Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет214/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   245
null

тың тағы бір қа-
натының ішкі безенуін, оған қолданатын бояу, сылақ пен мәрмәр 
түсін, нендей материалдар пайдаланатынымды айта бастай-
мын. Қаныш Иман тайұлы сөзімді бөлмейді, көбіне басын изеу-
мен мақұлдап отырады. Келіспейтін де кезі бар. Немесе осы-
дан жарты жыл бұрын арамызда болған әңгімені есіме салып, 
таңғалдыратыны да ғажап... Оның кабинеттерді безендіру 
турасындағы ойларын еске алсам, осы күні де қайран боламын: 
«Кабинеттегі ең басты нәрсе 

 оның әдемілігі иә кеңдігі емес, 
сонда отырған адамның іскерлік парасаты, білімі, мәдениеті 
емес пе? – дейтін-ді. – Иә, кабинеттің сән-салтанаты келушіні 
таң қалдырып, мысын баспайтын болсын. Өйткені ол жансыз 
қабырғаларды тамашалау үшін емес, со ның иесімен тілдесуге 
келеді...» Президенттің кабинеті жө нінде де біз көптеген сағат 
әңгіме-дүкен құр дық. Тегінде, бұл ешқашан да ұмытылмас, осы 
жолдарды жазып отырғанда да тебірене еске алатын

ең 
бақытты жүздесулерім! Кейде Қаныш Имантайұлы мен әкелген 
ватмандарды қарап шыққан соң:

 Николай Александрович, құрылыс ала ңын көріп қайтсақ 
қайтеді? 

 дейді...»
ІІ
1956 жылдың ақпанында СОКП-ның ХХ құрылтайы ша-
қырылды. Академик Сәтбаев оған қарамы әлденеше мың Қа-
зақстан ға лымдарының өкілетті мандатымен қатыс қан. Бұл да, 
әділін айтқанда, Қазақ КСР ҒА жетекшісіне республика партия 
ұйымының, оның жаңа басшыларының ерекше сенім көрсетіп, 
айрықша құрмет тұтуының бел 
гісі. Қаныш Имантайұлының 


561
ШЫҒАРМАЛАРЫ
өзі де сол ізетке тәнті кө ңіл мен қараған, ұлан-ғайыр еңбегінің 
өтемі екенін де жете түсінген. Күллі Кеңес Одағы халықтарының 
өмі 
р 
ін 
де елеулі өзгеріс туғызып, рухани жаңару әкелген та-
рихи съезд ғалымға зор әсер етіп, шерменде елінің, мыңдаған 
замандастарының басынан кешкен алуан жағдаяттарды жете түсі-
ніп, өмірлік ғибрат алуы на дәнекер болған сынды...
Медицина ғылымының докторы, профессор Ханиса Қаныш-
қызы СӘТБАЕВАНЫҢ ауыз екі әңгімесінен:
«1956 жылдың бас кезінде көкеммен өзімді тәрбиелеген екінші 
шешеме еріп, ғы лыми жұмысым болғандықтан Мәскеуге бір ге бар-
дым. «Москва» мейманханасынан біз ге кең люкс берілді, көкем 
соның бір бөл месіне қосымша төсек қойғызып, маған еншілеп 
берді. 
...Бір күні көкем, съездің аяқталуға жақындаған кезі еді, кешкі 
мәжілістен ерекше шаршап келді, қара бұлттай түнерген жү-
зі адам шошырлық. Қан қысымын өлшесем, сұмдық жоғары. 
Таисия Алексеевна еркіне қоймай, дәрігер шақыртты. Укол сал-
ғы зып, қан қысымы төмендеуін күтіп отыр ғанда, мейірбике ме, 
дәрігер ме 

 біреуі тыныш отырмай, «Делегаттардың бәріне бүгін 
бірдеме болған сияқты, түгелдей сұ лауда...» деп қалды. Көкем 
үндеген жоқ, дәрігер кеткен соң да тіс жарып сөй ле меді. Кешкі 
асқа тәбеті болмай, шай ғана ішті. Әлдебір кітапшаларды алды 
да, ұйық тайтын бөлмесіне оңашаланды... 
Көкемнің жан-жүйесіне соншама ауыр тиген істің жөн-
жосығын біз келесі күні басқа адамдардың аузынан естідік, сөйт-
сек, сол кеште ол Н.С. Хрущевтің «И. Ста линнің жеке басына 
табыну жайындағы» құпия баяндамасын тыңдапты... 
Көкем коммунистік партия жолына ерек 
ше адал, таза 
пиғылмен берілген жан еді. Оның көсемдерін де ерекше жара-
тылған қайраткерлер деп ойлайтын-ды. Үш бірдей ағасынан бір 
жылда айырылып, өзі де сан мәрте қиянат көргенімен, партия 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау