Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



жүктеу 2,67 Mb.
бет16/58
Дата16.01.2020
өлшемі2,67 Mb.
#26963
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58

7.3 Ыстық сумен жабдықтау


7.3.1 Тұрғын үйлерді ыстық сумен жабдықтауға кететін су шығыны белгіленген нормаларды есепке ала отырып, қамтамасыз етілуі тиіс.

Тұрғын үйлерді ыстық сумен жабдықтау жүйесіне жіберілетін су сапасы ГОСТ талаптарына жауап беруі тиіс.

Су жиналатын нүктелерге жіберілетін су температурасы (крандарға, қоспалауыштарға)ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесінде 60 °С-ден кем болмай және жабық жүйеде 50 °С –ден кем болмауы тиіс. Ыстық сумен жабдықтау жүйесіндегі су температурасы ыстық сумен жабдықтау жүйесінде орнатуы міндетті болып келетін автоматты реттеуіштің көмегі арқылы қолдау көрсетілуі тиіс. Ыстық сумен жабдықтау жүйесінің су жылытқышынан шығатын су температурасы су жиналатын нүктелердегі сужылытқыштан шығатын судың мөлшерленген деңгейін есепке ала отырып таңдалады, бірақ 75 °С-ден аспауы тиіс.

7.3.2 ыстық сумен жабдықтаушы жүйесіне қызмет көрсетуші инженерлі-техникалық жұмыскерлер мен жұмысшылардың міндеті:

- жүйені шындығында және сызба бойынша үйрену;

- анықталған кемшіліктерді жою арқылы жүйенің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету.



Инженерлік-техникалық жұмыскерлер қызмет көрсететін тұрғындарды суөткізгіш арматураның шуы және ағып кетуі туралы уақытында хабарлау қажеттігі, ыстық суды үнемді шығындау туралы айтып түсіндіруге және осы талаптардың орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыруға міндетті.

7.3.3 Ғимараттарды ыстық сумен жабдықтау жүйесі, сонымен қатар жөндеу жұмыстары аяқталған соң ішкітоқсандық желі құбырын қысымға сынау керек, ол жұмыс барысында 1,25-ке тең, бірақ 1,0 МПа-дан (10 кгс/см INCLUDEPICTURE "../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image031.gif" \* MERGEFORMAT INCLUDEPICTURE "../../../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image031.gif" \* MERGEFORMAT ) жоғары емес және 0,75 МПа-дан (7,5 кгс/см INCLUDEPICTURE "../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image032.gif" \* MERGEFORMAT INCLUDEPICTURE "../../../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image032.gif" \* MERGEFORMAT ) төмен емес болуы тиіс.

7.3.4 Ыстық сумен жабдықтау жүйесін жөндеу бойынша жұмыстар жобаға және нұсқаулық пен ереженің талаптарына сай орындалуы тиіс. Жүйедегі құбырларды әдеттегідей мырышпен қапталған ретінде қолданған дұрыс. Жүйенің магистралі мен келтірушісі иілусіз су жиналатын тетік жағынан артылған 0,002 – ден кем емес бағытта болуы тиіс.

Құбырларға арналған жылжымалы тіреуіштер мен бекіту аспаларының құрылымдары температура өзгерісінің әсерінен құбырлардың еркін алмасуына жол беруі тиіс.

Жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін жүйе тиісті кесімді құраушы пайдалану қауіпсіздігіне жауапты тұлғаның қатысуымен сыналуы тиіс.

Ыстық сумен жабдықтау жүйесін ғимаратқа енгізуде бекітпе арматура және жылу энергиясын есептейтін құралдар және ысырмаға дейінгі және кейінгі жылу таратқыштар орнатылуы тиіс. (термометр және манометр).

7.3.5 Жүйедегі қысымды статистикалық қысымнан жоғары ұстаған жөн, яғни 0,05 - 0,07 Мпа (0,5 - 0,7 кгс/см INCLUDEPICTURE "../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image033.gif" \* MERGEFORMAT INCLUDEPICTURE "../../../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image033.gif" \* MERGEFORMAT ).

Су жылытқыштар мен құбырлар тұрақты түрде сумен толып тұрулары керек:

7.3.6 Негізгі ысырмалар мен вентильдер ыстық сумен жабдықтау жүйесін реттеу және сөндіру үшін арналған және оны айына екі рет ашып, жабу керек.

Көрсетілген арматураны ашу және жабуды баяу жүргізу қажет.

Ысырманы, шұраларды және шүмектерді ашу үшін газды тістеуік шымшуырлар мен құбыр кесіндісін қолдануға жол берілмейді.

Пайдалануға беру үрдісі кезінде стояктарда, бекітпелі-реттеуші келтіргіштерде және су жиналатын арматураларда ағып кету жағдайының жоқтығын бақылау керек және судың ағып кетуін және кемшілік туғызатын себептерді жойған дұрыс.

7.3.7 Ыстық сумен жабдықтау жүйесін қарауды тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымның маманы бекіткен кесте бойынша жүргізген дұрыс және оның қарау нәтижесін журналға енгізу керек.

7.3.8 Температураны автоматты түрде реттеу әрекеті мен ыстық сумен жабдықтау жүйесі қысымының әрекетін айынан бір реттен тексеріп отырған жөн. Реттеуіштерге бөтен заттардың жиі түсуі жағдайында қорытынды құбыр сүзгісінде орнатқан дұрыс.

Реттеуіштерді дайындауды зауыт-өндіруші нұсқаулығына сәйкес жүргізу керек.

7.3.9 Ыстық сумен жабдықтаудың циркуляциялық сорғы жүйесін пайдалануды 5.2.29. талаптарына сәйкес жүргізген жөн.

7.3.10 Көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарын ыстық сумен жабдықтаудағы іркілісті жобалау, тәртіпке келтіретін және басқа мамандандырылған мамандардың қатысуымен жою қажет.

7.3.11 Жылу шығынын төмендету үшін ыстық сумен жабдықтау жүйесінің стояктарын нәтижелі жылуоқшаулағыш материалдармен оқшаулаған дұрыс.

7.3.12 Температура беруді орнату және ыстық сумен жабдықтау жүйесін бақылау жұмыстарына арналған қысымды әдеттегідей диспетчерлік пункте дабыл шығару арқылы орындаған дұрыс.

7.3.13 ыстық сумен жабдықтау жүйесін енгізуде диспетчерлік пунктегі көрсеткішті шығаратын есептеу құралы орнатылуы тиіс (жылуды есептеу немесе суды есептеу).

Құбырлардағы қызмет көрсетуші құралдардың жекелеген топтарында және газды сужылытқышы келтіргіштерінде диафрагмалар мен реттеуіштер қоюға рұқсат етілмейді.

7.3.14 Су есептегіш өлшемінің калибрі мен шегі су жиынтығынан келіп түсетін максималды және минималды су мөлшеріне сәйкес болуы тиіс. Суөлшеуіш арқылы өтетін су көлемі артқан жағдайда ондағы қысымның жеткілікті құлауына және өлшемнің талап етілетін шегінің суөткізішіне алмастыру қажет.

7.3.15 Ыстық сумен жабдықтау жүйесіне арналған суды дайындау қондырғысы дұрыс жағдайда болғаны жөн және жобалық ұйым әзірлеген ұсынымдарға немесе зауыт-өндіруші нұсқаулықтарға сәйкес пайдалануға берілгені дұрыс.



жүктеу 2,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау