Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Мектеп мұғалімдеріне таныстырылым жасау немесе коучинг өткізу арқылы Lesson Study тәсілін
қолдану нәтижелерін көпшілік қауымға ұсынады.
Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби
жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз
оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің
ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де
қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің
жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін,
әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді
аңғаруымызға түрткі болады.
2. Lesson Study жүргізу
Lesson Study тәсілі кем дегенде үш Lesson Study-ден тұратын циклден құралады, ол сабақтарды
мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, оқытып/қадағалайды және талдайды.
Әдіскер екеуіміз ақылдасып, мұғалімдерден топ құрдық. Сыни тұрғыдан ойлай білетін шығармашыл
ұстаздармен келістік. Оларда бұл қалай болады екен деп ойланды. Бәріміз бірлесіп, ақылдасып
Lesson Study-дің жоспарын түздік. Сыныпты таңдай отырып, әр сабақтың жоспарына өзгертулер
енгізу арқылы қысқа мерзімді жоспар құрдық. Үш «бақылаудағы оқушыны» жоғары, орта, төмен
көрсеткіштері бар топтардың үш өкілін анықтадық. Сабақтың әр кезеңін жоспарладық. Бақылаудағы
әрбір оқушыдан қандай нәтиже күтетінімізді жазып отырдық. Кім қай бақылаудағы оқушыны
қадағалайтынын белгілеп алды.Бақылаушы мұғалімдер қысқа мерзімді жоспармен қоса, №1,№2,№3
кестелерді дайындады. №1 кесте бойынша бақылаушы мұғалім анықталған оқушыны бақылап, сол
кесте арқылы талқылауға дайын болып отырады.
Әр бақылаушы мұғалім өзінің анықталған оқушысын зерттеп отырды.
Бірінші Lesson Study-ді өткізу. Бақылаудағы оқушылар жұмыс істеп отырған кезеңдерді бірлесіп
бағалауға тырыстық. Оқушылардың жетістіктерін бағалау материалдарын(«№1-№2-
кестелерді)қолданып,топ мүшелерінің бақылаудағы оқушылардың әрқайсысы бойынша сабақ соңына
қарай нені істей білетінін және дәлелдеме ретінде нені көргісі келетіндігін нақты жазып отырдық.
Бастапқы
Lesson Study-ден кейін бақылау аясын кеңейту арқылы топтың немесе толық сыныптың қамтылуына
ұмтылуымыз керек.Бақылау кезінде барлық оқушы бір нәрсені дұрыс түсінбесе оны оң жақ бағанға
белгілейміз.Оқушыларды бақылау барысынды №1 кестені толтыра отырып, сабақтың негізгі
кезеңдері қандай болмақ? сабақтан кейін қандай сұрақ қоя алар едім? Деген сұрақтарды парақтың
соңындағы «алғашқы ойлар» деген жолға жазып қойдық.
37
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Сабақтың
әр
кезеңінде
бақыланушы
оқушылардан
қалай
жауап
беретінін, жауап
беру
кезінде
қалай
бақыланғанын,
шамамен
жұмсалған
уақытын, жалпы
сол оқушыларға
арналған табыс
критерийлерін өз
бағаналарына
белгілеу арқылы
қандай нәтиже
күтетінімізді
сипаттап отырамыз.
Әдеттегідей мақсат пен міндет белгілеп алған соң, мынадай аспектілерге назар аудардық:
*мен үшін сабақтан күтілетін оқу нәтижесі,
*сабақтың негізгі идеясын анықтау,
*оқушыдан күтілетін нәтиже,
*сабақтың маңыздылығы.
*- Бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
*-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
*-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?
*қызығушылығын арттыру үшін қандай іс-әрекет қолдану керекпін?
*Өздері өздерін бағалай ала ма? деген сұрақтар туа бастады.
Lesson Study әдісі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге,
қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді.
Сабақтан кейін бақылаудағы оқушылардың пікірін білу. Зерттеу аяқталған соң оқушылардың
пікірінше, не пайдалы болғанын, олардың нені білгенін және олардың көзқарасы бойынша, оны одан
да пайдалырақ ету үшін, сабақты тағы бір рет өткізсе нені өзгертуге болатыны туралы пікірін білу
үшін бақылаудағы оқушылармен сұхбаттастық.
