Дәрістің мазмұны : 1. Ақыл-ой мен эстетикалық сезімдерді мектеп оқушыларының бойында қалыптастыру
2. Сүйіспеншілік пен достық сезімдерін түсіндіретін теориялар
3. Аффиляция
Әдістемелік нұсқау: ББҮ стратегиясы
№ 27 практикалық сабақ
Тақырып: Эмоция түрлері
Дәрістің мазмұны : 1. Қарапайым эмоциялар
2. Күрделі эмоциялар
3. Аффекттер кешені
Әдістемелік нұсқау: Аквариум
№ 28 практикалық сабақ.
Тақырып: Эмоционалдық стресс және эмоционалдық көңіл күйді реттеу
Дәрістің мазмұны : 1. Эмоционалдық стресс туралы түсінік
2. Сресс және дистресс
3. Стресстің физиологиялық механизмі
Әдістемелік нұсқау: Еркін жазу
№ 29 практикалық сабақ.
Тақырып: Ерікті дамыту
Сабақтың мазмұны :
Аутотренинг туралы түсінік
Бақылауды шектеу
Адамның өз еркін тәрбиелеудің міндеттері
Әдістемелік нұсқау: Еркін жазу
№ 30 практикалық сабақ.
Тақырып: Еріктік іс-әрекет деңгейлері.
Сабақтың мазмұны :
Еріктік іс-әрекет баспалары.
Еріктің психиканың басқа жақтарымен байланысы.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың еріктерінің дамуы.
Әдістемелік нұсқау: Аквариум
ӨЖСӨЖ өткізу бойынша әдістемелік нұсқау.
Коллоквиум: Мұғалім және студент арасында сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. Әр студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұщраққа уақыт ұтуы үшін тез жауап беруі керек. 1 сұраққа 1 мин уақыт беріледі
- Үлкен шеңбер әдісі: Жұмыс үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға отырады. Мұғалім мәселені ұсынады.
Екінші кезең. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) әрбір оқушы жеке осы мәселені шешудің жолдарын қағаздарын жазады.
Үшінші кезең. Шеңбер бойынша әрбір оқушы өз ұсыныстарын ұсынады, топ бұл ұсынстарды сынамай тыңдайды, және әңгіме бойынша тақтаға жазылып тұратын ортақ шешімге қосу, қоспауға дауысқа салады.
“Үлкен шеңбер” әдісін сұрақтың шешімін тез табу керек болған жағдайда қолдануға болады. Осы форманың көмегімен мысалы, заң жобаларын немесе нұсқауларды, нормативті-құқықтық актілерді жасауға болады.
- Аквариум әдісі: “Аквариум” – балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.
-Мозайка әдісі: "Мозайка" интенсивті қарым-қатынас кезінде мәселенің оптималды шешімін “жоғарыдан-төмен” (педагогтан-оқушыға) емес, тең деңгейде (өзара оқушылар арасында) табуға мүмкіндік береді. Бұл технологияның қиындығы: әсіресе бірінше сабақтарда топтарды қайта құру үрдісінде мұқият зейінділікті талап етеді.
“Мозайка” әдістемесі бойынша сабақты ұйымдастыру кестесі
Кезеңдер
|
Позициялар
|
Мазмұны
|
1 кезең. Жеке жұмыс.
|
А Б
В Г
|
Педагог тапсырма ұсынады (көлемі бойынша кең): оқулықтың үш-төрт параграфын оқып, конспект құратыру; өзект і тақырып т.б. бойынша пікірталасқа сұрақтар әзірлеу; Дайындалуға және тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Берілген уақыт ішінде топағы әрбір оқушының өзінің орындалған тапсырманың варианты болуы керек.
|
2 кезең. Жұппен жұмыс
|
А <-> Б
В <-> Г
|
Әрбір қатысушы өзіне партнер таңдайды: мысалы, А Б-мен жұмыс жасайды, Г В-мен жұмыс жасайды (немесе басқаша). Тапсырма бұрынғыша қалады. Бұл кезеңнің мақсаты топтық жұп арасында ортақ шешім қабылдау. Табылған шешім екі қатысушының да ортақ пікірін білдіруі керек. Талқылау уақыты – 10 минут.
|
3 кезең. Жұппен жұмыс (жалғасы)
|
А Б
| |
В Г
|
Жұп ауысады. Жұмыс мазмұны бұрынғыша қалады. Жаңа жұптар өз шешімдерімен алмасады және мәселені жаңартудың мүмкіндіктері іздестіріледі. Талқылау уақыты – 10 минут. Осылайша, топтағы әрбір қатысушы басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені өзіндік түсінуін ұсынады, табылған шешімді қорғауға үйренеді.
|
4 кезең. Топтық шешім қабылдау
|
А Б
\ /
/ \
В Г
|
Топ мүшелері бір жерге жиналады. Барлығы шешімдермен таныс болғандықтан бұл кезеңнің мақсаты ортақ шешім қабылдайды. Мұнда зейін тек мазмұндық бөлігіне ғана емес, сонымен бірге оның орындалу формасына да бөлінеді (шешім конспект, сурет, кесте, тақпақ т.б. түрінде болуы мүмкін). Уақыт – 10 минут.
|
Сабақ соңында әрбір топ мәселені шешу жолдарын ұсынады. Таңдалған эксперттік комиссия ұсынылған жобалардың мазмұны мен безендірілуін бағалайды. Жұмыстың мұндай интерактивті формасы өзара біріккен әрекет іскерліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Әсіресе бұл халық көп жерде үндемей, тасада қалуға тырысатын ұялшақ оқушылар үшін өте пайдалы. Микротоптар-микроәлемдер, әдетте бұл осындай балалардың және жеткіншектердің өзін-өзі бағалауына жағымды әсерін тигізеді.
- Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері.
- «Ассоциация» стратегиясы: «Ассоциация» стратегиясын әдетте студенттер жаңа ұғымды меңгеру кезінде қолданады. Бұл арқылы олар осы ұғым бойынша бұрыннан білетін түсініктерін топ болып ортаға салады. Әрбір топта 4-5 студенттен артық болмағаны дұрыс. Содан кейін әрбір студент жеке не топ болып «Түртіп алу», «3-4 айналым» тағы да басқа әрбір пәнге және мәтінге тиімді стратегияларды пайдалана отырып, жазып келген материалдарын талдау жасайды. Игерілген білімдерін қолдана отырып, студенттер жаңағы ұғымға қайта оралып оны толықтырады. «Түртіп алу» стратегиясын қолданғанда әсіресе ұяң мінезді студенттердің пікірлерін тыңдап, оны бағалап отырған тиімді. Мысалы:
-Түртіп алу:«Түртіп алу» страгиясы бойынша әрбір студент мәтінге «+» - жаңалық, «v» келісемін, «-» - келіспеймін, басқаша ойлаймын, «?» - түсінбедім деген белгілер қою арқылы әрбір сөйлемге немесе ойға талдау жасайды. Төменде көрсетілген кестені мәтінді оқи отырып толтырады. Бұл жерде студенттер белгіленген уақыт ішінде жұмыстарын аяқтаған соң бірі-біріне өзара кеңес бере алады, өз ойларын айтуға үйренеді. Игерілген білімдерін қолдана отырып, студенттер жаңағы ұғымға қайта оралып оны толықтырады. «Түртіп алу» стратегиясын қолданғанда әсіресе ұяң мінезді студенттердің пікірлерін тыңдап, оны бағалап отырған дұрыс.
«+» жаңалық
|
«v» келісемін
|
«-» келіспеймін, басқаша ойлаймын
|
«?» түсінбедім
|
|
|
|
|
|
|
|
|
- Кубизм стратегиясы:Бұл стратегия кубиктің 6 жағына байланысты және соған орай берілетін тақырып немесе тапсырмаларға байланысты. Студенттер әдетте алты топқа бөліне отырып, белгілі бір тақырып не оқу материалын жан-жақты талдайды. Яғни, әрбір топ өзіне берілген тапсырма бойынша белгіленген уақыт ішінде өз жұмыстарын жан-жақты, мәнді, терең ашып, талдап көрсетуі тиіс. Дайындыққа және өз жұмыстарын қорғауға уақыт белгіленеді. Мысалы, 1-топ «салыстырыңыз», 2-топ «суреттеңіз», 3-топ «талдаңыз», 4-топ «ұсыныс жасаңыз», 5-топ «дәлелдеңіз», 6-топ «ассоциация жасаңыз» деген тапсырмалар алады. Кейде әрбір топқа бөлек тақырыптар да берілуі мүмкін.
- РАФТ стратегиясы: «РАФТ» (роль, аудитория, форма, тақырып) стратегиясы бойынша студенттер оқылған мәтінге байланысты топтарға бөліне отырып, түрлі рольдерді орындау арқылы хабарламалар жасайды. Мысалы, президент (роль) болып, белгілі бір тақырып бойынша халыққа (аудиторияға) үндеу (форма) жолдауы мүмкін, немесе радиодан, теледидардан сөйлеу т.б. Тақырыпты оқытушы әдетте сабақ тақырыбына байланысты беереді. Оқытушы студенттердің өз «қойылымдарында» тақырыптан ауытқымай, оқу материалын толық ашып, көрсетуін қадағалау керек.
Р - Роль
А - Аудитория
Ф - Форма
Т - Тақырып
- ББҮ стратегиясы: «ББҮ» - білемін, білгім келеді, үйрендім сөздерінен қысқартылып алынған. Студент бұл стратегияны да көптеген жағдайларда еркін қолдана алады. Мысалы, сабақ басталған кезде студент сол ұғым немесе тақырып бойынша не білетіндігін, білгісі және үйренгісі келетіндігін өз кестесіне түсіреді. Бұл кестені тақтаға сызып, оған топтың ойларын да жазып қоюға болады. Сабақа соңында сол материалды игере отырып, кестені толтыруға тырысады. Немесе студент оқу жылының басында белгілі пән бойынша осы кестені толтыра отырып, өз білімінің толығуын бақылап отыра алады. Оқытушы да бұл кестені жағдайға қарай өзгертіп қолдануына болады.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
|
|
|
- Презентация стратегиясы: «Презентация» стратегиясында студенттер топтарға бөліне отырып, өздеріне бөлінген, не берілген сұрақтарға байланысты тақтаға немесе плакатқа сурет, кесте т.б. құрастырып, оны қорғайды. Бұл жұмысты орындауға және әрбір топтың қорғауына белгілі уақыт беріледі. Студенттер өз жұмыстарын орындау кезінде оқытушы әрбір топтың жұмыстарын қадағалап, кеңес беруі тиіс. Әрбір топ өз жұмыстарын қорғаған соң басқа студенттердің сұрақ қоюларына құқығы бар. Бұл әдіс студенттердің ойлау, қиялының дамуына, материалдың есте берік сақталуына ерекше ықпалын тигізеді.
-Еркін жазу: Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде студенттер (оқушылар) өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
- Топтастыру стратегиясы:
Бұл әдісті жаңа тақырыпты өтерде немесе өткен тақырыпты қайталау кезінде қолдануға болады. Студенттер бұл жұмысты топ болып орындайды. Жаңа материалды өткен кезде қолданған жағдайда сабақ соңына қарай бұл жұмыс толықтырылады.
Әдіспен жұмыс: Әдіспен жұмыс бірнеше жұмыс жүйесінен тұрады:
1. Әдісті топта қолданып зерттеу жүргізу, зерттелініп отырған құбылыс жөнінде психологиялық ақпарат алу.
2. Әдісті интерпретациялау. Алынған ақпарат сандақ және сапалық өңделеді. Ақпараттың өңделуі әр әдістің ерекшелігіне қарай жүргізіледі.
3. Псиологиялық диагноз жасалады, яғни алынған мәліміт жазбаша түрбе беріледі.
ОЖСӨЖ 1 мазмұны:
1. Темперамент түсінігі
2. Темпераметтің физиологиялық негізі
3. Темперамент және қарым-қатынас
Әдістемелік нұсқау: Кубизм стратегиясы
ОЖСӨЖ 2 мазмұны:
1. Темперамент ілімдері
2. Темпераменттің өзгерілуі мәселесі
3. Темпераментті анықтау тестілері
Әдістемелік нұсқау: Коллоквиум.
ОЖСӨЖ 3 мазмұны:
1. Темперамент түсінігі
2. Темпераметтің физиологиялық негізі
3. Темперамент және қарым-қатынас
Әдістемелік нұсқау: Кубизм стратегиясы
ОЖСӨЖ 4 мазмұны:
1. Темперамент ілімдері
2. Темпераментті іс-әрекетте есепке алу
3. Темпераментті анықтау тестілері
Әдістемелік нұсқау: Аквариум
ОЖСӨЖ 5 тақырыбы: Мінез бітістері
1. Мінез түсінігі
2. Мінез бітістері
3. Әлеуметтік мінез-құлық . Э.Фромм типологиясы
Әдістемелік нұсқау: Коллоквиум.
ОЖСӨЖ 6 мазмұны: Мінез акцентуациясы
1. Мінез акцентуациясы
2. Мінез акцентуациясының диагностикасы
3. Мінездің психоаналитикалық типологиясы
Әдістемелік нұсқау: Аквариум
ОЖСӨЖ 7 мазмұны: Мінез сапалары
1. Мінездің сапалық қасиеті
2. Н.Д.Левитов, А.Г.Ковалевтің мінезді зерттеуге қосқан үлестері.
3. Әлеуметтік мінез- құлық . Э.Фромм типологиясы
Әдістемелік нұсқау: Топтастыру стратегиясы
ОЖСӨЖ 8 мазмұны: Мінездің қалыптасуы
1. Адам мінезінің туа біткен өзгешеліктері
2. Адам мінезінің жүре пайда болған өзгешеліктері
3. Мінездің қалыптасуы
Әдістемелік нұсқау: Кубизм стратегиясы
ОЖСӨЖ 9 мазмұны: Психосоциотиптер
Психосоциотиптердің өзара қатынасы.
Психосоциотиптер типологиясы
Әдістемелік нұсқау: Аквариум
ОЖСӨЖ 10 мазмұны: Мінезді зерттеу әдістері
1. Мінезді зерттеу әдістеріне сипаттама
2. Личко бойынша мінез акцентуациясын анықтау әдістемесі
Әдістемелік нұсқау: Аквариум
ОЖСӨЖ 11 мазмұны: Мінез акцентуациясы
1. Мінез акцентуациясы
2. Мінез акцентуациясының диагностикасы
3. Мінездің психоаналитикалық типологиясы
Әдістемелік нұсқау: Топтастыру стратегиясы
ОЖСӨЖ 12 мазмұны: Мәліметтерді интерпретациялау
Личко бойынша мінез акцентуациясын анықтау әдістемесін жүргізу
Мәліметтер интерпретациясы
Әдістемелік нұсқау: Топтастыру стратегиясы
ОЖСӨЖ 13 мазмұны: Қабілет түрлері
1. Қабілет
2. Қабілет түрлері
3. Оқу және шығармашылық қабілеттері.
Әдістемелік нұсқау: Кубизм стратегиясы
ОЖСӨЖ 14 мазмұны: Қабілеттің дамуы
1. Қабілеттің дамуы
2. Қабілет дауында бір ортаның екінші ортаның өзіне алуы – компенсациялау.
Әдістемелік нұсқау: Топтастыру стратегиясы
ОЖСӨЖ 15 мазмұны: Қабілет түрлері
1. Қабілет
2.Қабілет түрлері
3. Оқу және шығармашылық қабілеттері.
Әдістемелік нұсқау: Коллоквиум.
ОЖСӨЖ 16 мазмұны: Дарындылық
Дарындылық дамыту мәселесі
Дарындылық түрлері
Дарындылық және қабілет
Әдістемелік нұсқау: Аквариум
ОЖСӨЖ 17 мазмұны: Дарындылық және қабілет
Қабілеттің қалыптасуы
Нышан түрлері
Дарындылық және қабілет
Әдістемелік нұсқау: Топтастыру стратегиясы
ОЖСӨЖ 18 мазмұны:
1. Зейін туралы түсінік.
2. Зейіннің физиологиялық механизмі..
3. Зейіннің негізгі түрлері.
Әдістемелік нұсқау: Кубизм стратегиясы
ОЖСӨЖ 19 мазмұны: Талантты дамыту
1. Талантты дамытуға әсер ететін факторлар
2. Творчестволық қабілет
3. Талант, дарындылық, данышпандық ерекшеліктері
Әдістемелік нұсқау: Кубизм стратегиясы
ОЖСӨЖ 20 мазмұны: Зейін терминдері
1. Зейін көлемі.
2. Алаң болушылық.
3. Зейін терминдері.
Әдістемелік нұсқау: Топтастыру стратегиясы
ОЖСӨЖ 21 мазмұны: Зейін адам өміріндегі маңызы
Кіші жас оқушыларының зейінінің ерекшеліктері.
Зейін көлемін зерттеу әдістері.
Әдістемелік нұсқау: Топтастыру стратегиясы
ОЖСӨЖ 22 мазмұны: Түйсік қасиеттері
1. Түйсіктің физиологиялық негізі.
2. Талдағыштардың негізгі сипаттамасы.
3. Түйсік қасиеттері.
Әдістемелік нұсқау: Коллоквиум.
ОЖСӨЖ 23 мазмұны: Кіші жас оқушыларының зейіні
Кіші жас оқушыларының зейінінің ерекшеліктері.
Кіші жас оқушылары зейінінің диагностика мәселесі
Әдістемелік нұсқау: Аквариум
ОЖСӨЖ 24 мазмұны: Балада түйсікті дамыту
1. Жоғарғы жүйке қызметі жөніндегі И.П. Павловтың негізгі қағидалары.
2. Балада түйсікті дамыту және қалыптастыру.
3. Түйсік табалдырықтары.
4. Түйсік диагностикасы.
Әдістемелік нұсқау: Кубизм стратегиясы
ОЖСӨЖ 25 мазмұны: Түйсік қасиеттері
Сезгіштіктің табалдырығы
Адаптация, оның түрлері
Синестезия
Сенсибилизация
Әдістемелік нұсқау: Аквариум
ОЖСӨЖ 26 мазмұны:
Қабылдау түрлері.
Қатынас рефлексі
3.Қабылдаудың қасиеттері.
Әдістемелік нұсқау: Коллоквиум.
ОЖСӨЖ 27 мазмұны:
Бақылау және бақылағыштық.
Тұтастай және жекелей қабылдаудың өзара байланысы.
Кеңістікті , уақытты, қозғалысты қабылдау.
Қабылдаудың рефлекторлық негізі.
Әдістемелік нұсқау: Топтастыру стратегиясы
ОЖСӨЖ 28 мазмұны: Қабылдау ерекшеліктері
Қабылдаудағы фигура және фон.
Жай және күрделі қабылдау түрлері
Әдістемелік нұсқау: Топтастыру стратегиясы
ОЖСӨЖ 29 мазмұны: Ес теориялары
1. Ес теориялары.
2. Л.С. Выготскййдің жоғарғы формаларын зерттеуі.
3. Есте сақтау, қайта жаңғырту, тану.
Әдістемелік нұсқау: Кубизм стратегиясы
ОЖСӨЖ 30 мазмұны: Ес саласындағы ерекшеліктер
Ұмыту және түрлері
Естің бұзылуы.
Ес саласындағы ерекшеліктер және оны дамыту жолдары.
Әдістемелік нұсқау: Топтастыру стратегиясы
ОЖСӨЖ 31 мазмұны: Ес теориялары
1. Ес теориялары.
2. Ес даму деңгейлері.
3. Ассоциациялар
Әдістемелік нұсқау: Коллоквиум.
ОЖСӨЖ 32 мазмұны: Есте қалдырудың мақсаттары
Есте қалдырудың мақсаттары
Қысқа мерзімді есте қалдыру мен түпкілікті есте қалдыру
Мағынасына қарай есте қалдыру мен жаттау арқылы есте қалдыру
Әдістемелік нұсқау: Аквариум
ОЖСӨЖ 33 мазмұны: Ойлау
Ойлау түрлеріне сипаттама.
Ойлау формалары.
Әдістемелік нұсқау: Топтастыру стратегиясы
ОЖСӨЖ 34 мазмұны: Интеллект
Интеллект, интеллектілік қабілет.
Ж.Пиаженің интелектілік даму теориясы.
Әдістемелік нұсқау: Кубизм стратегиясы
ОЖСӨЖ 35 мазмұны:Ойлау мен сөйлеу
1. Ойлау және сөйлеу процестерінің өзара байланысы.
2. Мектепке дейінгі жаста көрнекі-бейнелі ойлаудың дамуы..
3. Ойлау іс-әрекетінің этаптарының схемасы..
Әдістемелік нұсқау: Топтастыру стратегиясы
ОЖСӨЖ 36 мазмұны: Ойлауды зерттеу
Ойлау процесіне байланысты терминдер.
Ойлауға байланысты диагностикалық әдістемелер.
Әдістемелік нұсқау: Аквариум
ОЖСӨЖ 37 мазмұны: Ойлау түрлері
1. Шығармашылық ойлау және креативтілік.
2. Оқу үрдісінде оқушылардың ойлауын белсендендіру әдістері.
Әдістемелік нұсқау: Кубизм стратегиясы
ОЖСӨЖ 38 мазмұны: Сөйлеу мен ойлау
Сөйлеудің түрлері және ойлаудың мәні
Екінші сигнал жүйесі
Әдістемелік нұсқау: Коллоквиум.
ОЖСӨЖ 39 мазмұны: Сөйлеу түрлері
Ойлау және сөйлеу.
Ауызша сөйлеу
Жазбаша сөйлеу
Әдістемелік нұсқау: Аквариум
ОЖСӨЖ 40 мазмұны: Сөйлеу
Сөйлеу қарым-қатынас құралы ретінде.
Сөйлеудің ойлаумен байланысы.
Әдістемелік нұсқау: коллоквиум.
ОЖСӨЖ 41 мазмұны: Қиял дамуы
1. Қиял және ауыз әдебиеті
2. Қиял және ғылыми прогресс
Өткізілу формасы: Коллоквиум.
ОЖСӨЖ 42 мазмұны: Қиял дамуы
1. Қиялдың кіші мектеп оқушыларында дамуы.
2. Шығармашылық үрдістегі қиялдың рөлі..
Әдістемелік нұсқау: Топтастыру стратегиясы
ОЖСӨЖ 43 мазмұны: Қиял жасалу жолдары
1. Қиялдың жасалу жолдары.
2. Қиялдау кезіндегі амалдар
Әдістемелік нұсқау: Кубизм стратегиясы
ОЖСӨЖ 44 мазмұны: Қиял түрлері
Актив және пассив қиял түрлері ретінде.
Қайта жасау қиялы.
Шығармашылық қиял.
Әдістемелік нұсқау: Коллоквиум.
ОЖСӨЖ 45 мазмұны: Елес
1. Елестің негізгі сипаттамасы.
2. Елес түрлері.
Елестетудің жеке ерекшеліктері..
Әдістемелік нұсқау: Топтастыру стратегиясы
ОЖСӨЖ 46 мазмұны: эмоциялар мен сезімдер
«Эмоция» , «сезім» түсініктерінің байланысы.
Эмоциялар мен сезімдердің айырмашылықтары
Әдістемелік нұсқау: Аквариум
ОЖСӨЖ 47: Эмоциялық көңіл-күй рөлі
1. Эмоционалдық көңіл-күй түрлері.
2. Адамның психикалық көңіл-күйлері.
Әдістемелік нұсқау: Коллоквиум.
ОЖСӨЖ 48: Эмоция теориялары
Д.Биндраның эмоция теориясы.
Психологиядағы құмарлық түсінігі.
Психологиядағы сезімнің түрлері.
Әдістемелік нұсқау: Кубизм стратегиясы
ОЖСӨЖ 49: Эмоциялардың көріну сипаты
1. Мимика және пантомимика туралы түсінік.
3. Эмоционалдық көңіл-күйді диагностикалау әдістері.
Әдістемелік нұсқау: Топтастыру стратегиясы
ОЖСӨЖ 50: Сезім түрлері
Ақыл-ой сезімдері
Эстетикалық сезімдер
Адамгершілік сезімдер
Әдістемелік нұсқау: Топтастыру стратегиясы
ОЖСӨЖ 51 мазмұны: Эмоция
Эмоциялардың ситуативтік сипаты
Сезімдердің тарихи-әлеуметтік шартталуы
Әдістемелік нұсқау: Топтастыру стратегиясы
ОЖСӨЖ 52 мазмұны: Эмоциялар
1. Эйфория мен экстаз
2. Аффиляция түсінігі
3. Аффекттер кешені
Әдістемелік нұсқау: Топтастыру стратегиясы
ОЖСӨЖ 53: Эмоция дамуы
Эмоциямен сезімдердің сыртқа көрінуі.
Балада эмоция даму ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқау: Топтастыру стратегиясы
ОЖСӨЖ 54 мазмұны: Ерік
Еріктің физиологиялық негізі
Шешім қабылдау процесі
Шешім қабылдағыштық.
Достарыңызбен бөлісу: |