Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы «26» ақпандағы
№ 82/3 қаулысына
6-қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы «28» шілдедегі
№ 222/8 қаулысымен
бекітілді
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
көрсетілетін қызметті берушіде:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешім;
2) куәлікті немесе оның телнұсқасын беру;
Мемлекеттік корпорацияда:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешім;
2) куәлікті немесе оның телнұсқасын беру;
3) көрсетілетін қызметті алушының дербес шотына аудару арқылы өтемақы төлеу;
4) бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген көрсетілетін қызметті алушыларға жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына қаражатты аудару арқылы өтемақы төлеу болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 68 бұйрығымен бекітілген «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1 және (немесе) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініштің (өтініштердің) Стандарттың 9-тармағында көзделген қажетті құжаттардың болуы және мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызмет алушыға оған тіркелгені және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді - 1 (бір) жұмыс күні, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
Азаматтарды Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешім алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушінің маманы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, кіріс құжаттар журналында тіркейді, Қазақстан Республикасының азаматын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен деп тану туралы шешім дайындайды - 15 (он бес) жұмыс күні.
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Қазақстан Республикасының азаматын Семей ядролық сынақтардың полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешімге қол қояды – 2 (екі) жұмыс күні.
көрсетілетін қызметті берушінің маманы көрсетілетін қызметті алушыға шешімді береді, сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлінісінде өтемақы төлеу кестесіне сәйкес біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны (бұдан әрі – өтемақы) төлеу үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын Мемлекеттік корпорацияға жібереді – 2 (екі) жұмыс күні.
Алғашқы рет жүгінген адамдарға куәлік немесе оның телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушінің маманы Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешімді қабылдағаннан кейін куәлікті немесе оның телнұсқасын дайындайды 2 (екі) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы куәлікке немесе оның телнұсқасына қол қояды – 1 (бір) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің маманы куәлікті немесе оның телнұсқасын береді - 1 (бір) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі егер мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылдау үшін қосымша сұрау салу, тексерістер жүргізу қажет болған жағдайда 1 (бір) айға ұзартылады.
6. Рәсімнің нәтижесі Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешім, куәлікті немесе оның телнұсқасын беру, өтемақы төлеу.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушінің маманы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
Мемлекеттік корпорация;
8. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) өтудің рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында (кесте) келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) басқа да қызмет берушілермен өзара іс-әрекет жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 9-тармағының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар мен ақпараттарды ұсына отырып, Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттардың топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап:
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау - өтiнiштi тiркеген күннен бастап - 20 (жиырма) жұмыс күнi;
алғашқы рет жүгiнген көрсетiлетiн қызметтi алушыларға куәлiк беру -
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу туралы шешiм қабылданғаннан кейiн - 5 (бес) жұмыс күнi;
куәлiктiң телнұсқасын беру - көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшi тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi.
Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi мемлекеттiк қызмет көрсету туралы шешiмдi қабылдау үшiн қосымша сұрау салу, тексеріс жүргiзу қажет болған жағдайда 1 (бiр) айға ұзартылады.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.
Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы сұрауының өнделу ұзақтығы, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу тәртібі:
1-процесс - мемлекеттік қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорацияның АЖ) Мемлекеттік корпорация қызметкерін авторландыру процесі;
1-шарт – логин және пароль немесе электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы тіркелген қызметкер туралы деректердің түпнұсқалығын Мемлекеттік корпорацияның АЖ-да тексеру;
2-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты Мемлекеттік корпорацияның АЖ-да авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметті таңдауы, қызметті көрсетуі үшін сұрау салу нысанын оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, экранға шығару және нысанды (деректер енгізу, сканерленген құжатты бекіту) толтыру;
4-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерге, сканерленген құжатқа) ЭЦҚ арқылы қол қоюы қызметкердің бұдан кейінгі әрекеттері туралы ақпарат алу;
2-шарт - сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұрау салуда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы), ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімі мен Мемлекеттік корпорацияның АЖ-да алынып қойған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын тексеру;
5-процесс - қызметкердің ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған құжат қызметін (қызметті алушының сұрауын) «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮӨШ) / «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі (бұдан әрі – ЭҮӨШ) арқылы жергілікті атқарушы орган ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЖАО АЖ) жіберу және көрсетілетін қызметті беруші маманының электрондық мемлекеттік қызметті өндеуі;
7-процесс – көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастыруы. Электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің маманы ЭЦҚ-ны пайдаланып, қалыптастырады және Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіне жібереді;
8-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының қолына беруі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешім;
2) куәлікті немесе оның телнұсқасын беру болып табылады.
11. Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылын, сондай-ақ Мемлекеттік корпорациямен және өзара іс-қимыл жасау тәртібін толық сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
және байланыс деректері
Р/с
№
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Байланыс деректері
|
1
|
«Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Павлодар қаласы,
Кривенко көшесі, 25-үй
телефон: 8(7182) 323332
opr.osz.ap@pavlodar.gov.kz
|
2
|
«Екібастұз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Екібастұз қаласы,
Мәшһүр Жүсіп, 87 А-үйі,
телефон: 8(71877)704756
zan_ekibastuz@mail.ru
|
3
|
«Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Ақсу қаласы,
Советов көшесі, 10-үй
телефон: 8(71837)50105
zanak@yandex.ru
|
4
|
«Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Ақтоғай ауданы,
Абай көшесі, 118-үй
телефон: 8(71841)21173
aktogai_sozprog@mail.ru
|
5
|
«Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Баянауыл ауданы,
Сәтбаев көшесі, 56-үй
телефон: 8(71840)91481
pavlzan@yandex.ru
|
6
|
«Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Железин ауданы,
Квитков көшесі, 7-үй
телефон: 8(71831)22146
gelez_oszn@mail.ru
|
7
|
«Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Ертіс ауданы,
Бөгембай көшесі, 97-үй
телефон: 8(71832)21474
irtyshk@yandex.ru
|
8
|
«Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Качир ауданы,
Кравченко көшесі, 85 А-үйі
телефон: 8(71833)21371
kachirrouz@mail.ru
|
9
|
«Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Лебяжі ауданы,
Амангелді көшесі, 57-үй
телефон: 8(71839)21399
OZiSP@yandex.kz
|
10
|
«Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Май ауданы,
Уәлиханов көшесі, 34-үй
телефон: 8(71838)91434
center5556@rambler.ru
|
11
|
«Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Павлодар қаласы,
Генерал Дүйсенов көшесі, 1-үй
телефон: 8(7182)533133
defence6@mail.ru
defence6@rambler.ru
|
12
|
«Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Успен ауданы,
10 лет Независимости көшесі, 27-үй
телефон: 8(71834)91400
zanusp@mail.ru
|
13
|
«Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Шарбақты ауданы,
1 Май көшесі, 18-үй
телефон: 8 (71836)21354
sherb_zanet@mail.ru
|
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық
сынақтардың салдарынан зардап шеккен
азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік
ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
көрсетілетін қызметті берушіге Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім алу үшін өтініш білдірген кезде:
Негізгі процестердің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы
|
1
|
Іс-қимылдың (жұмыс барысының,
ағынының) №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
2
|
Атауы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің маманы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің маманы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің маманы
|
3
|
Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы
|
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тексеру
|
Кіріс құжаттар журналына тіркеу
|
Құжаттарды қарау
|
Көрсетілетін қызметті алушыға шешімді беру, өтемақы төлеу үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын Мемлекеттік корпорацияға жіберу
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)
|
Көрсетілетін қызмет алушыға құжаттарды қабылдаған және мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетілген талон беру
|
Шешімді дайындау
|
Шешімге қол қою
|
Мемлекеттік корпорацияда өтемақы төлеу
|
5
|
Орындау мерзімдері
|
1 (бір) жұмыс күні
|
15 (он бес) жұмыс күні
|
2 (екі) жұмыс күні
|
2 (екі) жұмыс күні
|
көрсетілетін қызметті берушіге куәлік немесе оның телнұсқасын беру туралы өтініш білдірген кезде:
Негізгі процестердің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы
|
|
1
|
Іс-қимылдың (жұмыс барысының,
ағынының) №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
2
|
Атауы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің маманы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің маманы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің маманы
|
3
|
Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы
|
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау
|
Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін куәлік немесе оның телнұсқасын беру үшін құжаттарды қарау
|
Құжаттарды қарау
|
Куәлікті немесе оның көшірмесін беруді жүзеге асыру
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)
|
Талон беру
|
Куәлікті немесе оның телнұсқасын дайындау
|
Куәлікке немесе оның телнұсқасына қол қою
|
Көрсетілетін қызметті алушыға куәлікті немесе оның телнұсқасын беру
|
5
|
Орындау мерзімдері
|
1 (бір) жұмыс күні
|
2 (ек) жұмыс күні
|
1 (бір) жұмыс күні
|
1 (бір) жұмыс күні
|
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім алу
үшін өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Құжаттарды қабылдайды. Талон береді.
(1 (бір) жұмыс күні)
Құжаттарды қарайды. Қазақстан Республикасының азаматтарын зардап шеккендер деп тану туралы шешімге қол қояды
(2 (екі) жұмыс күні)
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасының толықтығын және өтініштің дұрыс толтырылғанын тексеру
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді. Кіріс құжаттар журналында тіркейді
(15 (он бес) жұмыс күні)
иә
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартылады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі
жоқ
Көрсетілетін қызметті алушыға шешімді беру, өтемақы төлеу үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын
Мемлекеттік корпорацияға жіберу
(2 жұмыс күні)
Нәтижені қолына беру немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық поштасына жіберу
Достарыңызбен бөлісу: |