Жоба
ШЕШІМ
Сот шешімімен коммуналдық
меншікке түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды
басқару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 - бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болыптанылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қ. Әліпов
Қалалық мәслихаттың хатшысы М. Омарғалиев
Ақсу қалалық мәслихатының
2018 жылғы «___» ______
№ _________ шешіміне қосымша
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
Жалпы ережелер
1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1 - бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі - қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
2. Иесіз қалдықтарды коммуналдық меншікке табыстау сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3. Ақсу қаласының әкімдігі иесіз қалдықтарды «Ақсу қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі- Бөлім) табыстау үшін комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады.
Комиссияның құрамына Ақсу қаласы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасары, тиісті мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың өкілдері кіреді.
Комиссия иесіз қалдықтарды табыстау туралы актіні осы Қағидалардың 1 - қосымшасына сәйкес үлгі бойынша жасайды.
Бөлім, комиссияның жұмысшы органы болып табылады.
4. Бөлім иесіз қалдықтарды басқаруды жүзеге асырады.
5. Иесіз қалдықтарды басқару - бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, жүзеге асыру, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған
иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес, бөлім дербес немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отыра, жұмыстарды жүргізеді:
1) иесіз қалдықтардың қауіптілігін зерделеу;
2) олардың қауіптілік деңгейін анықтау;
3) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы «Қалдықтар сыныптамасын бекіту туралы» № 169-б бұйрығы негізінде кодын анықтау.
Қауіпті қалдықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі «Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы» № 128-ө бұйрығы негізінде қауіпті қалдықтар паспорты жасалады.
Сонымен қатар, бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес, бағалау қызметі саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып, қалдықтардың құнын анықтау жұмыстарын жүргізеді.
Бөлім жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрында есепке алу үшін Ақсу қаласы әкімдігіне қалдықтардың көлемдерi, түрлерi, орналасқан жерi, жай-күйi және оларды басқару жөнiндегi қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты электрондық және қағаз тасымалдағыштарда есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша береді.
7. Халықтың қалдықтарға қолжетімдігін болдырмаудың алдын алу, оларды оқшаулау, олардың топырақтың үстінгі қабатына, су ресурстары мен атмосфералық ауаға теріс әсерiн азайту шараларын Бөлім қамтамасыз етеді.
8. Егер Қазақстан Республикасының бағалау қызметі жөніндегі қолданыстағы заңнамасына сәйкес, иесіз қалдықтардың қорытынды құны нөлге тең деп анықталса, онда мұндай қалдықтарға осы Қағидаларда қарастырылған тәртіппен оларды ақысыз негізде өткізу нормалары қолданылады.
3. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды іске асыру конкурсын өткізу тәртібі
9. Бөлім иесіз қалдықтарды заңды және жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын бағалау құнынан төмен емес бағамен конкурс өткізу арқылы іске асырады.
10. Бөлім конкурсты дайындауды және өткізуді жүзеге асырады. Бөлім Ақсу қаласы әкімдігінің бөлімдері және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін қоса отыра, конкурстық комиссияның құрамын қалыптастырады.
Комиссия кем дегенде бес мүшеден, оның ішінде төрағадан тұрады.
Конкурстық комиссия хатшысы жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етуді іске асырады, оның мүшесі болып танылмайды, дауыс беруге қатыспайды. Орнында болмаған конкурстық комиссия мүшесін ауыстыруына жол берілмейді. Конкурс комиссиясының құрамын өзгерту төрағаның шешімімен іске асады. Егер конкурстық комиссия отырысына оның құрамының үштен екісі қатысса, оның шешімі заңды болып табылады.
Конкурстың шарттарын Бөлім анықтайды.
Бөлім еркін түрде жазбаша өтініш негізінде конкурсқа шығарылатын иесіз қалдықтар бойынша құжаттар пакетінің көшірмелерін әлеуетті қатысушылар ұсынады.
Құжаттар пакетін Бөлім қалыптастырады және конкурстық ұсыныс әзірлеу үшін өтініш берушіге қажетті келесі ақпараттан тұрады:
1) иесіз қалдық тарихы туралы анықтама;
2) иесіз қалдықтардың сандық-сапалық сипаттамалары туралы ақпарат;
3) иесіз қалдықтардың қасиеттері туралы ақпарат;
4) қоршаған ортаға әсері туралы мәліметтер.
13. Бөлім бұқаралық ақпарат құралдары арқылы конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей, қатысушылардың шектелмеген тобы арасында Ақсу қаласы әкімдігінің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ Бөлімнің интернет –ресурсына орналастыра отыра, ашық тәсілмен конкурс өткізу туралы хабарландыру береді.
Бөлім, конкурсты өткізу мерзімдерін конкурс жарияланып отырған иесіз қалдықтар ерекшелігіне қарай айқындайды.
14. Конкурс өткізу туралы хабарландыру құрамы:
1) конкурсты ұйымдастырушының атауы және иесіз қалдықтарды жүзеге асыру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау орнының мекенжайы;
2) конкурсты өткізу уақыты мен орны;
3) иесіз қалдықтарды жүзеге асыру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі;
4) конкурстың негізгі шарттары;
5) конкурсқа шығарылатын иесіз қалдықтар орналасқан жері мен қысқаша сипаттамасы;
6) ақы төлеу үшін деректемелерді көрсете отыра, конкурсқа қатысу құқығы үшін иесіз қалдықтарды бағалау құнының бір пайызын құрайтын жарна мөлшерінен тұрады.
15. Иесіз қалдықтарды жүзеге асыру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі - өтінім) қабылдауды (тіркеуді) Бөлім мерзімді баспасөз басылымында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жүзеге асырады және өтінімдерді қарауға күнтізбелік бес күн қалғанда аяқтайды.
16. Өтінімдерді әлеуетті қатысушылар осы Қағидалардың 2- қосымшасына сәйкес, нөмірленген беттермен тігілген түрде ұсынады, соңғы беті олардың қолымен және мөрімен куәландырылады.
Конкурсқа әлеуетті қатысушы қажет болған жағдайда конкурс шарттарының талаптарына сәйкес жұмысты орындау немесе қызмет көрсету үшін қосалқы мердігерлерді (бірге орындаушы) тартуға құқылы, бірақ жұмыс және қызмет көлемінің үштен екі бөлігінен артық болмауы тиіс.
17. Комиссия конкурс өткізілгенге дейін үш жұмыс күні ішінде, келіп түскен өтінімдерді қарауды жүзеге асырады.
Комиссия конкурс өткізілгенге дейін үш жұмыс күн бұрын, өтінімі жайында Бөлімге хабарлай отыра, қайтаруға құқылы.
18. Комиссия қарау нәтижесі бойынша өтінімдерді қабылдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Бөлім өтінімдерді қараған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде өтінім берушіге конкурсқа қатысуға жіберілгені немесе дәлелді бас тарту туралы жазбаша хабарлама жолдайды.
19. Бөлім келесідей жағдайларда өтінім қабылдаудан бас тартады:
1) осы Қағидалардың талаптарын бұза отырып өтінім бергенде;
2) өтінім беруші өтінімінде жалған немесе бұрыс мәліметтер бергенде;
3) өтінімде өтінім берушінің қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату (қайта өңдеу) үшін қажетті техникалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржылық мүмкіндіктері (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген үлгі бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік салымдар бойынша берешектiң (бар) жоқ екендiгi туралы мәліметтер, қаржы мүмкіндіктерін растайтын құжат) бар екені немесе оларға ие болатыны туралы құжат жүзінде растама болмағанда.
20. Конкурсқа қатысушылар жұмсаған шығындар, конкурсқа қатысуға дайындық шығындарын қоса алғанда, қайтарылуға не өтелуге жатпайды. Бөлім конкурстың қорытындысы жарияланған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде жеңімпаз деп танылмаған конкурсқа қатысушыларға жарналарын қайтарады.
21. Конкурсқа қатысуға жіберілген өтінім беруші конкурстық ұсыныс жасайды және оны бөлімге конверттерді ашу рәсіміне бір сағатқа дейінгі уақыттан кешіктірмей ұсынады. Бөлімге келіп түскен және конкурсқа жіберілген конкурстық ұсыныстар конкурсқа қатысушыларға кері қайтарылуға жатпайды.
22. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныстар құрамында:
1) өтінім берушінің конкурс өткізу тәртібіне және өтінім берушінің міндеттеріне қатысты осы Қағидалардың шарттарымен танысқандығы туралы растауы;
2) жарғының көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
3) әлеуетті қатысушының бірінші басшысын тағайындау (сайлау) туралы құжаттың көшірмесі;
4) жұмыстарды орындайтын қосалқы мердігерлер тізімі, қосалқы мердігерлерге берілетін жұмыстардың көлемі мен түрлері (жұмысқа тартылған жағдайда);
5) конкурсқа қатысу құқығына төленген жарна төлемін растайтын құжат (ақысыз өткізген жағдайда ұсынылмайды);
6) әлеуетті қатысушының қолы қойылған баға ұсынысы;
7) конкурс шарттарын орындауға бағытталуы тиіс бағдарлама (жобаны жүзеге асыру мерзімдері, технологияларды қолдану, қаржылық мүмкіндіктер, экологиялық заңнама талаптарына сәйкестігі).
23. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысты тігілген түрде, нөмірленген беттермен ұсынады, соңғы беті оның қолымен және мөрімен куәландырылады.
24. Конкурстық ұсыныс әлеуетті қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, тармақтардың арасында жазусыз, өшірулерсіз немесе қоса жазуларсыз ұсынылады.
25. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысты конвертке мөр соғып бекітеді. Конвертте әлеуетті қатысушының атауы және заңды мекенжайы көрсетіледі.
26. Конкурстық комиссия, хабарландыруда конкурс өткізу туралы көрсетілген мерзімде конкурстық ұсыныстар бар конверттерді ашуды жүргізеді.
Конкурстық комиссия, конверттерді ашқан күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурстық ұсыныстарды бағалауды және анықтауды жүргізеді.
Конкурстық комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді. Хаттамаға конкурстың комиссия мүшелері қол қояды.
27. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ол қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берген кезде қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептелінеді.
Конкурстық комиссияның кез келген мүшесі конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда өз пікірін білдіріп, оны жазбаша баяндайды және конкурс қорытындысының хаттамасына тіркелінеді.
28. Конкурс жеңімпазын конкурстық комиссия келесідей негізгі критерийлер жиынтығы негізінде анықтайды:
1) бағдарламаның іс-шаралары конкурс шарттарын орындауды қамтамасыз етуге тиіс (жобаны жүзеге асыру мерзімдері, технологияларды қолдану, қаржылық мүмкіндіктер, экологиялық заңнама талаптарына сәйкестігі);
2) баға ұсынысы.
29. Конкурстың нәтижелері Ақсу қаласы әкімдігінің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында жарияланады, сондай-ақ Бөлімнің Интернет-ресурсына орналастырылады.
30. Конкурсқа қатысушылар болмаған жағдайда, конкурс өтпеген деп танылады.
31. Бір ғана өтінім беруші болған күнде, бөлім конкурстық комиссияның ұсынысымен, Ақсу қаласы әкімдігіне тиімді конкурстық ұсыныста ұсынылған келіссөздер мен шарттар негізінде, мұндай өтінім берушімен Шарт жасасады.
Конкурс талаптарына сәйкес келетін бірде-бір жоба ұсынылмаған жағдайда да конкурс өтпеген деп танылады.
Конкурс өтпеген деп танылған кезде, конкурстық комиссия объектіні конкурстан алып тастайды немесе конкурсты қайта өткізеді.
33. Конкурс жеңімпазымен иесіз қалдықтарды жүзеге асыру туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) жасалады, оның шарттары Ақсу қаласы әкімдігімен келісіледі.
Шарт қалдықтармен жұмыс жасау және жалпы жұмыстарды қауіпсіз жүргізу, конкурс жеңімпазының ұйым бекіткен үлгімен орындалған жұмыстары туралы есебін ұсыну кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарын сақтау бойынша міндеттемелерді қарастыруы шарт.
Есеп беру Бөлімге тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күніне дейін ұсынылады.
Шарт талаптары сақталмаған жағдайда, бөлім оны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен бұзады және қайта конкурс өткізуді жариялайды.
34. Конкурс өтпеген деп танылған жағдайда, бөлім осы Қағидаларда қарастырылған тәртіппен иесіз қалдықтарды ақысыз негізде конкурс өткізеді.
35. Бөлімнің қалдықтарды жүзеге асырудан түскен қаражаты жергілікті бюджет кірісіне жіберіледі.
36. Осы Қағидалардың 30-тармағында қарастырылған негіздемелер бойынша қалдықтарды ақысыз негізде жүзеге асыру бойынша конкурс өтпеген деп танылған кезде, қалдықтар талап етілмеген деп саналады.
Бөлім талап етілмеген иесіз қалдықтарды кәдеге жаратуды және жоюды Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырады.
37. Иесіз қалдықтар орналастырылған аумақтарды оларды өткізгеннен, жойғаннан, алып тастағаннан кейін қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
4.Қорытынды ереже
38. Коммуналдық меншiкке түскен қалдықтармен жұмыс жасау процесінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.
Сот шешімімен коммуналдық
меншікке түскен болып танылған
иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына
1- қосымша үлгі
Иесіз қалдықтарды табыстау актісі
20__жылғы «___»________________ ______________________
(жасалған уақыты) (акт жасалған орын)
Комиссия құрамында
____________________________________________________________________________________________________________________________________
20____ жылғы «____» _________ № _____ сот шешiмiне сәйкес коммуналдық меншiкке иесіз қалдықтарды келесідей құрамда қабылдағаны туралы осы актіні жасады:
Қалдық түрi
|
Өлшем бірлігі
(тонна, текше метр, гектар)
|
Қалдықтардың орналасқан жері
|
Қалдықтардың жай-күйi туралы түсiндірме
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Комиссия мүшелерi (тегі, аты, әкесінің аты, қолы):
Мөрдің орны
Сот шешімімен коммуналдық
меншікке түскен болып танылған
иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына
2 -қосымша
үлгі
Қалдықтарды іске асыру бойынша конкурсқа қатысуға өтінім____
1.__________________________________________________________
(өтініш берушінің аты)
2.______________________________________________________________
(өтініш берушінің заңды мекенжайы және негізгі қызмет орнының мекенжайы)
3_______________________________________________________________
(мемлекеттік тиістілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтық
(жеке тұлғалар үшін))
4______________________________________________________________
(заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және
өтініш берушіні ұсынатын тұлғалар туралы мәліметтер)
5. Өтініш берушінің конкурс шарттарын орындау үшін және қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату (өңдеу) үшін қажет техникалық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкіндіктері туралы құжаттармен расталған (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген үлгі бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік салымдар бойынша берешектiң (бар) жоқ екендiгi туралы мәліметтер) мәліметтер қоса ұсынылады.
6.Осымен аталған конкурсқа қатысуға ниет білдіреміз және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) іске асыруға, сондай-ақ талаптарға біздің сай келетіндігімізді растайтын мәліметтерді алуға келісім береміз.
Осымен қандайда бір бұзушылықтардың және шектеулердің жоғын, сондай-ақ менімен (әлеуетті жеткізуші) және конкурсты ұйымдастырушы арасында қатынастың жоқ екенін растаймыз.
Конкурстық құжаттамалармен танысқанымызды және ұйымдастырушы мен конкурстық комиссияға өз құзыреттілігіміз, біліктілігіміз, сапалы және өзге де сипаттамаларымыз (жеткізілетін тауар (-лар), орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы бұрыс мәліметтерді ұсынған үшін жауапкершілік, олардың авторлық және аралас құқықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар екенімізді растаймыз.
Конкурсқа қатысуға ұсынылатын өтінім мен оған тіркелетін құжаттарда осындай бұрыс мәліметтер үшін толық жауапкершілікті мойнымызға аламыз.
_______________ ________________ _______________________________
(ұйымның атауы) (қолтаңбасы) (тегі, аты-жөні)
Достарыңызбен бөлісу: |