13
1
БОЛАШАҚ
БИОЛОГ
МҰҒАЛІМДЕРДІ
ДАЯРЛАУДА
ВИРТУАЛДЫ
ЗЕРТХАНАЛЫҚ
ЖҰМЫСТАРДЫ
ҚҰРУ
МЕН
ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Болашақ биолог мұғалімдерді даярлауда виртуалды зертханалық
жұмыстарды құру мен қолданудың педагогикалық – психологиялық
негіздері
Білім сапасын жоғары деңгейге көтеру мемлекеттің индустриялық-
инновациялық дамыту міндеттерін шешумен тығыз байланысты, себебі қазіргі
қоғамдық сұраныстар үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келетін, еңбек
нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын мамандар даярлауды қажет етіп
отыр. Сондықтан жоғары оқу орындарының алдына кәсіби маман ретінде өз
бетімен білім алуға қабілетті, алған білімдерін оқу және өмірлік жағдаяттарда
шығармашылықпен пайдалана алуын, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруын
қамтамасыз ететін тұлғаны дайындау мәселелері қойылуда. Бүгінгі таңда бұл
мәселелер іс-әрекет тәсілдері арқылы жүзеге асырылып отыр. Іс-әрекет
тәсілдері негізінде оқу үдерісін ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етудің
бірден-бір жолы – оқытушының практикада инновациялық технологияларды
қолдануы болып табылады. Бұл орайда оқытудың заманауи инновациялық
технологияларының дидактикалық мүмкіндіктері зор.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесіндегі ерекше маңызды болып
табылатын мәселелердің бірі – электронды оқыту жүйесіне көшу, яғни оқу
үдерісінде компьютерлік технологияларды пайдалану болып табылады. Зерттеу
мәселелеріне қатысты жасалған талдау нәтижесінде жалпы дүние жүзі
бойынша 100 млн астам адам электронды оқыту жүйесі арқылы білім
алатындығы, яғни білім алушылардың 70% қашықтықтан оқыту түрін
таңдайтындығы анықталды. Электронды оқыту жүйесі енгізілген алдыңғы
қатарлы елдердің құрамына АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия, Италия
мемлекеттері кіреді. Мысалы АҚШ-та 200-ден аса университеттер мен
мыңдаған колледждер оқытудың электронды жүйесі арқылы білім береді.
Сонымен қатар электронды оқыту курстарының саны жылына шамамен 30-40%
ұлғайып отыр [21].
Біздің елімізде де білім беру жүйесіндегі жаңашылдық қатарынан
ақпараттық кеңістікті құру күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Білім
алушыларға оқытудың инновациялық технологиялары арқылы түрлі формада
ақпараттар беруге және олардың қабылдау мен ойлау үдерісін белсендіруге,
назарларын ұшқырландыруға, әлемдік ақпараттық ресурстарды пайдалану
дағдыларын жетілдіруге болады. Білім алушылардың инновациялық іс-әрекеті
жаңалықтарды ойлап шығару, зерттеу, қолданысқа дайындау, іс жүзінде
пайдалану сияқты аспектілермен сипатталады, яғни олардың оқу әрекетіне
араласып, виртуалды нысандарды, заттар немесе құбылыс үлгілерін өздері
құрастыруына жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында экономиканың орнықты