Сұхбат ұзаққа созылмай (5 минуттан аспағаны дұрыс), барлық бақылаудағы оқушылармен бір
уақытта немесе жеке-жеке жүргізілуі мүмкін.
Оқушылардан жауап алуды мүмкіндік туысымен бірден, ең дұрысы - Lesson Study аяқталған соң
өткізген дұрыс. Оқушының пікірін білу үшін №2-кестемен жұмыс жасадық.
Lesson Study-ден кейінгі талқылау. Lesson Study –ден кейінгі талқылау сызбасын пайдаланып,
сабақтан кейін бірден жиналып топ мүшелері сабақты талқылауға кірістік.Топ мүшелерін Lesson
Study-ден кейінгі жетістікті талқылау критерийлерімен таныстырдым:
1. сыни пікірлер мен ұсыныстарға ашық болу;
2. бақылаулар нәтижелерін қабылдау және сәтсіздіктерді ақтауға тырыспау;
3. сабақтан кейінгі талқылауды бірлесіп оқыту әдісі ретінде бағалау;
4. бақылау кестесінде/жоспарында нақты мақсаттар мен мәселелерді белгілеу;
5. талқылаудың «модераторын» (талқылауға позитивті бағыт беріп отыратын төраға) тағайындау, бұл
рөлді ол адамның қызметімен байланыстыруға болады;
Қол қойып, күнін жаздық.
38
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
(3-суретті қараңыз).
Төмендегі үлгіні Lesson Study нәтижелерін талқылау мәселелерін жазуға пайдаландық.
Оқушының әрқайсысы қандай прогреске қол жеткізді? Ол жеткілікті болды ма?
Олардың сыныптарындағы басқа оқушылар қандай нәтиже көрсетеді?
Енгізіліп жатқан әдіс қалай көмектесті немесе кедергі келтірді ?
Қандай тосын оқиғалар болды?
Әр оқушының нәтижесін жақсарту үшін келесі жолы әдістеменің қандай аспекті(лері) түзетілуі
керек?
Келесі жолы біз не істеуге тырысуымыз керек? деген сұрақтарға жауап беруге тырыстық.
Lesson Study –ді сабақтың бейнежазбасы арқылы талдау тәжірибені қорытудың танымал тәсілі,
өйткені
сабақ кезінде байқалмаған жағдайды байқап отырып,ойыңды толықтырып отыруға болады.
Lesson Study сабағын бірлесіп жүргізген топтың бұл мүшелерін келесі Lesson Study-ді өткізу үшін
жаңа топты ұйымдастыруда педагогикалық ұжымның көшбасшылары ретінде пайдалануыма
болады.
Әдебиеттер:
1.Қазақстан-2050
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық
3.
Пит Дадли. Lesson Study: нұсқаулық
------------------------------------------------------------------------------------------------
Құрастырушы: Рахымшаева Әлия Байқоңырқызы
№43 Ж.Махамбетов атындағы қазақ
орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Пәні: Әдебиеттік оқу 2-сынып«Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем» тарауы
бойынша сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспары
№
Оқытуд
ың
негізгі
мақсатт
ары
Белсенді
оқытуда
қолданылат
ын әдіс-
тәсілдер
Тақыры
птарды
үйренуд
егі
кедергіл
ерді
жеңу
Оқу
нәтижел
ері
Бағалау,
соның
ішінде
оқыту
үшін
бағалау
Барлық
оқушыла
рды
сабақта
жұмысқа
тарту
Негізгі
дереккөзде
рі
1
Сабақ
Мақсаты: Отан, туған жер, атамекен жайында білімдерін кеңейте отырып,Отан,
туған жер туралы өлең, әңгіме түрлерімен таныстыру,сыни тұрғыдан
ойластыруға қабілетті оқушы тұлғасын қалыптастыру.
Тақыры
бы:
«Кімнің
мекені
жақсы?
»
Оқушылар
ды
топтарға
бөлу, Топ
ережесін
қабылдау,сұ
Топ
ішінде
оқушыла
рдың
бір-
біріне
Атамекен
туралы
білді,әңгі
ме
түрлеріме
н
Форматив
ті бағалау
Топтық
бағалау:
пішіндер
арқылы;
Топтық
жеке
жұмыстар
арқылы ,
АКТ-ны
пайдалан
Оқулық,
интербелсе
нді тақта,
үлестірмелі
қағаздар,
стикерлер,
39
Достарыңызбен бөлісу: |