«Сәулеткерлік қызмет» кәсіптік стандарты Жалпы ережелер 1



жүктеу 88,62 Kb.
Pdf просмотр
Дата04.12.2017
өлшемі88,62 Kb.
#3056


 

ЖОБА 



 

 

 



«Сәулеткерлік қызмет» кәсіптік стандарты 

 

1.  Жалпы ережелер 

 

1.  «Сәулеткерлік  қызмет»  кәсіби  стандарты  (бұдан  әрі  -  КС)  ЭҚЖЖ 



бойынша «71.11 Сәулет саласындағы қызмет» кәсіби әрекет саласында еңбек 

шарттарына,  сапасына,  мазмұнына,  құзіреттілігі  мен  біліктілігі  деңгейіне 

қойылатын талаптарды анықтайды және: 

1) 


еңбек  саласы  мен  кәсіби  білім  беру  саласындағы  өзара 

әрекеттестікті  кадрлық  саясат  қалыптастыру  және  қызметкерлерді  басқару 

арқылы реттеуге; 

2) 


әзірлеу бағдарламаларын дайындауға, біліктілікті арттыруға және 

кәсіби қайта даярлауға қойылатын талаптарға реттеме белгілеуге

3) 

қызметкерлерді  аттестаттау  және  сертификаттау  барысында 



жұмыскерлер құзіреттілігін бағалауға арналған талаптарды реттемелеуге; 

4) 


лауазымдық нұсқаулар жасауды ұйымдастыруға; 

5) 


өндірісті,  еңбекті  және  басқаруды  ұйымдастыру  ерекшеліктерін 

ескере отырып еңбек төлемі жүйесін қалыптастыруға арналады. 

2.  Осы  кәсіптік  стандартта    келесі  терминдер  мен  анықтамалар 

қолданылады: 

біліктілік  –  қызметкердің  нақты  еңбек  міндеттерін  сапалы  орындауға 

дайын болу деңгейі; 

біліктілік  деңгейі  –  күрделілігі,  еңбек  қызметінің  стандарттан  басқа 

болуы,  жауапкершілігі  және  дербестігі  бойынша  сараланатын  қызметкерлер 

дайындығы мен құзыреттілігіне қатысты талаптар жиынтығы; 

ұлттық  біліктілік  шеңбері  (ҰБШ)  –  еңбек  нарығында  құпталатын 

біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы; 

ұлттық  біліктілік  жүйесі  (ҰБЖ)  –  еңбек  нарығы  тарапынан  мамандар 

біліктілігіне 

деген 


сұраныс 

пен 


ұсыныстарды 

құқықтық 

және 

институционалды реттеу  тетіктерінің жиынтығы; 



салалық  біліктілік  шеңбері  (СБШ)  –  салада  құпталатын  біліктілік 

деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы; 

сала - бір типті өнім құруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің 

негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар 

мен ұйымдардың жиынтығы; 

кәсіби  топ  –  ортақ  интеграциялық  негізі  бар  (ұқсас  немесе  жақын 

мақсаттар,  объектілер,  технологиялар,  сондай-ақ  еңбек  құралдары)  және 

оларды орындау  үшін  еңбек  міндеттері  мен  құзыреттілігінің ұқсас жинағын 

болжайтын шағын топтар жиынтығы; 



 

кәсіби  шағын  топтар  –  еңбек  міндеттерінің  тұтас  жинағымен  және 



оларды  орындауға  қажетті  құзыреттіліктермен  қалыптасқан,  мамандықтар 

жиынтығы; 

кәсіптік стандарт бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, дербес 

және  маңызды  болып  табылатын  нақты  еңбек  функциясының  ашық 

сипаттамасынан тұратын кәсіптік стандарттың құрылымдық элементі; 

кәсіп  –  білімі  туралы  тиісті  құжатпен  расталатын  және  арнайы 

дайындықтың    нәтижесінде  пайда  болған  арнайы  білім,  білік  мен 

практикалық  дағдылар  кешенін  білуді  талап  ететін  адам  еңбегі  қызметінің 

негізгі түрі; 

еңбек  функциясы  –  еңбек  үдерісінің  бір  немесе  бірнеше  міндеттерін 

шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы; 

БТБА  –  Жұмыс  және  жұмысшылар  кәсіптерінің  Бірыңғай  тарифтік-

біліктілік анықтамасы. 

 

2. Кәсіптік стандарт паспорты 



 

3. Кәсіптік стандарттың атауы: Сәулеткерлік қызмет. 

4. Кәсіптік  стандартты  әзірлеу  мақсаты:  Осы  кәсіби  шағын  топтың 

кәсіптер тізбесін жасау және анықталған кәсіптер үшін кәсіп карточкаларын 

әзірлеу. 

5. Кәсіптік  стандарттың  қысқаша  сипаттамасы:  Ғимараттар  мен 

имараттарды  қайта  құрастырудың,  күрделі  құрылыстың,  құрылыс 

нысанының көлемдік-жобалық шешімін дайындау және құрастыру саласы. 

6. Негізгі  топ:  Азаматтық  және  өндірістік  ғимараттар  мен  имараттар 

құрылысы (жұмыста). 

Кәсіби топ: Жобалық-сметалық құжаттарды дайындау (жұмыста). 

 

3. Кәсіп карточкалары 



 

7. Кәсіптер тізбесі: 

сәулетші, СБШ бойынша 5 біліктілік деңгей; 

жобаның бас сәулетшісі, СБШ бойынша 7 біліктілік деңгей; 

бас сәулетші, СБШ бойынша 6 біліктілік деңгей. 

Кәсіп  карточкалары  осы  Кәсіптік  стандарттың  қосымшасында 

келтірілген. 

 

 



 


 

«Сәулеткерлік қызмет»  



кәсіптік стандартына  қосымша 

 

КӘСІП КАРТОЧКАСЫ «Сәулетші» 

Кәсіп коды 

2141 


Кәсіп атауы 

Сәулетші 

СБШ бойынша біліктілік 

деңгейі 


БТБА бойынша біліктілік 

деңгейі 

Санатсыз – II-I санатты 

Кәсіби білім деңгейі 

 

СБШ-ның 5-деңгейі 

Техникалық және кәсіби білім (орта буын маманы), ортадан кейінгі білім, жоғары білім.   

Т 

Еңбек функциясы 



1) Жобалық шешімдерді әзірлеу, жобалау және келісу. 

2) Техникалық жетекшілікті жүзеге асыру, техникалық-экономикалық негіздемелер құрастыру. 

3) Құрылысты авторлық қадағалау. 

Еңбек функциясы 1 

 

Жобалық шешімдерді әзірлеу, 



жобалау және келісу. 

СБШ бойынша  біліктілік деңгейі: 5  (санат: санатсыз,  II санат, I санат) 

Біліктері мен дағдылары: 

1. Қалалардың, ұйымдардың, ғимараттар мен құрылымдардың бас жоспарлары мен жобалық ұсыныстарын 

әзірлеу және жобалау. 

2.

 



Құрылысты жүзеге асыру шарттары мен жобалық шешімдерді сәйкес органдармен келісу.  

3. Неғұрлым мақсатты экономикалық шешімдерді анықтау және оларды тәжірибе жүзінде тексеру бойынша 

зерттеу жұмыстарын жүргізу. 

4. Жобаларды сараптау оргнадары мен жоғарғы ұйымдарда қарастыру, келісу және қорғау. 

5. Келешегі бар құрылымдық шешімдерді анықтау үшін әр түрлі нұсқалар жасауды жүзеге асыру. 

6. Сәулеткерлік бөлімнің жобаның басқа бөлімдерімен үйлесімділігін қамтамасыз ету, қажетті техникалық 

құжаттаманың жинақтылығы, жобалаудың барлық кезеңдерінде жобалық құжаттар көлемін қысқарту. 

7. Орындалған жұмыстар туралы ғылыми-техникалық есептер бөлімдерін құрастыру. 



Білімі: 

1.

 



Құрылыс материалдары мен құрылымдар түрлері мен қасиеттері. Жобалық-сметалық құжаттаманы 

рәсімдеу бойынша стандарттар; жобалау мен құрылыстың техникалық құралдары, еңбекті қорғау, 

өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормалары. 

2.

 



Құрылыс материалдары мен құрылымдар түрлері мен қасиеттері.  

3. Объектілерді жобалау, салу және пайдалану бойынша әдістемелік, нормативті және басқа да жетекші 




 

материалдар, қаулылар, бұйрықтар мен жарлықтар. 



4. Жобалық-сметалық құжаттаманы рәсімдеу бойынша стандарттар; жобалау мен құрылыстың техникалық 

құралдары, еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормалары. 

5. Құрылыс материалдары мен құрылымдарының түрлері мен қасиеттері.   

6. Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары. 

Еңбек функциясы 2 

 

Техникалық жетекшілікті 



жүзеге асыру, техникалық-

экономикалық негіздемелер 

құрастыру. 

Біліктері мен дағдылары: 

1. Әр түрлі бағыттағы объектілердің кешенді жобаларының сәулеткерлік бөлігін (бөлімін) жасауды жүзеге 

асыру. 

2.

 



Құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемі бойынша қажетті техникалық-экономикалық негіздемелерді 

құрастыру. 

3.

 

Құрылыстың сметалық құны, құрылғылар, бұйымдар мен материалдардың қажетті құрамы мен сапасын 



анықтау.   

4.

 



Тапсырыс берушілермен және аралық мердігерлік ұйымдармен жобалық-ізденушілік жұмыстарды 

жүргізуге келісім жасасу үшін қажетті материалдарды дайындау. 

5. Аралық мердігерлік ұйымдарға техникалық тапсырмалар дайындау және оларды тапсырылған 

жұмыстарды орындауға қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету. 

6. Жоба жұмыстарын орындаудың белгіленген мерзімдерін сақтау, олардың сапасы мен үнемділігін 

арттыру, сонымен қатар, қабылданған жобалық шешімдердің қолданыстағы жобалау және құрылыс 

бойынша нормативті құжаттарға сәйкестігін қамтамасыз ету. 

7. Техникалық-экономикалық есептерді жобалау және жүргізу.  



Білімі: 

1. Қала құрылысы және сәулет шешімдерін жүзеге асырудың аймақтық және жергілікті табиғи, 

экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және басқа да сипаттамасы. 

2. Жобалық-сметалық құжаттаманы рәсімдеу бойынша стандарттар; жобалау мен құрылыстың техникалық 

құралдары, еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныстың нормалары мен ережелері. 

3. Құрылыс материалдары мен құрылымдарының түрлері мен қасиеттері. 

4. Объектілерді жобалау, салу және пайдалану бойынша қаулылар мен қарарлар, бұйрықтар, әдістемелік, 

нормативті және басқа да жетекші материалдар. 

5. Жобалық-сметалық құжаттаманы рәсімдеу бойынша стандарттар. 

6. Жобалау мен құрылыстың техникалық құралдары, еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы 

қорғаныстың нормалары мен ережелері. 

7. Объектілерді жобалау, салу және пайдалану бойынша қаулылар мен қарарлар, бұйрықтар, әдістемелік, 

нормативті және басқа да жетекші материалдар. 



 

Еңбек функциясы 3 



 

Құрылысты авторлық 

қадағалау. 

Біліктері мен дағдылары: 

1. Жобаланатын объектілер құрылысын авторлық қадағаоауды жүзеге асыру. 

2.

 

Құрылыстың қолданылатын және бекітілген жобаларымен, стандарттарымен, техникалық шарттарымен 



құрылыс материалдарының, құрылымдары мен бұйымдарының сәйкестігін қамтамасыз ету. 

3. Авторлық қадағалау үдерісіне қатысу және жобалық құжаттама талаптарынан ауыстқуларды, сонымен 

бірге нормативтік құжаттар талаптарының бұзушылықтарын анықтау. 

4. Авторлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде қабылданған шешімдерге сәйкес жобалық құжаттамаға 

түзетулер енгізу бойынша жұмысқа қатысу.   

5. Ғылыми және техникалық жетістіктерді лицензиялау бойынша құжаттамаларды ресімдеуді жүзеге асыру.  



Білімі: 

1. Қала құрылысы және сәулет шешімдерін жүзеге асырудың аймақтық және жергілікті табиғи, 

экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және басқа да сипаттамасы. 

2. Жобалық-сметалық құжаттаманы рәсімдеу бойынша стандарттар. 

3. Жобалау мен құрылыстың техникалық құралдары, еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы 

қорғаныстың нормалары мен ережелері. 

4. Еңбекті қорғау ережелері мен нормалары. 

Жеке құзыретіне қойылатын 

талаптар 

Командада жұмыс істей білу 

Тыңғылықтылық 

СБШ шеңберінде басқа 

кәсіптермен байланысы  

 

 

КӘСІП КАРТОЧКАСЫ «Жобаның бас сәулетшісі» 

Кәсіп коды 

2145 


Кәсіп атауы 

Жобаның бас сәулетшісі 

СБШ бойынша біліктілік 

деңгейі 


БТБА бойынша біліктілік 

деңгейі 

 

Кәсіби білім деңгейі 



 

СБШ-ның 7-деңгейі 

Жоғары білім (бакалавриат). Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. 

 

Еңбек функциясы 



1) Жобалық құжаттама бөлімдерін ұйымдастыру және техникалық жетекшілік ету. 

2) Объектіде авторлық қадағалау шараларын жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. 

3)

 

Құрылыс-құрастыру жұмыстарына сәйкес тапсырыс берушіге кеңес беруді ұйымдастыру. 




 

Еңбек функциясы 1 



 

Жобалық құжаттама 

бөлімдерін ұйымдастыру және 

техникалық жетекшілік ету. 



СБШ бойынша  біліктілік деңгейі: 7 

Біліктері мен дағдылары: 

1. Жобаға дейінгі, жобалық және ізденушілік жұмыстардың бағасы, мерзімі және көлемін анықтау 

бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және басшылық ету. 

2. Жобаға дейінгі, жобалық және ізденушілік жұмыстарды орындауға мердігерлік келісім жасасуға қажетті 

техникалық тапсырмалар мен құжаттарды дайындауды ұйымдастыру. 

3. Жобалық шешімдердің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау және есептеу жүргізуді 

ұйымдастыру.   

4. Тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша жобаның экономикалық тиімділігін бағалауды жүзеге асыру. 

5. Тапсырыс берушіге мердігерлік құрылыс ұйымын таңдауға және оның жұмыстарының нәтижелерінің 

жобалық құжаттама талаптарына сәйкестігін қадағалауды жүзеге асыруға кеңес беру көмегін ұйымдастыру. 

6. Қажетті құрылыс материалдарын, жабдықтар мен құрылымдарды таңдауда және олардың жобалық 

құжаттама талаптырына сәйкестігін қадағалауды жүзеге асыруда тапсырыс берушіге кеңес беру қызметін 

ұйымдастыру. 

Білімі: 

1. Мердігерлік келісімдерді жасау және орындау, ғылыми-техникалық (жобалық) өнімдерді  тапсыру 

тәртібін реттейтін заңдар мен басқа да нормативті құқықтық актілердің талаптары. 

2. Жобалық жұмыстарды орындауға мердігерлік келісімнің мазмұнына, рәсімделу тәртібіне жәнее 

жасалуына заңдар мен басқа нормативті құқықтық актілердің талаптары. 

3.

 



Күрделі құрылыс объектілерін жобалау мерзімін есептеудің норпмалары мен әдістемелері. Жобалық 

құжаттаманың бөлімдері және/немесе тармақтарын әзірлеу құнын анықтау нормалары мен әдістемелері. 

4. Жобалық шешімдердің техникалық-экономикалық негіздемесін жүргізу кезінде ескерілетін міндетті 

техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің құрамы. 

5. Сәулет-құрылыс жобалаудағы техникалық-экономикалық есептерін жүргізу әдістері.  

6. Күрделі құрылыс объектілерін жобалау, салу және пайдаланубойынша нормативті-техникалық құжаттар 

талаптары (техникалық регламенттер, ұлттық стандарттар мен ережелер жинағы, мемлекеттік билік 

органдарының, өзін-өзі реттеу ұйымдарының нормативті және әдістемелік құжаттары,санитарлық нормалар 

мен ережелер және т.б.).   

7. Құрылыста, инженерлік жүйелерді орнатуда, жабдықтарды құрастыруда пайдаланылатын негізгі 

технилогиялар.   

8. Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары. 

Еңбек функциясы 2 

Біліктері мен дағдылары: 



 

 



Объектіде авторлық қадағалау 

шараларын жүргізу бойынша 

жұмыстарды ұйымдастыру. 

1. Тапсырыс берушімен және/немесе пайдаланушы ұйыммен авторлық қадағалау бойынша жұмыстар 

көлемін және авторлық қадағалау жұмыстарын жүргізудің күнтізбелік жоспарын жасау және бекіту. 

2. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын мамандар тобын қалыптастыру бойынша ұсыныстар жасау және 

олардың жұмысын ұйымдастыру. 

3. Құрылыс объектісінде уақытымен тексеріс жүргізуді қадағалау және ұйымдастыру. 

4. Авторлық қадағалау журналын жүргізу және оның жүргізілу мен рәсімделуінің дұрыстығын бақылауды 

ұйымдастыру. 

5. Авторлық қадағалау үдерісінде үдерісінде жүзеге асырылатын тексеріс нәтижелерін талдауды жүзеге 

асыру. 


Білімі: 

1. Объект құрылысы және объектіні пайдаланудың кепілді мерзімі ішінде авторлық қадағалау жүргізу және 

нәтижелерін рәсімдеу тәртібіне заңдар мен нормативті құқықтық актілердің талаптары. 

2. Объекті құрылысы және объектіні пайдаланудың кепілді мерзімі ішінде авторлық қадағалауды жүзеге 

асыру барысында тараптардың құқықтары мен жауапкершіліктерін реттйтін нормативті құқықтық актілер. 

3. Объекті құрылысы кезінде және кепілді мерзімде авторлық қадағалауды жүзеге асыруға, авторлық 

қадағалау шараларын жүргізу тәртібіне, қадағалау тексерістерін жүргізу жиілігіне және авторлық қадағалау 

шаралары нәтижелері бойынша есептің мазмұнына қойылатын, келісімде белгіленген талаптар. 

Еңбек функциясы 3 

 

Құрылыс-құрастыру 



жұмыстарына сәйкес 

тапсырыс берушіге кеңес 

беруді ұйымдастыру. 

Біліктері мен дағдылары: 

1. Күрделі құрылыстың аяқталған объектісін техникалық тексеруге қатысу. 

2. Күрделі құрылыс объектісін қабылдауда берілетін құжаттарды талдауды жүзеге асыру және оның 

нормативті-техникалық құжаттар мен жобалық құжаттама талаптарына сәйкестігін анықтау. 

3. Мердігерлік құрылыс ұйымының анықталған ақаулар мен кемшіліктер бойынша жұмыс жүргізу мерзімі 

мен тәртібін талдауды жүзеге асыру және оңтайлы шешім қабылдау. 

4. Пайдаланылуға берілген күрделі құрылыс объектілерін техникалық тексеруге қатысу. 

5.

 



Тапсырыс берушімен келіссөздер жүргізу және жобалық ұйым мүддесін таныстыру.  

6. Тапсырыс берушімен жобалық, ізденушілік және басқа да келісімде қарастырылған жұмыстарды 

орындау кестесін келісу.   

Білімі: 

1. Күрделі құрылыс объектілерін жобалау, салу және пайдаланубойынша нормативті-техникалық құжаттар 

талаптары (техникалық регламенттер, ұлттық стандарттар мен ережелер жинағы, мемлекеттік билік 

органдарының, өзін-өзі реттеу ұйымдарының нормативті және әдістемелік құжаттары,санитарлық нормалар 

мен ережелер және т.б.). 

2. Күрделі құрылыс объектілерін қабылдауға және пайдалануға беруге қоятын заңдар мен басқа да 




 

нормативті құқықтық актілердің талаптары. 



3. Күрделі құрылыс объектілерін техникалық тексеруді жүзеге асыру тәртібі мен мазмұнына қоятын 

нормативті-техникалық құжаттардың талаптары. 

4. Заңдар мен басқа да нормативті құқықтық актілердің жобалық құжаттаманы келісуге және бекітуге 

қоятын талаптары. 

5. Жобалық жұмыстарды орындауға мердігерлік келісімнің мазмұнына, жасау және рәсімдеу тәртібіне 

заңдар мен басқа да нормативті құқықтық актілердің талаптары. 

6. Мердігерлік келісім жасау және әзірлеу тәртібін реттейтін заңдар мен басқа да нормативті құқықтық 

актілердің жобалық және ізденушілік жұмыстарға және жобалық өнімді тапсыру тәртібіне қоятын 

талаптары. 

7. Күрделі құрылыс объектілерін жобалау мерзімін есептеу нормалары мен әдістемелері. 

8. Жобалық құжаттама жасау құнын анықтау әдістері мен нормалары. 

Жеке құзыретіне қойылатын 

талаптар 

Командада жұмыс істей білу 

Тыңғылықтылық 

СБШ шеңберінде басқа 

кәсіптермен байланысы  

 

 

КӘСІП КАРТОЧКАСЫ «Бас сәулетші» 

Кәсіп коды 

1223 


Кәсіп атауы 

Бас сәулетші 

СБШ бойынша біліктілік 

деңгейі 


БТБА бойынша біліктілік 

деңгейі 

Санатсыз  

Кәсіби білім деңгейі 

 

СБШ-ның 6-деңгейі 

Жоғары білім (бакалавриат). 

 

Еңбек функциясы 



1) Ғимарат күтімі туралы нұсқаулар әзірлеу бойынша бастапқы-рұқсат құжаттамасының сәйкестігін 

анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. 

2) Құрылыс-құрастыру жұмыстарына сәйкес тапсырыс берушіге кеңес беру бойынша көмек көрсетуді 

ұйымдастыру. 

3) Авторлық қадағалау шараларын жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. 

Еңбек функциясы 1 

 

Ғимарат күтімі туралы 



СБШ бойынша  біліктілік деңгейі: 6  (санат: санатсыз) 

Біліктері мен дағдылары: 

1. Тапсырыс беруші беретін бастапқы рұқсаттық құжаттаманың нормативті және құқықтық талаптарға 




 

нұсқаулар әзірлеу бойынша 



бастапқы-рұқсат 

құжаттамасының сәйкестігін 

анықтау бойынша 

жұмыстарды ұйымдастыру. 

сәйкестігін анықтау бойынша жұмыстар. 

2. Жобалау тапсырмасының мазмұны бойынша тапсырыс берушіге нұсқаулар әзірлеу және беру. 



Білімі: 

1. Сәулет-құрылыс жобалауға бастапқы рұқсат құжаттамасын және техникалық шарттарды беру тәртібі 

және заңдар мен құқықтық актілердің талаптары. 

2. Жобалау тапсырмасының құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптар. 

3. Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары. 

Еңбек функциясы 2 

 

Құрылыс-құрастыру 



жұмыстарына сәйкес 

тапсырыс берушіге кеңес беру 

бойынша көмек көрсетуді 

ұйымдастыру. 



Біліктері мен дағдылары: 

1. Сәулет-құрылыс жобалау саласында қызмет көрсету нарығындағы жағдайды талдау. 

2.

 

Ағымдағы қызметтің басым бағытын анықтау және жобалық ұйымдастыру әрекетінің дамуын анықтауға 



қатысу. 

3.

 



Жобалық-ізденушілік жұмыстарын орындауға коммерциялық ұсыныстар жасау үшін мәліметтер 

дайындау.    



Білімі: 

1. Сәулет-құрылыс жобалауға бастапқы рұқсат құжаттамасын және техникалық шарттарды беру тәртібі 

және заңдар мен құқықтық актілердің талаптары. 

2. Жобалау тапсырмасының құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптар. 

3. Сәулет-құрылыс жобалауларын реттемелеуші заңдар және өзге нормативтік құқықтық актілер. 

4. Күрделі құрылыс нысандарын жобалау кезінде орындалатын инженерлік іздеулердің жүргізілуін 

ұйымдастыру және тәртібіне қойылатын нормативтік-техникалық құжаттар талаптары. 

5. Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары. 

Еңбек функциясы 3 

 

Авторлық қадағалау 



шараларын жүргізу бойынша 

жұмыстарды ұйымдастыру. 



Біліктері мен дағдылары: 

1. Авторлық қадағалау үдерісіне қатысу және жобалық құжаттама талаптарынан ауыстқуларды, сонымен 

бірге нормативтік құжаттар талаптарының бұзушылықтарын анықтау. 

2. Авторлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде қабылданған шешімдерге сәйкес жобалық құжаттамаға 

түзетулер енгізу бойынша жұмысқа қатысу.   

3. Ғылыми және техникалық жетістіктерді лицензиялау бойынша құжаттамаларды ресімдеуді жүзеге асыру. 



Білімі: 

1. Күрделі құрылыс нысандарын жобалау кезінде қолданылатын типтік сәулет және құрастырылымдық 

шешімдер. 

2. Күрделі құрылыс нысандарын жобалау, құрылысы және пайдалану бойынша нормативтік-техникалық 

құжаттар талаптары (техникалық регламенттер, ұлттық стандарттар және ережелер жинағы, мемлекеттік 

билік органдары мен өздігімен реттелуші мекемелердің нормативтік және әдістемелік құжаттары, 




10 

 

санитарлық нормалар мен ережелер және т.б.). 



3. Сәулет-құрылыс жобалауларын реттемелеуші заңдар және өзге нормативтік құқықтық актілер. 

4. Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары. 

Жеке құзыретіне қойылатын 

талаптар 

Командада жұмыс істей білу 

Тыңғылықтылық 

СБШ шеңберінде басқа 

кәсіптермен байланысы  



 

 

Кәсіптік стандарттың техникалық мәліметтері 

Әзірлеген 

«Монолит-Строй2011» ЖШС 

Нұсқа нөмірі және 

шығарылған жылы 

Нұсқа 1, 2014 жыл 

Болжалды қайта қарау датасы  2017 жыл 



 

 

 



жүктеу 88,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау