Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет148/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   245
null

мамандарын, ға лымдарды Орталық Комитетке ша қырт тым. 
Жөппелдемде кім не айтады? Басыңды қатерге тігетін қиын ша-
руа... Михаил Петрович Русаков: «Бізге бір түн мұрсат беріңіз, 
архивтерімізді ақ тарып, ойланып-тол ғанып көрейік...» 

 деген 
ұсыныс жасады. Ертеңінде таңер тең, сағат сегізде қайта бас 
қостық... Алай да бірде-бір маман нақты ұсыныс ес тірт педі, 
кейбірі ұзақ-сонар сөз бастап, мар ганец болуы ықтимал-ау деген 
кен орын дарына жорамал болжамдар айт ты...»
Бұдан әрі естелік иесі көңілі алаң болып, білгірлігіне өзі 
құдайдай сенетін Қаныш Имантайұлына үміттене қарағанын 
сипат тапты. Күт кенін дей-ақ Қанекең орнынан тұрып, сөйтсе, әріп-
тестерінің алдына түспеуді жөн көріп, сыпа йылық сақтап үндемей 
отырған, Жездідегі марганец кені н барлау жайын, ең ақырында 
сол істің күрмеуі нақ осы Алматыда, Геология бас қармасы мен 
ТКЗ-да тежеуге түсіп, түсініксіз қырсыққа шалынғанын, Орталық 
Комитет осы мәселеге ықпал етсе – Жезқазған ірге сіндегі қаратас 
қоймасын екі-үш айда бетін аршып, қанша керек болса, сон ша 
жөнелтуге болатынын, өзі бұған басын ті гіп, кімді болсын сендіре 
алатынын мәлім дегенін тәптіштей жазыпты...
«Қаныш Имантайұлы кен орнының қо ры шамамен қанша 
екенін, жер асты әді 
сімен өзіндік құны қаншаға түсетініне 
дейін безбенге тартқандай тақ-тұқ ай тып бергенде, кабинет-
те отыр ғандар аң-таң қалып жаппай дүрлігу аңғартты. Біз оны 
ғажап ерлікке бала дық. Қызу қанды М.П. Руса ков орнынан атып 
тұрып, Қаныш Иман тай ұлын қап сыра құшып: «Міне, нағыз 
көрегендік, шынайы білгірлік!..» 

 деп мәз болғаны есім де. Әрине, 
бірінші хатшыға естіген жайтты бастан-аяқ мәлімдеп, сол 
күні-ақ Мемлекеттік қорғаныс комитеті төр ағасының атына 
жеделхат жолдап, кен орнын тезірек игеру үшін алғашқы кезде 
қанша күш пен қаражат керек екендігін мәлімдедік. Екі күннен 
кейін қара метал лургия комиссары И.Ф. Тевосяннан тиісті ха-
бар алдық...»


380
Медеу СӘРСЕКЕ
Сірә, сол жайт Қазгеология басқармасы мен ТКЗ басшыларын 
да ойлантқан. Жезді жөніндегі бұрынғы қарарын қайта қарап, 
мәлімденген қорды жарым-жартылай бекітуге шешім алады. Тек 
тағы да сақтық жасап, одан да гөрі өздерінің де бірдеме білетінін 
сездірсе керек, қор есебін өзгертіп, «тік қима әдісі» бойынша 
қайтадан есептеуде қор мөлшері кемуге тиіс. Қаныш Имантайұлы, 
әрине, «шекпен бүтіндігін» ойлаудан туған қиғаш шешіммен 
келіспейді. Даулы мәселені шеш үшін жергілікті қор комиссия-
сы емес, сарапшылардың жоғарғы өкілдігіне жүгінетіндігін 
мәлімдейді.
Ғажапты қараңыз, марганецке ділгерлік кабинетте отырып 
шахмат «ойнағысы» келгендердің амалын қажет етпеген. Сол 
үшін ешбір кепілдік те сұрамаған. ГКО-ның кезекті мәжілісінде 
Қара металлургия наркомы И.Ф. Тевосянның Орал өндірістерін 
ферромарганецпен жабдықтау туралы есебін тыңдайды. 
– Магнитогор пештерін тап болған мар ганец жетімсіздігінен 
құтқарар бірден-бір шара – Жезді кенін тез арада игеру, – деп 
мәлімдейді нарком.
– Қоры қанша? – дейді ГКО төрағасы
– Аса көп емес. Бірақ құнары өте жақсы.
– Басқадай амал жоқ па?
– Әзірше болмай тұр, жолдас Сталин.
– Болмаса, не істейміз, марганецсіз құ 
рыш құйылмайды. 
Жедел кірісу керек!
Бас қолбасшының БІР АУЫЗ СӨЗІ Жезді кенінің тағдырын 
шешті. Сәуірдің алғашқы күндерінде-ақ өзен жағасында нар-
коматтың жобалаушы, кен өндіруші мамандары бас қосты. Қос 
Жездінің мұзы түсіп, қалың қар дың жаппай сөгіліп, өткел бер-
мес көк соқ та ға айналған аласапыран шағы. Алайда ГКО қарары 
қаһарлы таби ғаттың жайсыз мезгі лімен де санасқан жоқ: Жезді 
кенішін ҚЫРЫҚ КҮНДЕ жоба лап, әмбе бос жыныстан аршып 
қана қоймай, Орал өндірістеріне ДІЛГЕР ШИКІЗАТТЫ ҮРДІС 
ЖӨНЕЛТУДІ міндет етті!... 
Өзен жағасында, барлаушылардың жер үйінде өткен тех-
никалық кеңесте:
– Жезді кенін біз төрт топқа бөліп алуды ұсынамыз, – деген-
ді Богданчиков былтыр дан бергі жедел барлауда анықтаған 
браунит қазынасын нұсқап тұрып. – Бірінші, мар ганеці 35-
тен 42 пайызға дейінгі кендер; екіншісі – құрамында 32-ден 35 


381
ШЫҒАРМАЛАРЫ
пайызға дейін құнары бар аралық кен... Екеуі де жер бетіне өте 
жақын орналасқан, қазаншұңқыр әдісімен алуға болады...
– Бұлардың әрқайсының ара салмағы қанша? – деп геологтың 
сөзін бөледі мамандардың бірі.
– Кем дегенде 300 мың тонна. Оларды тек төрт-бес төбеден алу 
керек. – Таңданыс білдіріп бас шайқаған мамандарда Иосиф Ни-
ко лаевичтің жұмысы болған жоқ. – Үшін ші сорт – марганецтің 
шығымы 28-32 пайыз аралығындағы кендер. Бұлар негізінен тө-
менде және кеннің негізгі қоры. Тегінде, оны рудник салып, шах-
та әдісімен алған тиімді... Төртінші топтағы 28 пайыздан төменгі 
«ке дей» кендер, аз емес, біздің қазіргі жорамалымыз бойын ша, 
ондаған миллион тонна. Бірақ нақ ты айту үшін әлі де барлауымыз 
керек, тек соған қара метал лургия наркоматы қаражат беретін 
болса...
– Оралда біздің қандай құнармен әуре болып жүргенімізді 
білесіз бе? – деп сөзге араласты әлгі маман, сол қылығымен-ақ 
Жезді қазынасына қатты қызығып тұрғанын сездірді.
– Жоқ, біздің білетіміз – Жездінің қарата сы ғана! – деді барлау-
шылар бастығы Штифанов.
– Білмесеңіз, бері қараңыз! – Магнитогор металлургі жайраң-
дай күліп, геологтарға жақындай түсті. – Біздің комбинат соғыс-
қа дейін де маргане ці 17 пайыздан жоғары қоспа алып көрген емес, 
ал қазір Аққарға кені ші нің 12 пайыз шала рудасын беріп, шын-
туайтын айтқанда, марганец шала-шарпы шыланған топырақпен 
жемдеп, пеш тердің отқа төзімді қаптауын құртуға шақ қалып, 
діңке леп жүрміз. Ал сіздер мұнда 28 пайыздан төменгінің бәрі 
«кедей» деп, ғафу етіңіздер, танауларыңызды шүйіріп, иә, сон-
ша қымбат қазынаны төртінші сортқа шығарып, керек сіз етіп 
тұрсыздар. О, жоқ, қадірлі жол дастар, бізге қандай сыйлық жа-
сап тұрғандарыңызды сіздер әлі түсінбейді екенсіздер. Жездінің 
қоспасын бердік пе, біздің пештер дүниежүзілік рекорд қояды! 
Менің ұсынысым: бұл жердің кенін Магни тогорге тезірек жеткізу 
және оны сорт қа бөлмей, түп-түгел тақырлап алу!
– Жезді браунитінің күкірт пен фосфор дан ада екенін білесіз 
бе? – деп геологтар да металлургті тақымдай түсті.
– Оны естідік. Пештерге майдай жағады деп тұрғаным да сол 
емес пе. Фосфор – отқа төзімді қаптаудың соры, ал күкірт процесті 
тежейді. Жоқ, жолдастар, мұндай ғажап байлықты дау-шарға 
салған мамандарды мен түсінбеймін...


382
Медеу СӘРСЕКЕ
Жер жағдайымен танысып, төбе лерді көріп, барлаушы маман-
дар пікірін жан-жақты саралаудан соң нар ко мат комиссиясы Жезді 
қазынасын алуды екі кезеңде жүзеге асыруға жоба әзірледі: ең 
алдымен жер бетіне жақын жатқан кенді қазаншұңқыр әдісімен 
алу – бұған ертеңнен бастап кірісу қажет; шикізат одан әрі авто-
мобиль арқылы Жез қазған бекетіне жет кі зілуге тиіс. Екінші 
кезекте төменгі қабат тағы кенді шахты салып алу, бұл да үрдіс 
қар қынмен істеледі; сонымен бірге қырық бес шақырымдық 
темір жол тарту да... Кен жө нелту ГКО белгілеген қырық күнде 
баста лады, ал іргелі құры лыстарды алты ай мер зі м де аяқтау 
шарт!
Мамырдың төртінші жаңасында Жезді жағасына құрылыс-
шылардың алғашқы легі келді: олардың дені – Қарағанды, Ақмола, 
Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары нан Еңбек ар-
миясына шақырылған жергілікті тұрғындар болатын; екі лагерь 
әскери тұтқындар; олардың біреуі – украин ұлтшылдарының 
неміс-фашист басқыншылары на сатылған-мыс деген атағы бар 
«бандеровшылар» еді; ұсақ-түйек қылмысы үшін міндетті жұ-
мысқа кесілгендер де аз емес-ті – олар күзетсіз жүріп-тұрып, 
шаруа шылық және тасымал жұмыстарын атқарған; Кривой Рог 
пен Липецк кеніштерінде темір, марганец кендерін қазған кәнігі 
кеншілер, техниктер және бір топ инженер де жедеғабыл жетіп, 
іске кіріскен...
Кен басқармасының директорлығына бұрын Никопольде 
істеген инженер Н.Ф. Михайлов тағайындалады.
Сөйтіп, жатаған жоталар қоршауында сан ғасыр мүлгіген ша-
ғын аңғар бір-ақ күнде ара ұясындай құжынаған жанталасқа тап 
болды: күн-түн тарсылдаған бұрғылау станоктарының дүрсілінде 
дамыл жоқ; қазу бірнеше төбеде қат-қабат жүруде – жыныс 
тасы ған машиналардың гүжілі құлақ тұн дыр ғандай; кей мезгіл 
соның бәрі жым-жырт тына қала ды да, табан асты зор жарылыс 
дүмпуінен солқ етіп, іле-шала у-шу, ығы-жығы жанталас қайта 
басталады. Апан дар ды жыныстан ар шу түнде де тоқтамайды – ай 
жарығымен, кө біне автомобильдер фары мен жүреді. Электр нұры 
әлі жете қойған жоқ – бірақ станса үйінің іргесі қаланып жатыр. 
Тау-кен жұ мыс тарымен қатар Үлкен Жезді жағасында, Нарсайда 
тұрғынжай құры 
лыстары бас 
талған. Жезқазғандағыдай ір 
гелі 
үйлер емес, уақытша баспана – жерге сұғына кір ген ұзынша ба-
рактар, көпшілігі тікенек сым мен қоршалған...


383
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Мамырдың орта шенінде ГКО-ның фон дымен берілген екі жүз 
жүк машинасы келді, соңынан тағы бір жүз. Оларды күні-түні 
жүргізу үшін кем дегенде алты жүз жүр гізуші керек. Және ертең 
емес – тап бүгін! Ұлытау елі Жезді үшін қажет десе мұнан да көп 
адам шығара алады. Бірақ үш жүз автомо бильдің рулін ұстауға?.. 
Бүкіл ауданнан неше мәрте тізімдегенде жиырма шақты ғана 
кәсіби жүргізуші табылды. Отыз қаралы жүргізу шіні Қарағанды 
мен Балқаш жіберді.
Не істеу керек? Кен тасын темір жол бе ке тіне қалай жеткізеді? 
Қарсақбай аудандық партия комитеті шартарапқа: «Барлықтарың 
да марганец қазуға!», «Отан бізге Жезді қазынасын тезде тіп алу-
ды міндет қылды!», «Май 
данда жүр 
ген ерлеріңді, әкелеріңді, 
ұлдарыңды оқ өтпейтін құрыш сауыт қор ғасын десеңдер – авто-
мобиль жүргізуді үйреніңдер!», «Жезді кенінсіз танк жасалмай-
ды!» деген ұран көтереді. Мектеп мұғалімдері, жоғарғы басқышта 
оқитын жас 
өспі 
рім 
дер (қыздар да) оқуын, колхозшылар мен 
үй шаруасындағы әйелдер негізгі жұмыс 
тарын тастап, Жезді 
жағасына келеді. Қысқасы, жүк авто 
моби 
лі 
нің рулін ұстауға 
қары мы жеткені, тежегішті басуға аяғы ілінген үл кен-кішінің бәрі 
де екі-үш күнде жүр гізуге машықтанады, техника кілтипанын 
үйренуге мұрша жоқ!.. Он-он бес ав 
томо 
бильден бір колонна 
ұйымдасады, оның бас тығы – тәжірибелі жүргізуші, көш басын да 
өзі жүреді; соңында – көмекшісі. Күн де лікті жөндеу, машинаның 
күтімі, жағармай, су құю – екеуінің мойнында. Әрине, жетіс-
кеннен ойлап тапқан амал емес, төтенше қиын шылықтан қиялап 
шығудың жолы. 
Маусымның бастапқы күндерінде кеніш дирекциясы тағы 
да көмек сұрауға мәжбүр болды; ГКО белгілеген мерзімге санау-
лы күндер қалды, ал қазаншұңқырлар кен беруге дайын емес. 
Темір жол салу шы лар, барак қалауда жүргендер, балта шылар, 
ұсталар өз жұмысын, бүкіл аудан кеңсе қыз метін тоқтатып, Жезді 
жағасына келеді; дүй ім жұрт таң қараң ғылығынан күн бат қан ға 
дейін, сүлдері құ рып құлағанша тас тиеуге, апанды бос жыныстан 
аршуға тұрады; ұйқыға – төрт сағат, ас ішуге – жарым сағат; өзге 
уақыттың бәрі жұмыс алаңында өтуге тиіс... 
1942 жылғы маусым айының 12-жаңа 
сын 
да, құрылыс бас-
талғаннан бергі ОТЫЗ СЕГІЗІНШІ ТӘУЛІКТЕ Жезді ферро-
маргане цінің ең алғашқы ондаған тоннасы салынған, бірер апта-
дан соң толық тиелген вагондар Оралға жөнел тіледі.


384
Медеу СӘРСЕКЕ
Қазылған кен Жезқазғанның Рудник атал ған елді мекенін-
дегі бекетке авто мо биль мен жеткізілген, одан әрі вагонға тиеліп, 
курьер лік жыл дам дықпен Магнитогор және Кушва қалала рын-
дағы қара метал лур гия алып тарына аттанады. 
Бір айдан соң жедел қарқынмен салынып жатқан Жезқазған-
Жезді темір жолының әрбір бес шақырымы рельс төселген 
сағаттан бастап пайдалануға берілетін тәртіп енгізілді: бұл кен 
тасыған автомобильдер дің жолын қысқартып, уақыт ұтуға, тон-
налап жағармай үнемдеуге жағдай туғызды.
Қазан төңкерісінің 25 жыл дық мерекесі қарсаңында Жезді 
тұрғындары тау аңғарын басына көтере жар салған паро воз дау-
сын естіді...
110-санды Жезқазған-Жезді темір жолы құрылысының сол күндегі 
бастығы Петр Корнеевич ЖУКОВСКИЙДІҢ куәлігіне қарағанда, «Жезді 
бекетінен Рудникке тәулік сайын ә дегенде жарты вагон, бірер аптадан соң 
үш вагон, соңынан 15 вагон браунит жөнелтіліп отырған. Әр күн сайын 
Жезді кенішінің бастығы Николай Федорович Михайлов түнгі сағат жиыр-
мада жедел жиын өткізіп, оған міндетті түрде темір жол құрылысының 
бастығымен қоса байланыс бөлімшесінің жетекшісі Костяков және кеніштің 
бас инженері Айзик Абрамович Портнов шақырылады... Түнгі сағат 21-де 
Михайловты Москва сұрап, жиында отырғандар жым-жырт боп іштен тына 
қалғанда, еститіндері – ГКО төрағасы И. Сталиннің «Жолдас Михайлов, неше 
тонна жөнелттің?» деген көмескі үні. Кеніш директоры тоннажды атайды. 
Қанағаттанған болса Қорғаныс комитетінің басшысы: «Менің алғысымды 
қарауыңыздағы адамдарға жеткізіңіз!» – дейді, ал әлдеқалай браунит 
мөлшері кем аталса: «Кім кінәлі, шара қолданыңыз...» деп сөзді кілт үзеді. 
Одан арғы жағдай түсінікті – кабинетте отырған қауіпсіздік комитетінің 
өкілі олқылыққа кінәліні іздей бастайды...»
Металлургтер өкілінің Жезді жағасында ес тірткен жорамалы 
расқа шықты: 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау