Сборник трудов международной научной конференции молодых ученых



жүктеу 4,06 Mb.
Pdf просмотр
бет135/219
Дата31.01.2020
өлшемі4,06 Mb.
#27883
түріСборник
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   219

279

стратегиясы  əлеуметтік  қорғаудан  əлеуметтік  прогреске  бағытымен  құрылады. Бұл

масылдыққа  жол  жоқ  дегенді  білдіреді. Тек  осындай  жағдайда  ғана  Қазақстан  қоғамы

патернализм  инерциясын  еңсере  алады. Əлеуметтік  жаңғырту  жолындағы  айтарлықтай

кедергі  əлеуметтік  инфантилизм  секілді  кең  тараған  құбылыс  болып  табылады. Оның

негізінде 90-шы  жылдардағы «жабайы  капитализмнің» өтпелі  бастапқы  кезеңінде

«жабысқан» еңбекке  өңі  айналдырылған, теріс  көзқарас  жатыр. Бұл  игілікке  жетудің

алдамшы  формуласы - «аз  жұмыс  істеп, көп  табу», «ауадан  ақша  жасау» жəне  тағы

басқаларды  абсолютке  көтерді. Əлеуметтік  инфантилизммен  зор  айтылған  дөрекі

тоғышарлық  жаңғыртудың  тежегіші  болуға  қабілетті.  Біз  көп  жағдайда  масылдық  деңгейін

төмендеттік. Сондықтан Қазақстанға, əлеуметтік реформалардың көшбасшысы ретінде, өзіне

бастамашылдық  алып, біздің  еуразиялық  интеграция  бойынша  барлық  əріптестеріміз  үшін

тартымды болып табылатын əлеуметтік жаңғыртудың біртұтас моделін жасау маңызды [2].

Кез  келген  экономиканың  тиімділігі  оның  екі  құраушыларының  болуымен

анықталады, олар – жеке  тұлғалардың  жасампаз  жəне  іскер  күші  жəне  мемлекет  реттейтін

шаруашылық  тетігінің  икемділігі. Осылайша, басты  назар  экономикалық  саясат  курсы

туралы емес, құралдарды таңдау, оларды қолданудың қарқындылығы мен бірізділігі туралы

болып тұр [3].

Біз  экономикалық  жəне  əлеуметтік  жаңғырту  барынша  синхронды  жүруі  тиістігін

ескеруіміз  қажет. Жаңа  өндірістер, білім  беру  мен  ғылымның  жаңа  жүйелері, орта  тапты

дамыту, əлеуметтік  кепілдемелерді  кеңейту  қазақстандықтар  санасында  үлкен  өзгерістер

қалыптастыруы  тиіс. Ал  бұл  əлеуметтік  қатынастың  барлық  жүйесін  дер  кезінде  түзетуді

талап  ететін  болады. Шетелдік  тəжірибе  көрсетіп  отырғанындай, жаңғырту  үдерістері

азаматтар  белсенділігінің  күшеюімен, олардың  шығармашылық  əлеуетінің  ашылуымен

қосарлана жүреді. Сондықтан, адамдардың өзінің  құқықтары мен бостандықтарын белсенді

қорғауға  деген  ұмтылыстары  кеңейіп, қоғамның  өзін  өзі  ұйымдастыру  дəрежесі

жоғарылайтын болады.

Əлеуметтік  салада  мемлекет  сектордың  алатын  орны  маңызды, оның  ауқымы

əлеуметтік  саясат  ауқымын  анықтайды. Кеңейтілген  əлеуметтік  сясат  əлеуметтік

бағдарламаларға  жалпыға  ортақ  қолжетімділікті, əлеуметтік  төлемдердің  əмбебаптылығын,

мемлекет  қызметін  қайта  бөлудің  тегіс  қамтитын  сипатын  білдіреді. Шектеулі  əлеуметтік

саясат  оны  минимумға  тіреуді, əлеуметтік  саланың  дəстүрлі  институттары  толықтыруы

қажет  қызметті  білдіреді. Əлеуметтік  қорғау  қағидаларының  ең  маңыздысына  жатады

бизнестің, қоғамның  жəне  мемлекеттің  əлеуметтік  жауапкершілігі  жатады. Мұнда  аталған

институттар  халықтың  барлық  топтарының  өмір  сүру  іс-əрекетін  қамтамасыз  етуді  өз

жауапкершілігіне алады.

