Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
тілін қалыптастырады. Бірінші сыныпта математика оқып үйрене бастағанда «яғни алғашқы ондықты
өткенде» қушылардың түсінігін жеңілдету үшін санамақ ойынын ойнату орынды. Мұғалім пәнаралық
байланыс мақсатында санаумен қатар тіл жаттықтыруға арналған «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойынын
естеріне салып, қайталап отыру жөн. Бірінші сыныпта алғашқы ондықты өткен кезде «сен тұр, сен
шық» ойынын ойнатуға тиімді.
Бастауыш сыныптың математика сабағында алғашқы ондықты Мұзафар Әлібаевтың «балдәурен,
шіркін балалық» кітабын «Он саусақ», «Санамақ» өлендерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы
(ана тілі, математика сабақтарында) оқушылардың тілін ұстартып, логикалық ой жүйелерін
қалыптастыруға болады.
Алғашқы ондықты өткенде «Қуалап соқ» ойынын ойнатқан жөн. Бұл оқушыларды шапшаң ойлауға
дағдыландырады. Алғашқы ондық көлемінде есептер шығарып, амалдар қолданған кезде мұғалім
балалармен көп жұмыс істеп, сандарды үйретумен бірге оқушыларды өз бетімен есеп құрауға
жаттықтырады.
Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды. Сол
тәсілдердің бірі- «жетім алма» жұмбақ өлеңі арқылы есеп шығарту.
Табақта бес алма, Бір алма атама
Қолымда екі алма Екі алма беремін
Қосқанда барлығын Тәтеме-Сапаға
Болады жеті алма нешеуін алады?
Бір алма апама нешеуі қалады?
Барлығы жеті алма. Оның төртеуіне беріледі. Нешеуі қалғаны белгісіз. Сондықтан бұл есепті
белгісіз санды табу тәсілімен шығару керектігі түсіндіріліп, есепке өрнек құралады.
Х+4= 7
Х= 7-4
Х= 3
Жауабы: 3 алма.
Өткенді пысықтау барысында «Жүз қаз» есебін пайдалану орынды.
Келеді ұшып бір топ қаз, Жетпей тұр ғой қосылмай.
Суалып көлі болып саз. Оның және ширегі,
Ескі жерге оралмақ, Болсын жарты керегі.
Мұны білмей жалғыз қаз. Өзің жалғыз кезіккен,
- Есенсіз бе, жүз қаз, Қосыларын сезіп пе ем?!
Деді келіп бір қаз. Бәрін бірге жинайық,
Мойнын бұрып бастаушы, «Жүз» атауын сыйлайық,
Логикалық ойын
1.Екі сиырдың мүйізі қанша?
2.Бір мысықтың аяғы қанша?
3.Бес қойдың басы нешеу?
4.Үш адамның қолы нешеу?
Санамақтар
Тауық, жөнін тауып,
Он жұмыртқа басты,
Өэдерінше мықты
Төрт балапан шықты
Қанша қалғанын
Есептей алмай отырмын.
Он екі үйрек көріп ем,
Үшеуі ұшып кетті
Төртеуі суға түсіп кетті
Айтпауға сөз қалмады.
Қаншасы орнынан қозғалмады?
259
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Үш алманы бақтағы
• Кірпі алып жинады
• Ең әдемі біреуін
• Ақ тиінге сыйлады.
• Ыдыстағы алманың
• Санап көрші қалғанын
Дамыту жолдары:
Ойлау және оқыту үрдісінде оның дамытудың жолдары.
Ойлау процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады.Ойлауды психологиялық
тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып
көрсету, яғни ойлаудың мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету,яғни ойлаудың мәнін
зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.
Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау дегеніміз - әлеуметтік
жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың,
дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және
біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен
біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-
әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.
Ойлау – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша
бейнелендіретін және олардың ішінде сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын
психикалық процесс.
Ойлау – аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың
ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының
пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің
заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын
айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының
табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу,
ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.
Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады. Психологияда ойлаудың
үш түрі қарастырылады.
• 1.Практикалық іс-әрекеттілік.
• 2. Көрнекі-бейнелік
• 3.Сөздік – логикалық.
Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді
қамтиды.
• 1 / Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту /практикалық іс-әрекеттік,көрнекі-бейнелік,
сөздік-логикалық/
• 2/ Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру /анализ, синтез,салыстыру,
жалпылау,классификациялау/ т.б.
• 3/ Заттың мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.
• 4/ Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу.
• 5/ Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.
• 6/ Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.
• 7/ Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.
• 8/ Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау.
• 9/ Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу
процесін стимулдау.
• 10/ Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде формальды және диалектикалық логика
заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру
ІІ.4 Математика сабағында ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы.
260
Достарыңызбен бөлісу: |