Сапаров Бексултан,Сиб -1901 Саясаттану курсын оқу барысында менің түсінгенім. Саясаттанудың басқа ғылымдармен байланысы. Эссе



жүктеу 18,47 Kb.
Дата08.05.2020
өлшемі18,47 Kb.
#30222
Сапаров Бексултан ЭССЕ



Сапаров Бексултан,Сиб -1901

Саясаттану курсын оқу барысында менің түсінгенім .

Саясаттанудың басқа ғылымдармен байланысы.

Эссе

Саясат – қоғам, мемлекет жəне əрбір азаматтың тіршілігінің негізі. Əсіресе саясаттың рөлі мен маңызы, қоғамның негізгі құндылықтары мен идеалдарының өзгеріске ұшыраған, өтпелі тарихи кезеңдерінде ерекше мəнге ие болады. Мұндай түбегейлі өзгерістерді жас егемен Қазақстан Республикасы да басынан кешіруде. Қоғамның рухани жəне интеллектуалдық жағынан жаңарып, əлеуметтік жəне гуманитарлық құндылықтарын қайта қарап қалыптастыруда, саясаттану ғылымның өзектілігі даусыз.

Қазіргі қоғамның саяси шындығын шынайы түрде ашу саясаттанудың басты мақсаты болып табылады.

Саясаттану курсы бізге билік, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, саясат, саяси жүйе түрлері, саяси режимдер, саяси мəдениет, қазіргі қоғамның саяси институттарымен қоғамдық даму мəселелерін түсінуге көмектесті.

Саясаттанудың бір бөлімі – саяси ойлар саясатты белгілі бір тарихи кезеңдердегі жүйелі саяси парадигмаларын анықтауға мүмкіндік береді.Саясаттануды оқып – үйренуші студент кең көлемде білімді ғана емес, сонымен бірге ғылыми талдау əдістерін үйреніп, қоғам мен мемлекетті болашақтағы саяси дамуын болжай алатын, қазіргі саяси құбылыстарға творчестволық талдау – зерттеу жасай білетіндей болуы керек.

Пəннің мақсаты теориялық мəселелерді студенттерге ұғынықты түсіндіріп оқытып қана қоймай, олардың білімін іс жүзінде қоғам өміріне пайдалана алатындай дəрежеге жеткізу. Біздің заманымызда қандай кəсіппен айналысқанына қарамастан саяси білім мен мəдениет əр адамға қажет. Себебі ол қоғамда тұрып, тіршілік еткендіктен басқа адамдармен жəне мемлекетпен сөз жоқ, бірлесіп əрекет жасау керек. Мұндай білімі жоқ адам саяси істерде амал – айла, құлықтың құлы болып кетеді. Оны саяси жағынан белсенді күндер өз мақсатына пайдаланып, ойындағысын істейді. Білу жəне меңгеру саяси ғылымның негіздірін игеру арқылы, əсіресе, қазіргі өтпелі кезеңде күрделі қоғамдық саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, іс-əрекет жасауға, ішкі жəне сыртқы саясат құбылыстарын дұрыс ұсынуға, басқа адамдардың құқықтарын қадірлей отырып, өзінің мақсат мүддесін қорғауға кең жол ашады.

Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Өйткені олардың зерттеу объектісі-ортақ қоғамдық өмір.Саясаттану ең алдымен философиямен тығыз байланысты. Философия-табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы ғылым.Ол саясатты философиялық тұрғыдан дәлелдейді,саяси құбылыстармен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді,  құбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын байқатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заңдылықтарды нақтылайды, анықтайды, саяси танымды тереңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады. Саясаттану өмірдің жалпы жақтарын қарастырғанда, философия тұжырымына сүйенеді, ал саясаттың нақтылы жақтарына келгенде философия саясаттануға жүгінеді.

Саясаттану экономикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердің негізіне әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принциптерін ғылыми түрде негіздейді.



Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, құқықтық және нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қарастырады. Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі –әлеуметтану (социология). Саясаттану саясаты белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгертіп отыратын процесс ретінде қарайды. Ал  әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді.Саясаттанудың негізгі назары саясатта болса ал әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі.


жүктеу 18,47 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау