Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Математикалық жұмбақ есептер.
1.Тал басында тізіліп, он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп, ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның жұлынып, түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп, жапырақтың нешеуі? (4)
2 Аулада 3 үйрек,
Қорада 1 үйрек.
1 үйрек тығылды,
1 үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек? (2)
3.Табақта 5 алам,
Қолымда 2 алма.
Қосқанда барлығы,
Болады неше алма? (7)
«Ханталапай» ойыны.
Талапай-ау талапай,
Табылды ойын алақай!
Асықты алға шашамыз,
Талапайға басамыз, - деп асықты шашып жіберемін. Оқушылар шашылған асықты жинап алады да әр
оқушы өзінің қолындағы асығын топпен қосыла санап шығады. Асықтардың саны аяқталған соң,
салыстыру жұмысын жүргіземіз.
«Ақсүйек» ойыны.
Ойынның шарты: Тақтаға ақсүйектер жапсырылады. Бір бала көзін жұмады да ақсүйектің біреуін
алады. Артында жазылған санға байланысты санамақ айтады.
«Орамал тастамақ» ойыны.
Шарты: санның алдыңғы және артқы көршісін табу. Тапқан бала келесі баланың алдына орамал
тастайды.
«Теңге ілу» ойыны.
Шарты: Тақтаға теңге ілінеді. Теңге алу үшін бір жаңылтпаш айтып беру керек.
Қорытынды:
Ойымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар
жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде,
балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды –
деп ой түйіндейміз.
Сабақтың тақырыбы: 3 саны мен цифры. Үшбұрыш.
Мақсаты:
1) 3 саны және цифрымен таныстыру. Үшбұрыш оның белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру.
2) Ойлау қабілеттерін дамыту.
3) Ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сандар, кестелер, геометриялық фигуралар, интерактивті тақта, суреттер.
Әдісі: Ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру, өз бетінше жұмыс.
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын «Кім жылдам?»ойыны арқылы қорытындылау.
2+1 қосындысы неге тең екен? 1+2 қосындысы неге тең болады? (Жауабы)
261
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Екі үшбұрышты салыстыру, айырмашылықтарын сұрау.
Логикалық есептер шешу.
Ойын: «Сиқырлы қалта»
3. Жаңа сабақ түсіндіру.
Енді қолымызбен 3 цифрін мүсіндеп көрейік.
2 саны:
Бірден кейін тұрамын,
Сандар іші тұрағым.
Бірге бірді қосқанда,
Иіліп мен шығамын.
Сандар туралы не білеміз? (жауабы)
Балалар, бізге тағы қонақтар келіп тұр. Мінекей қараңдар. Кімдер келіп тұр? (Аталар).
Балалар, біздің ұлтымыз қай ұлт? (Қазақ).
Біздің қаламызда қай бидің атында көше бар? (Әйтеке бидің атында көше бар).
Осы көшеде кім тұрады, балалар? (Әйтеке би көшесінде тұратын балалардың атын атау).
О О О - мынау қандай геометриялық пішін? (Шеңбер)
Сергіту сәті:
Ептеп – ептеп жерден бидай терейік,
Тергеніңді торғайларға берейік.
Тойған торғай томпаң – томпаң секірсін,
Ол да біздей үлкен болып жетілсін,
Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал.
Енді менің әңгімеме құлақ сал.
Балалардан құстардың пайдасы туралы сұрау. (Балалардың жауаптары.)
Түсі қандай? (Қызыл)
Нешеу? (Үшеу)
▲▲▲ – мынау қандай геометриялық пішін? (Үшбұрыш)
Үнтаспадан құстардың дауысын тыңдату. (Құстардың дауысын ажырату.)
(Геометриялық пішіндерден машина құрастыру)
(Балалар «сиқырлы қалтадан» сандарды тауып алады.)
Дәптермен жұмыс. 3 цифрын дұрыс жазу.
Одан кейінгі тапсырмалар мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады.
Өз бетінше жұмыс. 2 мен 3 сандарының құрамын бекіту үшін «Өнімді жина», «Арифметикалық лото»
ойындарын ұйымдастыру.
Қорытынды. «Үндемес» ойынын ұйымдастыру.Шартымен таныстыру.
Мақсаты: балаларды байқампаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Ән: «Бағдаршам» Үйге тапсырма беру.
Сабаққа жақсы жауап берген оқушыларды мадақтау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Д. Рахымбек. Оқушылардың логика методологиялық білімдерін жетілдіру. Алматы. РКБ, 1998ж.
Б. Байжұманов. Оқушылардың психикалық даму ерекшеліктері. Бастаукыш мектеп, №12, 1998ж.
«Математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу
дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы» Құрастырған Л.Л.Глазырина Алматы 2009 ж
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------
СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ РЕФЛЕКСИВТІ ЕСЕП
Атырау облысы. Мақат ауданы. Мақат поселкесі
262
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Х.Санбаев атындағы орта мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі Сапарова Лаура Асылбековна
1-санатты мұғалім
Сыни тұрғыдан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын
қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.Бұл модуль оқушылардың да,мұғалімдердің де сыни тұрғыдан
ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Cыни тұрғыдан ойлау Бағдарламаның
өн бойында екі мағынада қарастырылады :оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және
мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.Бағдарлама өзара байланысты бұл үдерістің екеуін де
дамытуды қарастырады. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу
қабілеті ,ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана
білу қабілеті,өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау
қабілеті ретінде түсіндіріледі.(21-бет,Бағдарлама) Өзімнің практикамды бастауыш сынып
оқушыларына жүргізіп, үшінші сыныптың оқушылары бұдан қандай нәтеже береді деген оймен іс-
тәжірибемді бастап кеттім. Алдымен оларды шеңбер бойымен жүргізіп, қолдарына қағаздар бердім.
Ол суреттер бойынша оқушылар топ-топқа топтасып, өз орындарына отырды. Қолдарындағы
суреттерге қарап, оқушылар бүгінгі сабақтың табиғатқа байланысты екендігін өздері болжады. Одан
кейін бағалау бетшесімен таныстырдым. Мұнда олар күз мезгілінің байлықтары туралы білімдерін,
жасыл ағаштардың адам өміріндегі маңызын, қолданылуын, сол арқылы өмірмен байланыстырып
қорыта алатындығы арқылы өз білімдерін сабақтың мақсатына сәйкестендіріп бағалай алатындығын
ұқты. Сонымен сабағымызды ой шақырумен бастап кеттік. Мұндағы сұрақтар оқушыларды сыни
ойлап, сындарлы пікірлер айтуына жағдай жасайтындай болды.
Мысалы: Күздің суретіне қарай отырып, күзде болатын құбылыстарды атауы Абай атамыздың
табиғатқа байланысты қандай лирикалық өлеңдерін білесіңдер? Абайдың «Күз» туралы өлең
жолдарымен сабағымызды аштық. Өлең жолдары арқылы күздегі табиғаттағы өзгерістер, жан-
жануарлардың, құстардың күзгі тіршілігі туралы оқушылардан сұрай отырып, берген жауаптарын бір
арнаға топтастырдық.
Келесі сөз тіркесін топ тапсырмасы бойынша тақтада алманың, моншақтай, қып-қызыл
сөздерінің тіркестерін анықтады.
Бұдан кейін суретпен жұмыс ой толғаныс бойынша үш топқа тапсырмалар берілді. Бірінші топқа
әңгіме құрау, екінші топқа алма бағындағы еңбек түрі туралы әңгімелеу,үшінші топқа венн
диограммасы бүгінгі оқыған мәтін мен Т.Жароковтың «Ауыл күзі» өлеңін салыстыра сипаттап берді.
Келесі тапсырма «Бес жолды өлең» тақтада алманың суреті бейнеленген. Суреттер қою арқылы өлең
құрастыру. Әр топ сұрақтарға жауап беру арқылы бес жол өлең құрастырды. Әр тапсырма, әр жауап
мұғалім тарапынан мадақтау сөздерімен, шапалақтаумен оқушыларды ынталандырып отырды.
Топ басшылары Ұлдана, Бибізейнап, Гүлназ топ мүшелерін алдарындағы бағалау парағына
критерийлерге сүйене отырып бағалады. Сабақ соңында сабақта не ұнады, не ұнамады сияқты
оқушылардың бүгінгі сабаққа деген рефлексиясын стикерлерге жазып, тақтаға жабыстырумен
аяқталды. Үйге тапсырма өздері жақсы көретін жемістерінің суретін салу, сол туралы шағын әңгіме,
өлең жазып келулері берілді. Үшінші сыныпқа өткізілген жаңаша әдіске байланысты практикадан
менің түсінгенім, балалар топтың жұмыста өздерін ашып көрсете алды. Бағалау кезінде топ
басшысының берген бағасына барлығы риза болды. Себебі, бағалау критерийі көп көмегін тигізді:
Оқушылардың сабақтың мақсатына жетуіне топ болып жұмыла жасаған, ой қосқан әрекеттері
көмектесті деп ойлаймын, себебі Александр мен Мерсер айтқандай, диологтың пайдасын балалар
сезініп үлгерді және дәл солай рефлексия жазып өз пікірлерін білдірді.
Практика кезінде екінші сағабағымды 3сыныптан бастадым. Сынып оқушыларын алдымен үш түс
бойынша қызыл-○, көк-○, жасыл-○ үш топқа бөліп алдым. Оқушылар сабақтың қалай өтетініне
қызығушылық танытып, енді не істейміз, мен досыммен бірге отырсам бола ма деген сауалдар қоя
бастады. Мен бәріміздің бір-бірімізбен тату болу керектігімізді түсіндірдім. Одан соң сынып ережесін
құрғыздым. Сол ереже бойынша жұмыс жасау қажеттігін де ескерттім. Өздері жасаған ереже оларға
қызық көрініп, барлық оқушы өз ережесін айта бастады. Бәрі бірлесіп жасаған ережені құрып алып,
тақтаға ілдік. Одан соң мен миға шабуыл стратегиясы бойынша оқушыларға күздің суретін көрсеттім!
263
Достарыңызбен бөлісу: |