«Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!» осындай ұранмен «Экогрин» ЖҚБ, «Экстрим» туристтік клубы, «Беловодье» экологиялық-өлкетану клубы, Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Шығармашылық үйі» КМҚК ұйымдастырылған «Вахта памяти» жорық – жүзуі 2015 жылғы 2-8 мамыр аралығында Малоубинка а. (Глубокий ауданы), Убинка а. (Шемонаиха ауданы) бағдары бойынша өткізілді.Акция Ұлы Жеңістің 70-жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналды. Жорық қатысушылары Верх-Уба, Выдриха, Волчанка, Камышинка, Убинка ауылдарындағы және Усть-Таловка кентіндегі елді мекендердегі ҰОС жауынгерлері ескерткіштерінің басына барып гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.
Достарыңызбен бөлісу: |