Саяси партиялар және партиялық жүйелер


"Азат" азаматтық қозғалысы



жүктеу 0,91 Mb.
бет5/5
Дата25.05.2018
өлшемі0,91 Mb.
#17718
1   2   3   4   5

"Азат" азаматтық қозғалысы. Бұл ұйым 1990 жылдың шілде айында Алматы қаласында құрылды, әр түрлі партия, кәсіподақ, әйелдер, ардагерлер, діни, жастар, т.б. ұйымдарды біріктіреді. Іс-әрекеттің нысаны мен тәсілдерінің негізі: мемлекеттік билік органдарын конституциялық жолмен қалыптастыру; баламалы заң жобаларын жасау; жоғарғы және жергілікті ұйымдардың қабылдайтын саяси шешімдеріне; жиналыс, митингі, шеру тарту ісіне қатынасу.

"Азаттың" бөлімшелері барлық облыстарда бар, жоғарғы органы - съезд, 300-ден астам мүшелері бар. Ең көп мүшелері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында.

"Азат" басқа елдердегі осындай қозғалыс ұйымдары мен тікелей байланысты. "Азат" газетін шығарады, "Қазақ тілі" қоғамымен тікелей байланыста.

"Азат" қозғалысы республика жерінде өз жарғысына, Конституцияға сәйкес жұмыс жүргізеді. Негізгі мақсаты - толық саяси-экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу, әлеуметтік әділеттілік жөне демократия принциптерін іске асыру, барлық азаматтардың материалдық және рухани өмірін қамтамасыз ету.

Экономика саласында жер, кен байлықтары, су, орман және басқа да байлықтар республиканың меншігі. Жер сатылмауы керек, бірақ қажеттілікке қарай жалға беріледі. Ұлт мәселесінде барлық азаматтар тең құқықты, ұлтына, дініне қарай бөлінбеу керек.

Қазақ мектебінің және тәрбиенің ұлттық тұжырымдамасы жасалуы керек. Қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті барлық оқу орындарында дербес пән ретінде оқытылуы қажет. Басқару жүйесінде тоталитарлық үстемдікке, әкімшіл-әміршіл жүйеге қарсы күрес жүргізілуі кажет.



"Әділет" тарихи-ағартушылық қоғамы - жарғысы, бағдарламасы бар. Қоғам мүшелері 19 халық комиссарының (министрдің), 1938 жылы Алматы маңында атылғандардың көмілген жерлерін анықтады. Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу үшін қаржы жинады.

Қазіргі уақытта "Әділеттің" Астана, Қарағанды, Шымкент, Алматыда жергілікті ұйымдары бар. Қоғам мүшелері 1500-ге жуық, негізінен студенттер және қоғам қайраткерлері.



"Ақиқат" тарихи-ағартушылық қоғамы 1988 жылы желтоқсанның 13-інде құрылды. Қоғамның мақсатының бірі - халықтың ескі әдет-ғүрпын қалпына келтіру, туған өлкенің тарихын зерттеу, қазақ және басқа халықтардың ұлттық тілін дамыту. Қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы бірнеше мақалалар және кітаптар жариялады. Қоғамның үш мыңнан астам мүшесі бар. Алматы, Оңтүстік Казақстан, Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстарында бөлімшелері бар. Қоғам жүмысына негізінен зиялы қауым өкілдері мен студент жастар қатынасады.

Орыс қауымы (русская община) Әділет министрлігінде қыркүйектің 1-інде тіркеуден өтті. 14 облыста бөлімшелері бар. Жалпы саны 70 мың адамнан асады. Қауымның іс-әрекеті жарғы және бағдарламасына сәйкес орыс және басқа да славян халықтарының рухани өркендеуінің, олардың мәдениетін, білімінің барлық дәрежесін дамытуға бағытталған, Қазақстаңда азаматтық қоғам құруға әсер етуі қаралған. Қауым "Русский вестник" атты газет шығарады, жастарды мүше етіп тартуға көптеген шара қолдануда.

Қауым 1992 жылы мемлекеттік екі тілділікті жақтап қол жинады, Шығыс Қазақстан облысында өткізілген митингілерді жақтады. 1993 жылдың қаңтар айында президент атына Орыс университетін ашуды сұрап хат жолдады.



Жастардың рухани және дене шынықтыру дайындығын жақсарту мақсатында олардың спорттық-патриоттық клубқа мүше болуын насихаттайды. Жастар клубын ұйымдастыру үшін спорт залдарын жалға алуға қаражат бөлді. Көркем өнер ұжымдарын құруға ат салысады.

Республикалық қоғамдық славян қозғалысы "Лад" 1993 жылы наурыз айында құрылды, 10 мыңнан астам мүшесі бар, орталығы — Астана қаласында. Қозғалыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасында тұратын славян халықтарының тілін, мәдениетін, рухани өмірін гүлдендіру, республикада демократияны, азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени құқықтары мен бостандығын, бейбітшілікті, халықтар достығын дамыту, нығайту.

Қазақстанның әйелдер одағы. Бұл қоғамдық ұйым 1991 жылдың мамыр айында құрылды. Құрылу мақсаты - әйелдердің қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани өмірдегі рөлін арттыру. Одақ республикадағы реформаны жақтайды. Соңғы 7-8 жылда бүл салада қыруар ұйымдастыру жұмысын атқарды. Әйелдер қозғалысының мәселелері туралы семинар, мәслихаттар өткізді, ардагер әйелдерге, көп балалы аналарға, балалар үйіне материалдық көмекті үнемі ұйымдастырып келеді. "Әйелдер қазіргі қоғамда" деген халықаралық конференция өткізді. Қазақстанның әйелдер одағы- Орталық Азия елдерінің халықаралық конгресінің мүшесі.

Қазақстан Республикасының әйелдер кеңесі 1991 жылы қазанның 21-інде тіркеуден өтті. Басқарма және президиум мүшелері 1991 жылы тамыздың 20-да сайланды, ұйымның Жарғысы бар. Бірнеше рет республикалық пленумы өтті. 1992 жылы маусым айында Тараз қаласында "Әйелдердің кәсіпкерлік іс-қызметі туралы" конференция, Семей қаласында акушер-гинекологтар-дың республикалық съезін, 1993 жылдың қырқүйек айында Орта Азия елдері әйелдерінің халықаралық конференциясын өткізді.

Қазақстанның жастар одағы. Құрамында 500 мыңнан астам мүшесі бар. Одақтың мүшелері - Қазақстанның мамандары мен жас ғалымдарының ассоциациясы, жастар кәсіпкерлігін дамыту "Асар" ассоциациясы, спортшы балаларға көмек беретін "Алтын шабақ" қоғамы.

Қазақстанның жастар одағы - дербес қоғамдық ұйым, республиканың жастарын ерікті түрде біріктіреді. Республика Конституциясына, заңдарына негізделген жарғысы және бағдарламасы бар.

Одақтың негізгі мақсаты - жас азаматтардың еркін дамуына жағдай жасау, олардың экономикалық, әлеуметтік-мәдени құқықтары мен бостандығын қорғау, іске асыру. Одақ жастардың мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарда жігерлілігін және дербестігін арттыру, олардың ғылыми-техникалық және көркемөнер шығармашылығын дамыту саласында сан қырлы жұмыстарды іске асырып жатыр.

Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ұйымы. Бұл -тіркеуден өткен қоғамдық ұйым. Негізгі мақсаты -Ауғанстандағы соғыс ардагерлерін әлеуметтік бейімдеу, оларға медициналық көмек көрсету, оларды құқықтық және әлеуметтік қорғау, олардың отбасына моральдық-психологиялық, материалдық көмек ұйымдастыру, соғыста қайтыс болғандардың атын, ерлігін мәңгілік есте қалдыру, жастарды патриоттық және интернационализм рухында тәрбиелеу. Ұйым соғыс ардагерлерімен үнемі кездесу ұйымдастырып, олардың тілек-мүдделерін зерттеп отырады. Беделі өте жоғары.

Адам құқығы бюросы. Бұл қоғамдық ұйым адам құқығын іске асыру туралы қоғамдық бақылауды іске асырады, республикадан тыс жерлерге қоныс аударғысы келетін азаматтардың құқығын, республикадағы демократияның іске асырылуын қорғайды. Жұртшылық қауым бұл ұйымды өте жақсы біледі, тиісті көмектерін алып отырады.

Қазақстан Республикасындағы Кәсіподақ федерациясы кеңесі. Кәсіподақ федерациясы - ерікті қоғамдық ұйым, кәсіподақ мүшелерінің құқығын және мүддесін қорғайды. 14 облыста облыстық және 22 салалық кәсіподақ бірлестіктері бар. Федерацияның құрамында Ғылым академиясының, архитектура, Жобалық және Зерттеу институттарының, инновациялық және ұсақ кәсіпкерлер, мұнай, газ, көмір, т.б. кәсіподақтары бар. Қазірде федерация 7,5 млн. кәсіподақ мүшелерінен, 43 мыңнан астам бастауыш ұйымдардан тұрады. Кәсіподақ ұйымдарына жергілікті жерлерде басшылық жасайтын 835 аудандық және қалалық, 209 облыстық кәсіподақ; қоғамдары бар.

Федерация жұмысының негізгі бағыты - мүшелік ұйымдардың әлеуметтік-экономикалыұ, құқықтары мен мүддесін қорғау, еңбек, тұрмыс, мәдениет, спорт мәселелері туралы үкіметпен келісім жасау. Федерация кеңесі Парламенттің заң қабылдау мәселесіне қатысып, заң жобаларын жасайды.

Кәсіподақ федерациясы өтпелі кезеңде көмір, түсті металлургия, т.б. шаруашылық салаларындағы еңбекшілердің жұмысқа орналасу, жалақы, әлеуметтік көмек алу ісіне үнемі араласып келеді.

Республикалық "Бірлесу" кәсіподағы және Қазақстанның тәуелсіз кәсіподақ орталығы. Қазақстан Республикасының "Бірлесу" кәсіподағы 1989 жылдың қараша айында үйымдастырылды. Оның қүрылтайшысы - экономиканың мемлекеттік емес секторының қызметкерлері. Оларды мұндай ұйым құруға итермелеген жағдай - еңбекшілердің еркін еңбегі құқығына шенеулік тарапынан тыйым салынуы, заң алдында өздерін қорғай алмайтындығы, оларды әкімшіл-әміршіл жүйеден қорғауы.

"Бірлесу" кәсіподағы республикадағы ғана емес, бұрынғы КСРО-дағы да бірінші тәуелсіз кәсіподақ ұйымы болды.

"Бірлесу" қысқа мерзім ішінде сотта 50-ден астам одақ мүшелерінің мүддесін қорғады, 500-ден астам еңбекшілердің мекеме бастықтарына наразылығын жолдады, олардың басым көпшілігі қанағаттандырылды.

"Невада-Семей" халықаралық ядролық соғысқа қарсы қозғалыс. Бұл - еңбекшілердің еріктілік негізінде құрылған ұйымы. Ұйым халықаралық "Невада - Семей -Морура - Лобнор - Новая Земля" ядролық соғысыңа қарсы бірлестікке кіреді. Қозғалыстың негізгі мақсаты - ядролық қаруды және соғысты адамзат өркениетінен аластау, ядролық сынақ жүргізілген аймақтар халқын экологиялық және әлеуметтік қорғау, табиғатты, адамды, мәдениетті қайта жаңғырту. Осы қозғалыстың бастамасына сәйкес Қазақстанда ядролық сынақ жүргізуге тыйым салынады, "ядролық қарусыз ел" деп жарияланды. Бүкіл әлем халқы бұл бастаманы қолдады.

"Арал-Азия-Қазақстан" халықаралық қоғамдық комитеті. Бұл комитет 1987 жылы белгілі ақын М.Шахановтың бастамасымен құрылып, республика жұртшылығы "оны мақұлдады. Оның мақсаты: Арал теңізі жағдайына, республикадағы экологиялық дағдарысқа қоғамдық пікірді аудару, Арал теңізін қалпына келтіру туралы жобалар мен бағдарламалар жасау.

Комитеттің бастамасымен Арал қорына қаражат түсірілді, Қазақстанның белгілі ақындарының қатысуымен поэзия кеші, дөңгелек үстел, Мәскеуде Арал күні, Арал аймағындағы экологиялық апат туралы телемарафон өткізілді. 1996жылы халықаралық "Арал-Азия-Қазақстан" коғамдық комитеттің мәртебесі бекітілді. Аралды сақтау туралы, Арал аймағындағы экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешу туралы шараларды іске асыруда көптеген шаралар іске асырылуда. Осы мақсатпен "Халықаралық Арал сыйлығы" құрылып, ол Арал аймағындағы мәселелерді шешуге үлес қосқан ғалымдарға, қоғамдық қайраткерлерге беріледі. Комитет жанынан Арал және Қазақстан экологиясы туралы Қоғамдық Академия құрылды.

Жоғарыда қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстарға біршама сипаттама берілген. Олардан шығатын қорытынды - қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар тәуелсіз республикамыздың күрделі мәселелерін шешуге зор үлес қосуда.

«Саяси партиялар және партиялық жүйелер» тақырыбы бойынша ұсынылатын тест тапсырмалары
1. Партия – бұл:

А) билік үшін немесе билікті жүзеге асыруға қатысу үшін күресетін саяси қоғадық ұйым;

B) қауымдастықтың бір түрі,белгілі бір психологиясы мен өзіндік сана-сезімі бар адамдардың тарихи тұрғыдан пайда болған әлеуметтік –экономикалық және рухани бірлігі;

C) жылдамалы жұмыскерлерден құралып, еңбек процесінде солардың мүдделерінің жиынтығына негізделген және өз мүшелерінің әл-ауқаты мен еңбегін жақсартуды мақсат ететін көпшілік қоғамдық ұйым;

D) саяси қауымдастық;

E) өнегелік-саяси одақ .


2. Саяси институт ретінде саяси партиялардың қалыптасу үрдісі

A) даму;


B) партогенез;

C) этногенез;

D) қалыптасу;

E) генезис.


3. Саяси партиялардың дамуында 3 кезеңді (аристократиялық топтар, саяси клубтар, бұқаралыққ партиялар) белгіленген ғалым:

A) А. Бентли;

B) Р. Арон;

C) М. Вебер;

D) Э. Бернштейн;

E) Р. Даль.


4. «Кокус» - Бұл орталықты (саяси басқарушылар) бұқаралықпен байланысынды қамтамасыз ететің партияның бастапқы ұйымшылдық ячейкасы деп ұсынған ұғымды орыс ғалымы

A) С. Франк;

B) Н. Бердяев;

C) М. Ковалевский;

D) М. Острогорский;

E) П. Струве.


5. Саяси партияларды олигархизациялау теориясының авторы:

А) У.Кларк;

B) Д.Урвин;

C) Р.Даль;

D) М.Дюверже;

E) Р.Михельс.


6. Парламенттік, президенттік немесе муниципалдық сайлауларда қандай да бір саяси партияға дауыс беретін сайлаушылар тобы:

А) электорат;

B) элита;

C) люмпендер;

D) азаматтар;

E) әлеуметтік топ.


7. Партияның негізгі саяси қызметі:

А) саяси әлеуметтендіру;

B) билік үшін күрес,оны қолдану немесе оған бақылау жасау;

C) саяси құрамын толықтыру;

D) партиялық идеологияны жасау;

E) коммуникативтік.


8. «Партия» латын тілінең аударғанда

A) саясат;

B) ұйым;

C) бөлшек;

D) одақ;

E) пікір.


9. Алғашқы саяси партиялар Ежелгі......... қалыптасты

A) Қытай;

B) Мысыр;

C) Рим;


D) Греция;

E) Вавилон.


10. Партиялардың жалпыұлттық саяси құрылымы ретінде қалыптасуына әсер тигізген төнкеріс

A) ақпараттық;

B) ғылыми-техникалыққ;

C) бархаттық;

D) социалисттік;

E) буржуазиялық.


11. Алғашқы бұқаралық партия қайда қалыптасты

A) Англия;

B) Германия;

C) Франция;

D) Ресей;

E) Польша.


12. Алғашқы бұқаралық партия қашан қалыптасты

A) 1863 ж.;

B) 1831 ж.;

C) 1905 ж.;

D) 1917 ж.;

E) 1991 ж..


13. Алғашқы жұмысшы бұқаралық партия қашан қалыптасты

A) 1905 ж.;

B) 1861 ж.;

C) 1863 ж.;

D) 1917 ж.;

E) 1991 ж..


14. Алғашқы жұмысшы бұқаралық партия қайда қалыптасты

A) Польша;

B) Англия;

C) Франция;

D) Германия;

E) Ресей.


15. Билікті жұзіге асыру қатысыуна байланысты партиялар қандай түрлеріне бөлінеді

A) Жақсы және жаман;

B) Белсенді және белсенді емес;

C) Жүмсақ пен қатты;

D) Демократиялық;

E) Басқарушы және оппозициялық.


16. Кадрлық партияладың негізгі белгілері

A) көпшілік емес, еркін мүшелік,мамандырылған саясаткерлерге және қаржылық элитаға сүйену;

B) көпшілік, идеологиялық бағыт,мүшелер арасындағы жақын аралас және қатал ұйымшылдық;

C) жалпыұлттық мүдделерің қорғауға тырысуы;

D) төменде тұрған органдардың партияларбың басқарылуына сөзсіз бағынуы;

E) радикалды идеологиясын ұстануы.


17. Қандай қағидалары бойынша партиялар демократиялық, авторитарлы және тоталитарлы боп бөлінеді

A) өмір сүру тұрақтылығы бойынша;

B) билікті жүзіге асыру қатысыуна байланысты;

C) саяси жүйелердің басқа элементерінің қатысына бойынша;

D) іс-әрекеттің әлеуметтік ортасына байланысты;

E) саяси темпераменті бойынша.


18. Қандай қағида бойынша партиялар «оңшыл», «солшыл» и «центристтік» боп бөлінеді

A) өмір сүру тұрақтылығы бойынша;

B) саяси жүйелердің басқа элементерінің қатысына бойынша;

C) саяси темпераменті бойынша;

D) іс-әрекеттің әлеуметтік ортасына байланысты;

E) билікті жүзіге асыру қатысыуна байланысты.


19. Аристократиялық топтар кімнің мүдделерің қорғады

A) зиялылардың;

B) буржуазияның;

C) құлиеленушілердің;

D) жериеленушілердің;

E) шіркеудің.


20. ХХ ғасырдың 50-ші жылдарында Кадрлық және бұқаралық партиялар деп бөлген ғалым

A) Боднард;

B) Ла Паломбара;

C) Арон;


D) Вебер;

E) Дюверже.


21. Саяси клубтар кімнің мүдделерің қорғады

A) буржуазияның;

B) жериеленушілердің;

C) құлиеленушілердің;

D) зиялылардың;

E) шіркеудің.


22. ХХ ғасырдың 60-ші жылдарында Әмбебап партияны деп бөлген ғалым

A) Дюверже;

B) Ла Паломбара;

C) Арон;


D) Вебер;

E) Боднард.


23. Партиялық жүйе – бұл:

A) партиямен билікті жүзіге асыру жүйесі;

B) партиялар мен мемлекеттің арасындағы қатынастардың жүйесі;

C) өмір сүретің және жүзіге асыратың барлық партиялардың жиынтығы;

D) система представительных учреждений өкілітті мекемелердің жүйесі;

E) лоббистік топтар.


24. Бірпартиялық жүйелер қандай режимдерге тән:

А) консервативтік және реформаторлық саяси жүйелерге;

B) демократиялық саяси жүйелерге;

C) автократиялық саяси жүйелерге;

D) тоталитарлық және авторитарлық саяси жүйелерге;

E) барлық саяси жүйелерге.


25. «Партия – бұл еркін өкіметтің зұлымдылығы» деп тұжырымдаған ғалым

A) Д.Юм.


B) Э.Берк;

C) М.Вебер;

D) К.Маркс;

E) А.Гоквиль;


26. «Екіпартиялық жүйе» - бұл:

A) екі қуатты партиялары бар, әрқайсысы билікті қолына алу қабілеттері бар;

B) тек екі партиялардің болуы;

C) екі партиялары бар, әрқайсысы үкіметті қалыптастыру жағдайы жоқ;

D) сайлау кампанияларда тек екі партиялар қатысады;

E) сайлау кампанияларда қатысуға тек екі партиялар жіберіледі.


27. Қоғамдық ұйымдар – бұл:

A) билік үшін күресетің саяси бірлестіктер;

B) мүдделер топтарының негізінде қалыптасқан әлеуметтік байланыстардың мемлекеттіктыс формалар;

C) өкіметке қысым көрсететің адамдардың бірлестігі;

D) мәдени қежеттіліктерді қанағаттандыруға арналған бейресми бірлестіктер;

E) қоғамдық ұйымдар – сөйлесу формасы.


28. Партия – бұл бір саяси доктринаны ұстайтың адамдардың тобы деп есептеген ғалым

A) Р.Берк;

B) М.Вебер;

C) Б.Констан;

D) Д.Юм;

E) Дюверже.


29. Көппартиялық жүйе қандай режимге тән

A) Феодалды;

B) Буржуазиялық,

C) Тоталитарлы;

D) Демократиялық;

E) Авторитарлы.


30. 1832 ж. Италияда құрылған партия

A) Жалпы жұмысшы одақ;

B) Консервативті;

C) Либералды;

D) Федералды;

E) Республикандық.



31. Қай жылы Қазақстанда Кадеттердің филиалы ашылды

A) 1905 ж.;

B) 1907 ж.;

C) 1909 ж.;

D) 1914 ж.;

E) 1917 ж.


32. А. Бөкейханов 1917 ж. қандай партияны құрды

A) Үш жүз;

B) Алаш;

C) Отан;


D) Кырғыз партиясы;

E) Коммунисттік.


33. 1917 ж. 21 қазанда «Алаш» партиясының бағдарламасы қай газетте басылып шығарылған

A) Искра;

B) Руханият;

C) Қазақ;

D) Алаш;

E) Егемен Қазақстан.


34. Қ. Тоғысов 1917 ж. қандай партияны құрды

A) Кырғыз партиясы;

B) Алаш;

C) Отан;


D) Үш жүз;

E) Коммунисттік.


35. 1918 ж. 1 қантарда қай қаласында большевиктердің партиялық ұйымы құрылды

A) Павлодар;

B) Орынбор;

C) Кызыл-Орда;

D) Алма-Ата;

E) Семей.


36. ҚР-на тән партиялық жүйесі:

А) Көп партиялық;

В) Екі партиялық;

С) Үш партиялық;

D) Төрт партиялық;

Е) Бір партиялық.


37. ҚР-нің көшбасшы партиясы

A) Ақжол;

B) НүрОтан;

C) Аист;


D) Коммунисттік;

E) Ауыл.
38. «Отан» партиясының алғашқы съезді қашан өтті

A) 2001 ж;

B) 1991 ж;

C) 1999 ж;

D) 2004 ж;

E) 2007 ж.
39. 1996 ж. 1 қантарда ҚР-ның Әділет Министрлігімен тіркелген партиялардың саңы

A) 4;


B) 7;

C) 8;


D) 9;

E) 15.
40. ҚР «Саяси партиялар тұралы» заңңың қабылданған жылы

A) 2000 ж.;

B) 1997 ж.;

C) 2005 ж.;

D) 2008 ж.;

E) 2002 ж. .


Тесттердің дұрыс жауаптары


1 А

2 В


3 С

4 D


5 Е

6 А


7 В

8 С


9D

10 Е


11 А

12 В


13 С

14 D


15 Е

16 А


17 В

18 С


19D

20 Е


21 А

22 В


23 С

24 D


25 Е

26 А


27 В

28 С


29 D

30 Е


31 А

32 В


33 С

34 D


35 Е

36 А


37 В

38 С


39 D

40 Е



Әдебиеттер
1 Балгимбаев А. С. Проблемы формирования партийной системы в РК / Демократическая модернизация Казахстана: стратегия развития в 21 веке. – Алматы, 1999. – С. 37–39.

2 Бабакумаров Е. Ж. Казахстан: политическое измерение социальной стратификации общества. – Алматы, 1999. – С. 97–99.

3 Антонова И. М. Общественные движения и проблемы власти // Социально политические науки. – М., 1999. – № 4. – С. 7–19.

4 Булуктаев Ю. А. Дьяченко С. А., Карамзина Л. И. Политические партии Казахстана: справочник. – Алматы, 1998. – С. 57–59.

5 Дьяченко С. А. Партогенез в Казахстане состояние, проблемы и перспективы. – Алматы : «Каусар – булек», 1997. – С. 41–45.

6 Дюверже М. Политические партии. – М., 2005. – С. 544.

7 ЗаславскийС. Е. Основы теории политических партий. – М., 2007. – С. 339.

8 Топорина Т. В. Партии и партийные системы. – Астана, 2001. – 289 с.

9 Алтухов В. Т. Обновление программы СДПГ.// Социально-политические науки. – 1990. – № 8. – С. 117–123.

10 Кочетков А. П. Политические партии и партийные системы. // Вестник Московского университета. Сер. 12, политические науки. –№ 6. – 1998. – С. 3–18.

11 Михельс Р. Социология политических партий в условиях демократий // Диалог. – 1990. – № 18. – С. 77–79.

12 Пушкарева Г. В. Партии и партийные системы : концепция // Социально-политический журнал, 1993. – № 9–10. – С. 116.



Мазмұны


Кіріспе................................................................................................

3

1 Саяси партия саяси жүйенің институты ретінде...........................

5

2 Саяси партиялардың және партиялық жүйенің түрлері...............

13

3 Қазақстандағы саяси партиялар......................................................

23

4 Қоғамдық ұйымдар және қоғамдық қозғалыстар..........................

37

5 Қазақстандағы және қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар...........

43

«Саяси партиялар және партиялық жүйелер» тақырыбы

бойынша ұсынылатын тест тапсырмалары…………...............


51


Әдебиеттер…………………………………………………………


60












жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау