Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
қою – оқытудың «үшөлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясының айрықша белгісі мен басқа
технологиялардан артықшылығы болып табылады.
Нәтижесінде әр оқушы барлық пәннен:
- екіліксіз оқуға кепілдік алады;
- оқушының бір бағытта болса да қабілеті ашылады (қабілетсіз бала болмайды!);
- дарынды бала жан-жақты дамуға мүмкіндік алады;
- рейтинг жүйесі бойынша «қосу» әдісімен балл жинау арқылы оқуға деген қызығушылығы артады.
Қазіргі кезде республикада білім беру ісінің жаңартуың негізгі ұстанымдары ретінде
демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдары анықталды. Олардың талабы бойынша оқытудың
басты мақсаты өздігінен білім алып дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Оқушылардың әр деңгейдегі қызығушылығын қанағаттандыру алмаған жағдайда оқытуды даралау,
саралау қажет. Әр деңгейден өткен сайын оқушы бойындағы мүмкіндіктермен қабілеттері ашыла
түсіп, меңгерген білімі мазмұны жағынан тереңдейді, тапсырма көлемі мен сапасы жағынан
жоғарылай береді.
Осы принциптерге сүйене отырып деңгейлік тапсырма арқылы оқыту-сапалы білім берудің тиімді де
ұстамды тәсілі болмақ. Білім сапасы жетілдірудегі жетістіктер деңгейліп-саралап оқыту
технологиясында төмендегіндей жүйелі әрі үзілсіз дамытуды көздеген жұмыстар құрылымымен іске
асады.
Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыра отырып ұғындыру әрекеті.
Жаңа тақырыпты игерудегі деңгейлік тапсырмалар түрлері.
Қиындық деңгейі әр түрлі тест тапсырмалары.
Өздік жұмыстар
Қатемен жұмыс
Көп деңгейлік бақылау жұмысы
Рейтинг, мониторинг арқылы білім деңгейін сараптау
Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат:
баланың қабілетін ашу,
шығармашылығының шыңдау іздендіру,
пәнге қызығушылығын арттыру.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру қажет:
1. Оқушылардың өздігінен білімін толықтыру, жетілдіру отырып, жаңа білім алуы
2. Оқушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдылануы
3. Берілген білімді пысықтау
4. Оқушы білімін тексеру, бақылау
5. Шығармашылық қабілетін арттыру
6. Байланыстыра сөйлеуге жағдай жасау
7. Сөздік қорын байыту
Ұлттық рухта тәрбиелеу, яғни оқушыларды халқымыздың салт-дәстүрі және әдет-ғұрпы мен
таныстыру
Міне осындай міндеттерді жүзеге асырар болсақ, онда осы технология арқылы:
Оқушыға пәндік ғылыми негіздерін меңгертуге болады
Халқымыздың салт-санасын, әдет-ғұрпын, ұлттық асыл мұрасы, рухани азығы болар бай тілі, ұлттық
шешендік билермен баба даналығын үйретуге мүмкіндік туады.
Ертеден келе жатқан шешен де дана, баба тіліміздің бал бұлағымен сусындаттырып, сөздік қорларын
молайтып, тілі байлығын игеруге де болады
Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәденитін арттырып баланы еркін сөйлетуге, жазбаша ойын
жүйелі жеткізуге дағдыландырады.
Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты оқушыларға жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай
сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып оқушыны ізденушілікке,
шығармашылыққа баулу. Менің осы технологияны өз тәжірибеме еңгізудегі басты мақсатым сынып
оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әртүрлі топтарға бөлуді болдырмау.
Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар барлық оқушыға қатысты,
48
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ізгілендіру принциптерінде сақталады.
Деңгейлік тапсырмаларға төмендегідей талаптар қойылады:
Оқушылық деңгейдегі тапсырмалар
а) жаттап алуға лайықты болуы керек
ә) жаңа тақырыпта меңгерілген білімінің өңін өзгертпей қайталап, пысқтауына мүмкіндік беруіне тиіс
б) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек
2. Алгоритмдік деңгейдегі тапсырмалар
Өтіп кеткен материалдырды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген
жағдайлардағы тапсырмаларды талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін
алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет.
Эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар
Оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп,
тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.
Эврика-анализ-синтез салыстыру. Негізгісін анықтау, қорытындылау, ой жұмыстарын қажет етеді.
Шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар
Оқушыға берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындау. Қорытып айтқанда бұлар:
бірінші деңгей үшін игерілген материалды пысықтаумен қайталауға, ережелер мен формулалар
жаттауға арналған.
Жоғарғы деңгейлер үшін- алған білімдерін өз бетімен тереңдетіп қортуға, жүйелеуге және тәжірибеде
қолдануға арналған тапсырмалар.
Өз тәжірибемде сынып оқушыларын 1-сыныптан бастап, бақылау жасай отырып, профессор Қараев
Жауынбайдың «Деңгейлік оқыту технологиясын» таңдап алдым. Мұндағы мақсатым – өз бетімен
дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу.
Бұл технология біріншіден дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені ол
оқушының ойлауын елестету мен еске сақтауын, ынтасын, белсенділігін, білім сапасының дамуына
көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік деңгей алуына көмектеседі.
Бұның басты ерекшілігі – оқушыларға берілетін тапсырмалардың деңгейлерге бөлінуі және олардың
меңгерген білім мен іскерліктеріне қойылатын талаптардың деңгейленуі, яғни, материалды
меңгерудің төменгі жеткілікті шегін қамтитын міндетті дайындық.
Бұл деңгей – барлық оқушылардың шамасы жететін деңгей. Оқушылар бір сыныпта бір бағдарлама
бойынша білім ала отырып, қабілеттеріне, қызығушылығына сай деңгейді таңдауға мүмкіндік табады.
Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету екені
бәрімізге мәлім. Бұл технологиямен жұмыс істегеніме көп уақыт бола қойған жоқ. Сынып
оқушыларының арасынан кімнің қай пәнге қабілетті екенін байқай бастадым. Менің ойымша,
баланың жас ерекшелігіне қарай деңгейлік тапсырмалар неғұрлым қызықты етіп құралса, соғұрлым
олар оны үлкен қызығушылықпен орындайды. Деңгейлік оқыту технологиясы оқушының да,
мұғалімнің де шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Осыған байланысты әр пәндер
бойынша деңгейлік тапсырмалар беріп, оқушыларды қалыптастыра бастадым.
Деңгейлік тапсырмалар оқушының өзін-өзі сезінуіне және шығармашылықпен айналасуына
жетелейді. Оқушылардың оқу материалын меңгерту үшін үш деңгейге бөлінеді:
1. Міндетті деңгей.
2. Мүмкіндік деңгей.
3. Жоғарғы деңгей.
Мысалы: 12 жылдық бағдарламамен оқытатын 2-сыныптың қазақ тілі пәніне арналған
тапсырмаларды алатын болсақ:
Тапсырмалар деңгейлік оқыту технологиясы бойынша төрт деңгейде беріледі.
«Дыбыс және әріп» тақырыбы бойынша:
І деңгей.
1. Суреттегі заттардың атын жазып, әр сөздегі дыбыс және әріп санын анықта.
2. «Садақ» сөзінің ортаңғы дыбыстарын өзгерту арқылы бірнеше сөз шығарып жаз.
«Бала» сөзінің бірінші дыбысын өзгерту арқылы бірнеше сөз шығарып жаз.
Қандай қорытынды жасауға болады?
ІІ деңгей.
3.Берілген сөздерді дыбыс санына қарай топтап сәйкес түспен боя:
49
Достарыңызбен бөлісу: |