Сборник трудов международной научной конференции молодых ученых



жүктеу 4,06 Mb.
Pdf просмотр
бет137/219
Дата31.01.2020
өлшемі4,06 Mb.
#27883
түріСборник
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   219

283

Ескеретін жағдай, бизнес пен мемлекеттің серіктестігінің əрбір анықтамасында оның

белгілі  бір  танымдық  тұрғыдағы  аспектілеріне  назар  аударылады. Себебі, зерттеулер  түрлі

ғылыми  əдістер  бойынша  жүргізіліп, аталған  құбылысқа  түрлі  көзқарастарды  көрсетеді.

Мысалы, бизнес пен мемлекеттің серіктестігі анықтамасының негізгі аспектісіне «...мемлекет

пен  жеке  меншік  сектордың  арасындағы  келісімшарттарға, тəуекелдерге  жəне

артықшылықтарға  негізделген  қарым-қатынас» немесе «...жеке  сектор  ұйымдары  мен

мемлекет  арасындағы  қоғамдық  қызмет  түрлерін  өндіру  жəне  ұсыну  бойынша

ынтымақтасқан ұзақ мерзімдік қарым-қатынастары» жатады [1; 3, 147б.].

Аталған  пікірлердің  əралуандылығынан  шығатыны, кейбір  ғалымдар  бизнес  пен

мемлекеттің  серіктестігіне  нақты  концептуалды  анықтама  берудің  еш  қажеті  жоқ, себебі

қоғамдық  мұқтаждық  үшін  бизнес  пен  мемлекеттің  серіктестігі  мемлекет  пен  жеке  меншік

сектор арасындағы кез келген бірлескен экономикалық əрекет деп ұғыну жеткілікті делінеді

[4, 41б.].

Мысалға, Э.Сава бизнес пен мемлекеттің серіктестігіне келесілерді жатқызады:

1) тауарларды (қызмет көрсетулерді) өндіру (ұсыну) үшін мемлекет пен жеке меншік

сектордың  ресурстарын  біріктіретін  келісім-шартқа  негізделген  кез  келген  қарым-

қатынастар;

2) ауқымды, көптарапты инфрақұрылымдық жобалар;

3) дамудың  мақсаттарына  жету  үшін  жəне  халықтың  өмір  сүру  жағдайын  жақсарту

үшін  бизнес, билік  органдары  жəне  қоғамдық  ұйымдар  арасындағы  формалды

ынтымақтастық, мұнда  бизнес  пен  мемлекеттің  серіктестігінің  мəні  келісімшарттарды

орындаумен  немесе  мемлекеттік  активтерді  бүркемеленген  жекешелендірумен  байланысты

болып келеді [5, 1732-1733бб.]. Бұл тұжырым Г.Ходждың пайымдауларымен ұқсап келеді.

Ресей  ғалымы  В.Вварнавский «Бизнес  пен  мемлекеттің  серіктестігінің» қосарлы

ұғынылуының табиғатына назар аударып, БМС-не келесідей сипаттамалар береді:

1) Бизнес  пен  мемлекеттің  серіктестігі  өзінің «кең» мағынасында  мемлекет  пен

бизнестің  ұлтық, халықаралық, аймақтық, муниципалдық  деңгейлердегі  əлеуметтік-

экономикалық дамудың құралы ретінде қолданылатын қарым-қатынастар жүйесі;

2) Өзінің «тар» мағынасында  бизнес  пен  мемлекеттің  серіктестігі  дегеніміз  бұл

мемлекеттік  жəне  муниципалдық  меншік  нысандарындағы  мемлекеттік  органдар  мен  жеке

меншік компаниялардың бірлесе іске асыратын нақты жобаларының жиынтығы [6; 7].

Бұл  жаңа  институттың  пайда  болуының  негізгі  алғышарттарының  бірқатарын  атап

өтуге болады, олар:

- экономиканың  əлеуметтік  маңызды  салаларын  дамытуға  бюджеттік  қаржының

тапшылығы;

- бюджетті толықтыру үшін салықты көбейту мүмкіндігінің болмауы;

- бюджет кірістерін ұлғайту мақсатында мемлекеттің қарыз алуын шектеу;

- көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына халықтың қанағаттанбануы.

Серіктестіктің  бұл  ерекше  формасы  əдетте «бизнес  пен  мемлекеттік  серіктестігі»

деген  терминмен  беріледі, ағылшын  тіліндегі «Public-Private Partnership (PPP)» деген

терминнің  баламасы  болып  табылады. Мұндағы «public - мемлекет» сөзі  үлкен  мағынаны

білдіреді, басқарудың  ұлттық, аймақтық, жергілікті  деңгейлерін  біріктіретін  қоғамдық

биліктің  жалпылама  субъектісі  болып  саналады. Сондай-ақ, айта  кету  керек, «мемлекет»

ұғымы  бұл  жағдайда  білім  берушілік, мəдени, медициналық  жəне  басқа  да  қоғамдық

сектордың мемлекеттік мекемелерін біріктіруі мүмкін.

Қазіргі  кезеңде, экономикалық  қатынастардың  мұндай  институционалдық  формасы

ретінде  бизнес  пен  мемлекеттің  серіктестігін  жүзеге  асыруға  кірісе  отырып, Қазақстан

өркениетті əлеуметтік-нарықтық қатынастарға қол жеткізуге қадам жасады. Сонымен қатар,

бизнес пен мемлекеттің серіктестігі жаңадан пайда болған экономикалық механизм еместігін

айта  кету  керек. Əлемнің 100-ден  астам  елдерінде  қазіргі  уақытта  бірлескен  түрлі

келісімшарттар  мен  жобаларды  жүзеге  асырудан  бастап, бірлескен  кəсіпорындар  мен




284

біріктірілген  корпорацияларды  құруға  дейінгі  бизнес  пен  мемлекеттің  серіктестігінің  түрлі

механизмдері қолданылады.

Алайда, бизнес  пен  мемлекеттің  серіктестігінің  даму  жолын  қазақстандық  түсіндіру

батыстан  айтарлықтай  ерекшеленеді. Қазақстанда, əдетте  келесі  схема  іске  асырылады:

алдымен  бизнесте  қандай-да  бір  идеялар  пайда  болады, содан  кейін  мемлекет

инфрақұрылымды  жасайды, тек  осыдан  кейін  ғана  ірі  инвестициялық  жоба  жүзеге

асырылады. Батыста Public-Private Partnership бағдарламаларында  басты  рөлді  мемлекеттің

жоспары  ойнайды, олар  инфрақұрылымды  жасау  үшін  жəне  жобаны  іске  асыру  үшін

инвестициялар тартады [8].

Бизнес пен мемлекеттің серіктестігіне тəн белгілерге келесілер жатады:

- серіктес  тараптар  мемлекеттік  жəне  сондай-ақ  экономиканың  жеке  секторы  болуы

қажет;

- бизнес  пен  мемлекеттің  серіктестігі  тараптарының  өзара  қатынасы  ресми



шешімдерде, жобаларда, бағдарламаларды жəне т.с.с. белгіленуі керек;

- бизнес  пен  мемлекеттің  серіктестігі  тараптарының  өзара  қатынасы  серіктестік

сипатта, яғни тең құқылы сипатта болуы шарт;

- бизнес  пен  мемлекеттің  серіктестігі  тараптарының  ортақ  жəне  айқындалған

мақсаттары болуы тиіс;

- бизнес  пен  мемлекеттің  серіктестігі  тараптары  ортақ  мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  өз

салымдарын біріктіруі қажет;

- бизнес  пен  мемлекеттің  серіктестігі  тараптары  алынған  нəтижелерге  байланысты

шығындар мен қатерлерді өз араларында бөлісу керек.

Бизнес  пен  мемлекеттің  серіктестігі  институттарының  қызмет  ету  негізінде  келесі

тəсілдемелер жатуы керек:

- мемлекеттік инвестициялар «мəселелік зоналар» саласына бағытталуы  керек. Бұдан

мемлекеттің кіріс келтіретін салаларды іздеу емес, ал жағымсыз жағдайларды түзету сияқты

міндеттері айқындалады;

- мемлекеттік  қолдау  бағдарлы, айқын  жəне  əдеттегідей  уақытша  болу  керек.

Мемлекет мəселе шешілісімен, нарықтың сол сегментін босатуы қажет [9].

Бизнес  пен  мемлекеттің  серіктестігі  қатынастарын  жүзеге  асыруда  бұл  тəсілдемелер

аталған  серіктестіктің  əлеуетті  қауіптерінің  болуына  байланысты  айтарлықтай  маңызды,

олар келесі факторлармен шарттастырылған: жемқорлық мəселесі; мемлекеттік инстиуттарға

деген  қоғам  сенімінің  төменгі  деңгейі; экономикалық  шешімдерге  саясаттың  қатты  ықпал

етуі; мемлекеттік аппарат тарапынан жауапкершілік пен бақылаудың төменгі деңгейі.

Бизнес  пен  мемлекеттің  серіктестігінің  категориялық  анықтамасына  қарамастан,

келесі қорытындылар жасауға болады:

- серіктестік мақсат емес, ал мақсатқа қол жеткізу құралы болып табылады;

- серіктестік  ресурстарды  өзара  айырбастау  жəне  жауапкершілікті  бөлісуді  білдіреді,

сонымен  қатар  ресурс  деп  материалдық  жəне  қарды  құралдарынан  басқа, интеллектуалдық

ресурстар мен оларды пайдаланғаны үшін ортақ жауапкершілік түсіндіріледі;

- серіктестер жағдайды  бақылаудың қандай  да  бір  үлесінен  бас тартуға  дайын  болуы

керек;

- серіктестер  арасында  өзара  құрмет  пен  сенімнің  жеткілікті  деңгейі  керек, ол



мақсаттың  ортақтығын  қамтамасыз  етеді (алайда  мақсаттардың  толығымен  бірігуі  міндетті

емес).


Жеке  меншік  бизнес  пен  мемлекеттің  серіктестігін  құру  түрлі  салалардағы  күрделі

мəселелерді  шешу  үшін  қолайлы  шарттарды  қамтамасыз  ету  үшін  маңызды  кезең  болуы

мүмкін, бұл үшін тиісті нормативті актілерді қабылдау, бизнес пен мемлекеттің серіктестігі

қызметін реттейтін заңнамалардың толық саласын жасауды талап етеді.

Міне  сондықтан, қазіргі  мемлекет  нарықтық  үрдістерді  қолдай  отырып,

экономиканың халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін салаларының дамуы жəне əлеуметтік

прогресс туралы ойлайтын күшті институт ретінде болуы керек.



жүктеу 4,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау