Сборник трудов международной научной конференции молодых ученых



жүктеу 4,06 Mb.
Pdf просмотр
бет37/219
Дата31.01.2020
өлшемі4,06 Mb.
#27883
түріСборник
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   219

76

қышқыл газ), бұл климаттың өзгеруіне себепші болады жəне экологиялық технологиялардың

ғылыми  əзірлемелерінің  маңыздылығын  жоғарылатады. Осыған  орай, қазіргі  таңда

экономикасы  дамыған  жəне  дамушы  елдер  осы  проблемаларды  қолға  алып, «жасыл

экономика» секторын  дамытуға  көшіп  жатыр. Осы «жасыл  экономика» секторын

Қазақстанда  дамытудың  бірден-бір  алғышарттарының  бірі – «ЭКСПО-2017» халықаралық

көрмесі.

«ЭКСПО-2017» көрмесінің «Болашақтың  энергиясы» тақырыбы  ең  үздік  əлемдік

энергия  сақтау  технологиясын, бүгінде  бар  баламалы  энергия  көздерін  пайдалануда  жаңа

əзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді.

Көрме  сондай-ақ  елдің  өндірістік  қуаты  мен  ғылыми  базасын  технологиялық

жаңғырту  жəне  экономиканы  жүйелі  əртараптандыру  үшін  қуатты  серпін  береді. Осы

«Экспо-2017» көрмесін  пайдалана  отырып  Қазақстан  инновациялық  жбалардың  арқасында

баламалы энергия көздерін қолға алып, «жасыл экономика» секторын дамытқан жөн [1].

Қазіргі таңда осы «жасыл  экономика» секторында  əлем бойынша 7 миллионға жуық

адам жұмыс жасайды (1-кесте).



Кесте 1

«Жасыл экономика» (ЖЭ) секторындағы жұмысшылар саны жəне ірі жұмыс беруші елдер

Баламалы энергия түрлері

адам саны,

млн

ЖЭ секторындағы ірі жұмыс



берушілер

1

Күн энергиясы



2,2

1

Қытай



2

Биоотын өндірісі

1,4

2

Бразилия



3

Жел энергиясы

0,85

3

АҚШ



4

Биомасса саласы

0,8

4

Үндістан



5

Термалды күн энергиясы

0,5

5

Германия



Ескерту: Кесте авторлар идеясы негізінде құрастырылған.

«Жасыл  экономика» секторы  бойынша  инновациялық  технологияларды  дамыту

барысында  жаңа  жұмыс  орындары  ашылады. Ең  ірі  жұмыс  беруші  мемлекеттер  Қытай,

Бразилия, АҚШ, Үндістан, Германия, Испания, Бангладеш мемлекеттері болып саналады.

Қазіргі  таңда,  Біріккен  Араб  Əмірліктерінде    «жасыл  экономика»  секторын  қолға

алып, баламалы  күн  энергиясын  пайдалана  бастады. Мысалы; Дубай  каласында  электр

қуатының 99%-ын табиғи газ құрайды. Осыған орай 2030 жылы баламалы күн энергиясының

арқасында Дубай қаласының электр қуатының 15-20% шығынын жабады [2].

Швеция  2020  жылға  қарай  мұнай,  көмір  жəне  газдан  бас  тартып,  қалпына  келуші

ресурстар энергиясына көшуді жоспарлап отыр.

Бразилия  көліктің 80% қант  қамыстарынан  жасалған  биоотынға  көшіруді

жоспарлауда.

Жапония «Төмен  көміртекті  қоғам  бағдарламасын» қабылдап, көміртектің

шығарылымының төменгі деңгейін белгілеген.

Қазақстанда «жасыл  экономика» бағдарламасын  енгізіп, осы  бағдарлама  бойынша

жұмыстар үш негізгі кезеңде жүргізілетін болады.

Бірінші  кезеңде 2013-2020 жылдары  - мемлекеттің  негізгі  басымдығы  ресурстарды

тиімді  пайдалану  мен  қоршаған ортаны  қорғау  қызметінің  тиімділігін  арттыру, сол  сияқты

«жасыл» инфрақұрылым құру болады.

 Екінші  кезең  барысында 2020-2030 жылдары  қалыптасқан «жасыл» инфрақұрылым

негізінде  суды  үнемдеп  пайдалану, қалпына  келетін  энергетиканы  дамытуды  ынталандыру

мен  кеңінен  енгізуді  қолдау, энергетикалық  тиімділіктің  жоғары  стандарттары  негізінде

құрылыс жүргізуге бағытталған ұлттық экономиканы бетбұрыстандыру жүргізіледі.

Үшінші  кезеңде 2030-2050 жылдары  ұлттық  экономиканы «үшінші  өнеркəсіптік

төңкеріс» қағидасына көшіру қарастырылған. Ол табиғи   ресурстарды олардың жаңартылу



77

мен  тұрақтылық  негізінде  қолданылуын  пайымдайды.  Тұжырымдама  бойынша «жасыл

экономикаға» көшу  шаралары  мынадай  бағыттар  бойынша  жүзеге  асырылады: су

ресурстарын тұрықты пайдалану, тұрақты жəне жоғары өнімді ауыл шаруашылығын дамыту,

энергияны  үнемдеу  мен  энергетикалық  тиімділікті  арттыру, қалдықтарды  басқару  жүйесі,

ауаны ластауды азайту, экожүйелерді тиімді басқару [3].

«Жасыл  экономика»  еліміздің  орнықты  дамуын  қамтамасыз  етудің  маңызды

құралдарының  бірі  болып  табылады. «Жасыл  экономикаға» көшу  Қазақстанның  əлемнің

неғұрлым  дамыған 30 елінің  қатарына  кіру  жөнінде  қойылған  мақсатқа  қол  жеткізуін

қамтамасыз етеді [4].

Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер:

1) экономиканы инновациялық индустрияландыру жолында дамыту;

2) ресурстарды (су, жер, биологиялық  жəне  басқа) пайдалану  мен  оларды  басқару

тиімділігін көтеру;

3) қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу;

4) қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың əл-

ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын көтеру;

5) ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін көтеру болып табылады.

«Жасыл  экономика» секторы  Қазақстанда  айтарлықтай  дами  бастаса, баламалы

энергия  көздерінен 2020 жылға  қарай  бүкіл  тұтынылатын  энергияның 3%-ы, 2030 жылға

қарай 10%-ға өсу қарқыны болжанып отыр.

БҰҰ  сарапшылары  Қазақстанда «жасыл» экономиканы  енгізу  үшін  бес  маңызды

секторды атап көрсетеді:

- энергия (электр  энергиясы, жылу, мұнай  жəне  газ) – Мұнайгаз  секторы

Қазақстанның  маңызды  саласы  болып  қалып  отыр.  Ол  ЖҰӨ  30%    мен  экспорттың  60%

құрайды. Қазақстан «жасыл» экономикаға  көшу  үшін  мұнайгаз  секторына  бірыңғай  сенім

артудан біртіндеп арылуы тиіс;

- Су – Қазақстан 2020 жылға  қарай  су  тұтыну  көлемін  қысқартуды  басыңқы

бағыттардың бірі ретінде қарастырып отыр. Сонымен бірге таза ауыз су тапшылығын елдегі

халықтың  20% сезініп отыр, кейде су сапасын нормативтік талаптарға сай келмейді. Сумен

қамсыздандыру ЖҰӨ 2% ғана құрайды;

- Қалдықтар. Қалдықтарды қайтара өңдеу  бар болғаны 20%. Үкімет 2020 жылға қарай

қалдықтарды  утилизациялауды 70% жеткізуді  жоспарлап  отыр. Қазіргі  күні  Қазақстан

қауіпті  қалдықтарды  жинақтаудан  Шығыс  Еуропа  мен  ТМД  елдерінің  арасында  екінші

орында болып табылады.

- Ауыл шаруашылығы, балық аулау жəне орман шаруашылығы. Аталған сектор көшет

газдарының  шығарылымының 10%  құрайды. Ауыл  шаруашылығы  ұлттық  ЖҰӨ 5% мен

экспорттың 2% құрайды. Қазақстан үшін бидай өсіру мен оны эксорттау ісі басыңқы болып

қала береді, себебі біздің еліміз бидай экспорттаушы əлемдік бестікке енеді.

- Көлік. Қазақстандағы  тасымалдаудың  басым  бөлігі  дизель/бензинге  тиісті. Ол  ең

алдымен ауаны ластауға əсерін тигізеді. Тасымалдау секторы Қазақстанның ЖҰӨ 8% береді,

сондықтан да елдің көлік əлеуетін арттыру маңызды болып табылады [5].

«ЭКСПО-2017» халықаралық  көрмесін  пайдаланып, Қазақстанға  шет  елдің

инвесторларынан  ірі  инвестиция  тартуға  мүмкіндік туғызады.  Сондай-ақ  «ЭКСПО-2017»

көрмесін  өткізу  арқылы  Қазақстан  «жасыл  экономиканы»  дамытуға  тікелей  септігін

тигізетін  жаңа технология  мен  инновацияларды қамтамасыз ете алады. Осы көрме негізінде

баламалы  қуат  көздеріне  қызығушылық  танытатын  инвесторлар  үшін  қарастырылатын

жеңілдіктерді ұсынған жөн;

· Кедендік баж салығынан босату

· Арнайы салықтық жеңілдіктерді ұсыну

· Инвестициялық субсидиялар жəне т.б.

«Жасыл»  экономика халықтың тұрмысын  жоғары  деңгейге  жеткізетін əлеуметтік-

экономикалық  даму  жолы  деп қарастыруға болады.



жүктеу 4,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау