Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет12/75
Дата22.05.2018
өлшемі5,04 Kb.
#15906
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   75

ҚР ҚБҚ  4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
20 
- пайдалануға дайын суды беру және тарату жүйелерін техникалық  эксплуатациялау, 
жөндеу және қызмет көрсету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру; 

ауыз  сумен  қамту  жүйелерінде  халықтың  мемлекеттік  санитарлық-
эпидемиологиялық  игілігі  саласында  өкілетті  орган  берген,  ҚР  заңнамасымен  бекітілген 
санитарлық-эпидемиологиялық  қорытындысы  бар  жабдықтар,  құрылғылар,  материалдар 
және реагенттер қолдану; 
-  бірыңғай  бекітілген  әдістер  мен  өлшеу  құралдарын  пайдаланып,  судың  сапасын 
бақылауды жүзеге асыру. 
6.1.4  Көздердегі  судың  сапасы  «Шаруашылық-ауыз  су  мақсаттарына,  шарушылық-
ауыз  сумен  қамту  су  көздеріне,  су  жинау  орындарына  және  мәдени-тұрмыстық  су 
пайдалану және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық 
талаптар» Санитарлық ережелеріне сай болуы тиіс. 
6.1.5 Егер судың құрамында кез келген микроорганизмдер мен паразиттер, басқа да 
зиянды  заттар  болмаса,  концентраттардың  деңгейі  адам  денсаулығына  әлеуетті  қауіп 
төндірмесе, ол халық үшін жарамды болып танылады.  
 
6.2 Тазартылған ағын сулардың сапасына қойылатын талаптар 
 
6.2.1  Су  қоймаларына  ағын  суды  жіберу  жағдайлары  –  ағын  суды  қабылдаушылар 
Қазақстан  Республикасының  беткі  суларын  қорғау  ережелерімен  реттеледі.  Бұл 
ережелермен су сапасының нормативтері бекітілген: шаруашылық-ауыз су және мәдени-
тұрмыстық  су  пайдаланудағы  су  қоймаларына,  сонымен  қатар  балық  шаруашылығы 
мақсатында қолданылатын су қоймаларына арналған.  
6.2.2  Тазартылған  ағын  сулардың  сапасына  қойылатын  талаптар  тазартылған  суды 
ластайтын заттардың шекті мүмкін концентраттарымен (ШМК) белгіленеді және кәріздік 
тазарту  құрылыстары  жұмыстарының  технологиялық  регламенттерімен  (белгіленген 
тәртіпте) реттеледі.  
6.2.3 Шекті мүмкін лақтырылатындардың нормативі әрбір елді мекен үшін, сондай-ақ 
әрбір су объектісі үшін әрекет етуші әдістерді, беткі суларды қорғау ережелерін, кәріздік 
тазарту құрылыстары бойынша нұсқаулықтарды  және басқа да нормативтік құжаттарды 
қолдана отырып есептеледі .  
6.2.4  Шекті  мүмкін  лақтырылатындардың  нормативі  келесі  бірліктермен  бекітіледі: 
жылына тонна және секундына грамм (миллиграмм). 
6.2.5  Техникалық  ауылшаруашылық  мәдениеттерді  суару  үшін  ағын  суларды 
пайдалану кезінде нақты аймақты суландырудағы уақытша шекті мүмкін концентраттар – 
ШМК бекітіледі және белгіленеді.  
 
6.3 Су сапасын бақылау ұйымдары 
 
6.3.1  Ауыз  су  мен  тазартылған  ағын  сулардың  сапасы  бейбіт  уақытта  өндірістік 
(ведомстволық) және мемлекеттік бақылаудың орындалуымен кепілдендіріледі.   
6.3.2  Су  сапасын  бақылауды  СҚ  және  СТ  (объектілік)  кәсіпорындарының 
зертханаларымен,  мемлекеттік  органдардың  базалық  зертханаларымен  (БЗ),  суды 
пайдаланушылардың  зертханаларымен  немесе  ауыз  су  мен  ағын  суларды  зерттеуді 
орындауға  құқығы  бекітілген  тәртіппен  аккредитацияланған  зертханалармен  жүзеге 
асырылады.  
6.3.3 Штатты режимде (күнделікті қызметте) өндірістік бақылау бағдарламаға сәйкес 
жүзеге асырылады. Оның құрамына: 
- бақылау орны  (пунктісі) туралы мәлімет; 


ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
21 
-  бақыланатын көрсеткіштер тізімі; 
- сынама жинау кезеңдері;; 
- өлшемдерді орындау әдістемесі кіреді. 
6.3.4 Өндірістік бақылау бағдарламасы  СҚ және СТ ұйымының бірінші басшысымен 
бекітіледі 
және 
белгіленген 
тәртіппен 
халықтың 
мемлекеттік 
санитарлық-
эпидемиологиялық игілігі саласындағы өкілетті органымен келісіледі.  
6.3.5  Көрсеткіштер  түрлері  (органолептикалық,  химиялық,  микробиологиялық, 
радиологиялық,  токсикологиялық  және  басқалары),  сумен  қамту  орталықтандырылған 
жүйелері  орналасқан  жерлерден  су  жинау  және  таратушы  желіге  ауыз  суы  келердің 
алдында,  сонымен  қатар  ағындарды  тазалау  және  таратуда    су  сынамаларын  жинау 
кезеңдері  халықтың  мемлекеттік  санитарлық-эпидемиологиялық  игілігі  саласындағы  
өкілетті органмен  бірлесіп бекітіледі.  
6.3.6 Бақыланатын көрсеткіштер тізімі нақты сумен қамту және су тоқтату жүйесіне 
қарай бекітіледі.   
Қажет  болған  жағдайда  өндірістік  бақылау  бағдарламасына  аймақтың  ерекшелігін 
ескере отырып, қосымша көрсеткіштер енгізіледі.  
6.3.7 Ауыз сумен қамтудың көзі болып табылатын су объектілерінің жағдайына әсерін 
тигізетін  табиғи  және  техногенді  сипаттағы  төтенше  жағдай  (ТЖ)  орын  алғанда  немесе 
қоршаған орта ластанған кездерде жергілікті атқарушы орган: 
- ТЖ салдарын жою бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген  
іс-шаралар тез арада қолданылады; 
-  қабылданған  іс-шаралар  жөнінде  халық  ақпараттандырылады,  бекітілген 
нормативтерге  жауап  бермейтін  ауыз  суын  қолданған  кезде  халықтың  денсаулығына 
келтірілген зардапты жою мақсатында сәйкес ұсыныстар беріледі.  
6.3.8 Төтенше жағдайлар кезіндегі сумен қамту және су тоқтату жүйелерінің қызметі, 
сапасын  бақылау  туралы  шешімді  сәйкес  аймақтағы  бас  мемлекеттік  санитар  дәрігердің 
қаулысы бойынша жергілікті атқарушы орган қабылдайды.   
6.3.9 Төтенше жағдайлар кезінде тұтынушыларды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету 
мүмкін  болатын  барлық  күштер  мен  құралдарды  қолдану  арқылы  жергілікті  атқарушы 
органмен ұйымдастырылады.  
6.3.10  Төтенше  жағдай  орын  алған  кезде  шаруашылық-ауыз  сулық  мақсаттар  үшін 
сапасы белгіліленген тәртіпте бекітілген уақытша санитарлық ережелер мен нормалардың 
талаптарына сай суды қолдануға жол беріледі. 
6.3.11 Радиациялық-қауіпті кәсіпорында апатты жою кезіндегі уақытша норматив ҚР 
Денсаулық министрлігімен бекітіледі.  
6.3.12 Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ туындаған жағдайларда ғана қауіпсіздік 
талаптарына  сай  сәйкесінше  таза  ауыз  суымен  қамтамасыз  ету  болмағанда  және  оны 
жойғанға  дейін  сумен  қамту  жүйелері  арқылы  берілетін  ауыз  су  қауіпсіздігіне  қойылған 
талаптардан уақытша ауытқуға жол беріледі.  
6.3.13  Ауыз  су  сапасының,  радиациялық  қауіпсіздіктің  микробиологиялық  және 
паразитологиялық  көрсеткіштері,  гигиеналық  нормативтері  және  ауыз  судағы  ядролық 
жарылыс өнімдерінің шекті мүмкін концентраттары  2 қосымшада берілген.  
6.3.14  Жаппай  қыру  қаруларын  (ЖҚҚ)  қолдану  кезінде  базалық  және  объектілік 
зертханалар:  
-  ядролық  жарылыс  өнімдерімен,  уландырушы  заттармен,  фтор  және  сынаппен 
ластанған суды әрдайым бақылап отыру;  
-  суды  ластамау  және  персоналға  жұқтырмау  мақсатымен  СҚ  және  СТ 
станцияларының  және  цехтардың  аумағында  дозиметриялық  және  химиялық  бақылау 
жасауды жүзеге асырады. 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау