Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
экологияға кері әсері, антропогендік және техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп
келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында
адамзаттың шаруашылық әрекеттері мен өндірістік қатынастарының ғылыми- техникалық жаңару
биігіне көтерілуі-экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына (модернизациялануы мен
интергациялануына) түрткі болады.
Менің ойымша экологиялық білім дегенім- адамзат перзентінің қоршаған ортаға тигізетін
антропологиялық ықпалдарының себеп салдарын терең ұғынуға, оқып тануға бағытталған теориялық
ой –пікірлер жиынтығы болса сол экологияның жануар ағзасына кері әсерін келтіруде бүкіл әлемде
экологиялық апаттар ұлғая түсуде. «табиғат –қоғам -адам» жүйесіндегі қарым қатынастардың
шиеленісуі экологиялық тіршілікке қауіп төндіріп отыр.1991 жылғы « Қ.Р 2004-2005 жылдарға
арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында атап көрсетілген.»Жылдың таңдауы
экологиялық ұсыныс оның мақсаты –қоршаған ортаның ахуал-жағдайын жқсарту бойынша ұтымды
ұсыныс,мал шаруашылығындағы экологиялық мәселелерге назар аудару.
Халқымыздың денсаулығымен қоса,пайдаланылып отырған мал өнімдерінің талапқа сай болуы. Ауру
малдың адам ағзасына кері әсер тигізетіні белгілі. Қазақстан Республикасының қоршаған орта
қорғау,экологиялық проблемалардың туындауына жол бермеу негізгі міндет.
Ауа,су,жер ресурыстары,жер қойнауы, өсімдіктер мен жан-жануарлар қорғау,өндіріс қалдықтарын
тиімді қарап оның кері әсерлерін болдырмау. Адамзат пен жан-жануарлардың өсімдіктердің бір-
бірімен тығыз байланыстылығы тіпті бұларды ажыратуға келмейді.Себебі күнделікті тұтынып
отырған азық-түлігіміз, ет өнімдеріміз айналып келгенде таза әрі құнарлы болуы тиіс. Мал
шаруашылығы үшін аса қатерлі деп саналатын зиянды ағзалардың таралуы жзануарлардың ауруына
әкеп соқтырады. Агроценозбен фитоценозда зиянды ағзалармен пайдалы жәндіктер, аң мен құстар,
өсімдік мүшелерінде және топырақта неше түрлі микроағзалар, дөңгелек құрттар тіршілік етеді.
Өңделген шабындықтармен жайылымдарда мал бағылады,жиналған өсімдік өнімі малдың жем-
шөбіне пайдаланылады Пестицидтердің табиғатта таралуы өсімдіктерден басталып қоршаған
ортаның ауасымен қатар, топырақ пен суға шайылып, жан-жануарларға кеп тіреледі.
ІІ негізгі бөлім
1. Қазіргі кезде мал шаруашылығы алға қойылып отырған міндеттеррдің бірі. Мал санын көбейту,
оның сапасы жоғары болу.
Мал шаруашылығы: 2011 жылдан АӨК – те мүйізді ірі қара мал етін өндіру бойынша экспорттық
әлеуметті дамыту жөнінен кең ауқымды жоба жүзеге асырыла бастады.
Асыл тұқымды мал өсіруді халықаралық талаптарға сәйкес келтіруі тиіс заң қабылданды.
17,7 мың бордақы- орынға арналған бордақылау алаңдары құрлысы қаржыландырылды.
Ет бағытындағы 13,5 мың бас мүйізді ірі қара мал әкелінді.
2011 жылы агроқұрылымдарда мал саны мұнша % - ға ұлғайды:
Мүйізді ірі қара мал 8 % - ға. Соның ішінде мен тұрып жатырған Жаңадария елді мекенінде 4% -ға
өсті. Қой мен ешкі 5%- ға.
Жылқы 12%- ға.
Малдың инвазиялық аурулары- эволюциялық даму барысында жануар денесінде паразиттік
тіршілік етуге бейімделген бір клеткалы организмдер мен құрттар тудыратын аурулар. Бұл
аурулардың 2 тобы бар: Бірінші тобы- гельминтоздар. Оларды трематота (сорғыш құрт), цестода
(таспа құрт), ниматода (жұмыр құрт) кластарына жататын құрттар тудырады. Мал арасында
фасциолез, дикроцелиоз, ішек цестоздары, таспа құрт (бауыр құрт) дернәсілдері тудыратын аурулар
жиі кездеседі. Сиырдың, қой- ешкінің, түйенің жіті және созылмалы ауруы- фасциолез
республиканың барлық өңірінде таралған. Аурудан арылу үшін ит пен мплды алдын ала құрттан
арылтады ( дегельминтизация), батпақтарды құрғатып, жайылымдарды, суаттарды, олардың маңын
тазартады. Дикроцелиоз – малдың бауыры мен өт жолдарын зақымдайтын созылмалы ауру.
Республиканың барлық өңірінде, әсіресе Оңтүстік пен Оңтүстік -Шығысында жиі кездеседі. Оны
тудыратын дикроцелия құрты. Малға гексихол, гексохлор- параксилол, гетолин беріп
(дегельминтизация жасап) , құрттан арылтуға болады. Таспа құрт (бауыр құрт) дернәсілдері
тудыратын аурулар – эхинококкоз, ценуроз, цистицеркоз кезінде малдың бауыры, миы, өкпесі, сірі
280
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
қабықтары зақымданады.
Ішек цестодоздарын (мониезиоз,тизаниезиоз,т.б) тудыратын құрттар да аралық (кейбір кенелер) және
тұрақты иелердің қой, сиыр) арқылы өсіп, дамиды. Қоздырғыш малдың аш ішегін зақымдап, ішін
өткізеді, ауру асқынса мал өледі. Емдеу, және аурудан сақтан уүшін малға тотияйын мен ас тұзының
қоспасы, фенасал т.б дәрілер ішкізіледі. Малдың инвазиялық ауруларының екінші тобы –тейлерия,
пироплазма, қан паразиттері(бабезия), кокцидия (ішек қабырғасында тіршілік ететін бір клеткалы
жануарлар), саркоциста (бұлшық етте болатын паразиттер ). Мал токсоплазмозынан, саркоспоридиоз,
безнойтиоз, қотыр,ауруларының эпизотоотологиясы мен патогонезін зерттеп, анықтау әдістерін табу
ісі республикада жүйелі жолға қойылған.
Эхинококкоз ауруын эхинококк құрты тудырады, аурудың негізгі көзі болып ит, мысық тектес
жануарлар табылады. Себебі, осы аталған жануарлардың ішегінде бауыр (эхинококк) құрты өсіп
жетіледі және нәжісімен қоршаған ортаға түсіп, ластайды.
Құртпен ластанған шөпті жеп, суды ішкен үй жануары ауырады. Малды сойған кезде жарамсыз
бауыр, өкпесін итке тастаймыз, осылай құрт жолы шеңбердегі айналымдағыдай болады.
Бұл ауру бау-бақшада жұмыс істеп, малға қарағаннан соң, жеке бас тазалығын сақтамаған жағдайда
адамға да жұғуы мүмкін. Адамның ішіне түскен құрт қан арқылы өкпе, бауыр тағы басқа органдарды
зақымдайды. Құрт түскен жеріндегі органды жегідей жеп өсе береді де, аурудың белгілерін білдіреді.
Егер құрт бауырда өссе, оң жақ бүйірі ауырып, өкпеге түссе адам жөтеліп, қан құсып, ауа жетіспей
ауыруы мүмкін. Құрт түскен сайын органды зақымдап, адам өміріне қауіп төндіреді. Эхинококкоз
ауруын тек хирургиялық жолмен емдейді, ал дәлелді диагноз кешенді тексерулерден соң қойылады.
Бұл аурудың алдын алу және ауруды болдырмау мақсатында келесі қағидаларды есте сақтау қажет:
1. Үйде мал сойған жағдайда, мал дәрігерін шақырып анықтама алу қажет.
2. Сойылған малдың жарамсыз органын байқасаңыз, иттерге тастамай, жағып жіберу қажет.
3. Иттер мен мысықтарды мал дәрігерінің есебіне тіркеп, куәлік алу қажет.
4. Иттерді арнайы орынға тиянақты байлап ұстап, әр үш ай сайын құртқа қарсы дәрілермен емдеу.
5. Үй жануарларын күтіп-қарап болған соң, әрине, қолды сабындап жуған жөн.
6. Көкөністермен жеміс-жидектерді тазалап, ағынды сумен шайып жіберу қажет.
Жылауық құрт.
Жылауық құрты — адам мен мал ағзаларында құрт ұрықтарының түсуінен туындайтын ауру.
Этиология. Жылауық кұрты өл-шемі 2 мм-см. Құрт өсіп-өнуі үшін, аң мен үй жануарларының ішіне
түсуі керек.
Эпидемиология. Ол көбінесе аңдар мен үй малдарынан, ит пен мысықтан жұғады. Бұл құрттар ит пен
қасқырдың ащы ішегінде өсіп-өнеді де, солардың дәреті арқылы суды, шөпті, жерді ластайды. Аң
терісін, ит пен мысықты ұстағанда жылауықтың құрты қолға жабысады. Қолды жумай тамақ ішкенде,
ластанған өзендердің суын қайнатпай ішкенде құрт адамның асқазанына барып түседі.
Патогенез. Асқазанға түскен құрттың ұрығы сыртқы қабығынан айырылып, ішек қатпарларына енеді.
Содан қан тамырларына түсіп бауыр, өкпе, ми және басқа ағзаларға ұялайды. Бірте-бірте ұялаған
жерінде жылауық құрты өнеді, өседі. Олар бір ұялы, көпұялы болып бөлінеді. Жылауық қалтасы
бірте-бірте өсіп, аурудың белгісі біліне бастайды, құрт орналасқан органдардың қызметі бұзылады.
Жылауық құрттың белгілeрі, өрбуі
Жылауықтың өрбуін екі кезеңге бөлуге болады. 1.Жасырын өрбуі. Науқастың аздаған қызуы көтерілуі
мүмкін, субфебрилитет, қан аздық, лоқсып, тамаққа тәбеті төмендеп, асқазан түбі ауырып, ауырлық
сезіледі. Кейбір науқаста бас ауырып, жөтеліп, ентігіп, кеудесі шаншиды, әлсіздік сезінеді. Жылауық
құртының ұрықтары ағзада айлап, жылдап, көп белгі бермей жата беруі де мүмкін. Ал, кейде басқа
дерттердің белгілері сияқты көрінеді, басқа дәрігерлерде емделіп жүреді. 2. Жылауық құртының ауыр
түрі. 1.Бауырдағы жылауық асқынғанда, а.) Жылауық қалтасының жарылуы, б.) Сар-ғаю, өт жолын
жапқандықтан, в.) Жылауықтың іріңдеуі. 2.Өкпедегі жылауық асқынғанда а.) өкпедегі іріндік, іріңді
плевра, б.) өкпеден қан кету. Бауырда көлемдері әртүрлі, іші мөлдір суға толған жылауық құрт ісіктері
пайда болады. Адамның іші өтеді, асқазан, бауыр тұсы сыздап ауырады. Оң жақ қабырға астынан
сыртқа қарай томпиған ісікті байқауға болады. Жылауық асқынып жарылғанда науқастың жағдайы
нашарлайды. Жылауық қалтасы өт жолын жапқанда науқас сарғайып кетеді. Бауырдағы жылауық
281
Достарыңызбен бөлісу: |