ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
78
20.21 Фторпласттан жасалған жабдық элементтерін абразивті шеңберлердің
көмегімен қиюға рұқсат етілмейді.
20.22 Құбыр арматурасын корпусқа ілмектеуді жүзеге асыру керек. Арматураны
маховикке, штокке, иінтіректерге және басқа ұқсас бөлшектерге ілмектеуге рұқсат
етілмейді.
20.23 Қатып қалған өнімі бар пластмасса құбырларды температурасы 40
С-тан
артық емес, ал жоғары қысымды полиэтиленнен жасалған құбырларды, фторпластты және
поливинилхлоридті 60 °С-тан артық емес сумен ғана жылытуға рұқсат етіледі. Осы
құбырларды бумен немесе отты қолдану тәсілдерімен жылытуға рұқсат етілмейді.
21 ЖАБДЫҚТАРДЫ ЖӘНЕ ҚҰБЫРЛАРДЫ СЫНАУ
21.1 Жабдықтар мен құбырлардың пневматикалық және гидравликалық сынақтарын
жүргізген кезде жұмысшыларға жұмыстың сипатына байланысты келесі қауіпті және
зиянды өндірістік ықпалдардың әсер етуінің алдын алу жөніндегі шараларды қарастыру
қажет:
- бұзылатын құрылымдар;
- жұмысшы аймақ ауасының жоғары газдануы;
- қысқа тұйықталуы адам денесі арқылы болуы мүмкін электр тізбегіндегі
жоғары
кернеу;
- опырылатын тау жыныстары.
21.2 21.1-тармақта көрсетілген қауіпті және зиянды өндірістік ықпалдар болған
жағдайда жабдықтар мен құбырларды сынаудың қауіпсіздігі ұйымдастыру-технологиялық
құжаттарда (құрылыс, жұмыстар өндірісі және т.б. ұйымдастыру жобаларында) берілген
еңбек қорғау жөніндегі келесі шешімдерді: сынақтарды жүргізу бағдарламаларын жүргізу
анықтамасын орындау негізінде қамтамасыз етілуі тиіс:
- траншеяларда, құдықтарда және биіктікте жұмыстарды орындау кезіндегі
қауіпсіздік шаралары;
- жабдықтар мен құбырлардың пневматикалық сынақтарын жүргізген кездегі ерекше
қауіпсіздік шаралары, сонымен қатар жабдықты жүктеме астында сынап көру.
21.3 Құрастырылған жабдық сынағын осы Ережелердің талаптарына сәйкес жүргізу
қажет.
21.4 Жабдықтар
мен
құбырлардың
сынақтарын
монтаждау
ұйымының
мамандарының ішінен арнайы бөлінген адамның тікелей басшылығымен жүргізу қажет.
21.5 Жабдықты сынау алдында келесілерді орындау қажет:
- жұмыс жетекшісі сынақтарға қатысатын қызметкерлермен, жұмысты орындау
тәртібімен және оларды қауіпсіз орындау жөніндегі
шаралармен танысуы қажет;
- шектес телiмдердегі жұмысшыларды сынақтарды жүргізу уақыты туралы ескерту
қажет;
- визуалды, қажет болған жағдайда құралдардың көмегімен жабдықтарды бекітуді,
оқшаулау күйін және электрлі бөліктерін жерге қосуды, арматура, іске қосу және тежеу
құрылғылары, бақылау-өлшеу құралдары мен тығындардың болуын және жөнділігін
тексеруді жүргізу қажет;
ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
79
- сынақтар аймақтарын қоршап, тиісті белгілермен белгілеу қажет;
- қажет болған жағдайда апатты
дабылдаманы орнату қажет;
- сыналатын жабдықтың апатты сөну мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет;
- жабдықтың ішінде және сыртында бөгде заттардың жоқ екендігін тексеру қажет;
- уақытша тығындарды, люктерді және ернемекті жалғауларды ескерту белгілерімен
белгілеу қажет;
- қауіпті аймақ туралы ескерту үшін бір пост екіншісіне көрінетіндей, бірақ бір-
бірінен әрбір 200 м сайын посттарды қою қажет;
- сынақпен айланысатын адамдардың қауіпсіз келу орындарын және жағдайларын
анықтау қажет;
- өрт сөндіру құралдарын және өртті жою жөніндегі жұмысқа қабілетті қызмет
көрсететін қызметкерлерді дайындықта ұстау қажет;
- жұмысшы орындарды жарықтандыру 50 лк кем болмауы қажет;
- сынақтар бағдарламасында қарастырылған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі
шараларды орындауға жауапты тұлғаларды анықтау қажет.
21.6 Сынау процесі кезінде анықталған жабдықтағы кемшіліктерді жоюды
жабдықты сөндіріп, ол толық тоқтағаннан кейін жүргізу қажет.
21.7 Бір тірек құрылымдарында немесе эстакадада құрастырылған бірнеше
құбырлардың бір уақыттағы гидравликалық сынағын, егер тірек құрылымдары немесе
эстакадалар тиісті жүктемелерге есептелген жағдайда жүргізуге болады.
21.8 Құбырлар тұрғын үй немесе пайдаланылатын қоғамдық немесе өндірістік
ғимараттарға жақын орналасқан болса, олардың пневматикалық сынақтарын 21.16-
тармаққа сәйкес анықталатын қауіпті аймақ шегінде орналасқан осы ғимараттардың
терезелері мен есіктері қорғаныс қоршауларымен (қалқандармен, торлармен) жабық
болған жағдайда жүргізуге болады. Құбырлардың пневматикалық сынақтарын
қолданыстағы цехтер, сонымен қатар қолданылатын құбырлар төселген эстакадаларда,
каналдарда және науаларда жүргізуге болмайды.
21.9 Сынақтарды жүргізген кезде жабдықты қарап тексеруді сынау қысымын
жұмысшы қысымға түсіргеннен кейін жүргізуге рұқсат етіледі.
21.10 Сынақтан кейін жабдықтар мен құбырларды үрлеу кезінде ашық люктер мен
штуцерлердің алдында қорғаныс қоршаулары (экрандар) орнатылуы тиіс.
21.11 Жүктеме астында жабдықтар мен құбырларды сынауды оны бос сынағаннан
кейін жүргізу қажет.
21.12 Траншеяларда орналасқан құбырлардың пневматикалық сынақтарын жүргізу
уақытында шамасы 4-кестесiнде көрсетілген қауіпті аймақ анықталуы тиіс.
ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
80
4-кестесi - Траншея жиектері мен құбырлардың шеткі жақтарынан
қауіпті аймаққа дейінгі арақашықтық
Құбыр материалы
Сынау қысымы
(алдын ала немесе
қабылдау), МПа
Құбыр
диаметрі, мм
Траншея жиектері мен
құбырлардың шеткі
жақтарынан қауіпті
аймаққа дейінгі
арақашықтық, м
Болат
0,60 бастап 1,60
дейін
300 дейін
7,0
300 бастап 1000
дейін
10,0
1000 жоғары
20,0
Шойын
0,15
500 дейін
10,0
0,60
500 дейін
15,0
0,15
500 жоғары
20,0
0,60
500 дейін
25,0
Асбест цемент
0,15
500 дейін
15,0
0,60
500 дейін
20,0
0,15
500 жоғары
20,0
0,60
500 жоғары
25,0
Төмен қысымды
полиэтилен (ТҚП),
типті:
А
1,00
О
0,60
ОЖ
0,40
63 бастап 120 дейін
6,0
Ж
0,35
Жоғары қысымды
полиэтилен (ЖҚП),
типті:
А
1,00
О
0,60
ОЖ
0,40
63 бастап 160 дейін
4,0
Ж
0,25
Пластификацияланбаған
поливинилхлорид (ПВХ)
типті:
ОА
1,60
А
1,00
О
0,60
63 бастап 315 дейін
10,0
ОЖ
0,40
Полипропилен (ПП)
типті:
А
0,10
ОЖ
0,60
63 бастап 315 дейін
8,0
Ж
0,25
Канализацияның
өздігінен
ағатын тораптарында
(ПВХ, ПП, ПНД, ПВД)
0,06
110 бастап 1200
дейін
1,0
21.13 Жабдықты сынауды тек қоршаған адамдарды өз уақытында ескерткеннен
кейін және сынақ жетекшісінен рұқсат алғаннан кейін ғана бастауға рұқсат етіледі.
Жабдықты тексеру процесінде рұқсат етілмейді:
- электр тізбектерді, электр жабдықтарды және автоматика құралдарын тексеру мен
жөндеуді жүргізуге;