«...Қарсақбайға 11 мамырда күндіз кел дім. Содан бері осын-
дамын... Құрылыс маусымы едел-жедел басталыпты. Жұмыс
қарқыны, әсіресе жан-жақтан құйылып жатқан жұмыскер күші
ерекше көп, бұлай болады деп ешкім күтпеген. Құрылыс мате-
риалдарын жеткізуге ғана күдігіміз бар. Тасымалдау жұмысын
жандандыруға шаралар жасалып жатыр, бұл жөнінен де ол-
жасыз емеспіз. Қа лай да биылға белгіленген құрылысты толық
аяқтауға сенім мол. Шетелден алынбақ жабдықтарға тап-
сырыс мен Мәскеуде жүрген кезде-ақ берілген-ді. Осының бәрі
алдағы тір лігі мізге сеніммен қа рап, көңілге дәт деуге сыйғандай.
Қарсақбайдың тағдыры сәтті жолға түсті. Жез қазғанның мыс
кеніштері судан құрғатылыпты. Су сорғыштар қойылып, кен
қазылатын участоктарды тіреумен бекіту жүріп жатыр. Кен
қазу күзде басталады. Күн тәртібіндегі қазіргі мәселе: барлау
жә не флюстер
(технологияға қажет қосымша шикізат –
М.С.)
табу. Жезқазғанға дейінгі темір жол құрылысы бірінші қазанда
аяқ тал мақ, бірінші пойыз да сол кезде жүре ді...»
Геолкомның бұрғылаушылар бригадасы ырғалып-жырғалып
ұзақ жиналып, Қарсақбайдан әлденеше мәрте сұрау салып
асықтырған жеделхат төпеуден соң, ақыры мамырдың соңғы
күндерінде келді. Ағылшындардың жұртында қалған ескі «Кре-
лиустерден» құрап станокты жүргізгенше, тағы бірер апта өтті.
Содан бір күні, шілденің орта шенінде, трестің бас геологы Сәтбаев
нұсқаған ескі «Петро» шахтасының оңтүстік қолатынан уақытша
жаппа қалқитып алып, жер тесе бастады. Жезқазған қыртысына
түскен 236-шы, ал геолог Сәтбаевтың барлаушылық ғұмырында
тұңғыш рет тұсауын кескен ұңғыма еді бұл. Нендей олжа түсіреді
әлде бос бейнет болып сенімін мүлдем құрта ма?..
«Әрбір шынайы геологта бөгде адам түсін бейтін, түсінсе де
сенбейтін өзгеше сезік болады. Әлдеқандай бір ішкі түйсік оны
шұ ғыл әрекетке бастап тұрады... Ақыр аяғында соның жетегіне
көз жұмып ересің де, ешкім көрмеген, бұрғы ұшы тимеген кен
жүлгесіне болжау айтасың. Қателесуің мүм кін. Бірақ өзіңе сеніп,
бірдеме білетініңе шүбәланбай тәуекел еткенге не жетсін!» – дер
еді ұстазы Усов. Жезқазған қойнындағы жұмбақ көмбеге жас
геологтың ерекше сенім артқаны рас. Алайда ағылшындардан
қалған картаға көп уақыт шұқшия үңілуден соң, «Петро» қо-
латындағы құнарлы жүлгенің оң қа натының кенет үзіліп, зым-
184
Медеу СӘРСЕКЕ
зия жоғалып кетуіне күдіктеніп, соны бұрғы ұшымен бірнеше
жерден тексеру – терең есеп пен ұзақ тол ғанудан туғаны да кәміл
шындық...
Үміті алданбағанына көп ұзамай көзі жет ті. Ұңғыма отызын-
шы метрден әріде сұрғылт құмтасқа кезікті. Жезқазған кенінің
айрықша ерекшелігі – сұрғылт құмтаста екені дау сыз ақиқат.
Мұны ағылшын мамандары да, кен қабатын бертінде зерттеген
орыс инженері Тиме де: «Әңгіме құмтастың өне бойына шашыраған
мыс құнарының аз-көп ті гін де ғана», – деп атап көрсеткен. 236-ұң-
ғы ма дан алынған керн – біртекті сұрғылт құмайт тас. Бетінде
шашыраған жасыл рең – қалпынша мыс, кәдуілгі халькозин ми-
нералы. Де мек, бұрғы ұшы құнарлы кен қабатына іліккен... Рас,
солай деп бекем сеніммен айту үшін кенді зертханада мұқият
тексеру керек. Химлаборатория болса – Ленинградта. Иә, ұңғы-
маның нақты құнарын айыру қыста шешілмек. Жас геолог бұған
да қапа. Өзгертуге шарасы жоқ. Шамалауынша, керн нің құнары
ағылшындар зауытқа тасымақ болған бай кеннен кем емес.
237-ұңғыма да кен қабатын күткен нүктеде кесіп өтті. Әрі қарай
тереңдеп бойлауға геологтың дәті бармады. Қолына әрең тиген
жалғыз станокты бірден шыңырау құрдым ға салуды қаламаған
еді. Сәтімен ілігіп тұр ған олжаны қанағат етіп, әрі қарай там-тұм-
дап өсіруді тілеген. Американ маманы Сидней Болл жүз елу метр
тереңге дейін бұрғы сүңгітуді жобалапты. Қаныштың көкейінде –
бұдан да төменірек белдеулер...
ІІІ
Екі бірдей қомақты комбинаттың барлау жұмысын қадағалау
жас геологқа бірталай міндеттер жүктеген. Иә, жұмыс аз емес-
ті, сан алуан, бәр-бәрін жеріне жеткізе атқару үшін ертелі-кеш
жолда болу керек.
«
Спас мәселесін тиянақтау үшін маусымның
5-10 күндері аралығында Мәс
кеуге баруға мәжбүрмін, – деп
хабарлайды ол Таисияға Қарсақбайдан 23 мамырда (1927 ж.)
жазған хатында. – Одан соң шілденің алғашқы жартысында Спас
кәсіпшілігіне жетуім керек...»
Бір тәуірі, былтырдан бері сөзбұйдаға түсіп келе жатқан пәтер
мәселесі оңды ше шілді. Қазақстан астанасының Алматыға ауы-
суына байланысты Мәскеуде жұмыс іс теп отырған бірнеше ме-
кеме Алатау баура йына көшірілді. Қызылордадан да соған орай
әлденеше үй босады...
185
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Осы жайт, баспана болмағандықтан бір шаңырақ астында
бас қоса алмай жүрген екі мұңлыққа көнтерлі дерлік жағдай
туғызды: Мәскеу
дің ту ортасынан, Үлкен Дорогомиловская
көшесіндегі 12-үйдің 22-пәтерінен Қанышқа бір бөлме дербес
тиді; осы жайында ол 1927 жылдың 19 ма усым күнгі хатын-
да Таисияға былай деп ті:
Достарыңызбен бөлісу: |