Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
арқасында, еш қиындықсыз Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне оқуға түседі.
Бірақ орталыққа жақын аудандардың студенттеріне жатақханадан орын берілмегендіктен,
степендиясы не тамағына, не пәтеріне жетпей асыраусыз қалған үй ішінің ауыр тұрмысы оқуын әрі
қарай жалғастыра беруге мүмкіндік бенрмей, бір жылдан соң оқуын тастап, Шибұт деп аталатын
көрші ауылда ауылдық кеңес хатшысы болып орналасады, әрі қызыл отау меңгерушісі, кітапханашы
да болады. Комсомол мүшесі, әрі жас кадр ретінде қоғамдық үгіт-насихатқа, көркемөнерпаздардың
ойын-сауық жұмыстарына белсене атсалысады. 1949 жылы «Советтік искра»газетінде екі өлеңі
жарық көреді. Сол ауылда мұғалім бойжеткен Лашын да үгіт-насихат, ойын-сауық жұмыстарында
Мұқағалиға сенімді серік болады. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасында Мұқағали-Қозы, Лашын-
Баян рөлін ойнап жүріп, бірін-бірі ұнатады. 1949 жылдың көктеміңнде екеуі үйленеді.
Мұқағали үзіліп кеткен оқуын жалғастыруды армандайды да, сол арманды жетелеп екінші рет
Алматыға оқуға аттанады. 1950 жылы Шет тілдер институның неміс тілі факультетіне түсіп, оны да
тұрмыс жағдайына байланысты тастауға мәжбүр болады. Ақын болам деген кісі заңды жете білгені
дұрыс деген оймен Қазақ Мемлекеттік Университетінің заң факультетіне оқуға түседі. 1952 жылы
Қасым Аманжолов құрастырған «Жастық жыры» жинаққа өлеңдері М.Әкімов, Ғ.Қайырбеков,
У.Мәмбетовтермен бірге енеді.
1954 жылы ауылға қайтіп, өзінің туған жері Қарасаздағы орта мектепте орыс тілінен сабақ береді.
Ауыл мектебіндегі мұғалімдік дипломы бар кадр алынып, Мұқағали жұмыссыз қалған соң, қалаға
келіп, 1957 жылы Алматыда Республикалық радиоға диктор болып қызмет істейді.
1960-1962 жылдары аудан орталығы Нарынқолда «Советттік шекара» газетінде жауапты хатшы
болады.
1962 жылы Алматы қаласына қоныс аужарып, «Социалистік Қазақстан»газетіне әдеби қызметкер
болып орналасады. Одан Жазушы одағында кеңесші, «Жұлдыз»журналында поэзия бөлімінің
меңгерушісі қызметтерін атқарады.
Ақынның алғашқы жырлары 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара»газетінің беттерінде
жарияланды. 1954 жылы «Әдебиет және Искусство»(«Жұлдыз»)журналында бір топ өлеңдері жарық
көрді. Қазақ әдебиеті газетінде өлеңдер топтамасы (Әбділда Тәжібаевтың қоштауымен)оқырманға
жол тартты. Арада 10 жыл санап, 1964 жылы тұңғыш кітабы «Ильич» атты поэмалары жарыққа
шықты. 1966 жылы «Армысыздар, достарым» атты өлеңдер мен поэмалар кітабы, 1967 жылы
«Қарлығашым келдің бе?» тты жыр жинағы оқырман қолына тиіп қаламгерлік беті айқындалған,
өзіндік қолтаңбасы бар ақынның тұлғасын танытты. Соңғы жинақтарының тақырыптарынан-ақ
«Армысыздар достарым!», «Қарлығашым, келдің бе?» ақынның өз үні мен таным дүниесі бедерленіп
бой көрсетті.
Жазушылық жолы осылайша сәтті басталған жас ақынның бұдан барлық саналы өмірі поэзия
тынысымен тығыз байланыста өтті. Өмірінің екінші жартысында бірыңғай еркін әдеби
шығармашылықпен іске шығып алды.
«Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе?
Неге іздедім?»- деп тебіренетін Мұқағали бүкіл ғұмырын, жан дүниесін қалтқысыз өлең жолына
арнады.
Талантты да шамырқанысты ғұмыр кешіп, үдете өнімді жазды. Таланты бой,ішкі рухани қуаты берік
ақын небір тамаша лирикалық жырларын ұсынды. «Мавр»(1969), «Дариға-жүрек»(1972), «Аққулар
ұйықтағанда»(1974), «Шуағым менің»(1975) жинақтары қазақ поэзиясында өзіндік белесті із
қалдырып өз оқырмандарын тапты.
1976 жылы жарық көрген «Өмір-дастан» атты таңдамалы өлеңдер мен поэмалары ақындық өмірдің
бір түйінді белесіндегі қорытындысы секілді. Келесі 1978 жылы жарияланған «Өмір-өзен» кітабын
авторы көре алмады. Жомарт дарын арқалы ақын кемеліне келіп, гағыз толысқан шағында 1976 жылы
45 жасында ауыр науқастан қайтыс болды. Бұл кезде ақын поэма,дастандармен талантты лирикалық
шығармалармен, әлем әдебиетінің кесек туындыларын қазақ тіліне аудару арқылы қазақ әдебиетінің
танрихында ерекше тұлғалы орын алып,, жарқын да шынайы талантымен кеңінен танылып үлгерді.
Ақын соңында бай да талантты туған мұралар қалдырды. Оның жеке өмірі мен шығармашылық
227
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ізденістерінің ішкі бірлігі, тұтастығы, дүние құбылыстарына деген шыншыл да сезімтал ақындық
көзқарасы туындыларынан барынша айқын аңғарылады. Шығармашылық өмірінің алғашқы
қалыптасу кезеңі бүкіл кеңес әдебиетінде үлкен серпіліс тудырған алпысыншы жылдардағы
«жылымық» жылдарына тұспа-тұс келген ақын дүниетанымы одан кейінгі социалистік қоғамдағы
тоқыраудың әуелгі жылдарына күрделі қайшылықтарға ұшырады. Ал, өткен ғасырдың соңындағы
қайта құру, қазақ елінің тәуелсіздік алу кезеңін ақын өз көзімен көре алмай кетті.
Көзінің тірісінде де ақын ретінде жақсы танылып, әдебиетте өз үнімен дараланған суреткердің
мұратына көзқарас ықылас күшейе түсті. «Бәсере»(1981), «Зов души»(1981), «Соғады жүрек» екі
томдық таңдамалы шығармалар жинағы (1982), «Шолпан» (1984) қалың оқырман қолына тиді. 1991
жылы үш томдық таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрді.
Ақын У.Уитменнің «Шөп жапырақтары»(1996), В.Шекспирдің «Сонеттерін»(1970), Дантенің
«Құдыретті комедиясының», «Тамұқ» атты бірінші бөлімін (1971) қазақ тіліне аударып жариялатты.
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында, қазақ елінің тәуелсіздік алған кезеңінде Мұқағали
Мақатаев мұрасына жаңаша көзқарас қалыптасты, ақын мұраларын танудың жаңа бір кезеңі
басталды. Ақын шығармалары өзі дүниеден қайтқаннан кейін, бәрі де Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығымен бағаланды.
Мұқағали өлеңдері-ұлттық поэзияның жаңа бір белеске көтерілгендігін, жаппай евроцентристік
ағымға ойысқан заманда қазақтың қара өлеңінің шынайы қасиеттерінің қадірі артып,бұрынғыдан да
толысып,кемелдене түскендігінің куәсі.Ол қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын ұстанды,
түрлендіре байытты да, сонысымен қалың қазақ оқырмандарының жүрегіне жол ашып, ұлттық
поэзияның шашасына шаң тимес тарланбозы ретінде мәңгілік ұялап қалды.Сонымен қатар,ақын қазақ
лирикасын ХХ ғасыр әдебиетінің талантты түрде құнарландырды.Білікті, парасатты ақын ретінде өз
заманының ірі мәселелеріне қалам толғаса, соның өзінде қазақ өлеңі мен ана тілінің ғасырлар
қойнауынан нәр жинаған аталы дәстүрін бұзбай, жарасымды дамытты.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын,-дегенде де ақын өзінің суреткерлік сырын алға тартқан.
Адамды бірде азынаған үскіріктің құшағына, бірде апшыны қуырған аңызағына, бірде жапырағын
желден басқа жан желпімеген жаратылыс жаннаты жазира жайлай жасыл аймаққа алма-кезек
алмастырып, өмірдің нәрін көңілдің аңсары мен кәусеріне айналдыратын уақыт атты құдыреттің өз
мақамы,өз күйі болатындай, поэзияның да сол уақыт атты қайсар еменнің шор боп біткен иір-иір
бұтақтарының жамырап, бүр ашық өзіне ғана, кезеңіне ғана сай сымбат, бітімі бар. Содан жаратылған
мінез-құлқы бар.Шынайы талантты поэзия тармақтарында тіршіліктің тынысы қан лүпіліндей соғып
тұрмақ.Өлеңнің де өз кезеңінде лайық тынысын содан естиміз, түсінеміз.
Бүгінде самғауы биік қазақ жырының сырлы өлкесінен орын тепкен Мұқағали Мақатаевтың саңлақ
үні халық санасына сіңді деп айтуға болады.Ақынның шыншыл, сыршыл қоңыр дауысы әдебиет
әлемінде орнықты.Өзімен-өзі арпалысқан, мазасыз,Ақын-Жүрек миллион жүректі адамгершілік,
суреткерлік жалынмен жылытып келеді. Сонда есте көп сақталатын да, еріксіз тілге, зердеге нәр
болып таматын табиғаттың тұлғалы, тұрлаулы, тебіреністі жырлары.
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің!
Бұйрат құмдар-бұйынып шөлдегенім,
Бура бұлттар-бусанып терлегенім,- деп қайталаймыз ақын жыры.
Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы көркемдік жүйенің бір парасы өзі өмір сүрген кездегі ауыл, ел
тіршілігі, ұлттық мінез, ұлттық психология табиғат көрінісінің көркем бейнесін жасауға негізделген.
Мұқағали поэзиясы тазалық,шынайылық,табиғи тазалық болмыстан тұрады.Мұқағали
жырларындағы сезім мен сурет астасып жататындықтын сурет бояулары мағыналы-мазмұндығымен
ерекшеленеді. Ақын жырларында жайбарақаттық, салқынқанды бояу қолдану мүлде кездеспейді, ол
ақындық мінезден туындайды.
2.1.Мұқағали Мақатаев жырларының көркемдік ерекшелігі өте мол.Онда троп пен фигураның түр-
түрі, бірнеше жолдармен жасалған теңеу мен эпитет, жансыз нәрсеге жан бітіре суреттеу, арнау
түрлері, диалог тәсілі өте шебер әрі орынды көріне білген. Мысалы,ақын диалог тәсілін, яғни сұрақ-
жауап түріндегі әдістің поэзияда қолданылуында өте шеберлік танытады.Оның «Махаббат диалогы »,
228
Достарыңызбен бөлісу: |