20
2 - кестенің жалғасы
1
2
Тулешов А.Қ.
компьютерлік басқарудың әдістері мен технологиясы
Мынбаева А.К.
қазіргі білім берудің мегатенденциялары – ақпараттық
оқыту технологияларының дидактикасы
Джусубалиева Д.М. e-Learning – интернет және мультимедиа көмегімен
оқыту
Тәжіғұлова Г.О.
электронды
оқулықтарды
құрылымдаудың
педагогикалық
ұстанымдары,
білім
беруді
ақпараттандырудың әдіснамасы мен технологиясы
Мәлібекова М.С.
жоғары бiлiм беру жүйесiнде студенттердің кәсіптік-
ақпараттық даярлығын жетілдіру
Торманов Н.Т.
биологияны оқытудың инновациялық
әдістемелері
Садықов Б.Д.
білім беруді ақпараттандыру жағдайында болашақ
мамандардың кәсіби даярлығының әдістемелік жүйесі
Халикова К.З
оқыту үдерісіне инновациялық технологияларды
енгізудің теориясы мен практикасы, білім беруді
ақпараттандыру жағдайында болашақ мұғалімдердің
құзыреттілігі
Сонымен қатар Ж.А.Қараев, Е.К.Балапанов, Ж.С.Сарыбеков, М.З.Изотов,
Б.А.Қойшыбаев, Е.У.Медеуов және т.б. оқу үдерісінде ақпараттық-
коммуникациялық
технологияларды,
компьютерді
қолданудың
өзекті
мәселелеріне қатысты іргелі зерттеулер жүргізген. Бұл зерттеулерге талдау
жасай келе, олардың ақпараттық технология құралдарын қолданудың
теориялық-әдіснамалық негіздерінің жоғары оқу орындарында білім
алушылардың өз бетімен білім алу іс-әрекеттерін дамытуға, қазіргі ақпараттық
қоғамда тұлға ретінде кәсіби анықталуына мүмкіндік беретіндей тұжырымдық
тәсілдерге бағытталғандығы анықталды. Бұл зерттеулер өз кезегінде
ақпараттық-білім беру ортасының түсіндірмелік аппаратын нақтылауға
мүмкіндік берді (сурет 2).
Сурет 2– Ақпараттық-білім беру ортасы
21
Ақпараттық-білім беру ортасын ақпараттық технологиялар құрайды,
осыған орай қазіргі ақпараттық технологияларға – компьютерлік техника
негізінде ақпараттарды жинау, сақтау, қайта өңдеу және таратуды жүзеге
асыратын
қазіргі
техникалық
құралдардың
математикалық
және
кибернетикалық әдістерінің жиынтығы деген анықтама беріліп отыр. Ал
оқытудың ақпараттық технологиялары – қазіргі оқыту технологияларын
интерактивті бағдарламалық әдістемелермен қамтамасыз ететін компьютерлік
техникалар мен бағдарламалық құралдар жиынтығы.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру – білім сапасын көтеруді жүзеге
асыруға бағытталған үдеріс, яғни ұлттық білім жүйесіндегі дәстүрлі
технологияларды тиімді жаңа кешенді ақпараттандыру технологияларына
алмастыру, оларды жетілдіру және дамыта отырып нақты іс-шараларды жүзеге
асыру. Бұл өз кезегінде жаңа ақпараттық оқыту технологияларының:
- қазіргі ақпараттық қоғам мен ғаламдық ақпараттық қарым-қатынас
жағдайында тұлғаны дамыту міндеттеріне сәйкес білім беру мазмұнын
таңдаудың әдіснамасы мен стратегиясын және оқытуды ұйымдастыру түрлері
мен әдістерін жетілдіру;
- білім алушылардың ақыл-ой әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін оқу
ақпаратын жинақтау, өндеу, сақтау, тарату, өндіру ісіндегі әртүрлі дербес іс-
әрекет түрлерін жүзеге асыруды қалыптастыру бойынша оқытудың әдістемелік
жүйесін жасау;
- бірлескен ақпараттық желілер мен ғаламдық ақпараттық қарым-қатынас
базасында жұмыс істейтін «виртуалдық» білім беру мекемелерін құру;
- ақпараттық қарым-қатынас ресурстарының қолжетімді әлеуетін
пайдалану;
- оқу-тәрбие ісін ақпараттық қарым-қатынас негізінде ұйымдастыру, оны
әдістемелік
қамтамасыз ету;
- оқу орындары жүйесін орталықтандырылған басқару механизмдерін
жетілдіру;
- ғаламдық ақпараттық қарым-қатынас негізінде ғылыми-педагогикалық
ақпараттық
мәліметтер базасын құру;
- есептеу техникасы, ақпараттандыру және ғаламдық ақпараттық қарым-
қатынас құралдарын білім беру саласында тиімді әрі қауіпсіз қолданудың
педагогикалық
шарттарын анықтау;
- білім алушылардың оқу жетістіктеріне бақылау жасау және оларды
бағалаудың әдістемелерін жасау, т.б. бағыттарын анықтауды талап етеді.
Білім беруді ақпараттандырудың басты бағыты оқытуды ақпараттандыру
технологиялары мен құралдарын жасау және оны қолданушы білікті мамандар
дайындау болып табылады. Осы бағыттар жүзеге асқан жағдайда білім сапасы
мен оның тиімділігі артады. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология оқу
материалдарын үйретуге арналған есептегіш техника мен аспаптық
құралдарының жиынтығын; есептегіш техника құралдарының оқу үдерісіндегі
ролі мен орнын; оқытушылар мен білім алушылардың іс-әрекетін жүйелеуді;