18.1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
18.1.1. Осы процедура бойынша барлық жұмыстарды ЖОО кейінгі білім
бөліміне (бұдан әрі - ЖООКББ), факультет декандары, кафедра меңгерушілері,
ғылыми жетекшілер бақылайды.
18.1.2. Магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұнында ғылыми-
педагогикалық магистратура үшін – магистрлік диссертацияны орындауды
қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы немесе бейінді магистратура үшін – магистрлік
жобаны орындауды қамтитын эксперименттік-зерттеу жұмысы қарастырылған.
Магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысын (бұдан әрі
– МҒЗЖ (МЭЗЖ)) басқарудың бақылау жұмыстарына ғылыми жұмыстар жөніндегі
проректор (бұдан әрі - ҒЖП), ЖООКББ, кафедра меңгерушілері және ғылыми-
зерттеу жұмыстарына жауапты оқытушылар (ғылыми жетекшілер және ғылыми
кеңесшілер) жүзеге асырады.
18.1.3. Ғылыми тағылымдамаларға, зерттеу практикаларға жетекшілікті ғылым
докторы және ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және (немесе) философия
докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесі, ғылыми атақтары
(қауымдастырылған профессор (доцент) профессор бар және ғылыми зерттеулермен
белсенді айналысатын оқытушылар және (немесе) білім алушының оқу қызметінің
осы түрлерінің бейініне сәйкес болатын ғылыми жарияланымдары бар ғылыми
қызметкерлер, практик-мамандар жүзеге асырады.
18.1.4. Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін магистрант жеке жұмыс
жоспарының
орындалуы
бойынша
академиялық
аттестаттаудан
өтеді.
Магистранттың академиялық аттестатау тәртібі осы Ережемен айқындалады.
18.2. МАГИСТРАНТТЫҢ МҒЗЖ (МЭЗЖ) ҮДЕРІСІН ЖОСПАРЛАУ
18.2.1. Магистранттың МҒЗЖ (МЭЗЖ) жоспарлау және ұйымдастыру БББ мен
зерттеу тақырыбы негізінде жүзеге асырылады.
18.2.2. Магистрлік бағдарламаның міндетті компоненті мыналар болып
табылады:
1)
магистранттарды
практикалардың,
ғылыми
немесе
кәсіби
тағылымдамалардың түрлерін қамтитын практикалық даярлау;
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 138-беті
2)
ғылыми-педагогикалық магистратура үшін магистрлік диссертацияны
орындауды қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы немесе бейінді магистратура үшін
магистрлік жобаны орындауды қамтитын эксперименттік-зерттеу жұмысы.
18.2.3. МҒЗЖ (МЭЗЖ) оқу жұмысының басқа түрлерімен қатар немесе жеке
кезеңде жоспарлануы мүмкін.
18.2.4. Оқу үдерісін жоспарлау кезінде университет ғылыми-педагогикалық
магистратура бағдарламасының (2 жылдық оқу), жоғары оқу орнынан кейінгі білім
беру
бағдарламасына
сәйкес
бейіндік
магистратура
бағдарламасының
компоненттерін бөлуде (1,5 жыл және 1 жылдық оқу) белгіленген нормаларды
басшылыққа алады.
18.2.5. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттың ғылыми-зерттеу
жұмысы 24 кредит бөлінген, ал магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы 1,5
жылды құрайтын бейіндік бағыт бойынша 18 кредит, 1 жылды құрайтын бейіндік
бағыт бойынша 13 кредит.
Бір академиялық кредит - 30 академиялық сағатққа сәйкес келеді. Әрбір
академиялық кезеңдегі МҒЗЖ (МЭЗЖ) кезеңдері мен ұзақтығы БББ жұмыс оқу
жоспары мен академиялық күнтізбе бойынша анықталады.
18.2.6. Магистрант ғылыми жетекшінің басшылығымен жасалатын жеке жұмыс
жоспары негізінде оқиды (1-қосымша).
18.2.7. Магистранттың жеке жұмыс жоспары оқудың толық кезеңіне жасалады
және мынадай бөлімдерден тұрады:
1)
Жеке оқу жоспары (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады);
2)
ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы (тақырыбы, зерттеу
бағыты, мерзімі және есеп беру нысаны);
3)
практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру нысаны);
4)
негіздемесі мен құрылымы көрсетілген магистрлік диссертацияның
(магистрлік жобаның) тақырыбы;
5)
магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) орындау жоспары;
6)
ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалардан өту жоспары.
18.2.8. Білім беру бағдралмасының жұмыс оқу жоспарын қалыптастыруды,
жоспарлауды және педагогикалық практика бойынша есеп беруді жетекші
проректор қадағалайды және бұл үдерістер ЖОЖ-ын қалыптастыру бойынша
нұсқаулықпен, университеттің практиканы ұйымдастыру және жүргізу туралы
Ережемен реттеледі.
18.2.9. МҒЗЖ (МЭЗЖ) тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі мен есеп беру
формасы осы Ереженің 5.3.-бөлімінің тармақтарына сәйкес анықталады.
18.2.10. МҒЗЖ (МЭЗЖ) мақсаты - магистрантты өз бетімен ғылыми-зерттеу
(эксперименталдық-зерттеу) жұмысын, магистрлік диссертациясын (жобасын)
жазуға және сәтті қорғауға дайындау.
18.2.11. МҒЗЖ (МЭЗЖ) міндеттері:
-
ғылыми-зерттеу
(тәжірибелік-зерттеу)
жұмыстарын
жүргізу
және
библиографиялық жұмыстарды жүргізудегі біліктілікті дамыту;
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 139-беті
-
ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмыстарын орындау кезінде
туындайтын мәселелерді қалыптастыру және оларды шешу;
-
нақты зерттеу тапсырмалары негізінде (магистрлік диссертация (жоба)
тақырыбы бойынша ғылыми жетекшінің тапсырмаларын негізге ала отырып)
қажетті зерттеу әдістерін өзгерту, жаңа әдістерді әзірлеу;
-
зерттеу барысында заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану;
-
деректерді талдау, өңдеу және аяқталған зерттеулерді әзірлемелер түрінде
(ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп, баяндама, ғылыми мақалалар, магистрлік
диссертация (жоба)) ұсыну.
18.2.12. Педагогикалық практика оқыту мен оқу әдістемесінің практикалық
дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Бұл ретте университеттің қалауы
бойынша магистранттар бакалавриатта сабақ өтуге тартылады.
18.2.13. Магистранттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның
ең жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми
зерттеудің, экспериментті деректерді өңдеудің және түсінік берудің қазіргі заманғы
әдістерімен танысу мақсатында өтеді.
18.2.14. Бейінді магистратураның білім беру бағдарламасы бейіндеуші пәндер
циклінде өндірістік практиканы қамтиды.
Магистранттың өндірістік практикасы оқу процесінде жинаған теориялық
білімдерін бекіту, дағдыларды, құзыреттер мен оқыған білім беру бағдарламасы
бойынша практикалық кәсіби қызмет тәжірибесін алу, сондай-ақ озық тәжірибені
меңгеру мақсатында өткізіледі.
18.2.15. Зерттеу (өндірістік) практиканың мазмұны диссертациялық (жобалық)
зерттеу тақырыбымен айқындалады.
18.2.16.
Магистрантты
практикаға
жіберу
университет
ректорының
бұйрығымен ресімделеді, кафедра меңгерушісінің ұсынысына факультет деканы
бұрыштамасы қойылып, ЖООКББ бұйрық шығарады. Магистранттың практикасьш
жалпы қадағалау мен ұйымдастыру білім беру бағдарламасын дайындайтын кафедра
жүзеге асырады. Магистранттың зерттеу (өндірістік) практикасына ғылыми жетекші
жетекшілік етеді.
Магистранттардың практикадан өту үшін отандық ұйымдармен келісілген
шарттардың және шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту үшін жасалған
шарттардың болуы.
Практика базалары ретінде айқындалған, оның ішінде ғылыми тағылымдамадан
өтетін ұйымдармен толық оқу кезеңін қамтитын шарттардың көшірмелері.
18.2.17. МҒЗЖ (МЭЗЖ) шеңберінде магистранттың жеке жұмыс жоспарында
инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін
ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті қызмет салаларындағы ұйымдарда ғылыми
тағылымдамадан міндетті өту қарастырылады.
18.2.18. Магистрант университет келісімшарт жасаған немесе кез-келген басқа
ЖОО, ғылыми-зерттеу институттары (ғылыми жетекшінің келісімі бойьшша)
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 140-беті
болатын серіктес университеттерден ғылыми тағылымдамадан өте алады. Ғылыми
тағылымдамадан өту мерзімі емтихан сессиясына сәйкес келмейтін кезеңде 2 немесе
3
семестрде жоспарланған.
18.2.19. Кафедрада магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау
кезінде кафедра меңгерушілері келесі іс-шаралар өткізеді:
-
ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыты мен мазмұнын ғылыми жетекшімен
бірге анықтау;
-
магистрлің диссертацияның (жобаның) орындалуы туралы жоспар кұру;
-
ғылыми жариялымдар, практика жоспарын жасау;
-
жоспарлау, әдістеме, жобалау және зерттеу нәтижелерін рәсімдеу мен ұсыну
мәселелері бойынша магистранттың ғьлыми жетекшісінен кеңес алу.
Достарыңызбен бөлісу: |