NASA марсқа саяхат жасау үшін роботтарды дайындайды
|
Хьюстон және NineSigma NASA Ғарыш орталығымен бірлесе отырып жаңа конкурсқа тіркеуді ашты — Space Robotic Challenge. Бұл шара Марсқа саяхат жасауға ғарышкерлерге көмектесетін андроидтерді әзірлеудің мүмкіндіктерін іздеуге бағытталған.
|
Space Robotics Challenge роботтардың икемділігі шеңберін кеңейтетін 1 миллион доллар сыйлығы бар конкурс болып табылады. Командалар NASA Robonaut 5 (R5) роботының негізінде үлгіленген виртулды роботты бағдарламалауы және байланысты кідіртуді қосатын ынталандырғышта тапсырма сериясын орындауы тиіс.
Жерде роботтандырылған жүйелер гидравликаны қолданудың арқасында ерекше икемділікке қол жеткізді, бірақ ғарышта оларды планеталардың бетіндегі қатты жағдайлар мен қатудың төменгі температурасы үшін қолдануға болмайды. R5 гидравликаның орнына икемді технологияларды – ғарыштағы жұмыстың проблемаларын шешуі керек болатын новаторлық тәсілдемені қолданады. Бұл технологиялар сондай-ақ Жердегі адамдарға да қажет болып қалуы мүмкін, себебі біздің туған планетамыздағы қауіпті немесе төтенше жағдайларда жұмыс істей алады.
«Байланыстың кідіруімен жұмыс істей алуға қабілетті дәл және епті роботтарды біздің астронавттарды қолдау үшін шешуші мәнге ие болатын күрделі және қауіпті міндеттерді шешу үшін Марсқа және басқа да жерлерге ғарыш ұшулары мен жер үсті экспедициялары барысында қолдануға болады, — дейді NASA Centennial Challenges бағдарламасының басшысы Монси Роман. — NASA және біздің серіктестер қоғамның осы шақыруға жауап беретіндігіне және инновациялық технологияларды көрсете алатынына сенімді».
Конкурс виртуалды ортада өтетін болады. Әрбір R5 командасы марсиандық мекендеу ортасына зиян келтірген бұрқасынды шаңның салдарын шешетін болады. Үш міндет бар: байланыс тарелкасын баптау, күн массивін жөндеу және тұрғын үйге кемуін болдырмау.
Конурсқа қатысу үшін тіркеу осы аптада басталды, іріктеу туры қыркүйектің ортасынан қарашаның ортасына дейін өтетін болады. Осв турдың финалға қатысушылары желтоқсанда жарияланады және 2017 жылдың қаңтарынан маусымның ортасына дейін ашық практикаға қатысады. Соңғы виртуалды конкурс 2017 жылдың маусымында өтеді, ал жеңімпаздар маусымның аяғына қарай анықталады.
Жарыс шеңберінде әзірленген бағдарламалық қамтамасыз ету, басқа да робот техникалық жүйелеріне қолданылатын болады, бұл оны Robonaut 2 сияқты роботтардың анағұрлым ескі үлгілеріне, сондай-ақ келешек үлгілеріне қатыстыруға мүмкіндік береді.
Конкурстың шеңберінде әзірленетін технологиялардың арқасында роботтар астронавттардың алдында келіп, мекендеу ортасын баптап және күн көзінің батареялары, байланыс өмірмен қамтамасыз ету жүйелерін баптай отырып және тіпті алғашқы ғылыми зерттеулерді өткізе отырып жерге қону үшін таңдалған учаскелерде алдын ала миссияларына қатыса алады.
Дереккөз: http://hi-news.ru/space/nasa-gotovit-robotov-k-puteshestviyu-na-mars.html
Достарыңызбен бөлісу: |