ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
23
Қашықтан іске қосу ескертуші дыбыстық немесе жарқыл сигналының берілуінен
кейін және іске қосудың мүмкіндігі туралы жабдыққа қызмет көрсету орындарынан
жауапты сигналды алған соң орындалуы тиіс.
6.3.9 Сигналды элементтер (қоңыраулар, сиреналар, шамдар) механикалық
зақымдаулардан қорғалуы тиіс және қызмет көрсетуші қызметкерлер құрамының
аумағында сигналдың сенімді естілуі және көрінуі қамтамасыз етілетіндей
орналастырылуы тиіс.
6.3.10 Цехтарда және жұмыс орындарында сигналды жабдықты іске қосудың және
тоқтату тәртібі туралы кестелері және нұсқаулары ілінуі тиіс.
6.3.11 Өндірістік
ғимараттардағы,
галереялардағы
және
эстакадалардағы
конвейерлердің құрылымы және орналастырылуы ҚР ҚН 1.03-05 талаптарымен сәйкес.
6.3.12 Шаң шығарушы материалдарды тасымалдаушы элеваторлар, қырғыштық
және бұрандалы конвейерлер бүкіл ұзындығы бойымен шаң шығарылуды болдырмайтын
жаппай қаптамалармен жабық болулары тиіс.
6.3.13 Жинақтаушы бункерлер қызмет көрсету үшін алаңдарымен жабдықталуы тиіс,
оларда келесі
параметрлер бар болуы керек, м:
- бөлмелердің құрылымдық элементтеріне дейінгі төсемнің биіктігі - 2,0 кем емес;
- ені - 1,0 кем емес;
- периметр бойынша қоршаулар биіктігі 1,1 кем еай.
6.3.14 Бункерлердің люктерінде бұғаттаулары бар бекіткіш құрылғыларымен
жабдықталған ашылатын қақпақтар бар болуы керек, олардың кілттері жұмыс
басшысында сақталуы тиіс.
Бункерлерде күмбездердің қалыптасуын және материалдардың ілінуін ескертетін
құрылғылары қолданылуы тиіс (электр тербелткіштерінің, бу электр жылытқыштары,
пневмокөсегіштер, желбіреткіштер және т.б.).
Бункерлер 20 см х 20 см көп емес ұяшықтары бар тормен жабық болулары тиіс.
Жауапты тұлғаның қадағалауымен өткізілетін бункерлерді тазалау.
Бункерлердің торларындағы материалдардың габаритті емес бөліктерін қол
құралымен бөлшектеуге рұқсат етілмейді.Жұмыс істеп тұрған уатқыш барысында
камералардан материалдардың бөліктерін шығаруға тыйым салынады.
6.3.15 Уатқыштарды
басқару тетігімен құрылғыларды қабылдағыш және
тасымалдаушы екі жақты дабыл байланыс алаңдарына қызмет көрсетілуді қамтамасыз
ететін дөңгелек тартқыштар және басқа уатқыш жабдық дыбыстық жүйелерімен және
жарқыл дабыл жүйесімен жабдықталуы тиіс.
6.3.16 Дөңгелек тартқыштардың адамдардың өту жолы жағынан дабылдарында
бөлек бөлімдерден орындалған есептегіш қоршаулар бар болуы тиіс. Қоршаулардағы
есіктері олардың ашылуы барысында жетектер автоматты түрде сөндірілетіндей қылып
тартқыштардың жетектерімен бұғатталуы тиіс.
6.3.17 Қабылдағыш тесіктерде металлдан жасалған шешілмелі қоршаулары бар
болуы тиіс.
6.3.18 Уатқыш машиналарына қызмет көрсетуші қызметкерлер құрамы уатқыш
камерасынан материалдардың бөліктерін немесе кенеттен түскен уатылмайтын заттарды
шығару үшін арнайы құрылғылармен (ілгектермен, тістеуіктермен және т.с.с.) және
қорғаныс көзілдіріктерімен қамсыздандырылуы тиіс.