Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
таныстық.
ІІ. Жаңа сабақ.
ІІІ. Оқулықпен жұмыс.
Бүгінгі сабағымызды Қ дауыссыз дыбысымен танысамыз.
-
Дауыссыз дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?
-
Ал біз әріптерді көреміз бе?
-
Өте дұрыс, енді әріптер туралы жұмбақ жасырамын, сендер
шешіңдер:
Әжемнің қолында шыр айналар,шыр айналса, өзіне шыр байланар.
-
Бұл жұмбақтың шешімі не туралы?
-
Қ дыбысы «ұршық» сөзінде қай жерде орналасқан?
-
Қ дыбысы дауысты дыбыс па, жоқ әлде дауыссыз дыбыс па?
-
Неліктен дауыссыз? Қане, бәріміз қайталап айтайық. Қарақат, ұршық
сөздерін тақтаға текшелер
арқылы жазады, қалған балалар, орындарында дауыстап айтады.
-«Ұршық» сөзінде неше буын бар?Балалар шапалақ арқылы екі буынға
бөледі.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқып-ытқып жүгірді, - деген тақпақ арқылы қоян болып жаттығулар
жасау.
Бойымыз сергіп қалды, ал енді «Ойлан-тап» ойынын ойнайық.
Ал, қане, кім айтады, менің қолымдағы ыдыстың атын білесіңдер ме?
Тостаған.
Бұл қандай ою түрімен әшекейленген?
Ал мына бұйымды атап өтіңдерші. (Сандық, торсық).
Өзіміз ұйықтарда жамылатын көрпені, жастанатын жастықты неден
жасайды екен? (Сандық Жастық Қасық
Сюжетті ойын «Аукцион».
- Балалар, мына дайындаған көрмелеріңе қарағанда қазақтың ұлттық
бұйымдарын, киімдерін жақсы білетін сияқтысыңдар.
- Сараптаңдар білімді,
Алмай тағы тынбаңдар.
Жасырамын бес жұмбақ
Шешуін жаңылмай табыңдар.
1.Кіруге адам батпайды,
Аман-есен сақтайды. Балалар жауабы: (Сандық)
2.Бала көтерген қаңбақты,
Батыр лақтыра алмапты. Балалар жауабы: (Мамық)
3.Әсемделіп істелген,
Көздің жауын алады.
Жата кетсең үстіне,
Ұйқың келіп қалады. Балалар жауабы: (Көрпе)
Дәптермен жұмыс.
Деңгейлік тапсырмалар: а) Заттарды салыстыру б) Пішіндер құрастыру
Үй тапсырмасы
Қ қ дыбысы мен әрпі
Бағалау
«Екі жұлдыз, бір тілек» басбармақ арқылы бағалау
14
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Қызылорда қаласы, № 171 Ғани Мұратбаев атындағы
орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Кемелова Гүлжан Оралбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Шеңбер. Дөңгелек
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: . «Шеңбер», «Радиус» және «диаметр»туралы түсініктерін қалыптастыру;берілген
радиусы және диаметрі бойынша шеңбер сызуды үйрету.
Дамытушылық:
Өтілген есептеу тәсілдерін бекіту, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:
Өздігінен жұмыс жасауға,тазалыққа , мұқият тыңдау және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ертегі
Сабақтың әдісі: жаңа сабақты меңгеру
Пәнаралық байланыс: геометрия,қазақ әдебиеті
Көрнекілігі: мат.плакаттар, слайдтар, математикалық құралдар
Сабақтың өтілу барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысуын тексеріп, құрал - жабдықтарының орналасуын қадағалау,
үй тапсырмасын сұрау.
Үй жұмысы: №336, № 340
ІІ. Өткен сабақты қорытындылау
1. Санды өрнек дегеніміз не? Амалдар таңбаларынан, жақшалардан(керек болған жағдайда) және
сандардан ғана құрастырылған жазу санды өрнек деп аталады.
2. Әріпті өрнек дегеніміз не? Құрамында әріптері бар өрнек әріпті өрнек деп аталады.
3.Тік төртбұрыштың периметірінің формуласы - Р= 2а + 2b
4. Тік төртбұрыштың ауданының формуласы - S=аb
5. Қандай цифрларды жұп цифрлар деп атайды? Екіге бөлінетін натурал сандар
6. Қандай цифрларды тақ цифрлар деп атайды? Екіге бөлінбейтін натурал сандар
7.Қандай сандар 2-ге бөлінеді? Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын натурал сандар
8. Қандай сандар 5-ке бөлінеді?Жазылуы 0 және 5 цифрымен аяқталатын натурал сандар
9. Қандай сандар 10-ға бөлінеді? Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар
10. Қандай сандар 3-ке және 9-ға бөлінеді? Цифрларының қосындысы 3-ке және 9-ға бөлінетін
натурал сандар:27=2+7=9 яғни 3-ке де 9-ғада бөлінеді.
ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру
Бүгінгі жаңа сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз білетін "Бауырсақ" ертегісін есімізге
түсірейікші. Барлығымыз интерактивті тақтадағы суретке қарайықшы. Суретте бейнеленген бұл
біздің бауырсағымыз.
- Балалар бауырсақ қандай екен- деп сұрақ қойғанда " оқушылардың барлығы домалақ, сары түсті "
деп жауап беріп жатты. Міне балалар бүгінгі тақырыбымыз "Шеңбер және дөңгелек" екен. (ертегі
желісі бойынша кездескен аңдардан құтқару үшін берілген есептерді шығаруы керек).
Циркульдің инесін қандай да бір О нүктесіне шаншып тұрып, қарындашы бар сирағымен осы О
нүктесін айналдыра сызық сызамыз. Сонда қарындашпен О нүктесінен бірдей қашықтықтағы
нүктелерден құралған ШЕҢБЕР деп аталатын тұйық сызық сызылады. О нүктесі шеңбердің центрі
деп аталады. Шеңбер жазықтықты ішкі және сыртқы аймақтарға бөледі.
ШЕҢБЕР - барлық нүктелері бір жазықтықта және центрден бірдей қашықтықта жататын
фигура.
Шеңбердің бойынан А нүктесін белгілейік. А және О (.)-рі ұштары болатын АО кесіндісін сызайық.
АО кесіндісі шеңбердің радиусы деп аталады. Радиусты R әріпімен белгілейміз. Егер радиус 13 см
тең болса, онда жазылуы R= 13см.
Шеңбердің центрін оның бойындағы кез келген нүктемен қосатын кесінді радиусы деп
аталады.
Егер шеңбердің бойындағы В және С нүктелерін қосатын ВС кесіндісі оның центрі арқылы өтсе, ВС
кесіндісін шеңбердің диаметрі деп атаймыз. ВС - диаметр. Диаметрді D әріпімен белгілейміз. Егер
шеңбердің диаметрі 26 тең болса , онда жазылу үлгісі D=26 мм.
Диаметр бойында (ОВ және ОС) радиус орналасады. D=2R
15
Достарыңызбен бөлісу: |