Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
сипаттама бере бастады. Адам экологиясының зерттеу нысаны – адам мен оның денсаулығы. Халық
табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді. Өсімдіктердің сан алуан құпияларын ашып, оны өзінің
денсаулығы үшін пайдалануда.
Өзектілігі. Адам баласы тәуліктің көп бөлігін жабық кенселерде өткізеді. (үй, жұмыс орны). Бұл
дәл шаң бөлшектерінің демалыс жұмыс орындарында жиналған жері, шаң өсімдік жапырағының
тақтасында, бөлме жиһаздарында жиналып, тыныс жолдарының жұмысын бұзады. Шаңмен бірге
көптеген микроорганизмдер, патогенді микрофлора түрлері де кіреді. Сондықтан жабық бөлменің ауа
тазалығын қорғау, адамдардың денсаулығын сақтауда және аурулардың алдын алу үшін өте қажет.
Мәселе: Фитонцидтер – латын-грек сөзі: «Фито» - грекше «өсімдік», «цидо» - латынша «өлтіремін»
деген мағынаны білдіреді. Олар, бактериялардың дамуын бәсеңдетіп, қарапайым
микросаңырауқұлақтарды жоятынын дәлелдеу.
Мақсаты: Микроорганизмдерді зерттеуде, сапалық санақ әдісін қолданып, белсенді ұшқыш заттары
бар бөлме өсімдіктерін анықтау.
Міндеті: 1. Микроорганизмдерді зерттеуде, сапалық санақ әдісін игеру.
2. Мектептің бөлме өсімдіктерінің ішіндегі фитонцидті белсенділерін анықтау.
3. Бөлме өсімдіктеріне талдау жасап, тізім құрастыру.
Гипотеза: Біз биологиялық белсенді ұшқыш заттардың әсерін зерттеу арқылы, фитонцидтердің бөлме
микрофлорасын күрт төмендететінін анықтадық..
Зерттеу объектісі: Бөлме өсімдіктері мен микроорганизмдер.
Зерттеу заты: Фитонцидтердің әсері. Ауадағы микроорганизмнің сандық құрамы.
Күтілген нәтиже: Бөлме өсімдіктерінің ішінде фитонцидтік белсенділігі жоғары өсімдіктерді
анықтау.
1.1 Жабық бөлменің ауасы және ластану көздері.
Бөлме ауасының ластануының негізгі себебі адамдардың көп уақыт бөлмеде болып, уақытында
желдетпеуі. Екінші себебі бөлменің антисанитарлық жағдайы. Үшінші, қоршаған ортанын
антисанитарлық жағдайы(мысалы; аула, көше т.б.). Төртінші, ғимараттың санитарлы-гигиеналық
жағдайы мен орналасқан жері.
Жабық бөлмеде адамның ұзақ уақыт болуы, шамадан тыс шоғырлануы кезінде адамның өзі ауаны
ластаушы болып табылады. Біздің ағзамызда шоғырланатын СО
2
газы, ауаның сапасына кері әсер
етеді. Ағзадан бөлінетін ауа 4,1 % көмірқышқылынан тұрады, ол қоршаған ауа концентрациясынан
150 есе көп. Көмірқышқылымен паралель әр түрлі иісті газ және бу тәріздес заттар жинақталады. Ол
жағымсыз иісті бөлменің «тұрғын ауасы» (жилой воздух) деп атайды. Осындай бөлмеде ұзақ
уақыттан соң адам өзін әлсіз сезіне бастайды (бас ауруы, жұмысқа деген қабілеттін төмендеуі,
тәбеттің болмауы).
Қоршаған ортаның ластануы үйдің терезе, есік, желкөзі арқылы өтеді.
Елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуда: көшелерді көгалдандыру, асфальт төсеу, су –
канализация құбырлар жүйесін кеңейту кенінен қолдануда.
Бірақ осы шаралармен қатар, экологиялық салауатсыздық қатарласып жүр. Тоқтала кетсек, қоқыс
қалдықтарын уақытында тазаламау, көк желектің болмауы. Ластанудың себептері екен, [5,6]
Жабық бөлменің ауасының сының ластануының соңғы себебі –ғимараттың санитарлы гигиеналық
жағдайының қанағатсыздығы, құрылыс жұмыстарының, қабырға мен төбенің әрленуі, жылу жүйесі
мен желдету нормасының , бұзылуы, ғимараттың орналасу жері.
Қоғамдық орындарда, ауа тазалығын қорғауда, санитарлы – гигиеналық сұранысқа сай, жылу мен
желдету жүйелерінің маңызы зор. Жылу жүйесі ауаны зиянды газдар мен шаңдар мен ластамау керек.
Ауаны ластайтын басты факторлардың бірі – микрофлора. Атмосферадағы микробтардың ішінде
патогендік түрлері аз. Себебі; күн реакциясы мен ауа массалары оларға кері әсер береді.
Ал жабық орында жағдай басқа. Қозғалыссыз жағдайдағы ауа, микрофлорасының көбеюіне өте
қолайлы жағдай туғызады. Бөлмедегі шаң мен сұйықтық тамшылары, ауру тудыратын инфекциялық
аурулардың таралуына көмектеседі.
Бөлме ауасында әр түрлі микробтар кездескенде ауа арқылы, тұмау, ангина, қызылша, скарлатина,
шешек, т.б. инфекция таралатыны белгілі болды.
Инфекциялық аурулардың таралуының екі жолы бар: шаң – тозаң және тамшы арқылы. Бөлмені
288
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
сыпыру кезінде микробтар, шаңмен бірге қайтадан ауаға көтеріледі. Төсек – орындар мен бөлме
шанында апталап, айлап микроорганизмдер вируленттігі мен өмірбелсенділігін сақтай береді.
Профессор А.И.Шафирдің зерттеуі бойынша койлектен 1 минутта 100-ден аса шаң тозаң бөлінеді
екен. Оның жартысы микроорганизмдерден тұрады.
Осы зерттеулерден, көптеген қоғамдық жерлерде киім – ауаның ластаушысы екені анықталды.
Сондықтан микроорганизмдермен күресу деген сөз, себебі микробтар тек шаң – тозаңдарда болады
екен.[2,4]
1.2Бөлме ауасының микрофлорасы.
Бөлме ауасының микрофлорасы сапалы және сандық құрамы бойынша ерекшеленеді. Ауадағы
бактериялардың болуы келесі факторға байланысты: бөлменің санитарлы гигиеналық жағдайы,
адамдардың саны мен белсенділігі, желдету деңгейі, маусымға, жыл мезгілдеріне, инсалляцияға. Осы
көрсеткіштердің өзгеруі ауаның жалпы бактериялармен көбеюіне әсер етеді.(микроорганизмдердің
1см³ ауадағы қатынасы).Топырақ бөлшектері бар су мен ауаға таралады,тіршілік бөліндісінен,
жөтелген адамнан сілекей тамшылары мен сөйлесу кезінде, қоректік заттары бар ортада,
микроорганизмдер ауада ұзақ уақыт тіршілік ете алады. Нәтижесінде атмосфералық ауа тәрізді бөлме
ауасы да микроорганизмдер көптүрлілігі мен ерекшеленеді. Өте жиі стафилакокк пен стрептакокк
кездеседі. Мұрын – жұтқыншақ флорасы өкілдерінен басқа, ауада кейде вирустар, туберкулез
микробактерияларын кездестіруге болады.
Бөлме ауасында көп таралған стафилакоктар. Олардың төзімділік қасиеті, бөлмеде көп сақталуын
және ауаға периодты түрде бөлінуіне себеп.
Жабық бөлме шаңындағы «сandida» туысына жататын зең саңырауқұлақтарына зерттеу кезінде
анықталды, 1г бөлме шаңында «сandida» жазда саны - 2000-ға тарта, қыста – 3000 жетеді. Жол
маңында жазда ашытқы зең саңырауқұлақ тәрізділердің саны 1000 артады.Адамның ашытқы флорасы
мен оның мекен ортасы пигменттік емес түрлерімен берілген. Ауадағы зең саңырауқұлақтарының
споралары болатын маусымдық ауытқулар айқын білінбейді.
Ауадағы зең саңырауқұлақтарының спораларының маусымдық ауытқуы табиғатта тіршілігін сақтаған
споралардың табиғи циркуляциясына байланысты. Бұл байланыс жылдың жылы кезеңінде білінеді,
себебі бөлме мен атмосфера арасындағы ауа айналымы максималды болады. Төмен санитарлы –
техникалық сипаты бар ауада, 1м³:1500-60000 микробтар санитарлы – техникалық сипаты жоғары
ауада, 1м³:5000-6000 микроорганизмдер кездеседі.
Осы уақытқа дейін бөлменің санитарлы жағдайы туралы – жалпы бактерияның себу көрсеткіші мен α
және β гемолитикалық стрептококтардың жалпы саны арқылы айтылады. Санитарлы көрсеткіш
микроорганизмдер ретінде баска бактерия түрлерін қолдану, қазіргі уақытта ғылыми дәлелденбеді.
Ауа арқылы ірін коккалары (стафилококк, стрептококк, пневмококк, менингококк),туберкулездің
қоздырғышы,дифтерия, күйдіргі, оба, әр-түрлі вирустар (тұмау, қызылша, эпидемиялық паротит,
энцефалит) т.б. таралады. Аэрогенді инфекциялар үлкен қауіп төндіреді. Олар тез таралады, кең
аумақтағы адамдарды таңғалдырады.
Сондықтан гигиена ғылымдарының атмосфералық ауа мен бөлме ауасын зерттеудегі қызығушылығы
да түсінікті.
1980 жылдардан бастап бактериалдық аэрозоль және инфекцияның ауада таралуы туралы жаңа білім
пайда болды. Көптеген аэрозольдар дегеніміз – коллоидті бөлшектер, ол ауа мен шаншылған қатты
бөлшек немесе сұйық тамшылары. Сипаттамасына байланысты аэрозольдар бірнеше фазаларға
бөлінеді:
Ірі ядролы фаза (α=0,1мм көп), ұсақ ядролы фаза (α=0,1мм кем), бактериялды шаң фазасы.
Бактериялардың аэрозольді жолмен таралынуы ауада тіршілігін сақтау мен сыртқы орта
факторларына төзімді болуына байланысты.
Өте қауіпті микроорганизмдер ұсақ бөлшекті (100мм дейін), олар өкпе альвеолаларына, тыныс алу
мүшелерінің қорғанысын бұзып өтіп кетеді.
1.3 Өсімдіктердің микроорганизмдерге әсері.
Өсімдік - өмір бойы адамның серіктесі. Бактерия мен антисептиктерді білмей ежелгі адамдар
микрофлораға қарсылық көрсететін өсімдіктерді анықтай білген. Тұрмыста, халық медицинасында
өсімдіктерді қолдану, адамдардың ғасырлық дәрежесінің айқын дәлелі. Өсімдіктердің – олардың
289
Достарыңызбен бөлісу: |