Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
қоғамдық қажетті деңгейі мен қамтамасыз ету, оларды Отандық, ұлттық және әлемнің мәдениет
арналарына сусындату қажет. Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсіпқойлықты түсінудің
жаңа тәсілі талап етіледі (Хойл, 1974). Біз оқушыларға білім беруде бар назарымызды аударатын
кездегі таза жеке бастылық және сыныпқа бағытталған тәсіл емес, оның орнына мүғалім білім алушы
қоғамдастықтың бiр бөлiгi бoлып тaбылaтын, кәсіпқойлыққа бағытталған мейлінше үжымдық және
кешенді тәсіл қажет (Болам, МакМахон, Столл және т.б., 2005), оның аясында көшбасшы мүғалім
бастама жасаған зeрттeyлeр мeн иннoвaциялaрғa нeгiздeлe oтырып, оның тәжірибесі дамиды (Фрост
және Дюран, 2003). Осы идея менің мектептегі тәжірибем кезінде толық жүзеге асты деп айта
аламын. Міне осылай тәжірибе кезіндегі барлық сабақтарымды өткізгенімнен кейін ой қорыту
мақсатында рефлексивті есеп жазып барлық жұмыстарыма, әрекеттеріме өзіндік талдау жасадым:
сабақта мен не істедім, оқушыларым ұсынған материалды игерді ма, қойған мақсатыма жете алдым
ба, не сәтті болды, қай жұмыс түрі сәтсіз болды, неліктен екенін талдадым, сабақ жөніндегі
оқушыларымның да пікірлерін таразыладым. «Адамгершілік мақсаты бар мұғалімдер өздерінің
әріптестеріне және aйнaлacындaғылaрғa әceр eтy үшiн, көшбacшылық қacиeттерiн сыртқа шығарады.
Олардың көңілінде үнемі дұрыс, тaлaпқa сaй бiлiм бeрy тұрады (Фрост, 2011) дегендей енді менің
барлық сабақ берудегі ұстаным мен шешімдерім, тақырыптық іс-әрекеттерім өзінің басқаша
бағытына қарай өзгерді деп айта аламын. Бұл - жаңа замандағы оқыту мен оқуда біздің бойымызға
жетістіктер мен жақсылықтар әкелетін, баланың бақытына апаратын берік те, бекемді жол.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық 2012 ж ІІІ.
Интернет желісі
---------------------------------------------------------------------------------------------
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шіркейлі ауылы
№129 мектептің еңбек пәнінің мұғалімі Г. Байғараева
Сабақтың тақырыбы
Қазақ халқының ұлттық киімдері
Сілтеме
Жоспар
Жалпы мақсаты
Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы ақпарат беру.
Қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшелігін үйрету.
Сыныпта достасып жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
4. Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы білетін болады.
5. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшелігін ажыратып
үйренетін болады.
6. Құрдастарымен ынтымақтасқан түрде жұмыс жасайтын
болады.
Негізгі идеялар
Қоғамның өркендеуіне байланысты кейбір киімдер мен баскиімдер
жаңа түр,жаңа пішінде болғанымен,олар ұлттық нақышын сақтай
отырып,өзінің бағасын,әдемілігін жоғалтпай,әлі күнге дейін халық
арасында кеңінен қолданылып келеді.
Тапсырмалар
Топтық жұмыс «Мәтінді талқылау»
Жұптық жұмыс «Қазақтың ою-өрнектерін қатыстырып ертегі жазу»
Жеке жұмыс «Тест»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру кезеңі(2 минут)
1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
2.Сыныпты топқа бөлу(Ер адамның және әйел адамның киімдерінің қиындыларын құрастыру
арқылы екі топқа бөлінеді)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. (3 минут)
154
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
-
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында қар жұмбаз ойыны арқылы жүргізіледі.
-
Қазақ халқының киімі мен басқа ұлттардың киімдерінің айырмашылығы неде?
-
Иық бұйымдарының түрлері қандай?
-
Қазақтың ұлттық дәстүрін не арқылы көрсетеді?
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық киімдері»
ІІІ. Топтық жұмыс. «Мәтінді талқылау» (10 минут)
Мәтінді өзара талқылап,берілген тақырып қазақтың қыздары мен аналарының ұлттық бас
киімдерінің суретін салу. Топ болып бірігіп, тапсырманы орындайды.
Топтық жұмысты қорғауға ( 5 минут)
Топта 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы. Әр
оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Бақылаушыға бақылау парағы беріледі.
Топты өзара формативті бағалау дайын үлгі арқылы жүзеге асады.
Бақылаушы парағы
Аты-жөні:
Критерийлер
Көшбасшы
Хатшы
Баяндамашы
Уақыт сақшысы
Топ
жұмысына
белсене араласуы
Құнды идея айтуы
Топ
ережесін
сақтауы
Өз жұмыстарын
дұрыс орындауы
IV.Жұптық жұмыс. Қазақтың ою-өрнектерін қатыстырып, ертегі құрастыру.
Әр жұпқа бірлесіп отырып, критерий бойынша ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін ою-өрнек
арқылы бейнелеп, ертегі құрастыру тапсырылады.(10 минут)
Жұптарды өзара критерий дискриптор арқылы бағаланады.
Критерий
Дискриптор
1.Ертегіге ертегі кейіпкерлерін қосып жазу
2б-
1б-
0б-
2.Ою-өрнектерді қатыстыра отырып мәтін құру.
2б-
1б-
0б-
3.Ойдың жүйелі, сауатты байланысуы.
2б-
1б-
0б-
V. Жеке жұмыс «Кеңейтілген тапсырмалар»(10 минут)
VI.Кері байланыс.
Өзін-өзі бағалау парағын толтыру.
Білім ағашын бояу. (5 минут)
Кейінгі тапсырмалар
Қазақтың ұлттық киімінің қазіргі заманға сай үлгісінің эскизін
салу.
Кейінгі оқу
Киім көркемдеу бөлімімен танысып келу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
155
Достарыңызбен бөлісу: |