Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет134/147
Дата26.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#17970
түріСеминар
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   147

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
жаны мен тәнінің саулығы сауатты тамақтанумен   қатар өмір сүріп отырған ортаның экологиясына
тікелей байланысты екені анық. Екінің бірі - анемия, екінің бірі -зоб, аллергия. Бұрын құрт ауруы
туралы қөп айтушы едік, енді ел ішінде сарып, іш қату, қан қысымы тағы басқа кеселдер бой көтере
бастады. Аталған мәселелердің, әсіресе, еліміздің жергілікті тұрғындарының арасында кеңінен етек
алуы ұлтын сүйетін әрбір саналы азаматтың қай-қайсысында бей-жай қалдырмасы анық. Ауру анадан
туылған дімкәс сәби өсе келе түрлі сырқатқа ұшырамасына кім кепіл? Келешегіміз деп үміт артып
отырған   жастарымыздың   денсаулығы   сын   көтермейді   ,олардың   бойында   ұлтжандылық   пен
намыстың, имандылық, адамгершілік сияқты қасиеттердің жойылып бара жатқаны жасырын емес.
Мұндай халге душар болуымызға не себеп? Бұдан шығатын жол қайсы? 
Зерттеу жұмысының мақсаты:  Жаңа технологиялармен дәнді дақылдарымызды   өңдеу оның
құрамындағы минералды заттар мен  дәрумендердің  азаюына себеп екенін көрсету және ұмытылып
бара жатқан ұлттық тағамдарымыздың аурудың  алдын алудағы маңызын ашу.
 Зерттеу жұмысының  міндеті: 
      -  Ұлттық тағамдарымыз туралы әдебиеттермен, ақпараттық құралдармен жұмыс жасау
      -  Көне көз қариялардан емдік ашытпалардың жасалу технологиясын білу 
      -  Ашытылған тағамдардың тағамдық құнын көтеру жұмысты жазу әдісі   
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Тамақ өнеркәсәбіндегі азық-түлік дақылдарын өндірістік
жолмен   өңдеуінің   кейбір   келеңсіздіктерін   көрсету   және   ұмытылып   бара   жатқан   ұлттық
тағамдарымызды қайта жаңғырту.
Зерттеу жұмысының әдістемесі: 
Ғылыми әдебиеттерге, ақпараттық құралдарға шолу жасау;
Аудандық, ауылдық денсаулық орталыктарынан  мәлімет алу
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі: 
Азық-түлік дақылдарын өндірістік жолмен өңдеу (ақтау, аршу, ұнтақтау)  қажетті пайдалы заттарды
жойып жіберіп отырғанына дәлелдер келтірілді;
Ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарымыздың  құрамы мен жасалу жолы көрсетілді.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:
-  Ақпараттық құралдарға, ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, азық-түлік  дақылдарын   өндірістік
жолмен   өңдеуден   ұтылатын   тұстарымызды   көрсету   және   ұмытылып   бара   жатқан   ұлттық
тағамдарымыздың емдік қасиетін ашу жұмысымыздың теориялық мәні

Ұлттық   тағамдарымызды     тұрмыстық   жағдайда   жасаудың   оңтайлылығы   жұмысымыздың
практикалық мәні болап табылады.

Аурудың   бәрі   –   дұрыс   тамақтанбаудан.  Елбасымыз   Жолдауында   халықтың   денсаулық
жағдайын   бақылаудың   ұлттық   бағдарламалары   кешенін   енгізу,   аурудың   алдын   алуға   шындап
кірісуіміз керек. Бірінші кезекте, олар балалар, жас-өспірімдер, бала туу жасындағы әйелдер  деп атап
көрсетті.Кез–келген   елдің   болашағы   оның   ден-саулығына   байланысты   екендігі   даусыз.Денсаулық-
қоғамдық байлық..Олай болса әр адам өзінің денсаулығын сақтауды азаматтық парызы деп түсінуі
тиіс.
Өзіммен   қатарлас   құрбы-құрдастарымның   арасында     көп   кездесетін   әрі   халық   онша   мән
бермейтін   аурудың   бірі   қаназдық   (анемия).   Міне,   осы   тұрғыдан   біз   ертеректе   өмір   сүрген   ата-
әжелеріміздің қаназдық ауруымен аз ауруының себебін анықтап, аурудың алдын алудың қарапайым
жолдарын насихат-тауды мақсат еттік. Халқымыздың тамақтануы мен түрлі ауруларға шалдығуының
арасында   бай-ланыс   бары   анық..   Ал   қаназдық   (анемия)   ауруы-   алаштың   бір   қатері.   Анемиямен
ауыратындардың   көбі   қазақтар.   Көбі   -әйелдер.   Бізде   іс   жүзінде   әрбір   үшінші   әйелде,   ал   кейбір
өңірлерде әр екі бо-лашақ ананың біреуінде қан жетіспейді.Содан барып нәресте ана сүтінен ерте
айырылады./6,16 бет/   Қаназдықтың не екендігін түсіну үшін қан жөнінде сөз қозғау керек. Ересек
адамда   5   литр   қан   болады.   Оның   55%   плазмадан,   ал   45%   қан   клеткаларынан   эритроцит   пен
лейкоциттен   және   қан   пластинкасынан   тұрады.   Қаназдық   ауруының   пайда   болуы   бірнеше
жағдайларға байланысты. Бірінші жағдай – жілік майында эритроциттердің аз жасалып шығарылуы.
Оның   себебі   эритро-циттер   түзілу   үшін   қоректік   заттар,   дәрумендер,   темір   жетіспеуі   және   жілік
майында   түрлі   улы   қосылыстардың   әсер   етуі.   Екінші   жағдай   –   эритроциттер   құрамында
294


Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
гемоглобиннің аз болуы. Гемоглобинде темір атомының аз болуы және В
12
  дәруменінің жетіспеуі,
оттегінің гемоглобинге қосылуын нашарлатады. Үшінші жағдай – адам көп қан жоғалтқанда және
безгек   ауруымен   ауырғанда   қаназдық   ауруы   пайда   болады.   Қаназдық   деп   эритроциттер   санының
азайып оның құрамындағы гемоглобиннің төмендеуін айтады.
              Бұл сырқаттың алғашқы белгілері:

Жалпы әлсіздік, кішкене ақыл-ой және денеге салмақ түсу барысында тез шаршау.

Ентігу, жүректің жиі соғысы.

Құлақтың шулауы,көздің қарауытуы.

Бастың ауруы,ұйқысыздық.

Тіл,ерін,шырышты қабақ, тырнақтың бозаруы.

Дәмнің, тәбеттің болмауы.

Ауыр түрінде аяқ, бет ісініп,жүрек соғысы жиілейді,демігу пайда болады.
Өткен ғасырдың басында тамақ өнеркәсібінің оқымыстылары адам баласы сан ғасырлар бойы
пайдаланып   келген   азық-түлік   құрамындағы   талшықтарды,   кебектерді   зиянды   деп,   минералдық
элеметтерді   қажетсіз   деп   санаған   болатын.   Сол   жылдары   құрылған   тамақ   өнеркәсәбі   азық-түлік
дақылдарын   өндірістік   жолмен   өңдейміз   (ақтаймыз,   аршимыз,   ұнтақтаймыз)   деп   бізге   қажетті
пайдалы заттардың 80% жойып жіберіп отырғанын өздері де білмеді, осындай сорақылықтың кесірі
осы күнге дейін жалғасуда. Олар бізге тек белок, май және көмірсутегі болса жеткілікті деп санайтын.
Соңғы жылдары оқымыстыларымыздың дәрумен мен минаралсыз өмір сүруге болмайтынына көздері
жетті. Тамақтану гигиенасы бойынша алғашқы кезде 20 шақты ғана микроэлемент жеткілікті десе,
соңғы уақытта олардың саны 70-тен асып барады. Ағзаның қажет-тілігін тек біз тұтынып жүрген ақ
ұнмен, картоппен, күрішпен қанағаттандыруға болмайды. Ағза-мызды қажетті барлық элементтермен
қамтамасыз ету үшін 100-ден аса дақыл мен жабайы өсімдікті пайдалануымыз қажет екен.Ғылыми
деректерге сүйенсек қара бидайда ,арпада белок 10-12%       болса, олардан жасалған нандарда 5-8%
ғана. Көмірсулар бидайда 50-60% болса, оның нанында 33-45% қалады.Жаңа технологиямен бидайды
ұнға   айналдыру   кезінде   құрамындағы   пайдалы   заттың   80%   шаң   болып   ұшып   немесе   кебегінде
қалатыны дәлелденген.Қазіргі   технология  бойынша   бидайды  суға   жуып,  оны  катоктармен қысып,
ортасындағы ұлпасын ұн етіп береді. Барлық   дәрумен мен пайдалы минералдар, оның ұрығы мен
қабығында   мол   екені   белгілі.   Сөйтіп   бұл   технология   бойынша   оның   барлық   нәрін   кебегінде
қалдырып,   малға   беріп   жүрміз.   Бұрын   тас   диірменге   қанша   бидай   тартсақ,   сонша   мөлшерде   ұн
алатынбыз. Қазір 30-35% кебекке кетуде. Зиян шегіп отырғанымыз – міне осы тұс. Өйткені ағзада  қан
түзілуі үшін  оған қажетті пайдалы заттардан өзіміз қолдан айырылып, аурудың сан түріне душар
болудамыз.   Қан   аздыққа   шалдығудың   басты   себебі   оның   құрамына   қажетті   дәрумендер   мен
минералдардың   жеткілікті   мөлшерде   жетпеуінде.   Әсіресе   пайда-зиянын   білмей,   бидайдың   орта
бөлігінен алынған «манная» ботқасын сәбилерге береміз. Мұның бәрі баланы әлсіретіп келешекте
оның денсаулығына кері әсер ететінін біле бермейміз.  Ірі тартылған ұн тек қуат көзі ғана емес,
адам ағзасындағы көптеген аурудың жолын кесетін қасиетке де ие.  Әсіресе, иммунитет жүйесін
күшейтіп,   сырқатпен   күресу   қабілетін   артырып,   денсаулықты   нығайтады.   Қан   қысымын
реттеуге ықпал етеді. Ал ұн құрамында пайдалы заттар жетпегендіктен,оны басқамен ауыстыруға
болмайды. Сондықтан бір қатар елде ірі тартылған ұнға сұраныстың артуы түсінікті. Қан қысымын
көтеретін холестерин де бұл жағдайда азаяды. Енді тұрмысымызда   көп пайдаланатын дақылдарға
келейік   (№1 кесте)./5/
Дәнді   дақылдардағы   микроэлеметтер   және  витаминдер құрамы
                                                                                                                                  №1 кесте
Оо
т
Р/с
Астық
 
және
бұршақ дақылдары
Микроэлементтер мен витаминдер құрамы мг  %
Са
К
Mg
Р
В
1
В
2
В
3
/РР/
1
Үрмебұршақ
150
1100
103
480
0,50
0,18
0,10
2
Аршылмаған
115
873
107
329
0,81
0,15
2,20
295


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау