мамырсу ауылдық округінің әкімдігі









1




3-ші басым бағыт. Кент халқының денсаулығын нығайту

1.

Денсаулық сақтау саласы мекемелерін мамандармен қамтамасыз ету

2018-2020

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы


МО Денсаулық сақтау басқармасы
Аудан әкімдігі, кенттік округ әкімдігі

Кенттік округтің денсаулық мекемелеріне қажетті маман дәрігерлер жұмысқа орналасады

медициналық қызмет көрсету саласы 50 % медицина мамандарымен қамтылған

3

2.

Денсаулық сақтау саласының материалдық техникалық базасын жетілдіру

2018-2020

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы

2016- 2020 ж.ж. арналған өңірлерді дамыту бағдарламасы

«Kazminerals» ЖШС –нің меморандуммен


МО Денсаулық сақтау басқармасы

Аудан әкімдігі

Аудандық емхана

Кенттік округ әкімдігі









2

3.

Медицина мамандардың біліктілігін арттыру

2018-2020

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы


МО Денсаулық сақтау басқармасы

Аудандық емхана



медицина мамандарының біліктілігі арттырылды

Ақтоғай кенттік округінің мамандарының 80 % біліктілігі арттырылды

4

4-ші басым бағыт: Әлеуметтік қорғау

1.

Жұмыссыздық деңгейін төмендету

2018-2020

«2017-2021 жылдары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы

Аягөз аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАЖ бөлімі

Ақтоғай кенттік округінің әкімідігі






Жұмыссыздық деңгейі 80 % төмендеді

100 адам

2.

Осал топтарды мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысуын қамтамасыз ету

2018-2020

Әлеуметтік қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы

Аягөз аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАЖ бөлімі

Ақтоғай кенттік округінің әкімдігі



Барлық әлеуметтік осал адамдар арнайы көмекпен, қызметімен қамтылады

Әлеуметтік осал топ 90% қамтылған

17 отбасы

5-ші басым бағыт: Кенттік округте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жағдай жасау


1.

Бейнебақылау орнату


2018-2020

2016- 2020 ж.ж. арналған өңірлерді дамыту бағдарламасы


МО жергілікті полиция басқармасы

Ақтоғай кенттік округі әкімдігі






Тәртіп бұзышылық 50 % төмендеді

1

2.

Жаяу жүргіншілерге, белгілерді, жылдамдық шектеушіліктерді орнату.

2018-2020

Жергілікті 4- деңгейлі бюджет

Кәсіпкерлер

Ақтоғай кенттік округінің 2018-2020 жылдары дамыту


МО жергілікті полиция басқармасы

Ақтоғай кенттік округі әкімдігі






Кент ішілік жолдарының қауіпсіздік деңгейі 80 % артты, жол көлік оқиғасынан зардап шеккендер 0 % төмендеді.

2



3-ші стратегиялық мақсат




Іс-шара

Іске асыру мерзімі

Ықтимал қаржыландыру көзі

Іске асыруға жауапты

Өнім индикаторы

Нәтиже индикаторы

Құрылатын жұмыс орындарының саны

1 басымды бағыт Жақсы жай-күйдегі автожолдар үлесін 50%-ға дейін жеткізумен ауылішілік жолдарды дамыту


1.

Ақтоғай кентіндегі С.Сейфуллин көшесінің жолын көтеру

2018

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға» дейінгі бағдарламасы


Аягөз ауданының әкімдігі

ТҮКШ бөлімі


Ақтоғай кенттік округінің әкімдігі


300 м жолы көтерілді.

Кент ішіндегі С.Сейфуллин көшесінде 300 м жол жақсарады.

2

2.

Ақтоғай кентіндегі Ж.Жабаева көшесінің жолын көтеру

2018

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға» дейінгі бағдарламасы


Аягөз ауданының әкімдігі

ТҮКШ бөлімі

Ақтоғай кенттік округінің әкімдігі


800 м жолы көтеріледі.

Кент ішіндегі Ж.Жабаева көшесінде 800 м жол жақсарады.

2

3.

Ақтоғай кентіндегі С.Мансұл көшесінің 900 м жолын көтеру

2018

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға» дейінгі бағдарламасы


Аягөз ауданының әкімдігі

ТҮКШ бөлімі


Ақтоғай кенттік округінің әкімдігі


900 м жолы көтерілді.

Кент ішіндегі С.Мансұл көшесінде 900 м жол жақсарады.

2

4.

Ақтоғай кентіндегі Т.Искаков көшесінің жолын көтеру

2018 -2020

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға» дейінгі бағдарламасы

Жергілікті бюджет




Аягөз ауданының әкімдігі

ТҮКШ бөлімі

Ақтоғай кенттік округінің әкімдігі


Жол көтерілді.

Кент ішіндегі Т.Искаков көшесінде жол жақсарады.

2

5.

Ақтоғай кентіндегі Т.Мұсабай көшесінің жолын көтеру

2018 -2020

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға» дейінгі бағдарламасы
Жергілікті бюджет


Аягөз ауданының әкімдігі
ТҮКШ бөлімі
Ақтоғай кенттік округінің әкімдігі


Жолы көтерілді.

Кент ішіндегі Т.Мұсабай көшесінде жол жақсарады.

2

6.

Ақтоғай кентіндегі Қ.Сатпаев көшесінің жолын асфальттау.

2018 -2020

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға» дейінгі бағдарламасы
Жергілікті бюджет



Аягөз ауданының әкімдігі

ТҮКШ бөлімі

Ақтоғай кенттік округінің әкімдігі


Жолы асфальттанады.

Кент ішіндегі Қ.Сатпаев көшесінде жол асфальттанады.

2

2-басым бағыт. Ауызсумен жабдықталмаған кенттік халықты жабдықтау

1.

Ақтоғай кеттік округінде жаңартылған су құбырын тарту.

2018-2020

Шығыс Қазақстан облысында 2016-2020 жылдары өңірлерді дамыту бағдарламасы



Ақтоғай кенттік округінің әкімдігі

Аягөз ауданының әкімдігі

«Аягөз- Теміржолсу» ЖШС


Су құбыры жүргізілді

Ақтоғай кентінің тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылды


3


3-басым бағыт. Электроэнергиясымен жабдықтау

Кент тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз етудің жоғары сапасына қол жеткізу



1.

Электр беру желілерін жөндеу және жаңғырту


2018-2020

Жергілікті бюджет

Жеке инвестиция



«ШҚ АЭК» АҚ

«ЭЧ-20 Үштобе электрожабдықтау» мекемесі

Ақтоғай кенттік округінің әкімдігі








2

4-басым бағыт. Ақтоғай кенттік округінде экологиялық ахуалды жақсарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары


1.

Мәдени-демалыс орындарын (парктер, балалар алаңдарын және басқаларын) жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іс шаралар ұйымдастыру

2018-2020

Жергілікті бюджет
Ақтоғай кенттік округінің 2018-2020 жылдары дамыту жоспары
Жеке инвестиция

Ақтоғай кенттік округінің әкімдігі
Демеушілер


Кент паркі жөндеуден өтті
Ағаштар отырғызылды
Ойын алаңдары мен орындықтар орнатылды

Балалар ойнайтын және спортпен шұғылданатын алаңдардың сапасына қанағаттану деңгейі
Спортпен айналысатын бала саны көбейеді.

2

2.

Кент тұрғындарын абаттандыруға тартуға бағытталған түрлі іс шараларды өткізу

2018-2020

Ақтоғай кенттік округінің 2018-2020 жылдарына арналған даму жоспары

Ақтоғай кенттік округінің әкімі

Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері

Демеушілер


«Балалар алаңқайын бірге сырлайық»

«Ең үлгілі көше»



Жөнделген балалар алаңы

Байқауға қатысқан көшелер



22 көше

3.

Көшелерді көгалдандыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу

2018-2020

Ақтоғай кенттік округінің 2018-2020 жылдары даму жоспары


Ақтоғай кенттік округінің әкімдігі

Жергілікті қауымдастық жиналыс мүшелері

Кәсіпкерлер

Кент тұрғындары



Кентте көгалдандырылған көшелер саны

отырғызылған ағаш саны




Көшелердің жалпы санындағы көгалдандырылған көшелердің үлесі



5

4.

Орталық саябақты абаттандыру жұмыстары

2018-2020

Ақтоғай кенттік округінің 2018-2020 жылдары дамыту жоспары
Жеке инвестиция

Ақтоғай кенттік округінің әкімдігі

Жергілікті қауымдастық жиналыс мүшелері









4

6 - басымды бағыт Байланыс және коммуникациялар қызметінің сапасын жақсарту

1.

Байланыс операторларының қызметін жақсарту іс шараларын ұйымдастыру

2018-2020

Ақтоғай кенттік округінің 2018-2020 жылдары дамыту жоспары
Цифрлы Қазақстан бағдарламасы

Ақтоғай кенттік округінің әкімдігі

Жергілікті қауымдастық жиналыс мүшелері



Байланыс операторлары

Байланыс операторлары желілердің жұмысын күшейту үшін қосымша қондырғыларын орнатты

Кент тұрғындары байланыс қызметінің сапасы артты

2



жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау