564
Медеу СӘРСЕКЕ
Бұл ұсыныстардың кейбірі өз кезегін күтулі. Ал қайсыбірі
жүзеге асып, республика экономикасын күрт арттыруға сүбелі
үлес қосқан.
* * *
Дархан өмір ғылым жетекшісінің назарына күн сайын алуан
міндеттер ұсынған. Со ның бірі – Алматы іргесінде тұрғызылмақ
Яд ролық физика институтының құрылысы. Бұл құрылыс 1950
жылдарда басталғанымен, өте баяу жүрген. Басты кедергі –
«Шамамыз келмейтін күрделі іс, онда жұмыс істейтін мамандар-
ды қайдан табамыз, демек, ғылымның соншама қиын саласы-
на ұмтылу керек пе?..» деген енжарлық. Нәтижесінде іргетасы
қаланған институт ғимараты, оның реак
тор орнамақ кешені
мүлдем тоқтап қал ған. Амал қанша, Мәскеуге барған бір сапа-
рында КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының (бастығы
Н.С. Хрущев) бірінші орынбасары, Жоспарлау комитетінің же-
текшісі А.Н. Косы гиннің қабылдауына сұрануға тура келді.
Алексей Николаевич қазақ ғалымын соғыс жылдарынан білетін-ді. Отан
ғылымын, өнер кәсібін өркендету жолындағы ұлан-ғайыр істерін өте жоға-
ры бағалаған. Сірә, сондықтан да, Косыгин өзіне әредік телефон шалып,
жарым сағат уақыт бөлуін сұранған қазақ стандық қайраткердің меселін
ешқашанда бос қайтармаған. Өйтетін себебін Алексей Николаевичтің өзі
республикаға келген бір сапарында үкімет мүшелерімен бас қосқан ресми
мәжілісте басқаларға үлгі ретінде баяндап беріпті.
...Жазықсыз кінәлі болып жүрген жылдардың бірінде Қаныш Иман-
тайұлы Жоспарком төрағасының қабылдауына сұранады. СОКП Саяси
төралқасының мүшесі ойлаған: «Е, бұл кісі өзіне жасалған әділетсіздікке
араласып, нақақ жазадан құтқаруды өтінер, – деп ойлаған. – Оған
мен не
істей мін?..». Алайда Сәтбаев бұл жайында ләм-мим демейді. Ал сұрап келген
ісі – өзі басқаратын ГҒИ-дың болжам карталарын жасауға қомақты қаржы
керек екен; республика бюджетінен академияға берілетін қаржы ондаған
институттарға бөлініп, өздеріне содан тиын-тебен ғана тиеді-міс; «Сіз маған,
Алексей Николаевич, өз құзырыңызбен бір мәрте қомақты көмек бе ріңіз
және соны ешкім көз алартпайтындай етіп, тікелей ГҒИ зерттеуі үшін. Маған
сенсеңіз, Одақ үкіметі бұдан ұтылмайды, осы бесжылдықта-ақ ондаған есе
қайтарым алады!..» – дейді.
А.Н. Косыгин ғалым сұрап келген шаруаны сол заматта-ақ шешеді.
Сол істі мемлекеттік қайраткер есіне алып:
Достарыңызбен бөлісу: