Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет217/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   245
null

«Түрлі министрліктердің барлау экспедицияларының әлде-
қандай бір бұлақтың басына таласа қонып, бір ізбен жылдап 
шұбыратын жосықсыз рәсімі қашан тыйылады? Олардың бірі – 
көмір іздейді, екіншісі – мұнай, үшіншісі – темір кенін, төртінші-
сі – түсті металл... Осының бәрін бір қолға беріп, мүдделі жерге 
бір экспедиция жіберіп, жер қойнауындағы бар керекті топ-
тап іздейтін күн қашан туады?»
– деп ашына сөйлеген-ді бү-
кілодақтық геологиялық кеңестердің бірінде академик Қ.И. Сәт-
баев.
Шынында да жолсыз рәсім: неше минис тр лік болса – сон-
ша геологиялық қызмет (Бұрынғы геологиялық министрлік 
Н.С. Хру 
щев енгізген «жаңалықтар» кезінде таратылған бо-
латын). Айталық, Қара металлургия министр 
лігі өзіне дербес 
бағынатын барлаушылар бас қармасын тұрақты ұстауды қажет 
деп бі леді. Химия өнеркәсібі министрлігі де солай ойлайды: сан-
салалы, технологиясы алуан түрлі өн дірістерге көптеген шикізат 
түрі қажет, жер қойнынан оны маманданған барлаушылар іздесін. 
Көмір өнеркәсібі де тек қана көмір іздеуге дағдыланған кәнігі гео-
логтармен істес болуды тиімді санайды. Мұнай өнер кәсібінің тала-
бы бұдан да қиын – сұйық отын барлық жерден табыла бермейді
геолог біткен оны таба да білмейді, олай болса?.. Бұл талаптың 


569
ШЫҒАРМАЛАРЫ
әуес дүниеге айналғаны соншалық – күндердің күнінде құрылыс 
материалдары министрлігі де дербес геологиялық трест құруға 
талаптанған... 
Сайып келгенде, бұл геологиялық қызметтердің жер-жерде 
шектеусіз көбейіп, шығын да бірнеше есе өскен. Ал соларды 
төлеуші – үкімет. Тығырықтан алып шығар жол қайда? Өзгеріске 
құмар әуесқойлар геология комитетін біржола жоюды, барлау 
ісін әрбір министрліктің өзі не беруді жөн деп біледі. Қ.И. Сәтбаев 
КСРО Министрлер Кеңесіне хат жазып: 
«...түрлі ведомстволарға 
тарап кеткен геология күш те рін біріктіріп, жер асты қазынасын 
іздеуді тиімді де пәрменді жолмен, кешенді түрде топтап бар-
лауды»
ұсынады. Тынымсыз Қа ныш Имантайұлына бұл да аз. 
Күндердің күнінде ол СОКП Орталық Комитетінің жаңа хатшысы 
Л.И. Брежневтің қа был дауына сұранады. 
«Шынын айтқанда
, – 
деп есіне алған-ды осы сұхбатты 1978 жылы бізбен жүз дескенде, 
сол күнде КСРО Орта машина жасау министрінің орынбасары бо-
лып еңбек ете тін П.Я. Антропов, 
– Қаныш Имантай ұлының кімді 
болсын бірден үйіріп алатын жар қын келбеті, әрине, мықты 
логикалық дәлелдермен партия мен үкі мет басшысын сендіре 
сөйлегені одақтық геология қызметін біржола таратудан аман 
сақтап қал ды
».
Бұл ойын марқұм Петр Яковлевич ға лым туралы 
«Академик Қ.И. Сәтбаев» естеліктер жинағында да: 
«Бұл істе ол 
бә ріміз ден де гөрі табандылық көрсетті!» 
– депті.
П.Я. АНТРОПОВТЫҢ естелігінен:
«Мынадай бір мәслихат есімде: КСРО ҒА президенті, акаде-
мик А.Н. Несмея новпен хабарластым да, геология ілімі нің жайын 
талқылау үшін бір топ ғалым-геологтарды қабылдауын өтіндім... 
А.И. Вер надский атындағы геохимия және аналитикалық химия 
институты академияның химия бөлімшесіне қарайды; ал қазба 
байлықтарды геофизикалық тәсіл дермен іздеу 

 физика-матема-
тика бөлім шесінің қарауында; палеонтология биология ғы лым-
дары бөлімшесіне бағынатын; соның кеселінен геология ілімі та-
бан тірейтін ең негізгі саласын өрістету тұрмақ, бағыт-бағдар 
беру мүмкіндігінен де ай ырылып қал ған-ды... Бұл сұхбатқа ака-
демиктерден Қ.И. Сәтбаев, Н.С. Шатский, Н.М. Страхов және 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау