Ш. Н. ДҮрмекбаева өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы



жүктеу 3,11 Mb.
бет4/13
Дата05.02.2018
өлшемі3,11 Mb.
#8470
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Түзуші ұлпа немесе меристемалардың атқаратын қызметі қандай?

2. Меристема клеткаларының гистологиялық ерекшеліктері қандай?

32

3 Мерисгема пайда болуына және өсімдік мүшелерінде орналасуына қарай нешеге бөлінеді?



4. Алғашқы түзуші ұлпалар және олардың атқаратын қызметі қандай?

5. Соңғы түзуші ұлпалар, олардың атқаратын қызметі қандай?



ЖАБЫНДЫҚ ҰЛПАЛАР

Сабак мақсаты: Жабындық ұлпаның құрылысымен танысу. Тапсырма.

1. Қосжарнақты өсімдіктер жапырағы эпидермасынан препараттар даярлау және қарау.

2. Даражарнақты өсімдіктер жапырағы эпидермасьшан препараттар даярлау және қарау.

3. Картоп түйнегінің тоз қабатын қарау.

4. Сүректі өсімдіктердің перидермасын және жасымықшаларын

қарау.


Қажетті материалдар мен құралдар: Кәдімгі қызылбояу өсімдігі (Gаlіum уеrum L), түйнекті фломис (РҺlоnis tubеrоsа L ), жаздық бидайдың жас немесе фиксацияланған жапырақтары, картоп түйнегі (Sоlаnum tubеrоsа), қара қарақат (Rіbes піgrum) бұтағы, микроскоп, препаральды лупа, препаральды ине, заттық шыны мен жабындық әйнектер, фильтр қағазы, су. Тапсырмаға түсініктеме:

Жабындық ұлпа газ алмасу, транспирация, механикалық, қорғаныш қызмет атқарады. Жабындық ұлпаның түрлері:

1. алғашқы - эпидерма;

2. екінші - перидерма;

3. үшінші - қабық немесе ритидом.

Жапырақ, жасыл өркен, гүл және жемістерде - эпидерма (эпидермис), жас тамыршаларда ризодерма немесе эпиблема; бұта және ағаштар сабақтарында, тамырда және түйнекте - перидерма; ағаш діңінде қыртыс дамиды.

Барлық жабындық ұлпаларға тән ортақ ерекшеліктер: клетка Қабықшаларының су буларын өткізбеуі, клетканың тығыз орналасуы және клетка аралықтарының болмауы.

Эпидерма - ("эпи" сыртқы, "дерма" - тері) жапырақты және жас сабақты жауып тұрады. Эпидерманың негізгі кызметі-транспирацияны азайту және газ алмасуды реттеу. Сонымен қатар ішкі ұлпаларды зақымданудан қорғап, мүшелерге беріктік қасиет береді. Эпидерма арқылы сыртқа эфир майы шығады. Эпидерма күрделі ұлпаларға жатады. Құрамына әр түрлі

33

морфологиялық клеткалар кіреді.



1. Эпидерманың негізгі клеткалары.

2. Усьтиценің түйістіргіш және қосымша клеткалары.

3. Трихомалар, ягни эпидерма клеткаларының өсінді түріндегі туындылары.

Эпидерманың негізгі клеткаларында хлоропластар болмайды және қатар тығыз орналасады. Газ алмасу және транспирация устьи арқылы жүзеге асады. Устьиценің түйістіргіш клеткалары арасы саңылау болады. Түйістіргіш және жанама клеткалардың орналасуы байланысты устьице типтері:

1. Аномоцитті (ретсіз) -устьиценің жанама клеткалары болмайды.

2. Анизоцитті (тең клеткалы емес) -устьице 3 жанама, оның екуі бірдей, біреуі кішілеу клеткалармен қоршалған.

3. Парацитті (паралель клеткалар) - бір немесе бірнеше жаңа клеткалар устьиценің ұзындық өсіне паралель орналасады.

4. Диацитті (айқас) - устьиценің 2 жанама клеткалары бола олардың бір - біріне ортақ қабырғасы өзінің, ұзындық өсіне перпендикуляр орналасады.

5. Актиноцитті (жұлдызша сәулелі клеткалар) - устьице бірне жанама клеткалармен қоршалған, олардың ұзындық түйістіргіш клеткаларға радиальды (сәулелі)орналасады.

Эмергенцтер - эпидерма клеткаларына терең жатқан ұлпа клеткаларынан пайда болады.

Перидерма - күрделі көп қабатты ұлпа, құрылысы және атқаратын қызметі әр түрлі клеткалар тобынан тұрып, олар мынадай ұлпалар түзеді:

1. Феллема (тоз) -иегізгі қызметі қорғаныш

2. Феллоген (тоз камбийі) - нәтижесінде өсімдік мүшесі ұзақ уақыт жанына қарай өседі.

3. Феллодерма -феллогеннің қоректену қызметін атқарады.



Қыртыс - сүректі өсімдіктерде болады.

1-тансырма. Қосжарнақты өсімдіктер жапырағы эпидермасына препараттар даярлау және қарау.

Жұмыстың орындалу барысы:

Түйнекті фломис, зопник клубненосный, РҺІоmus tubеrоsа

есімдігі жапырағы эпидермисінен препарат даярлап, суретін салыңыз. Жұмыс жоғарыда айтылған тәртін бойынша орындалады.

Жапырақтың эпидермис клеткаларының қабықшасы иректелген. Төменгі эпидермис клеткаларына қарағанда жоғарғы эпидермис клеткалары кеңейген. Жапырағы гипостоматикалық, яғни устьицалар төменгі эпидермисте

34

кездеседі. Устьицалар 3-6 клеткалармен қоршалған, аномоцитті. Жоғарғы эиидермисте 3-4 клеткалы қарапайым түкшелер шашыранды орналасқан. Сонымен қатар эфир майлы бездер кездеседі (сурет 7 Б). Төменгі эпидермисте жүйкенің маңайында жай түкшелер де бар. Ұзын, бұтақтанған және безді түкшелердің түрлері де кездеседі (сурет 7В). Кәдімгі қызыл бояу, подмаренник настоящий, Саlіum vеrum L..



Кәдімгі қызылбояу өсімдігі (Gаlіum vеrum L) жапырағының эпидермасын сыдырып алып, заттық шыныға тамызылған глицерин тамшысына салып, бетін жабын әйнекпен жабады. Микроскопты кіші ұлғайткышқа, одан соң үлкен ұлғайтқышқа қою арқылы эпидермисті қарайды. Жапырақтың эпидермис клеткаларының қабықшасы әлсіз және орташа иректелген. Жоғары және төменгі эпидермис клеткаларынын пішіні мен мөлшерінде айырмашылықтар бар. Жоғарғы энидермис клеткаларының санына қарағанда төменгі эпидермис клеткаларының саны артық. Устьица клеткаларының пішіні бүйрек тәріздес, устьицалар аппаратының типі-парацитті. Төменгі эпидермисте жай қарапайым түкшелер кездеседі. Олар бір клеткалы, түзу болып келген және ұшы өсіндімен аяқталады.

Эпидермистің негізгі клеткаларына, устьице типі, трихомалар түрлеріне назар аударып суретін салыңыз.



1-тапсырма. Даражарнақты осімдіктер жапырағы эпидермасынан препараттар даярлау және қарау.

Жұмыстың орындалу барысы: Жаздық бидай өсімдігі жапырағының эпидермасын сыдырып алып, заттық шыныға тамызылған глицерин тамшысына салып, бетін жабын әйнекпен жабады. Микроскопты кіші ұлғайтқышқа, одан соң үлкен ұлғайтқышқа қою арқылы эпидермисті қарайды.

Жабындық ұлпа - эпидермис клеткаларының пішіні 2 типке біріккен. Ұзын және салыстырмалы түрде қысыңқы келген клеткалар жапырақтың ұзын өсіне параллель орналасқан. Қысқа клеткалардын ұзындығы мен ені бірдей. Эпидермисте бір клеткалы трихомалар саны көп және жиі орналасқан.

Жапырақ тақтасының адаксиальды беткейінде абаксиальды беткейіне қарағанда устьицалар саны көп кездеседі. Эпидермистің негізгі клеткаларына, устьица типі, тричомалар түрлеріне назар аударып, суретін салыңыз.



3-тапсырма. Картоп түйнегінін тоз кабаты.

35

Жұмыстың орындалу барысы: Алдын-ала жуылған картоп түйнегінің кесілетін бетін суға батырып алып, кесілген жұқа кесінді заттық шыныдағы бір тамшы суға салып, одан препарат жасайдь Микроскоп арқылы қарау барысында картоп түйнегінің сырт жағын орналасқан қонырқай сарғыш түсті тоз қабаты көрінеді. Ол көрінген феллема. Бұл бір-біріне радиус бойынша бойлап, қабаттаса жатқан паренхималық клеткалар. Осы препаратты хлор-цинк- иодпен бояс тоз қабаты қою қоңыр түске, паренхима клеткаларының қабықшала күлгін көк түске, ал ондағы қорға жиналған крахмал дәндері қара көк түске боялады.



4-тапсырма. Сүректі өсімдіктердің перидермасын және жасымықшаларын қарау. Перидерманың анатомиялық құрылысы қарамас бұрын сабақтың сыртқы құрылысын қарастырыңыз, тоздың ашық-қоныр түсіне және саны көп, ұзарған, төмпешікте-жасымықшаларға назар аударыңыз. Жасымықшасын жас бұтағынан көлденең кесінділер даярлаңыз. Кесіндіні заттық шыныдағы су тамшысына салып, бетін жабын әйнекпен жабыңыз. Микроскопт кіші, одан соң үлкен ұлғайтқышы арқылы қараңыз. Перидермад клеткалардың үш типі кездеседі (шетінен сабақтың ортасына дейін' тоз, тоз камбийі және феллодерма. Осы ұлпалардың жиынтығ перидерманы түзеді. Қорғаныш қызметін феллема (тоз) атқарады Кіші ұлғайтқыш арқылы жасымықшасы бар перидерманың бөлігін" суретін салыңыз, суретте тоз, тоз камбийі, феллодерма клеткалары сонымен катар, жасымықшанын клеткаларын және клет аралықтарын белгілеңіз.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Жабындық ұлпаның атқаратын кызметі кандай?

2. Алғашқы жабындық ұлпа қандай өсімдіктерге тән?

3. Эпидерма өсімдіктердің қандай мүшелерін қаптап жатады?

4. Устьиценің құрылысы және типтері қандай?

5. Соңғы жабындық ұлпа деген не? Оны қандай ұлпалар құрайды?

6. Сүректі өсімдіктердің жабындық ұлпасы қандай?

7. Тоз өсімдіктерінің кандай мүшелерінің сыртын қаптап жатады?

8. Тоз арқылы газ алмасу және булану (транспирация) қалай жүреді?

9. Жасымықшаның клеткалық құрылымы қандай?

10. Қыртыс дегеніміз не, олар қалай пайда болады және кандай түрлері бар ?

36

МЕХАНИКАЛЫҚ ҰЛПАЛАР



Жұмыс мақсаты: Механикалық ұлпалардың ерекшеліктерімен

танысу.


Тапсырма.

1 Бегония немесе қызылша жапырақтары сағақтарындагы бұрышты колленхиманы қарау.

2 Бидай сабағының ішкі құрылысындағы склеренхиманы қарау.

3 Шала піскен алмұрт жемісіндегі склереид клеткаларын қарау. Қажетті материалдар мен құралдар: Бегонияның, қызылшаның жас немесе фиксацияланған сағақтары, жаздық бидайдың (Казахстанская раннеспелая сорты) жас немесе фиксацияланған сабақтары, шала піскен алмұрт жемісі, флороглюцин, тұз қышқылы, микроскоп, препаральды лупа, препаральды ине, заттық шыны және жабындық әйнектер, фильтр қағазы, су.



Тапсырмаға түсініктеме. Механикалық ұлпа өсімдіктерде тірек қызметін атқарады. 2 типі бар: колленхима және склеренхима. Механикалық ұлпа клеткаларының беріктілігі мен қаттылығы, клетка қабықшасының жуандап және сүректенуіне байланысты болады.

Колленхима - паренхималық ұлпа, көлденең кесіндісінде 4-5 қырлы клетка қабырғалары жартылай қалыңдаған, сондықтан клетканын тірі құрамдары склеренхимадай өлмейді, онда хлоропластар болады. Колленхима клетка қабықшаларының қалыңдауына байланысты үшке бөлінеді:

1. бұрышты колленхима клетканың бұрыштары қалындайды (сабақта, жанырақта кездеседі);

2. табақшалы колленхиманың клеткаларының тангентальды қабырғалары (сыртқы және ішкі) қалыңдайды (алма, карақат, бүлдіргеннің жапырақтарының сабағы мен сабақтарында болады);

3. борпылдақ колленхима - клетка аралықтары жақсы дамиды, клетка қабықшасының клетка аралығымен шектескен жері ғана калыңдайды (алаботаның сабағы мен жапырағында кездеседі).



Колленхима эпидерма астында орналасады және косжарнақты өсімдіктерде кездеседі. Колленхиманын клетка кабықшаларының қалындауы барлық өсімдік мүшелерінде бірдей (болмайды.

Склеренхиманың екі түрі бар; өлі, прозенхималық клеткалар талшық, өлі паренхималық клеткалар - склереид деп аталады. Склеренхима өсімдіктерде колленхимаға қарағанда тереңірек орналасады. Механикалық қызметті біркелкі қалыңдаған целюллозалы Немесе сүректенген клетка қабықшасы атқарады. Флоэмада орналасқан склеренхима клеткалары тін

37

талшықтары деп ксилемадағы- либриформ (сүректі талшық) деп аталады.



Склереид әртүрлі өсімдіктердің жемісі, жанырағы, сабағы және тамырында кездеседі.

1-тапсырма. Бегония немесе қызылша жапырақта сағақтарындағы бұрышты колленхиманы қарау. Жұмыстын орындалу барысы: Бегония немесе қызы жапырағының сағақтарынан көлденең кесінділер даярлап препарат жасаңыз. Алдымен микроскоптың кіші, одан кейін үлкен ұлғайтқы арқылы қараңыз. Бегония жапырағының сағағындағы бұры колленхиманың бір бірімен көршілес клеткаларының қалыңда бұрыштары өзара түйіседі де, үшбұрышты призма терізді болып көрінеді. Суретін салыңыз.

2-тапсырма. Бидай сабағының ішкі құрылысында склеренхиманы қарау.

Жұмыстың орындалу барысы: Бидай сабағы буынаралығы көлденең кесінділер кесіп, заттық шыныдағы су тамшысына салыңыз. Бетін жабын әйнекпен жауып, микрокоптің кіші, одан соң үлкен ұлғайтқышы арқылы қараңыз. Буынаралығының көлденең кесіндісі жабындық ұлпаны клетка қабықшалары қалындаған бірқатар эпидер клеткалары түзеді. Эпидерма клеткалары қабатының астыңғы жағында арқаулык ұлпа -сүректенген склеренхима талшықтары сақина тәріз орналаскан. Склеренхима талшықтарында жұқа қабықшалы хлоренхима клеткалары анық байқалады. Склеренхима клеткаларының қатар санын анықтап, суретін салыңыз. Сонымен катар, қазтамақ сабағының склеренхима клеткаларын қарап, суретін салыңыз (сурет А).

3-тапсырма. Шала піскен алмұрт жемісіндегі склереид клеткалары. Жұмыстың орындалу барысы: Склереид клеткалар алмұрт жемісінен алуға болады. Шала піскен алмұрт жемісін пышақпен қақ жарғанда, оның ішкі жұмсақ етінде көптеген бозғылт нүктелер жай көзге де анық көрінеді. Сол нүктелердің бір- екі данасын сапты иненің ұшымен алып, су тамызылған заттық шынының үстіне қоямыз. Ине ұшымен, ондағы клеткаларды бір-бірінен ажыратамыз. Ажыраған клеткалардың үстіне бір тамшы флороглюцин және бір тамшы тұз қышқылын тамызса біразы алқызыл түске боялады, біразы боялмайды. Боялғандары склереид сүрекгеніп кеткенін, ал боялмағандары таза клетчатка күйіңде калған клетка қабырғалары екендігі байқалады (сурет 8 Б). Суретін салыңыз.

38


8-сурет. Механикалық ұлпалар. А- қазтамақ сабағының склеренхима клеткалары: 1-клетка қуысы; қабықшаның қалыңдау қабаттары; 3-ұшы қиылған талшықтар; 4-жай пора. Б - алмұрт жемісі. В- жеміс жұмсағынын паренхима клеткаларындағы склереид клеткалары. Г-склереид клеткалары: 1- жұмсақ бөлігіндегі паренхима клеткалары; 2-клетканың қалыңдаған қабырғасы; 3- жай поралы көрініс; 4-кесіндідегі бұтақталған поралар; 5- пораның жабын үлпегі; 6-клетка қуысы.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Механикалық ұлпа атқаратын қызметі және түрлері?

2. Механикалық ұлпаға қандай белгілер тән?

3. Колленхима мен склеренхима клеткаларының құрылымдық айырмашылықтары қандай?

4. Колленхиманың клетка қабырғаларының қалыңдауына байланысты қандай түрлері бар?

5. Склеренхима клеткаларының негізгі ерекшеліктері қандай?

6. Склереид (тасты клеткалар) клеткаларының ерекшеліктері қандай?

БӨЛІП ШЫҒАРУШЫ ҰЛПАЛАР

Жұмыс мақсаты: Бөліп шығарушы ұлпалардың ерекшеліктерімен

танысу.


Тапсырма.

1. Қазтамақ өсімдігі жапырағындагы безді трихомаларды қарау.



2. Қарағай қылқанының ішкі құрылысындағы шайыр жолдарын

қарау.


Қажетті материалдар мен құралдар: қарағай қылқанының дайын препараты, қазтамақ өсімдігінің жас жапырағы, микроскоп,

39

препаральды лупа, препаральды ине, заттық шыны және жабынды әйнектер, фильтр қағазы, су.



Тапсырмаға түсініктеме. Бөліп шығарушы ұлпалар сыртқы және ішкі бөліп шығарушы ұлпалар болып екіге бөлінеді, Сыртқы бөліп шығарушы "безді түктер" - эпидерма туындысы. Мысаль пеларгониянын "безді" түгі көп клеткалы аяқша және бір клеткалы басынан тұрады, кутикула мен целлюлозалы қабықша аралығыңдағ кеңістікке эфир майын шығарады.

Шірнеліктер қантты сұйықтық (нектар) бөледі. Ол өсімдікті гүлінде (жатыннын түбінде, күлте жапырақтарда болады) болады.

Гидатодтар - сыртқа тамшы сұйық суды және онда еріген тұздарды бөліп шығарады.

Ішкі бөліп шығарушы ұлпалар ерекше қуыс түзеді. Іш бөліп шығарушы ұлпаға - бөлуші клеткалар - идиобластор, көп клеткалы сүт жолдары, шайыр қуысы және бөлінген заттарды жинайтын қуыстар жатады. Идиобластор - ұлпаның біркел клеткаларының арасында кездесетін құрамы, құрылымы және пішіні өзгеше клеткалар тобы. Олар кальций оксалатын, терпендерді шырыштарды жинайды. Эфир майлы идиобластор лавр және магнолия тұқымдасының өсімдіктеріне тән. Бөлінген заттарды жинақтайтын қуыстар пішіні, мөлшері, шығу тегі бойынша әргүрлі болады.

Сүт жолдары. Сүтті шырыны вакуольде болатын тірі клеткалар. Сүтті шырын құрамында қоректік қорлы заттар: амин қышқылдары, қант, белок алмасуының соңғы өнімдері алкалоидт гликозидтер, илік заттар (каучук) болады.

Тарамдалмаған сүт жолы - сүттігендер (Еирһоrbіасеа тұқымдасына тән. Сүт жолдары өзара қосылған, өте үлкен жалғыз клетка.

Тарамдалған сүт жолы көкнәр (Рараvеrасеае), күрделі гүлділер (Аstеrасеае) тұқымдастарына тән, ол көп клеткалардан түзілге олардың көлденең клетка қабырғалары бұзылады.

Схизогенді жолдар - жас ұлпаларда клетка аралықтарды кеңеюі, яғни клеткалардың аясырауы нәтижесінде түзіледі. Қуыс жанасатын клеткалар қуысқа заттар бөледі. Заттар бөлетін клеткалар ядро ірі, цитоплазма қою болады және бір қабат болып орналасады. Әсіресе, олар қарағай - Ріпасеае (қарағай, шырша, балқарағай жә т.б.) тұқымдасының туыстарына тән. Оған шайыр жолдары жатады ол өсімдіктердің әр түрлі мүшелерінде және ұлпаларында орналасады. Мысалы: қарағайдың қылқанында, сабағында және тамыр сүрегінде кездеседі.

40

Лизигенді жолдар клеткалар тобының еруінен пайда болады. Ол цитрус тұқымдасына тән.



1-тапсырма. Қазтамақ өсімдігі жапырағындағы безді трихомаларды қарау.

Жұмыстың орындалу барысы: Қазтамақ (Реlаrgопіum) өсімдігі жапырағының эпидермасын сыдырып алып, заттық шыныдағы су тамшысына салыңыз. Бетін жабын әйнекпен жауып, микроскоптың заттық үстелшесіне қойыңыз. Микросконты кіші ұлғайтқышқа қойып, бір клеткалы «безді» түктерге назар аударыңыз. Суретін салыңыз.

2-тапсырма. Қарағай қылқаның ішкі құрылысындағы шайыр жолдарын қарау.

Жұмыстың орындалу барысы: Қарағай қылқанының көлденең кесіндісінің дайын препаратын алдымен микроскоптың кіші, одан кейін үлкен ұлғайтқышы арқылы қарайды. Қарағай кылқанының ішкі құрылысында эпидерма, гиподерма, , мезофилл, шайыр жолдары, түтікті-талшық шоқтары көрінеді. Қатпарлы мезофилге көміле орналасқан шайыр жолдарына назар аударыңыз. Шайыр жолдарының суретін салып, қорытынды жасалады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Бөлін шығарушы ұлпаның атқаратын қызметі кандай?

2. Бөліп шығарушы ұлпалардың пайда болуы, орналасуы және физиологиялық мәніне қарай қандай түрлері бар?

3. Сыртқы бөліп шығарушы ұлпалардың негізгі ерекшеліктері

қандай?


4. Ішкі бөліп шығарушы ұлпалардың негізгі ерекшеліктері қандай?

ӨТКІЗГІШ ҰЛПАЛАР

Жұмыс мақсаты. Өткізгіш ұлпалардың ерекшеліктерімен танысу. Тапсырма.

1. Асқабақ (Сисиrbіtа реро) сабағынын ұзыннан кесіндісінен өткізгіш

ұлпаларды қарау.

2. Жаздық бидай сабағының көлденең кесіндісінен коллатеральды өткізгіш

шоқты қарау.

3. Асқабақ (Сисиrbіtа реро) сабағының колденең кесіндісінен ашық

биколлатеральды шоқты қарау.

Қажетті материалдар мен құралдар: жас немесе фиксацияланған асқабақ, бидай сабақтары, күнбағыс сабағынын ұзыннан кесіндісінің және аскабақ сабағының көлденең кесіндісінің дайын препараттары,микроскоп,

41

препаральды ине, ұстара, заттық шыны және жабындық әйнектер, фильтр қағазы, су.



Тапсырмаға түсініктеме. Тамыр арқылы енген және жапырақта фотосинтез процесі нәтижесінде түзілген заттардың таралуын өткізгіш ұлпалар жүзеге асырады. Өткізгіш ұлпаның екі бар. Ксилема (ксилос- сүрек) - тамыр арқылы енген су минералды заттарды жапыраққа, гүлге және жеміске жеткізеді, төменнен жоғарыға қарай ағыс жолы ден аталады. Флоэма жапырақта синтезделген заттарды (сахароза) тамырға қарай өткізеді ол жоғарыдан төменге қарай ағыс жолы деп аталады. Ксилема мен флоэма ерекшеліктері.

1. Олар өсімдік денесінде үздіксіз тарамдалған жүйе түзіп, барлық мүшелерді байланыстырады.

2. Ксилема мен флоэма күрделі ұлпа, құрамына әртүрлі өткізгіш механикалық, қор жинайтын және бөліп шығарушы ұлпалар енеді.

3. Ксилема және флоэма құрамындағы өткізгіш элементтерді өсімдіктегі заттар ағысының бағытына қарай созылады.

4. Өткізгіш элементтердің қабырғасында саңылаулар (перфора болады. Олар заттардың өтуін жеңілдетеді.

Ксилема - трахея және трахеид, негізгі паренхима және арқаулық ұлпалардан тұрады. Трахея (түтіктер) - ұзындығы бірнеше см - ден 1 м - ге жететін түтіктер. Ол тік орналасқан паренхимал клеткалардан түзіледі, олардың өзара түйіскен көлденең қабырғала бұзылады да, арасын тесіп өтетін перфорация қалыптасады. Трахея түзетін клеткаларды олардың бунақты мүшелері деп, клетка арасындағы көлденең клеткаларды перфорация табақшасы деп атай Трахея барлық жабық тұқымды өсімдіктерде болады.

Трахсид прозенхималық, өлі клеткалар, суды өткізгіш және арқаулық қызмет атқарады. Трахеид - риния мен псилофитте табылған. Папоротник тәрізділер мен жалаңаштұқымдыларда болады.

Ксилеманың құрамындағы склеренхима - либриформ нем сүректі талшық деп аталады. Ксилема алғашқы және соңғы болып бөлінеді. Алғашқы ксилема - протоксилема- прокамбийден пайда болады. Соңғы метаксилема камбийден пайда болады.



Флоэма - сүзгілі түтік және оның серіктерінен, негізгі паренхимадан және арқаулық ұлпадан тұрады. Сүзгілі түтік қызметі органикалық заттарды өткізу, бүйір қабырғаларда ұсақ тор тәріздес тесіктер болады, оны тор саңылаулар немесе қаналшалар деп атаайды. Қаналшалар топтасып жиналып сүзгілі аудан түзеді. Електі элементтердін 2 түрі болады: електі клеткалар және електі түтіктер Флоэма прото- және метафлоэма болып бөлінеді.

42

Паренхима - тірі клетка, клетка қабықшасы целлюлоза, дектин және гемицеллюлозадан тұрады. Пішіні изодиаметрлі. Әртүрлі қызмет атқарады: шөптесін өсімдіктерде беріктік, қор заттарын сақтау, клетка және клетка қабықшасы бойымен заттарды тасымалдайды. Флоэма құрамына енетін склеренхима тін талшығы деп аталады.

Ксилема мен флоэма қатар орналасып өткізгіш шоқтар түзеді. Олар өткізгіш шоқта әртүрлі орналасуы мүмкін. Бірнеше түрі бар. Коллатеральды өткізгіш шоқтың екі түрі бар: ашық және тұйық. Прокамбий клеткаларының бөлінуінен пайда болған жас клеткалар өзара жіктеле келе сырт (қабық) жағында орналасқан элементтері флоэма бөліміне, ал ішкі жағындағылары ксилема бөліміне айналып кетеді. Бұлардың екі арасында меристемалық қасиетін сақтайтын прокамбий клеткалары болмайды. Бұл тұйық шоқ деп аталады. Тұйық коллатеральды өткізгіш шоқ даражарнақты өсімдіктерге тән.

Коллатеральды ашық шоқ флоэма мен ксилеманың арасында камбий болады. Биколлатеральды шоқ ксилеманың екі жағынан бүйірлес флоэма орналасады. Концентрлі шоқта ксилема флоэманы қоршаса - амфивазальды шоқ, флоэма ксилеманы қоршаса амфикрибральды шоқ деп аталады. Радиальды өткізгіш шоқ ксилема мен флоэма сәуле тәріздес орналасады. Сонымен қатар, өткізгіш шоқтар құрамына тірі паренхималар, склеренхима болады.

1-тапсырма. Асқабақ (СисиrbіІа реро) сабағының ұзыннан кесіндісінен өткізгіш ұлпаларды қарау.

Жұмыстың орындалу барысы: Асқабақ сабағының көлденен кесіндісінің дайын препаратынан түтіктер мен сүзгілі түтіктердің әртүрлі типтерімен танысыңыз. Микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы сақиналы, спиральды, нүктелі, торлы түтіктерді және сүзгілі түтіктерді табыңыз. Сақиналы және спиральды түтіктер қабырғасы целлюлозалы, сүректенбеген. Препаратта олар көкшіл түске боялған. Клетка қабықшасы спираль және сақина тәріздес сүректенген түтіктер қызыл түске боялған. Ал, қалған ашық бөлімі- саңылаулар, олар торлы-нүктелі түтіктер. Түтіктердің суретін салып, сүректенген қабықшаны қызыл түске бояңыз. Белгілеуін жазыңыз. Осы препараттан микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы сүзгілі түтіктер және оның серіктес клеткаларын табыңыз. Микроскоптың үлкен ұлғайтқышы арқылы құрылысын анықтаңыз, сүзгілі пластинка сары түске боялған. Серіктес клеткалардың ядросы ірі, цитоплазмасы қою. Суретін салып, белгілеңіз.

2-тапсырма. Жаздық бидай сабағындағы коллатеральды өткізгіш шоқты қарау.

43

Жұмыстың орындалу барысы: Бидай сабағынаи көлденең кесінділер даярлап, уақытша препараттар даярлайды. Алдымен микроскоптың кіші, одан кейін үлкен ұлғайтқышы арқылы қарайды. Өткізгіш шоқ ксилема. флоэма, паренхима және арқаулық ұлпадан тұрады. Шоқ сыртынан склеренхима қынапшасымен қоршалған. Ксилема мен флоэма бүйірлес орналасады және арасында түзуші ұлпа-камбий болмайды, сондықтан шоқ тұйық, коллатеральды. Өткізгіш шоқты суретін салып, корытынды жасаңыз.

3-тапсырма. Кәдімгі асқабақ (Сисиrbitа реро) сабағының көлдене кесіндісінен ашық биколлатеральды шоқты қарау. Кәдімгі асқабақ сабағының көлденең кесіндісінің дайын препаратын алдымен луп одан соң микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы қараңыз. Негізгі паренхиманың клеткалары арасынан ірі өткізгіш шоктарды табыныз.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚ ГАРЫ

1. Өткізгіш ұлпа деген не?

2. Өткізгіш ұлпаның жоғарғы ағыс жолымен (ксилема) қандай заттар жылжиды ?

3. Өткізгіш ұлпаның төменгі ағыс жолымен (флоэма) қандай заттар жылжиды?

4. Ксилеманың гистологиялық бөліктері қандай?

5. Флоэма қандай гистологиялық бөліктерден тұрады?

6. Трахея қалай түзіледі және клетка қабырғаларының қалыңдауының қандай түрлері бар?

III ТАРАУ. ҰРЫҚ, ТҰҚЫМ ЖӘНЕ ӨСКІН МОРФОЛОГИЯСЫ

Жұмыс мақсаты: Дара- және қосжарнақтылар тұқымдары мен

өскіндерінің құрылыс ерекшеліктерімен танысу.



Тапсырма.

1. Даражарнақты эндоспермді тұқымның сыртқы және іш құрылысымен танысу.

2. Қосжарнақты эндоспермсіз тұқымның сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.

3. Дара- және қосжарнақты өсімдіктер өскіндерінің морфологиялы құрылысымен танысу және тамыр түрлерін анықтау.



Жұмысқа қажетті материалдар мен құралдар: алдын-ала жібітілген кәдімгі үрмебұршақ (Рһаsеоlus vи1gаrіs), жұмсақ бидай (Тrіnсum аesivym) тұқымдары мен алдын-ала өсірілген өскіндері, қол лупас пинцет, сапты инелер.

44

Тансырмага түсініктеме:



Өсімдіктер организмінің негізін құрайтын және оның өмір сүруінің негізгі қызметтерін атқаратын мүшелер вегетативті мүшелер деп аталады. Тұқымды өсімдіктердін негізгі вегетативті мүшелері тамыр, сабақ, жапырақ тұқымнын ұрығынан бастама алады. Қолайлы температурада және ылғал жеткілікті болған жағдайда тұқым суды сініріп, ісінеді де өскін (рІапtula) түзіледі. Бірінші тамыры өсе бастап осының нәтижесінде өскін топыраққа бекінеді. Ұрық тамыршасыңан негізгі тамыр пайда болады. Көптеген өсімдіктердің сабағы иілген болып келеді. Кейіннен сабақ тік қалыпқа енеді. Кейбір өімдіктердің (күнбағыс, үрмебұршақ) өскіндерінде тұқымжарнақ топырақ беткейіне шығып, жасылданады, уақытша жапырақтың қызметін атқарады. Тамыр мен сабақтың аралығын тамыр мойыны деп атайды. Тұқымжарнағы жапырағы мен тамыр мойыны аралығындағы сабақ бөлігі гипокотиль деп аталады (тұқым жарнағының астыңғы иіні). Барлық қосжарнақты өсімдіктердің гипокотилі жақсы көрінбейді. Кейбір өсімдіктердің гипокотилінің ұзындығы өте кіші, ол топырақтың астында қалғандыктан, тұқым жарнағы топырақтың үстіңгі қабатына шықпайды. Тұқым жарнағы мен алғашқы нағыз жапырақтың арасындағы сабақ аймағы эпикотиль деп аталады (тұқым жарнағының үстіңгі иіні). Өскіннің алғашқы нағыз жапырағының ересек өсімдікке тән формасы болмайды, сондықтан ювенильді деп аталады.

Астық тұқымдасының тұқымы өнгенде тұқым жарнары тұқымда қалады. Ол эндоспермнің корек заттарын сіңіреді. Топырақ арқылы ұрық жапырақшасы - колеоптильмен коршалған бүршік шығады. Алғашқы нағыз жапырақ колеоптильді жарып шығады.

Жұмыстын орындалу барысы:

1-тапсырма. Даражарнақты эндоспермді тұқымның сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.



Жұмыстың орындалу барысы: Бидай дәнін сыртқы кабыршақтарынан тазартып, шынының үстіне қойып, лупа арқылы караңыз. Онда тұқымның сыртын жауып, тұқым қабығымен тығыз біріккен жұқа, жылтыр қабат-бидайдың жеміс серігі көрінеді. Тұқымның анатомиялық құрылысын анықтау үшін, бидайдыц жібітілген дәнінен ұзыннан тіліп, микроскоп арқылы қараңыз (7x8,15x8). Препараттан дәннің екі бөлімі-ұрық және эндосперм жақсы байқалады.

Ұрық алғашқы меристемадан тұрады, онда ұрық тамыршасы оның тамыр оймақшасы, тамыр қынабы-колеориза, ұрық сабақшасы (гипокотиль) және бүршік бөлімдері бар. Бүршік-ұрық жапырақшаларымен жабылған сабақтың бой конусы. Сыртқы ұрық жапырақшасы-колеоптиль деп аталады.

45

Ол бүршікті өсу барысы топырақ қабаттарының механикалық әсерінен сақтайды. Түрі өзгер тұқымжарнақты-қалқанша эндоспермге жанасып орналаса Редукцияланған екінші тұқым жарнағы -эпибласт қалқаншаға қара қарсы, ұрық сабақшасы жағында жатады. Кейбір астық тұқымы эпибласт болмайды (сурет 9 А).



Препаратты жылжытып, эндосперм шет жағында белок майда түйіршіктерінен, алейрон дәндерінен тұратын алейрон қаба және бұл қабаттан ішке қарай тұқымның орталық бөліміндегі күрделі крахмал дәндерін қараңыздар және суретін салыңыз.

1-тапсырма. Қосжарнақты эндоспермсіз тұқымнын сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.

Жұмыстың орындалу барысы: Қол лупасы арқылы үрмебұршақ

тұқымның сыртқы құрылысын қараңыз. Тұқымның сырты тұқым қабығы-спермодермамен жабылған. Тұқымның ойыстау келген бауыр жағында ақшыл сопақша тұқымдақты (рубчик) табыңыз. Тұқымдақ бір сызық бойында тұқым санылауы (микропиле) көрінеді. Тұқымдақтан төменірек тұқым бүрінің тұқым тірсегімен кірігуінен пайда болған сызат өтеді, ол тұқым тігісі деп аталады. Бөрткен тұқымның тұқым қабығын сыдырып, ұрық тамыршасы, сабақшасы және бүршіктен тұратын пішіні бүйрек тәрізді екі тұқым жарнағы жатады. Тұқымда эндосперм жоқ екенін көреміз. Қоре заттар ұрықтың тұқымжарнақтарында жиналған, клеткалары алейрон және крахмал дәндері бар (сурет 9 Б, В). Тұқымның сыртқы және ішкі құрылысының суретін салыңыз.



2-тапсырма. Дара - және қосжарнақты өсімдіктер өскіндері морфологиялық құрылысымен танысу және тамыр түрлерін анықтау.

Жұмыстың орындалу барысы: Бидай мен жүтері өскіндерім негізгі тамыр, жанама тамыр, қосалқы тамыр, колеоптиль және саны біреу жасыл жапырақты тауып, өскіннің жерасты өсуіне жататынның анықтаныз (сурет 9 Г).

Әртүрлі мерзімде өсірілген үрмебұршақ өскіндерін талдаңыздар. Негізгі тамыр, оның ұрықтың қай бөлімінен өсіп шығатынын; жанама тамырлар, олардың қайдан жетілетінін; өскіннің тамыр мойнын; тұқым жарнағының астыңғы қылтасын (гипокотиль тұқым жарнақтары, олардың өскіндерінде орналасу ерекшеліктерін тұқымжарнағының үстіңгі қылтасын (эпикотиль); саны екеу, алғашқы нағыз жасыл жапырақарын: буынын; буынаралықтарын; бүрішіктерін тауып, сипаттама беріңіз (сурет 9 Д).



46

9- сурет. Дара- және қосжарнақтылар тұқымдары мен өскіндерінің құрылысы. А-бидай тұқымының ішкі құрылысы: 1- ; 2; 3; 4: 5. Б- Үрмебұршақ тұқымының сыртқы құрылысы: I- тұқымдақ; 2-тұқым санылауы. В- Үрмебұршақ тұқымының ішкі құылысы: 1-тұқымжарнағы; 2-бүршік; 3-ұрық тамыршасы; 4-гипокотиль (сабақ). Г-Бидай өскіні: 1-негізгі тамыр; 2-қосалқы тамырлар; 3-жапырақ; 4-колеоптиль. Д -Үрмебұршақ өскіні: 1-негізгі тамыр; 2-жанама тамырлар; 3-тамыр мойыны; 4-гипокотиль; 5-эпикотиль; 6-тұқымжарнағы; 7-жапырақ; 8-бүршік.

Қос- және даражарнақты өсімдіктер өскіндерінің суретін салып, белгіленуін жазыңыз.

БАҚЫЛАУ СҮРАҚТАРЫ

1 Тұқымның атқаратын қызметі қандай?

2. Толық жетілген тұқымнын бөлімдерін атаңыз.

3- Тұқым бөлімдері (тұқым қабығы, ұрық, эндосперм) тұқым

бүршігінің қандай бөліктерінен және қай уакытта пайда болады?

Тұқымның өсуіне қажетті жағдайлар қандай? Қос- және даражарнақтылардың өскініне тән бөлімдерді атаңыз?

47

ІҮ ТАРАУ. ТАМЫР ЖӘНЕ ТАМЫР ЖҮЙЕЛЕРІ

Тамыр төбе меристемасы арқылы ұзындыққа өсетін ос вегетативтік мүше. Сабақтан айырмашылығы - онда ешқаша жапырақтар пайда болмайды және апикальді меристема та оймақшасымен қапталған.



Негізгі атқаратын функциясы су және минера заттарды топырақтан сіңіру.

Қосымша атқаратын функциясы:

1. Тамыр өсімдікті топыраққа бекітеді, вертикальді өсуіне жағдай жасайды.

2. Тамырда әртүрлі заттар синтезделеді (көптеген аминқышқылда гормондар, алколоидтар) және өсімдіктердің басқа мүшелер жеткізіледі.

3. Тамырда қор заттары жинақталады.

4. Тамыр басқа өсімдік тамырларымен, топырақтағы-микроорганизмдермен, саңырауқұлақтармен байланысады.

5. Вегетативтік.көбеюге қатысады.



жүктеу 3,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау