Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет23/97
Дата27.12.2019
өлшемі2,65 Mb.
#25091
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   97

ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
42 
желдетумен  қамтамасыз  етілуі  тиіс.  Сыйымдылық  (ойық)  ішіндегі  ауа  қозғалысының 
жылдамдығы 0,3 м/с бастап 1,5 м/с дейін болуы тиіс. 
Сығылған  газдарды  (пропан,  бутан,  аргон)  және  көмірқышқылдарын  қолданумен 
дәнекерлеу жұмыстарын орындау жағдайларында сорғыш желдетуде астынан сору құралы 
бар болуы тиіс. 
8.2.10 Сыйымдылықтардың  ішінде  бір  уақытта  электрмен  дәнекерлеу  және  газ 
жалынды жұмыстардың өндірісі рұқсат етілмейді. 
Көлемі  аз,  желдетілуі  нашар  бөлмелерде,  жабық  сыйымдылықтарда,  құдықтарда 
және  т.с.с.  дәнекерлеу  жұмыстарының  өндірісі  барысында  көздің  және  тыныс  алу 
органдарының жеке қорғаныс құралдарын қолдану қажет. 
8.2.11 Су  қоймаларында,  құдықтарда  және  басқа  бекітулі  сыйымдылықтарда  газ 
жалынды  жұмыстарды  орындау  барысында  бензинмен  жұмыс  істейтін  кескіштерді 
қолдануға рұқсат етілмейді. 
8.2.12 Дәнекерлеу  жұмыстарының  өндірісі  барысында  металлдан  жасалған 
сыйымдылықтардың  ішінде  жарық  түсіру  сырттан  белгіленген  шамдардың  немесе 
кернеулігі 12 В көп емес қолмен тасымалданатын шамдардың көмегімен жүзеге асырылуы 
тиіс. 
8.2.13 Дәнекерлеу  трансформаторы,  ацетилен  генераторы,  сығылған  немесе 
қысылған  газы  бар  баллондар  дәнекерлеу  өткізілетін  сыйымдылықтардан  тыс 
орналастырылуы тиіс. 
 
8.3 Қолмен дәнекерлеу 
 
8.3.1 Электрмен  дәнекерлеу  аппараттары  және  олардың  қуаттау  көздерінің  ток 
кернеулігіндегі элементтері қоршау құрылғыларымен жабық болулары тиіс. 
8.3.2 Қолдық  доғалық  электрмен  дәнекерлеу  қолданылатын  электр  ұстағыштар 
металл электродтары барысында МемСТ 14651 талаптарына сай болуы тиіс. 
8.3.3 Электрмен 
дәнекерлеу 
қондырғысы 
(түрлендіргіші, 
дәнекерлеу 
трансформаторы  және  т.с.с.)  қуаттау  көзіне  ажыратқыш  және  сақтандырғыштар  немесе 
автоматты  сөндіргіш  арқылы  қосылуы  тиіс,  ал  бос  жүріс  кернеулігі  70 В  астам  болған 
жағдайда дәнекерлеу трансформаторының автоматты сөндірілуі қолданылуы тиіс. 
8.3.4 Токка  жалғанбаған  электрмен  дәнекерлеу  жабдығының  металлдан  жасалған 
бөліктері,  сонымен  қатар,  дәнекерленетін  өнімдер  және  құрылымдар  пісірудің  бүкіл 
уақытында  жерге  қосылуы  тиіс,  ал  дәнекерлеу  трансформатордың  жанында,  оған  қоса, 
корпустың  жерге  қосушы  болты  қайтарым  болты  қосылатын  екінші  орам  қысқышымен 
жалғануы тиіс. 
8.3.5 Егер  олардың  кесіктері  қыздыру  шарттары  бойынша  дәнекерлеу  тогының 
қауіпсіз  ағуын  қаматамсыз  етсе,  қайтарым  сымы  немесе  оның  элементтері  ретінде 
болаттан жасалған шиналар және құрылымдар қолданылуы мүмкін. 
Қайтарым  сымы  ретінде  қолданылатын  дара  элементтердің  өзара  қосылуы  сенімді 
болуы  керек  және  бұрандалармен,  қысқыштармен  немесе  дәнекерлеумен  орындалуы 
керек. 
8.3.6 Электрмен  дәнекерлеудің  қайтарым  сымы  ретінде  жерге  қосу  желісінің 
сымдарын,  санитарлық-техникалық  желілерінің  құбырларын  (су  құбырын,  газ  құбырын 


ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
43
 
және т.б.), ғимараттардың металлдан жасалған құрылымдарын, технологиялық жабдықты 
қолдануға тыйым салынады. 
 
8.4 Газ баллондарын сақтау және қолдану 
 
8.4.1 Газ  баллондарын  қысыммен  жұмыс  істейтін  ыдыстарды  және  құрылғыларды 
қауіпсіз қолдану ережелерінің талаптарымен сәйкес сақтау және қолдану қажет. 
8.4.2 Баллондарды  ашық  алаңда  оларды  жауын-шашын  және  тікелей  күн  сәулелері 
әсерінен қорғайтын лапас астында сақтау барысында жанбайтын материалдардан жасалуы 
тиіс. 
8.4.3 Башмақтары  бар  жанғыш  газды  баллондар  тік  күйінде  олардың  құлауын 
болдырмайтын арнайы ұяшықтарда, сарайларда және басқа құрылғыларда сақталуы тиіс. 
Башмақтары  жоқ  баллондар  жақтауларда  немесе  сөрелерде  тік  күйінде  сақталуы 
тиіс.  бұл  жағдайда  қатар  биіктігі  1,5 м  аспауы  тиіс,  ал  клапандар  сақтандырғыш 
қалпақтармен жабық болулары тиіс және бір жаққа қарай бағытталулары тиіс. 
8.4.4 Бос баллондарды газбен толтырылған баллондарынан бөлек сақтау керек. 
8.4.5 Газ  баллондарын  тек  олармен  қолдану  бойынша  оқуды  бітірген  және  еңбекті 
қорғау  және  қауіпсіздік  техникасы  бойынша  сәйкесінше  куәлігі  бар  тұлғаларына  ғана 
тасымалдауға, сақтауға, беруге және алуға рұқсат етіледі. 
8.4.6 Газ  баллондарының  тасымалдауын  осы  үшін  арнайы  арналған  арбалар, 
контейнерлер  және  баллондардың  тұрақты  күйін  қамтамасыз  ететін  басқа  құрылғылар 
көмегімен орындау қажет. 
8.4.7 Өту жолдарында, көпшілік жиналатын орындарында немесе адамдардың өтетін 
жерінде,  сонымен  қатар,  компрессорлармен  немесе  желдеткіштермен  ауаны  алу 
жерлерінің жанында ацетилен генераторларын орналастыруға рұқсат етілмейді. 
8.4.8 Оттегімен  баллондарды  қолдану,  сақтау  және  орнын  алмастыру  барысында 
баллондарды  материалдармен,  жұмыскерлердің  киімімен  және  майлардың  іздері  бар 
сүртетін материалдармен жанасуынан қорғаныс шаралары қамсыздандырылуы тиіс. 
8.4.9 Газ  баллондарын  соққылардан  және  тікелей  күн  сәулелерінің  әрекеттерінен 
қорғалуы тиіс. Баллондар жылыту аспаптарынан 1 м кем емес қашықтығында орнатылуы 
тиіс. 
8.4.10 Жұмыстағы  үзілістер  барысында,  жұмыс  кезегі  соңында  дәнекерлеу 
аппаратурасы сөндірілуі тиіс. Шлангтер ажыратылуы тиіс, ал дәнекерлеу шамдарындағы 
қысым – толығыменен алынуы тиіс. 
8.4.11 Газ  баллондарын  «Қысыммен  жұмыс  істейтін  жабдық  қауіпсіздігіне  қатысты 
талаптар»  Техникалық  регламентінің  талаптарымен  сәйкес  арнайы  құрғақ  және 
желдетілетін бөлмелерде сақтау қажет. 
Жұмыстарды  аяқтаған  кезде  газ  баллондары  сақтау  үшін  бөтен  тұлғалардың  кіруін 
болдырмайтын  арнайы  бөлінген  орында  орналасуы  тиіс,  ал  тасымалданатын  ацетилен 
генераторларын  кальций  карбидінен  оны  кейінгі  арнайы  бөлінген  жерде  жоюмен  босату 
қажет. 
 
 


жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау