Бақылау сұрақтары
1) Алгебралық логика және элементтердің еуропалық стандарт және кеңестік стандарт бойынша шартты графикалық белгілеулерді атаңдар.
2) Логикалық элементтерді функционалдау және микросұлбалар туралы анықтамалық мәліметтерді қайдан алуға болатыны айтып беріңіздер. Бұл мәліметпен қалай жұмыс істеуге болады.
ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУ РЕТІ
.
Берілген жұмыстың теориялық материалымен танысып, бақылау сұрақтарына жауап беріңіз.
Electronics Workbench бағдарламасында 7 суретте көрсетілгедей сұлбаны құрастырыңдар. 7400 микросұлбаны қолданыңыз.
Тәжірибелі жолмен бір логикалық элементтің микросұлбасының ақиқаттық кестесін салыңыздар. Бұл микросұлбаны дәптерге салыңдар, оның шығу нөмірін, қысқаша белгілеулерін салыңдар. 6 суретте көрсетілген белгілеулерді пайдаланып микросұлбаның ішкі құрамын көрсетіңдер. Бағдарламада пайда болған ақиқат кестесін және алынған ақиқат кестесін жазыңдар. Бұл кестелерді салыстырып, бірдей ерекшеліктерді табыңыз.
Бұл микросұлбаны жойып, осындай жолмен 7402, 7406, 7408, 7432 микросхемаларымен жұмыс жасаңыз.
7 сурет.
№9 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып: ЛОГИКАЛЫҚ СҰЛБАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ СИНТЕЗДЕУ
Мақсат:
1. Логикалық сұлбаларды зерттеу және құрастыру
2. Функцияның аналитикалық өрнегінің анықтамасы
3. Ақиқаттық кестесін құру
Құралдар және элементтер.
№
|
белгіленуі
|
аталуы
|
|
№ п/п
|
белгіленуі
|
аталуы
|
|
|
Басқару кілті
|
|
|
|
+5В. Микросұлбаларға арналған қорек көзі
|
|
|
Микросұлбалар мен логикалық элементтерінің жиыны
|
|
|
|
Виртуальды жарық диоды
|
|
|
Жерлендіру (Жалпы өткізгіш)
|
|
|
|
|
ҚЫСҚАША ТЕОРИЯЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР
1 суретте көрсетілген және 74 сериялы логикалық сұлбалар 2 суретте көрсетілген WorkBench бағдарламасында логикалық элементтер бар.
Логикалық элементтер интегралдық микросұлба түрінде орындалады. Әдетте, интегралдық микросұлба бірнеше біртипті элементтерден құралады. Electronics Workbench бағдарламасында мұндай микросұлбалардың жиыны «DIGIT» пиктограммасы арқылы орындалады. Микросұлбалардың жұмысы жайлы мәліметті оның шартты белгісі арқылы білуге болады. Бағдарламада микросұлбаның әрбір аяғы нөмірленген және қысқаша белгінуі болуы қажет. Микросұлбалардың одан толығырақ анықтамасы (ағылшын тілінде) HELP опциясына жүгінгенде алынуы мүмкін (Микросхеманы оң жақ батырмасын шерту→Help). Мұнда микросұлбалар элементі үшін ақиқаттық кестесі бар. Микросұлбада бірнеше элементтер бар болғандықтан және олар біртиптес болғандықтан ақиқаттық кестесінде бір ғана элементтің функционалдауы ұсынылады.
Бағдарламада микросұлбалардың шартты белгіленуінде логикалық элементтер үшін кіру сигналдары A, B, C,… әріптерімен ал шығу сигналдары - X, Y.
Бақылау сұрақтары
1. Workbench бағдарламасында бар логикалық элементтерді атаңдар.
2. Құрамында логикалық элементтері бар интегралдық сұлбаларды атаңдар.
3. Микросұлбаға қанша логикалық элемент кіреді?
4. Workbench бағдарламасындағы микросұлбаның құрамын қалай анықтауға болады?
5. Workbench бағдарламасындағы микросұлбаның функциясын қалай анықтауға болады?
ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУ РЕТІ
1. Берілген жұмыстың теориялық материалымен танысып, бақылау сұрақтарына жауап беріңіз.
2. 3-7 суреттердегі салынған сұлбаларды құрастырыңдар. Кіру және шығу сигналдарын анықтау үшін қажет кілттер мен жарық диодын қосыңыз. Әрбір кілт үшін оның сұлбадағы орнына орай басқару тетігін қойыңыз.
3. Мынадай типтегі элементтер мен сұлбалардың базасында жұмыс жасаңыз:
• ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС, ЖӘНЕ-ЕМЕС, НЕМЕСЕ- ЕМЕС элементтері;
• Құрамында берілген элементтер бар 74 сериялы логикалық сұлбалар.
Тапсырма 1.
Суретте көрсетілген сұлбамен орындалатын функцияның аналитикалық мазмұнын табыңыз, ақиқаттылық кестесін құраңыз.Сұлбаны жинақтаңыз, D, С, В, А кірісін логикалық сигналдар қайнар көзіне қосыңыз, ал шығысын логикалық сынамаға қосыңыз. Кіру және шығу сигналдарын анықтау үшін қажет кілттер мен жарық диодын қосыңыз.Сұлбаны қосып аналитикалық мазмұнының дұрыстығын тексеріңіз.
Тапсырма 2.
Сөз генераторын шақырыңыз. (4 сурет ).
0-ден 15-ке дейінгі натурал сандар қатарына сәйкес келетін төртразрядты сөздердің жүйелі құрылымына генераторды бағдарламалаңыз. 3 суретте көрсетілгендей (А-санның кіші разряды, D – санның үлкен разряды) оның шығысын сәйкес сұлбаның кірісіне қосыңыз. "STEP" және "CYCLE" режиміндегі сұлбаның жұмысын зерттеңіз..
Сұлбаның сигналдарының барлық мүмкін кіріс сигналдарының комбинациясы үшін уақытша диаграмма салыңыз.
Тапсырма 3.
4-суретте бейнеленген сұлбаның жұмысына анализ жүргізіңіз, егер 1 нүктесінде НЕМЕСЕ элементімен жүргізілсе орындалатын функцияның кестесін құрастырыңыз.
а) 1 логикалық ретінде,
б) 0логикалық ретінде.
Сұлбаның экспериментті тексеруді жүргізу үшін керек құрылғыларды қосыңыз.
Тапсырма 4.
6-суретте көрсетілгендей егер кіріс тізбегіндегі кез келген бір ЖӘНЕ элементінде үзіліс жасалса 1 тапсырмада келтірілген сұлбаның жұмысы қалай өзгеретінін анықтаңыз. ЖӘНЕ логикалық элементін НЕМЕСЕ элементіне ауыстырса сигнал қабылдау мінез-құлқы үзілген кірісте өзгере ме?
Тапсырма 5.
7-суретте көрсетілген 7404 және 7410 микросұлбаларында жиналған логикалық құрылғының жұмысының анализін жасаңыз. Сұлбаны жинаңыз, керек құралдарды қосыңыз және сұлбаның жұмысының тәжірибелі зерттеуін жүргізіңіз.
7 сурет
Ақиқаттық кестесін құрыңыз.Дәптерге 7 суреттегі сұлбаны салыңыз және ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС, ЖӘНЕ-ЕМЕС, НЕМЕСЕ- ЕМЕС элементтерін қолдана отырып, тиісінше 7404 және 7410 құрамды интегралдық сұлбаны салыңыз.
Тапсырма 6.
Мына формулаға сәйкес комбинациялы сұлбаны құрастырыңыз:
а) (A + B + C) * (A * B * C)
b) (A * B ) + ( B * C) + (A + C)
Дәптерге есеп құрастырыңыз:
1. Зертханалық жұмыстың нөмірі, мақсаты, құрал-жабдықтары және материалдары.
2. Берілген жұмыстың пунктеріне сәйкес жұмыстың орындалу ретін жаз.Тапсырманың шартына орай сұлбаларды, ақиқаттық кестелерді, уақытша диаграммаларды салып алыңдар.
№10 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып: СУММАТОР (СОММАЛАУШЫ) СЫЗБАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ
Мақсат: Сумматор (соммалаушы) микросызбаларының жұмысын тізбекке қосуға және талдауға үйрену.
Құралдар және элементтер.
Сумматор интегралды орындауда: 4008 микросызбасы – төртразрядты сумматор (соммалаушы).Жарықдиоттар мен қайтақосушылар жинағы, +5V тоқ көзі.
Достарыңызбен бөлісу: |