Шекаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша меморандум мен «Алтай – біздің ортақ үйіміз» халықаралық жобасы аясында,қаланың қонақтары мен тұрғындары қатысқан,жастар делегациясы үшін танысу кеші ұйымдастырылды.
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Жастар Орталығы» КММ директоры К.Н.Буднецкий және Алтай өлкесі
делегациясының экспедиция басқарушысы С.И. Малыхин кездесуге жиналғандар алдында сәлемдесу сөздерін сөйледі.
Аудандық Мәдениет үйінің әртістері және Ресей делегациясының өкілі Майзенгельтор Виктор қонақтар алдында музыкалдық сәлемдесумен шықты.Танысу кешін жастар дискотекасы жалғастырды.
Шемонаиха ауданында болған кезеңінде олар Жастар Орталығы және «ЭкоГрин» қоғамдық бірлестігімен бірге,Уба өз. қалалық жағалауында өткен, «Экологиялық десант» акциясына, сондай-ақ шемонаихалық ЕреминВалерий естелігіне арналған авторлық ән фестиваліне қатысты.Фестиваль 30-дан астам авторларды жинады, кештің соңғы бөлігінде фестиваль далашығында гитара нысанды алау жағылды, оның жанында ұзақ уақыт әуендер, аккордтар, дауыстар естілді.
Достарыңызбен бөлісу: |