Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет231/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   245
null

«Бүркітбай – әкем аты, ағам – Омар,
Ауылым айдын шалқар көлге қонар...»
Қаныш ғұламаның әншілік дарыны Бөпежанға таныс. 
Жолшыбай да сүйсіне тыңдап, риза болған. Дастархан басындағы 
отырыстарда да құмарынан шыға сан рет естіген. Кей бір әншілер 
әннің нақышын бұзып, өзін 
ше «сұлулап» айтам деп, даусын 
әр түрлі жасанды дыбыстармен құбылта бастағанда ренжіп 
қалатынын да білетін-ді. Кей де кә дім гідей кейіп: «Қой-ақ қой, 
қалқам. Қой ен 
ді!» деп тыңдамай тұрып кеткенін де көр 
ген. 
Ал, өзі ән салғанда?.. Көңілі ауса домбыра сүй емелімен әуелете 
шырқаушы еді! Тек тыңдай біл. Сондай мерейлі шағында, жар-
қын әуез бен сазын келістіре салып, тыңдаушысын еліткен ша-
бытты қалпын танып: «Шір кін, мына кісі ғалым болмаса – ақын 
болар еді; ал ақындықты қаламаса – әнші болар ма еді!» деп те 


600
Медеу СӘРСЕКЕ
қиялдайтын-ды. Ал мына таң қы лаң берген алагеуім сәтте, қыр 
төсінде, ине шаншар бос орын болмай, үлкен-кішіге лық толған 
жер үйдің төрінде отырып, Қа ныш да наның көмейінен шыққан 
әсем де әсерлі әнді Бөпежан бұл пәни өмірде, сірә, ұмыта алмас!..
«Бүркітбайды» ғалым қоңыр үнмен мамырлата бастады. 
Домбыраның тақтайын сабап, даусын көме тарсылдатып асыққан 
жоқ. Астыңғы ішектің бебеулеген жаймақоңыр сарынынан оз-
бай, әуен ырғағына еріп, қоңыр үнімен шымырлата қалқытты. 
Сонымен-ақ тыңдаушысын әуезді дүниелер әлеміне ерік сіз жете-
легендей, еріксіз тебіренткендей. Құд ды бір көк жүзіне шығып 
алып, қанатын қақпай, сары жон, кең жазираны асықпай әуе ле-
ген дүз қыраны дерсің. Суылдамай, сымпылдамай жай қалқып-
ақ, жүй кеңді құр тып, көкейіңдегіні суырып алғандай әсерлі.
Осылайша біраз толғап, үнін ашып алған соң даусын көтере 
түсті. Әсіресе «е-е-ей-ей-ейлеп!» созатын тұсында.
Үйдегі жұрт қимылсыз тынып қалған. Мынау ғажап үнде ты-
ныс бар ма дегендей құмартып, ынтыға тыңдап отыр.
Әннің екінші шумағын қонақ тағы бір мәрте қайталады және 
алғашқысынан гөрі жоғарырақ алды. Аянбай барын салған тә різ-
ді. Содан ба, бұл жолы үні үйге сыймай ас панға ас қақтап кетті.
Сарыарқаның самалындай бір леп үйді жел піді. Ол – ән! Әннің 
ырғағы, әуез-сазы ту ғыз ған әсер. Дала да соған елітіп тына қалған 
ба дерсің: әншінің асқақ үні жұлдызды аспанмен, шалқар жазира-
мен тіл табысып, үн қатысқандай; үйдегі көп те соған елігіп, елін, 
жерін, суын сағынған асыл перзентінің көкі регіндегі ынтығын, 
жүрек лүпілін, туған ауылына деген іңкәр мархабатын осы сазға 
беріп, бәр-бәрін соған сыйғызып айтқан асық көңілін қате 
сіз 
ұққандай...
Ән үзілді. Тынысын тежеп, үздігіп отырған жұрт сонда ғана уһ 
деп демде тыныстады. Біреулер күрсінді, біреулер үнсіз булығып 
көзіне жас алды.
– Ал, тағы нендей қолқа айтасыздар?
Көмекшінің құлағына бұл сөз «Есеп айырыстық. Қарыз да, па-
рыз да өтелді!» дегендей болып естілді.
– Айтарымыз бір-ақ сөз! – деп Мұқыш қарт тізерлей отырып, 
қолын жайды. – Қанкежан, ақылың аз емес, артық көрме, осыны 
айтып қалуды ел-жұртың маған мін дет артып отыр. Тілегі емес, 
діттеген тапсырмасы һәм батасы деп қабылда: даусың бұ рын ғыдай 
емес, жасыған екен, соны аң ғар дық. Көмейіңді күт дер едік, үніңді 
пұлдап жүрген әнші емессің. Біз саған бұрынғы қуа тың азайма-


601
ШЫҒАРМАЛАРЫ
са қосылмас, бойыңды күт, қу жаныңды бапта демекпіз. Сенің 
ата ғыңа алыс тан қуа нып, даңқыңмен көңілін өсіріп, құрмет тұ-
тып, өзіне ес көріп жүрген қалың ел бар артыңда. Бір жалғыздан 
зор денсаулық, қуат сұраймыз! Қайда жүрсең де жо лың болсын, 
қолдаушы серігің баяғыда өз әкеңе аян берген Қыдыр атаң болсын! 
Аллаһу әкбар! – деп бетін сипады.
– Әмин, батаңыз қабыл болғай, Мүке! – деп Қаныш Имантайұлы 
бетін сипап, көзі нен там ған жасты көрсеткісі келмегендей, қолын 
бетінде ұзағырақ ұстап қалды.
– Жолың болсын, қадірліміз! Енді рұқсат!
– Ғұмырың ұзақ болғай!
Қайтар жол бөгеген жоқ. Даланың таңғы самалы жолаушылар-
ға дәрудей әсер етті. Бөпежан машинаның артқы орындығына 
жайғасып, ауылдан аттана бере-ақ ұйқыға бас қойған. Ғалым 
әйнекті кеңірек ашып, шынтағын есікке тірей, төңірегіне ынтыға 
қарап үнсіз отыр. Қамығып отырған тәрізді. «Енді қайтіп көрем 
бе, туған жер сені?» дегендей әрі-сәрі күйде. Сахара самалын құ-
марлана жұтып, таңғы алагеуім сәтте мұнарланып көрінген тау-
жоталарға, дала келбетіне де мұңая қарап, бәрі-бәрімен қимай 
қоштасып бара жатқанын жүрегі сезіп, жан-дүниесін кеулеп, 
тұқырта түскендей...
* * *
Теңдіктегі үлкендер айтқан-ды бізге: «Қаныштың туған жеріне 
келген сол сапары соңғы болды, ақылы дара біткен жан ата-
анамның алдындағы парызымды өтеуге кел дім деп, үлкен-кішіні 
риза етіп еді. Сөйтсек, бейдауа дертпен ауырып жүріп, қоштасуға 
келген екен...»

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау