9.1.10.
Тақырыбы
.
Жасушалық инженерияның әдістері арқылы абиотикалық және
биотикалық факторларға тұрақты өсімдік регенеранттарын алу
Сағат саны:2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Протопластарды қосу арқылы будандастыру
2. Протопластарды бөліп алу.
3. Тіршілікке қабілетті протопластарды алу.
4.Протопластарды іп vitro-да өсіру
5. Протопластардан регенерант өсімдіктер шығару
Дәріс тезисі
Жасушалық инженерия – жасушаларды өсіру, оларды будандастыру және қайта
құрастыру арқылы жасушаның мүлдем жаңа типін жасау әдістерінің негізінде қалыптасқан
биотехнологияның саласы. Жасушаларды жасанды жолдармен будандастырғанда, сомалық
жасушаларды бір-біріне қосқанда будан геном түзіледі. Будандастырудың бұл тәсілінің
мәні мынада: аталық және аналық жасушалар ретінде жыныстық жасушалар (гаметалар)
емес өсімдіктің дене жасушалары қосылады. Олардың алдын ала протопластарын бөліп
алады, белгілі жағдайда олар бір-бірімен қйылысады. Пайда болған сомалық будан
жасушадан кейін регенерация арқылы будан өсімдіктер өсіп шығады.
Жасушаны қайта құрастыру (реконструкция) – жасушаның құрамына кіретін ядроны,
цитоплазманы, митохондрияларды, хлоропластарды, хромосомаларды бір жасушадан басқа
жасушаға көшіру негізінде мүлдем жаңа жасушаны жасау. Осындай әрекеттер нәтижесінде
ядролық және цитоплазмалық гендер тіркестігі әдеттегідей емес, тіпті өзгеше жасушалар
пайда болуы мүмкін. Одан да артық ғалымдарды қызықтыратыны, ол жеке
хромосомаларды тасымалдау арқылы анеуплоидтық линияларды алу мүмкіншілігі.
Протопласт бөтен ДНҚ-ны қабылдай алатын өте ыңғайлы жүйе. Сол ДНҚ жасушаға енгізіп
және оның экспрессиясын қамтамасыз ету арқылы генетикалық өзгертілген өсімдіктерді
алуға болады. сөйтіп, протопластарды бөліп алу, өсіру, қосу және оларға жасушалық
органоидтарды, жеке хромосомаларды, тіпті ДНҚ енгізу генетиктер мен селекционерлерге
будан өсімдіктердің алуан түрлілігін арттыруға мүмкіншілік туғызады.
Бекіту сұрақтары:
1. Клеткалық инженерия
2. Тіршілікке қабілетті протопласттарды алу және in vitro өсіру
3. Протопласттардан регенерант өсімдік шығару
4. Протопластардың бір-бірімен құйылысып, қосылуы
Әдебиет:
Достарыңызбен бөлісу: