Кезекші әріп
Мақсаты: сөздегі әріптің орнын білу.
Ойынның барысы: оқушыларға бір әріп жазылған қағаз таратылады. Қағазға оқушылар өткен әріптері бойынша білетін сөздерін толықтырып жазу керек.
Мысалы, мұғалім «Бүгінгі сабақта «О» әріпі сіздердің білімдеріңе кезекшілік етеді. Кімде- кім «О» әріпінен келетін сөз жазса сол жеңіске жетеді. Интерактивті тақтаға «О» әріпін жазып қою керек. Немесе «О» әріпінен келетін заттардың суреттерін көрсетіп қою керек.
Мұндай жарыс оқушылардың жарыста озып шығу үшін көп сөз жаттауына ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |