Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ӨЗГЕРІС ТУРАЛЫ ОЙЛАР
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
№ 1 орта мектеп. физика пәні мұғалімі
Қайралапова Қуаныш Байдрахманқызы
Іс-әрекеттегі зерттеу – өзгеріс енгізуге түрткі болатын
проблемаларды қалыптастырып, оны шешуді қамтитын
әлеуметтік жағдайлардағы оқыту үдерісі. Элейн Уилсон
Қоғамның даму деңгейі мен өзгерген әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделу үшін әлем елдері
соның ішінде Қазақстан білім беру жүйесін реформалауда. Мектепті зерттеуші мектеп етіп түрлендіру
мектепке ғылыми дәлелдемелерді енгізу және зерттеу жүргізу жөніндегі міндеттеме алу дегенді
білдіреді. Тиімді көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болып табылады. Тиімді
көшбасшылық мектеп нәтижесіне және оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне тікелей болмаса
да ,қатты ықпал ететіндігін ескере отырып,өзіме де өзгеріс қажет екендігін сезіндім.
Олар - өз бойымда мұғалім көшбасшылығының сипаттамаларына сай дағдыларды
қалыптастыру.Мұғалімнің көшбасшылығы ынтымақтастық, кәсіптік оқу мүмкіндіктерін дамытып,
мектеп пен сыныпта өзгеріс енгізуге оң әсер етеді.Біз білікті мұғалім ретінде өзіміздің кәсіби
беделімізге және жеке тұлға ретінде моральдық беделімізге сүйене отырып, оқыту мен оқу
тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете аламыз.
Жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстан тәуелсіздікке орнықты, қуатты және ширақ мемлекет
ретінде қадам басып отыр. Тәуелсіздік жылдарында сезім, әдет, дағды, сана өзгеріске түсті.
Біздің қоғамның басты мәселесі жас ұрпақтың түсінігін, тілегін, арманын, білімін, көзқарасын,
ең бастысы, оның қазақ еліне деген патриоттық сезімін тәрбиелеп, қалыптастыру, себебі, ол
Қазақ елінің Ренессанс ғасырының азаматы, қазағы. Қазақтың Ренессанс ғасыры деген елдік
тілектен туған ізгі сана – идея. Оның болмысы – Қазақ елінің бүгінгі күні. Ренессанс идеясы –
өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастау алып, 1991 жылы егемен ел атанғанда айқындалып,
бүгінгі тұрмыс, болмысымызбен толығып, жетіліп, келешекке бастайтын елдік идеяның сара
бағыты.
Қазақтың Ренессанс ғасыры басында тұрған ұрпақ – Тәуелсіздікке құрдас, қазіргі жас
ұрпақ. Бұл – Ренессанс-ұрпақ. Еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған іс-
шаралар оқу-тәрбие процесінің барлық қатысушыларының рөлін, өзара қарым-қатынасын
қайта қарауға мүмкіндік беретін оқу ортасын түзеуге тәуелді. Ең бастысы – қазіргі заманда
ұстаздар үшін де, оқушылар үшін де басты бәсекелес уақыт екенін есте ұстауымыз керек.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ӨЗГЕРІП ОТЫРУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ
Қызылорда қаласы, №176 орта мектеп.
Бастауыш сынып мұғалімі
Төлбасиева Айсұлу Мүсәйқызы
Қазіргі кезде алғашқы орында білім сапасы тұруы тиіс екенін елбасымыз да әр сөзінде айтып
өтеді. Қазіргі заман талабы өте күшті болып тұр. Қазіргі күш тек білімге жұмсалуы тиіс. Мен
бастауыш сынып мұғалімімін. Бала мектеп табалдырығынан аттаған сәттен бастап –ақ
айналасындағы ақиқат шындықты танып білуге ұмтылады. Кішкентай бүлдіршін алдыма келгеннен
бастап оны оқушы емес, жеке тұлға деп қараймын. Оқушымен үлкен кісіше сөйлесіп, ой бөлісе
білсең, оның да бір ашылмаған жұмбақ екеніне көз жеткізесің. «Әрбір бала –бір жұлдыз,
жарқырауына жәрдем ет» деген аталы сөзді ұстанамын. Оқушыларымның жеке тұлға болып
қалыптасуына бар күш –жігерімді жұмсап, білім алуына бар жағдайын жасап жүргенімде 3 айлық
курсты оқып алудың тиімді екенін ұқтым. Бұл курстың жаңашылдыққа ұмтылған мұғалімге берері
мол. Өзіндік қиындығы мен қызығы қатар жүретін бұл курсты бірден меңгере қою алғашқыда қиын,
әрине. Дегенмен өз уақытын аямайтын, өзгенің уақытын аялайтын ұстаздар қауымы үшін қиындыққа
12
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
қарсы тұру –міндет. Өйткені мұғалім алдына келген әрбір шәкірттің көкірек көзінің ашылуына, оның
өмірлік мақсатын айқын қоя алуына, сол мақсатына жету үшін болатын қиындықтарды жеңе алуы
үшін жауапты. Алдынан шыққан әрбір шәкірті өмірден өз орнын тауып, кетігін тауып кірпіш болып
қаланғанын көру –қандай бақыт десеңізші! Ендеше сол бақытқа жету жолында аянып қалмайық,
әріптестер!
Мұғалімдік мамандықты таңдауыма бірден – бір себеп болған адамның ішкі жан –дүниесін
тереңінен түсініп, сол қоғаммен бірге өмір сүріп, үнемі ізденіп жаңашылдыққа ұмтылып отыру еді.
Міне, қазір менде сол жаңашыл мұғалімнің бірімін. Оқушыларыма білім беру, бойына білім нәрін егу
тұрғысында аянбай еңбек етіп келемін. Білім беру – оқушыға өзі білмейтін тың нәрсені үйрету.
Жаңашыл заманның баласы кітаптағы мәліметті оқымайды, оған қызықпайды. Оқушыға тың мәлімет
беріп, мектепке қызығушылығын арттыру үшін мұғалім әмбебап болуға тиіс.Сондықтан қазіргі
кездегі «Ұстаз» деген ұлы есімге лайық боламын деген әрбір мұғалім әрқашан кез – келген жағдайға
да, жаңалыққа да сақадай сай тұруымыз керек. «Сындарлы оқыту теориясының» атап көрсеткен 7
модулі бар. Сол 7 модуль арқылы оқушыларды заман талабына сай, өзіндік көзқарасы қалыптасқан,
кез- келген қиындықтан шыға алатын жеке тұлға етіп тәрбиелей аламыз. Менің әр сабағым қызықты
өтеді. Оқушылар қазір топқа, жұпқа бөлінуге, өз –өздерін бағалауға, өзара диалог жасауға төселіп –ақ
қалды. Жыл мезгілдері тақырыбында сабақ өткен кезінде, сосын әр сабақтың соңында оқушыларыма
кейде ауызша, кейде жазбаша түрде сол сабақ жайлы рефлексия жаздырамын, айтқызамын.
Мұғалім ізденісін тоқтатқан күні кәсіби біліктілігін тоқтатады. Үкіметіміз білім беру
мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы зор талабына тұғыр
боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңалықпен толықтыру, жаңа саналық өзгерістер деңгейіне
көтеруді талап етіп отыр. ХХІ ғасыр ақпараттық технологиялардың заманы емеспе? Заман талабына
сай шәкірт тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті. Еліміздің білім беру құрылымдары әлемдік білім беру
кеңістігінен беделді орын алуда. Осы жұмыстың нәтижелі болуына жаңадан құрылған
«Педагогикалық шеберлік орталығы» өзінің үлесін қосуда. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой,
адамгершілік, әдептілік және ұлттық сана-сезімді сіңіруші «мұғалім» мамандығын таңдағаныма
қуаныштымын және мақтан етемін. «Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін - білім» деп
Мұхтар Әуезов атап көрсеткендей дамыған мемлекеттердің қатарына осы білімнің арқасында
жетеміз. Шәкірт бойына нұр құйып жүрген әріптестеріме шеберліктерін шыңдау жолында толағай
табыстар мен жемісті жеңістер тілеймін. Егемен еліміздің кемел келешегі жарқын болсын.
Сабақтың тақырыбы Қ қ дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
Қ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балаларды анық, таза
сөйлеуге үйрету. Сөйлем
құрастыру арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сюжетті ойын арқылы
балаларды ата-бабамыздың
кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын бағалап, қастерлеуге, түсінуге
үйрету.
Әдіс-тәсілдер
Диалогтық оқыту сын тұрғысынан ойлау топтық жұмыс, жеке жұмыс,
жұптық жұмыс АКТ (слайдтық жұмыс,
бейне көрініс, ән тыңдау)
Күтілетін нәтиже
Қ дыбысы және оның әріп таңбасымен танысты. Балалар анық, таза
сөйлеуге үйренді. Сөйлем құрастыру
арқылы байланыстырып сөйлеуге үйренді
Сабаққа қажетті құрал
жабдықтар
Суреттер, түрлі-түсті маркерлер, слайдтар, интерактивті тақта
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі . Психологиялық дайындық.
-
Мына суреттен нені көріп тұрмыз?, оны
неден жасайды?
Балалар, мына сырмақ қандай оюлармен әшекейленген?
Сендер білесіңдер ме, сырмақты, тоқылған шидің арасына қойдың жүнін
салып, киіз басып, оның бетіне
неше түрлі ою-өрнектерді пайдалана отырып жасайды. Балалар, қазақтың
ою-өрнегімен, сырмақпен
13
Достарыңызбен бөлісу: |