Əлеуметтік  қорғау  заманауи  мемлекеттің  ерекше  əлеуметтік  институты  ретінде

əлеуметтік  сенімділіктің  көрсеткіші  жəне  қоғамның  əрбір  мүшесінің  лайықты  дамуының,

əлеуметтік  қатерлер  басталған  кезде  тіршілікке  қажетті  қаражат  көздерін  сақтаудың  кепілі

болып  табылады. Бұл  мақсаттарға, адамдардың  қажеттеріне  арналған  қаржы  қорының

баламалылығы  əлеуметтік  қорғаудың  өзекті  мəселелерін  ойдағыдай  шешуде  айқындаушы

мəнге  ие  болады. Əлеуметтік  үрдістерді  басқаруға  мүлде  өзгеше  көзқарастарды  іздестіруге

қажеттігі айдан анық.

Қазіргі  таңда  əлеуметтік  жауапкершілік  тұжырымдамасы  басқару  тəжірибесінде

белсенді түрде пайдаланылады. Заманауи дүниедегі корпоративтік əлеуметтік жауапкершілік

тек  қайырымдылық  ретінде ғана қабылданып қоймай, сонымен бірге компанияның  іскерлік

беделі  мен  капиталдануын  арттыратын  тиімді  қызмет  ретінде  қабылдайды. Бұл  бизнестің

қоғам дамуына қосқан ерікті үлесі, оның болашаққа саналы түрде салған инвестициясы.

Бизнестің  əлеуметтік  жауапкершілігіне  жалпы  алғанда  мыналар  жатады:

қызметкерлер  еңбегінің  қауіпсіздігі  жағдайларын  жасау  жұмысы; тұрақты  жалақыны

қамтамасыз  ету, сондай-ақ  оны  инфляция  жағдайында  индекстеу  жəне  уақытылы  төлеу;

қызметкерлерді  қосымша  медициналық  жəне  əлеуметтік  сақтандыру  бағдарламаларын

пайдалану; оқыту  бағдарламалары  мен  мамандыққа  даярлау  жəне  біліктілікті  арттыру



280

бағдарламалары  арқылы  адами  ресурстарды  дамыту; қиын  жағдайда  кəсіпорын

қызметкерлеріне көмек көрсету жəне зейнетке шыққан ардагерлерді қолдау жəне т.б.

Ішкі  жауапкершілік  аясында  кəсіпорында  істейтін  қызметкерлердің  əлеуметтік-

экономикалық  жағдайы  мəселелері  де, олардың  отбасы  мүшелерінің  көкейкесті  мəселелері

мен  бұрынғы  қызметкерлерді  əлеуметтік  қамсыздандыру  да  жатады. Əлеуметтік

жауапкершілік  тұжырымдамасы  шеңберінде  бизнес  өз  қызметкеріне  аталық  қамқорлық

көрсетуге  заңды  түрде  қайтып  оралады  деуге  болады, ал  одан  іргені  аулақ  салу  қайта

құрудың алғашқы жылдарында байқалады.

Бизнестің  сыртқы  əлеуметтік  жауапкершілігіне: демеушілік  жəне  корпоративтік

қайырымдылық; экологиялық бағдарланған технологияларды пайдалану жолымен қоршаған

ортаны  қорғауға  жəрдемдесу; аумақты  дамыту  жөнінде  жергілікті  қоғамдастықпен  жəне

жергілікті  билікпен өзара  іс-қимылда болу; тауарлар мен көрсетілген  қызметтердің  сапасы,

стандартқа  сай  келуі  үшін  тұтынушылар  алдындағы  жауаптылық  сияқты  бағыттары

жатқызылған. Жауапкершіліктің  сыртқы  аясы  кəсіпорын  орналасқан  аумақтағы  жергілікті

қоғамдастығы деңгейінде жəне қоғам деңгейінде көрініс табады [4].

Қазақстанның  əлеуметтік  саясаты  халықтың  əл-ауқатын  жақсартуға, мемлекеттік

институттардың  жергілікті  қоғаммен  тиімді  өзара  байланысы  мен  жауапкершілікке

негізделгенін  көреміз. Алдында  атап  өткендей, халықтың  əл-ауқатын  жақсарту,

жұмыссыздықтың  алдын-алу, бизнес  үшін  қолайлы  орта  қалыптастыру  мемлекеттік

инвестициялық, фискалдық  жəне  ақша-несие  саясаттарымен  тікелей  байланысты. Аталған

саясаттардың  дұрыс  əрі  ұтымды  жүргізілуі  ұзақ  мерзімді  тұрақтылық  пен  ілгері  дамуға  өз

септігін  беретіні сөзсіз. Осы  тұрғыда  ақша-несие саясатын  мемлекеттік реттеу маңызы  мен

еліміздегі оның орны туралы қарастырып кетсек.

Ұлттық  шаруашылықтың  тұрақты  тепе-тең  дамуының  қажетті  шарттарының  бірі

ақша-несие  саясатын  реттеудің  айқын  тетігін  қалыптастыру  саналады. Мемлекеттің  ақша-

несие  саясаты – бизнес  жүйесінің  көптеген  субъектілерінің  егемендігін  бұзбайтын,

экономикаға  əсер  етуші  өте  демократиялық  құрал  болып  табылады. Жалпылай  айтқанда,

ақша-несие  саясаты  бағалар  тұрақтылығын, толық  жұмысбастылықты  жəне  экономикалық

өсуді қамтамасыз етуі қажет – бұлар оның ең жоғарғы жəне қорытынды мақсаттары.

Ақша-несие  саясаты  негізгі  макроэкономикалық  параметрлердің  өзгерісіне  əкеледі:

жалпыұлттық  табыс, инфляция, жұмыссыздық  деңгейі. Бұл  монетарлық  əдістер  арқылы

экономикалық  жүйеде  ақша  ұсынысын  өзгертуі  көмегімен  орын  алады. Ақша-несие

саясатының ұлттық шаруашылық кешенінің негізгі айнымалыларына əсер ету тетігі, сондай-

ақ  ақша  массасын  арттыру  мен  экономика  жағдайы  арасындағы  корреляция  нəтижесі

кейнстік жəне монетаристік теорияларда əр түрлі бағаланып, ақша билігі үшін практикалық

шешім қабылдау барысында əр түрлі қолданылады.

Сəтті жəне келешекті  даму үшін банктер, ең  алдымен, өздерінің сапалық  дамуына –

яғни  қызмет  тиімділігін  арттыруға  қаржылық  тұрақтылық  деңгейі  мен  ішкі  жəне

халықаралық  нарықтардағы  бəсекеге  қабілеттілік  деңгейін  арттыруға, сондай-ақ

экономиканың  нақты  секторын  қаржыландырудағы  өз  рөлін  нығайтуға  ерекше  назар

аударуы  керек. Ақша-несиелік  реттеу  көмегімен  мемлекет  экономикалық  дағдарысты

жеңілдетуге, инфляция  өсімін  тоқтатуға  ұмтылады, бұл  мақсатта  мемлекет  ел

экономикасының  əр  түрлі  салаларына  капитал  салуды  ынталандыру  үшін  несиелерді

қолданады.

Еліміздің  ақша-несие  тетігінің  экономиканың  дағдарыстан  жандану  мен  өрлеуге

күйзеліс арқылы шығуына даярлығы – ұлттық экономиканың кілт мəселесі. Өз кезегінде, бұл

инфляциялық  спекулятивтік  курстан  инвестициялар  курсына, тауарлар  мен  қызметтер

өндірісінің  артуына  əкелетін  салаларға  қызмет  етуге  қайта  бағытталуға  даярлық  мемлекет

пен  банктердің  үйлесімді  əрекеттеріне  байланысты. Мемлекеттік  институттардың  қаржы-

экономикалық климатқа əсер етуінің тиімділігі бірінші ретті маңыздылыққа ие болып келеді.

Ақша-несие  саясатының  артықшылықтары  бойынша  келесі  тұжырымдарды  айтуға

болады. Біріншіден, фискалды  саясатпен  салыстырғанда  тез  жəне  икемді  болуы. Орталық



жүктеу 4,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау