Сборник материалов


«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет56/94
Дата21.12.2019
өлшемі1,36 Mb.
#24742
түріСборник
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   94

«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері» 
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
125 
 
жаңалық  енгізу.Инновациялық  технологиялар  оқыту  үрдісінде  білім 
сапасын заман талабына сай орындалуы керек.  
Мультимедия  технологиясының  көмегі  арқылы  тек  өз  бетінше  тіл 
үйренумен  кез  келген  оқушының  компьютерді  пайдалануға  мүмкіндігі 
болуы.  
Электронды оқулық тестік жүйемен және тренажермен тілдік деңгейді 
меңгеруге  қолайлы.  Электронды  оқулықтар  оқушыны  қызықтыратын 
тілдік  материалды  меңгеруге  негізделген  видеосабақтар  оқушылардың 
тілдік  материалды  тексеруге  сөйлеу  әрекетінің  барлық  түрін,  тілдік 
бірліктердің қолданылуын жаттап алуға мүмкіндік беретін, грамматикалық 
материалдарды меңгеруге үйретеді. 
Аудиокітаптар  –  жазылған  және  айтылған  мәтіндердің  синтезі. 
Тыңдаушы  кәсіби  диктордың  оқуындағы  аудиокітапты  тыңдау,  олармен 
бірлесе отырып оқу.  
Аудиокітаптарды 
қолданудан 
күтілетін 
нәтижелер- 
аудиокітаптар тілдік дағды мен сауаттылық сапасын көтереді, олар сөздік. 
Аудиокітаптар 
оқушылардың 
оқуға 
деген 
ықыласын 
оятады. 
Аудиокітаптар  аудиториядағы  тыңдармандарға  тең  мүмкіндік  жасайды. 
Сөйлеуге тыңдап түсінусіз үйрену мүмкін емес. Ағылшын тілін меңгеруде 
тыңдап түсіну қабілетін дамытудың алар орны ерекше. 
Ауызша сөзді түсіну - адамның ecтіген сөздердің мағынасына талдау 
жасап,  аяқталған  ойды  білдіруіне,  ойша  жинақтау  қабілетіне  байланысты 
болады.  Тыңдап  түсінудің  негізгі  топтарына  мыналар  жатады: 
тыңдап  түсіну  дағдылары  (мәтіннің  грамматикалық  және  морфологиялық 
формаларын тани білу); 
сөздерді және сөз тіркестерін түсінe білу қабілеті
дыбыстарды, дауыс интонациясын ажырата білу. 
Тыңдау пpоцеci есту қабілеті механизмімен тығыз байланысты. Есту, 
тыңдау  қабілетін  техникалық  құралдар  көмегімен  жаттығулар  жасау 
арқылы дамытуға болады. Логикалық түсіну механизмі талдау процесінде 
күрделі болып саналады. 
Ауызша  сөзді  түсіну  үшін  бip  материалды  бірнеше  рет  тыңдаудың 
қажеті  жоқ.  Сөзді  толық  түсіну  бірден  және  толықтай  бip  рет  айтқанда 
қабылданады.  Қазіргі  кезде  ағылшын  тілін  меңгеруде  (есту,  тыңдау,  оқу 
арқылы)  оқу  фильмдерін  көру,  үнтаспалар  тыңдау  және  т.б. 
мүмкіншіліктері өте көп. Ағылшын мамандарының сөйлесуімен жазылған 
үнтаспалар,  видеофильмдер  көптеп  саналады.  Бірақ  үнтаспа  жазбасын 
тыңдау  мен  бетпе-бет  ауызша  сөйлесудің  айырмашылығы  бар. 
Сөйлеушімен  ауызба-ауыз  сөйлесудің,  мүмкіндігі  жоқтығы,  үнтаспа 
арқылы тыңдау барысында біршама қиыншылықтар туғызады. Сондықтан 
тыңдау  қабілетін  үнтаспа  көмегімен  дамыту  үшін  арнайы  аудио-


«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері» 
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
126 
 
жаттығулар  мен  аудио-мәтіндер  қажет.  Осы  орайда  мәтінді  тыңдау,  окып 
отырған кісінің сөзін тыңдай отырып мәтінді оқып отырудың мәні зор. 
Тыңдауға  үйренуді  сөйлеушімен  бетпе-бет  отырып  тыңдаудан 
бастаған  жөн.  Аудиториялық  сабақтарда  оқытушының  сөйлеуі, 
видеофильмді  көрсете  отырып,  оқытушының  оқуы  оқушы  үшін  үлкен 
өнеге, үлгі болады. Бастапқы кезде сөйлеуден тыңдау пайызының жоғары 
болуы  мүмкін.  Сабақ  кезінде  кейде  естіген  материалды  қайталаумен 
шектелеміз, ал оны түсіну қабілетіне көбінесе мән бере қоймаймыз. 
Ағылшын  тілін  тыңдап  түсінудің  өзіне  тән  қиыншылықтары  бар. 
Жаңа  материалды  тез  ұғындыруға  тырысып,  тілдік  материалдарды  көп 
беру  қабылдауды  қиындатады,  сонымен  бipre  дағдыны  қалыптастыруға 
кepi  әсер  етеді.  Осының  әсерінен  оқушы  тез  тыңдап,  түсініп,  жауап 
дайындау  үшін  ойланып  отырады.  Бұндай  тыңдау  қорытындысы  - 
тыңдаушының сөзінде катенің көп болуына әкеледі. 
Ауызша  сөйлеуге  үйрету  -  шетел  тілін  оқытудың  ең  қиын  acпeктici 
болып саналатындықтан, ең негізгі мақсат – ecтігенін түсіне білуге үйрету. 
Түсінуді  тексерудің  ең  басты  бөліктерін  біріншіден  -  сурет  арқылы, 
екіншіден  -  жазбаша  жауап  беру  арқылы  жүргізуге  болады.  Бұл  жұмыс 
түрлері  ауызша  жауапқа  жатпайды,  ағылшын  тілін  үйрену  үшін  мұндай 
жұмыс  түрлері  тыңдап  түсінугe  қарағанда  үлкен  роль  атқармайды. 
Сурет  арқылы  үйрету  кезінде  қажетті  cypeттi  таңдау  -  алдымен  айтылған 
фразаға,  диалогқа,  мәтінге,  әңгімеге,  одан  соң  тыңдалған  материал  мен 
суреттегі айырмашылықты табуға (жауапты жазбаша түрде беруге болады) 
байланысты болады. Ағылшын тілін аудармасыз түсінудің тағы  бip жолы 
үнтаспа  арқылы  әртүрлі  бұйрықтар  бepіп,  орындату.  Оқытушы  дұрыс,  не 
бұрыс екенін қадағалайды. Бұйрықтарды тек бұйрық рай түрінде берумен 
қатар  әртүрлі  нұскаулар  түрінде  де  беруге  болады.  Мыс:  "When  Tom 
(Mary)  walks  to  the  window,  John  will  write  Kale's  name  on  the  blackboard". 
Мұндай  бұйрықтар  тыңдаушылардың  қызығушылығын  тудырады  және 
сөздерді,  ағылшын  тілінің  грамматикалық  формаларын  есте  сақтауға 
көмектеседі.  Әртүрлі  бұйрықтарды  орындау  грамматикалық  материалды 
түсіндірумен басталады. Мысалы шартты рай: "If the student in front of you 
is a boy take his book, if the student in front of you is a girl give her your book". 
Үнтаспаға  жазылған  мұндай  жаттығулар  оқушылардың  ағылшын  сөзін 
түсінуіне  көп  әсер  етеді.  Бұл  ойын  түрі  сияқты  оқушылардың  ынтасын 
арттырады. 
        Жаңа  педагогикалық  технология  баланың  жетілген  тұлға  ретінде 
дамуы  үшін  маңызы  зор.  Ал  осы  жаңа  технология  таратушы,  үйретуші, 
өзінің  шығармашылық  еңбегінде  жүйелі  қолданушы,  насихаттаушы  ол  – 
мұғалім.  Жаңаша  ойлай  білсең  ғана-  ұстазсың.  Сол  себептен  де  жаңа 
технологияны енгізуші – таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр. 
Ұстаздардың  алдына  қойған  міндеті  –  оқытудың  әдіс  –  тәсілдерін  үнемі 


жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   94




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау