«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 35-беті
Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат
иесінің жеке басын растайтын құжаты (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен).
Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің
атын (бар болған жағдайда) ауыстырса тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған
жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт
жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін ұсынуы қажет;
4)
төлем туралы түбіртек.
Қағидалардың 12-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келу мақсатында
көрсетілетін қызметті алушы өзінің дайындығын растайтын, оның ішінде кәсіби
қызметке рұқсаты, практикалық тәжірибесі туралы құжаттарын ұсынады. Аталған
құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері олардың нотариалды
куәландырылған аудармасымен, оның ішінде мөрдің аудармасымен бірге
ұсынылады (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда).
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі
аудармасының
дұрыстығын
куәландыруды
Қазақстан
Республикасының
аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының
дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады.
4.1.2.7
Өтiнiштер
халыққа
қызмет
көрсету
орталықтарының
ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі базасында (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ) тiркеледi.
4.1.2.8 Заңдастырылған немесе апостелденген білім туралы құжатты тану
туралы өтінішті қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
4.1.2.9 Егерде білім туралы құжат заңдастырылмаған немес апостелденбеген
болса мұндай өтінішті қарау мерзімі білім туралы құжаттың берілгендігі туралы
деректердің және шетелдік білім беру ұйымының білім беру қызметін іске асыруға
құқығы барының расталуын алу уақытын ескере отырып 30 (отыз) жұмыс күнін
құрайды.
Мерзім Орталыққа көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және
Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін жеткізу
уақытын есептемей осы Қағиданың 7 тармағында көрсетілген барлық құжаттарды
тапсырған уақыттан бастап есептеледі.
Егерде білім туралы құжаттың берілу деректерін және шетелдік білім беру
ұйымының білім беру қызметін іске асыруға құқығы барын растау туралы алғашқы
сұранысқа жауап болмаған жағдайда қайта сұраныс жолданып білім туралы
құжаттарды тану туралы өтініштерді қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күнге
ұзартылады. 4.1.2.10 Көрсетілетін қызметті алушы өзара тану және баламалылығы
туралы халықаралық шарттар (келісімдер) қолдану аясына жататын білім туралы
құжатты ұсынған жағдайда Орталық 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін
қызметті алушыға құжаттарды қайтару себебін көрсете отырып еркін түрдегі
ескертпе-хат жолдайды және ұсынылған құжаттарын қайтарады.
4.1.2.11 Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды
нострификациялау оқуға тапсырғанға дейін немесе кабылданғаннан кейін 1
(бірінші) академиялық кезеңі ішінде өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: