Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
оқушылардың ұлттық құндылықтары мен жалпы адамзаттық қасиеттерін сыныптан тыс тәрбиелік іс-
шаралар арқылы қалыптастырып,ғылыми тұрғыда дәлелдеп дамыту біздің тікелей парызымыз.
Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, ержүрек, ар-ожданы мол
болып өссе дейді.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ТУҒАН ЖЕРІМДІ СҮЙЕМІН
Ақтөбе қаласы. Благодар орта мектебінің
4 А класс оқушысы Жүрсін Лаура
Жетекшісі: Исабекова Айманкүл Шайқұлқызы
Мен туған жерім - Кішіқұм бойындағы - Шалқар өңірі. Шалқарда Кеңес Одағының батыры - Ідіріс
Үргенішбаев, сықақшы, жазушы - Үмбетбай Уайдин, әнші Жанар Айжанова, белгілі жүргізуші,
"Жайдарман" бағдарламасының негізін қалаушы - Есен Елеукен, саясаткер, президент жанындағы
аппарат басшысы - Марат Тәжин сияқты елімізге әйгілі адамдар туып өскен. Менің туған жерім
Тоғыздан Ақтөбе қаласының әкімі болған Сержан Жаманқұлов, техника ғылымының докторы,
профессор Нағашыбай Жадырасинов шыққан. Осындай атақты адамдар туып-өскен ауылымды, туған
жерімді мақтан тұтамын. Шалқардай шалқыған көлі бар құтты мекенде көптеген білім ордалары,
бала-бақшалар, мұражайлар, мәдениет үйлері, ескерткіштер бар.
Шалқар қаласының маңында ұлт-азаттық көтерілістің батыры Есет Көтібарұлының кесенесі
орналасқан.
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ №42 ОРТА МЕКТЕБІ
Оразгалиева Гауhар Алпысқызы
дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
Сыныбы:10 Күні: 25.10.2013ж
Тақырыбы: Ықшамдалған ережемен баскетбол ойыны
Сабақтың тақырыбы: Жауырынға тұру .Көпір жасау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дене қасиетттерін нығайту.
Сабақтың міндеттері: 1. Сабақтың тақырыбын түсіндіру.
2. Қимыл - қозғалысын жетілдіру.
3. Икемділік қасиетін дамыту.
Сабақ өтетін орны: Спорт зал
Спорттық жабдықтар: Спорт киім, спорттық төсеніш, ысқырғыш т.б.
Сабақтың
бөлімі
Сабақтың мазмұны
Уақыт
мөлшері
Ұйымдастыру және
әдістемелік нұсқаулар
I.Кіріспе
бөлімі
Сапқа тұрғызу,түгендеу
мәлімдеме беру, амандасу сабақтың
тақырыбын түсіндіру.
Саптық жаттығулар:
а) оңға б) солға в) кері айнал бұрылу
Жүру жаттығулары:
а) қол жоғары,аяқ ұшымен
б)қол желкеде,өкшемен
в)қол белде,табан іші,сыртымен
г)қол алда жартылай отырып жүру.
Жүгіру жаттығулары:
1. Тізені көтеріп
15
Сапқа сызық бойымеен
тұру.Хабарлау,
түсіндіру.
Бұрылу техникаларын
дұрыс орындау.
Аяқ ұшымен жүру
тізені бүкпеу.
Жартылай отыру,
денеі тіке ұстау.
саппен жүгіру
224
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
2. өкшені артқа сермеп
3. Қол белде , аяқты алға созып
4. Қол желкеде , аяқты артқа созып
5. Оң, сол аяқпен
6. Тез жүгіріспен
Дем алу жаттығулары:
3 қатар сап түзу.
Жалпы дамыту жаттығулары:
1) Б.қ. қол белде, а.а.и.к. басты 4 сан -
оңға, 4 сан - солға
айналдыру.
2) Б.қ қол белде , а.а.и.к. 1-басты алға ,
2-артқа, 3- оңға , 4- солға иію.
3) Б.қ қол басы иықта а.а.и.к 4 сан-
иықты алға , 4 -сан артқа айналдыру.
4) Б.қ оң қол жоғары, сол қол дене
бойында,1-2 қолды артқа сермеу,
3-4 қол алмастыру.
5) Б.қ қол басы желкеде, шынтақ
ашылған. 1-2 оңға бұрылу,
1-2 оңға бұрылу, 3-4 солға бұрылу.
6) Б.қ оң қол жоғары, сол қол белде,
1-2 солға иілу, 3-4 қол алмастырып
оңға иілу.
7) Б.қ.қол белде а.а.и.к. 1-оң аяққа,
2-алдыға,3-сол аяққа иілу, 4-Б.қ.
8) Б.қ. қол басы құлыпта, 4- сан -оң
аяқпен , 4- сан сол аяқпен, 3- сан қос
аяқпен, 4- сан 360 айналу.
Сапқа тұру.
тізені жоғары көтеру,
өкшені қолға тигізу,
аяқ ұшын созу.
Аяқты түсірмеу.
Тыныс алу.
Мойыннан
толық айналдыру.
Иықты дұрыс
ұстау.
Қолды шынтақтан
бүкпеу.
Кеудені тіке ұстау.
Дұрыс иілу.
Аяқты тізеден
бүкпеу, қолды
тигізу.
II.Негізгі
бөлімі
Гимнастика. Жауырынға тұру, көпір
жасау тәсілдері.
1) Жүрелеп отыру.
2) Артқа жата аяын жоғары көтеру.
3) Белден қолмен тірей , аяғын созу.
4) 5 сек аяқты тіке соза тұру
5) Артқа аунай жартылай шпагатқа
отыру.
Осы тапсырмаларды оқушыларға
үйрету, қайталату, жетілдіру.
25
Отыру техникасын
қарау.
Аяқты тізеден бүгу.
Аяқты тіке ұстау.
Тіке айналу.
III.Қорытынды
бөлімі
Сапқа тұрғызу. Тыныс алуын
қалпына келтіру. Қателерді түзету.
Оқушыларды бағалау. Үйге
тапсырма беру. Сабақты аяқтау,
қоштасу.
5
Жақсы орындаған
оқушыларды атап өту.
Сабақты қортындылау.
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
225
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ТАҚЫРЫБЫ: «МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТАБИҒАТ ЖӘНЕ АДАМ»
Шығыс Қазақстан облысы,Күршім ауылы, Күршім ауданы
«Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі»
қазақ тілі мен әдебиеті
Умутбаева Асыл Булаткановна
ОРЫНДАҒАН: 6-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ЕРЛІКОВА НАЗЕРКЕ
ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: УМУТБАЕВА АСЫЛ
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ: ф.ғ.м.МҮРСӘЛІМ ГҮЛНҰР ОРАЗБЕКҚЫЗЫ
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Мұқағали поэзиясының көркемдік қуаты
2.2. Жүрегі табиғаттың тілін білген ақын
2.3.Мұқағали Мақатаевтың табиғат пен адам бейнесін өрнектеуде қолданылған көркемдеуіш тәсілдер
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоба тақырыбы: «Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы табиғат және адам»
Жобаның құрылымы: Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тақырыптың өзектілігі: ақиық ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығымен танысу арқылы
поэзиясының тақырыптарын саралай отырып табиғат тақырыбына жазылған шығармаларына талдау
жасау.
Мақсаты:
1.Мұқағали Мақатаев шығармашылығымен танысу.
2.Мұқағали Мақатаев шығармалары туралы жазылған ғылыми мақалалармен танысу.
3.Мұқағали Мақатаев шығармаларын тақырып бойынша сұрыптау.
4.Табиғат тақырыбына жазылған шығармаларына әдеби талдау жасауға ұмтылу.
Мұқағали Мақатаев- адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы.
Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын қуаныштан, шын күйзелістен шын
сағыныштан туған жырлар. Әбіш Кекілбаев
Мұқағали Мақатаев (1931-1976)
Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне қяласа, ол
мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, оның қас-қабағын бағып, көңілі қалағанын жырға түсіру,
сырғып шерту келешектің жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт. Қазақта Абай
теңдесі жоқ ақын, ал туған халқының жүрегіне ұялаған ақындар сасақпен санарлық. Соның бірі-
Мұқағали Мақатаев.Мұқағалидың азан шақырып қойған аты- Мұхаметқали. «Пайғамбардығң атын
түгелдей айту балаға ауыр болады» деп әрі еркелетіп,қысқартып кеткен. Шешесі Нағиманың айтуы
бойынша,1931 жылы 13-наурызда (куәліте 9 ақпан деп қате жазылған). Алматы облысы Нарынқол,
қазіргі Райымбек ауданында қарасты Қарасаз ауылында туған. Ол кезде әкесі Сүлеймен 1930 жылы
ұйымдасқан Энгельс атындағы колхоздың алғашқы төрағасы еді.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда, яғни Мұқағали 10 жасқа келген кезде әкесі майданға
аттанып, Калининград майданында болған сұрапыл шайқаста 29 жасында ерлікпен қаза табады. Үй
ішінің бар ауыртпалғы баланың тұңғышы Мұқағалидың иығына түсті.
Сөйтіп, баланың оқушылық кезі қой бағып, егін орып, кетпен шабумен өтеді. Сол кездерде өлең жаза
бастайды. 1948 жылы ауыл мектебін үздік бітіріп,Алматы жоғары оқу орнына аттанып, зеректігінің
226
Достарыңызбен бөлісу: |