Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүниені танытады, әрі баланың қисынды ойлауы
мен математикалық ойлау қабілетін дамытады.
Математика. 1 сынып “5 санын қосу, азайту”
“Тізбек” ойны
+ 1 + 2 - 3 = 4 + 3 + 4 - 5 = 3
2 сынып. Ана тілі. “Тәкаппар”
“Буындардан сөз құра”
Қазақ тілі 4 сынып “Үстеу”
«Артық сөзді тап» «Қатемді тапшы»
Ешкім А.с. ол
Жанды І.с одан
Маған Б.с. оны
Барлық Т.с. оның
Тәтті Ж.с. оған
Маған Ш.с. онда
К.с. онымен
Нені ескердім?
1.Әр сабақтың дамытушылық мақсатын арттыратын мазмұнды ойындарды тұрақты
пайдалануды
2. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойынды таңдауды
3. Ойын арқылы оқуға қызықтыра отырып тұлғаны қалыптастыруды
4. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттерін қалыптастыруды
Неге қол жеткіздім?
1. Сабақтарда ойынды қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін, қызығушылы-
ғын қалыптастырдым.
2. Оқушыны тұлға ретінде көрсете білдім.
3. Сыныптағы оқушылардың қабілеттерін айқындадым. Қабілетті оқушыларды анықтадым.
Жоба бөлімі. Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай
білетін, белсенді, шығармашыл адамдар керек. Сондықтан да сабақтарда тек білімділік мақсаттарды
шешіп қоймай, балалардың жеке қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн.
Қазіргі кезеңде бастауыш сынып математикасында әлі шешімі табылмаған проблемалар бар. Соның
бірі - оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, білім алуға құмарлықтарын арттыру.
Сыныптағы оқушылардың, ойлау қабілетін дамытатын ойындарды жобаладым. Осы мақсатта
“Математикалық ойындар – ой белсенділігін дамыту құралы” тақырыбында ойындарды жинақтап
жүрмін.
Қорытынды: Жұмыс барысында қандай қорытындыға келдім?
1. Ойын білімді терең меңгеруге, жаңа тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді.
2. Қызықты тапсырмалар мен жаттығулар түрлері білімді меңгерумен қатар танымдық,
интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
3. Оқушының ойлау қабілетін күшейтеді, күрделендіреді.
4. Оқушының қызығушылығы, пәнге деген сүйіспеншілігі артады
Егер де мұғалім оқушыларға оқу тәрбие үрдісінде дидактикалық, дамытушылық, логикалық
ойындарды пайдаланып, олардың танымдылық белсенділігін арттыра- тындай тапсырма беріп
отырса, оқушылардың оқуға деген ынтасы артып, таным- дық үрдістері мен психологиялық
қасиеттерін дамытуға болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Курт Мередит, Джини Стил, Чарльз Темпл, Скот Уолтер “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан
ойлауды дамыту” әдістемелік құрал
201
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
2. Б. А. Тұрғамбаева “Дамыту оқыту технологиялары”
3. М. Р. Жүнісова Ғылыми зерттеу кіріспе. Қарағанды 2009
4. “Білім технологиялары” Алматы 2010 жыл.
5. Бастауыш сыныптарда оқу, жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы.
6. Н. К. Ахметов, “”Оқушыларды ойын арқылы оқыту ” Алматы 1985 жыл
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
БАСТАУЫШ СЫНЫП БІРЛЕСТІГІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕСЕБІ
Бермағамбетова Аягөз Қибатқызы
Қ.И.Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,
бірлестік жетекшісі. Пед.өтілі – 32жыл Санаты - 1
Тақырыбы: «Инновациялық технологиялар бәсекеге қабілетті білім беру негізі»
Мақсаты:
Мектеп мұғалімдеріне жан-жақты әдістемелік көмек көрсетіп, олардың ұстаздық іс-
тәжірбиесін терең меңгеруін қамтамасыз ету.
Міндеті:
Өз бетімен шығармашылық іс-әрекет жасай алатын, сыни ойлай алатын жеке тұлғаны
қалыптастыру.
«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». Қазақстан
Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Біз бүкіл
елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» делінген.
Сондықтан, қазіргі білім беру тәжірибесінде білім мазмұнын сараптай отырып, оқу материалын
жеңілдетуді, оқушының негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағдарланған, жаңа оқу
технологияларына негізделген жаңа білім сапасына қол жеткізуді көздейтін білім мазмұнын құру
білім беру жүйесінің барлық саласында күн тәртібінен түспейтін мәселеге айналып отыр.
Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінің тиімділігінің басты көрсеткіші білім сапасы.
Мұғалімнің негізгі міндеті оқушыны білімге өзбетінше ізденіске және шығармашылық жұмысқа
баулу болып табылады.
«Біз бүкіл елімізде Әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге
тиіспіз» делінген.
Оқу тәрбие жұмысын жүзеге асыру мақсатында бастауыш сыныптар бойынша 2 бірлестік жұмыс
жасайды.
Бірлестікте 30 мұғалім бар. Мұғалімдердің сапалық құрамы төмендегіше.
Білімі
Санаты
Жоғары
Арнаулы орта
Жоғары
І санат
ІІ санат
28
2
4
10
9
Мұғалімдер сапасы – 46,6 пайыз.
Биылғы оқу жылына арналған бірлестік жұмысының тақырыбы, мақсаты өткен оқу жылының
қорытындысы, бірлестік мүшелерінің функциональдық міндеттері бөлініп бірлестік отырысында
таныстырылды. Биылғы оқу жылына мектепалды даярлық тобына – 134, бірінші сыныпқа – 171
оқушы қабылданды.
Күні кеше меткеп табалдырығын аттап отырған оқушылардың алғашқы қадамдары, білімге деген
ынтасы, мектеп ережесіне дағдылануы, жаңа ұжымға бейімделуі, танымдық қабілеттері дамыған жеке
тұлғаны қалыптастыру деңгейін негізге ала отырып 15-20 қазан аралығында «Оқушылардың базалық
білім мазмұнына қойлатын талаптардың орындалуы» тақырыбында әдістемелік тәжірибе алмасу
семинары болды.
Семинар мақсаты: мектепішілік бақылау қорытындысы бойынша ұсыныстардың орындалуын
бақылау. Тәжірибе алмасу, әдістемелік көмек мақсатындағы семинар апталықта 12 сынып ашық
сабақтары мен сынып сағаттарын өткізіп қорытындыланды.
Әдістемелік кеңестің жеке пәндері бойынша Кіші жастан бастап ғылыми зерттеу жұмыстарымен
айналысып жүрген «Мен зерттеушімін» шығармашылық топтары құрылып, төмендегіше бекітілді:
1.Садықова Әлия Құспанқызы – жоғары санатты бастауыш орыс сыныбының мұғалімі.
Педагогикалық өтілі – 33 жыл. Шығармашылық жұмыс тақырыбы: «Развивать исследовательное
202
Достарыңызбен бөлісу: |