|
Сапа менеджмент жүйесі академиялық саясат ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУacadem-sayasat12.13 ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ
12.13.1Өндірістік практиканың мақсаты кәсіби құзыретін бекіту, кәсіби
қызметінің практикалық дағдылары мен тәжірибені игеру болып табылады.
12.13.2 Өндірістік практиканың негізгі міндеттері:
-
білім беру бағдарламасы бойынша кәсіптік қызметінің түрлерін, олардың
функциялары мен міндеттерін оқып зерттеу;
-
теориялық білімдерді бекіту және бұл негізінде кәсіби машықтарды,
дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру;
-
инновациялық технологияларды, еңбек пен өндірістің озық әдістерді
меңгеру;
-ұйымдастырушылық және кәсіптік тәжірибені игеру;
-командалық жұмыстың, басқарудың корпоративтік қағидалары құзыретінің
дағдыларын игеру;
-өз бетінше өз қызметті жоспарлау, әріптестермен пайдалы байланыстарды
орнату, рольдік кәсіби ұстанымын айқындау, жауапкершілік сезімін қалыптастыру
машықтарды меңгеру болып табылады.
12.13.3 Өндірістік практика барлық мамандықтардағы (педагогикалық мен
тілдік мамандықтарынан басқа) білім алушылар үшін жүргізіледі және білім
алушылардың оқуды аяқталуына дейін 2 курстан бастап ұйымдастырылады.
12.13.4 Өндірістік практика оның мазмұнына байланысты арнайы кафедраның
немесе нәтижесінде аталған өндірістік практика түрінің объектілері болып
табылатын теориялық оқытуды жүргізетін кафедраға бекітіледі.
12.13.5 Өндірістік практиканың бағдарламасы білім беру бағдарламасының
талаптарына сәйкес әзірленеді және білім алушыларда кәсіби мағыналы
машықтарды өндіруге сәйкес арнайын құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.
12.13.6 Өндiрiстiк практикасының өтілу мерзімі және уақыты ҚР МЖМБС және
СУ-нің оқу процесінің кестесіне сәйкес орнатылады.
12.13.7 Өндiрiстiк практика қорытындысы бойынша білім алушылар сәйкес
кафедраға есеп беру тапсырады, оны практика жетекшісі тексеріп, кафедра
меңгерушісінің бұйрығымен құрылған комиссиясының алдында қорғайды. Есеп
беруді қорғау қорытындысы дифференциалдық сынақпен сандық балды-рейтингтік
әріптік баға жүйесімен бағаланады.
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 91-беті
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|